«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


-кесте. Өсімдік үшін жылжымалы фосфордың қолайлы мөлшері (1 кг топырақта мг есебімен)



бет65/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

35-кесте. Өсімдік үшін жылжымалы фосфордың қолайлы мөлшері (1 кг топырақта мг есебімен)



Топырақ түрі

Анықтау әдісі

Қолайлы мөлшері

Карбонатсыз қара

Чириков

100-150

Карбонатты қара

Мачигин

30-35

Қара қоңыр

Мачигин

30-35

Боз

Мачигин

30-40



Калий элементінің мөлшері топырақтың механикалық құрамына тікелей байланысты. Саз, саздақ топырақтарда 2-3%, құм, құмдақ топырақтарда 0,1-0,5% жалпы калий бо-лады. Топырақтың жыртылатын қабатында калийдің жал-пы қоры азоттан 5-50 есе, фосфордан 8-40 есе көп. Калий белсенді болғандықтан топырақта минералдық қосылыс түрінде ғана кездеседі.
Топырақ құрамындағы калий қосылыстарын өсімдікке сіңімділігіне қарай 5 топқа бөледі:



  1. Суда еритін калий қосылыстарына көмір, азот, фос-фор, күкірт тағы басқа минералды қышқылдардың тұздары жатады. Калийдің бұл түрі топырақтағы минералдардың химиялық, биологиялық процестердің әсерінен ыдырауы-нан және алмаспалы калийдің ерітіндіге ауысуынан пайда болады.




  1. Алмасатын калийге топырақтың сіңіру кешеніндегі ка-лий жатады. Оның мөлшері топырақ типі мен механикалық құрамына қарай өзгеріп тұрады. Мәселен, жалпы калийдің құмдақ топырақта 0,8%-ы, саз топырақта 2,5%-ы, қара және боз топырақтарда 1-3% алмасатын калий үлесіне тиеді.




  1. Алюмосиликат минералдарының құрамына енетін калий. Олардың құрмындағы калийді өсімдік өте нашар сіңіреді.




  1. Алмаспайтын калий. Калийдің бұл формасы топырақтағы жалпы калийдің 95-99%-ын құрайды.

  2. Топырақ микроорганизмдерінің плазмасында кездесетін калий. Калийдің бұл түрі микробтар денесі ыдыраған соң өсімдікке сіңімді күйге көшеді.

190 191


Суда еритін және алмаспалы калий өсімдік қорегінің негізгі көзі болып саналады және олардың жиынтығын жыл-жымалы калий дейді.


Топырақтағы калийдің жеке түрлерінің арасында динамикалық тепе-теңдік байқалады:




алмаспайтын калий ↔ алмасатын калий ↔ суда еритін калий


Кальций топырақта сіңіру кешеннің құрамында және минералдық қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі. Оның жалпы мөлшері топырақ түріне байланысты 0,3%-дан 3,5%-ға дейін болады. Топырақ құрамындағы алмасатын кальций өсімдіктің қоректенуінің басты формасы болып есептеледі.


Магний кальций сияқты формада кездеседі. Бірақ каль-цийге қарағанда деңгейі төмен. Қара топырақта магнийдің жалпы мөлшері 0,9%, боз топырақта 1,45%-ға дейін жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет