ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ОӘКҚ 042-18.21.1.13
/03-2016
|
ПОӘК
«Агрохимияда жүйелі әдіс»
|
№1басылым
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6М080100 «Агрономия»
мамандығына арналған
«АГРОХИМИЯДА ЖҮЙЕЛІ ӘДІС» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ –2016
АГРОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕ ІЛІМІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтердің физиологиялық рөлі, топырақтың агрономиялық көрсеткіштері, фотосинтез үрдісі, сондай-ақ тыңайтқыштарды қолданудың негіздері тәжірибе жүргізу және агрохимиялық зерттеу арқылы анықталады.
Агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымының агрономия үшін маңызы зор екенін түсіндіре келе атақты агроном-химик Грандо: «Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», - деп тұжырымдалған.
Өсімдіктердің өнімін арттыру, оның сапасын жақсарту, топырақ құнарлылығын көтеру тәсілдерін анықтау жол-дарын іздестіру агрохимиялық зерттеу әдістемесінде қарастырылады. Агрохимиялық зерттеу әдістемесі белгілі бір жинақтардан тұрады. Оның зерттеу әдістері химия, фи-зика, математика, өсімдік физиологиясы, биологиялық хи-мия, микробиология, топырақтану тағы басқа ғылымдар арқылы толықтырылып отырады. Сондай-ақ, ғылым үздіксіз дамып отыратындықтан мүлтіксіз дәл және мәңгілік талдау әдістерін жасау немесе дайындау мүмкін емес. Олар түзетіліп, кемелдендіріліп отырылады.
Агрохимиялық зерттеудің басты нысаны – өсімдік. «Адамдардың ең басты зерттейтін заттарының бірі және қамқорлық ететіні өсімдіктер», - деп жазды К.А.Тимирязев. Ол өсімдіктердің қоректік заттарды қажетсінуін анықтау және мүмкіндігінше дәл белгілеу үшін тиісті тәжірибе жүргізу
керек екендігін талай рет атап көрсетті. Қажетті заттарды өсімдіктердің қаншалықты мөлшерде
талап ететініне орай реттеп, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданған жағдайда агротехникалық талаптар да сақталады. Мұның өзі агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің басқа ғылымдармен тығыз байланысты екенін дәлелдейді.
Агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің екінші нысаны – топырақ болып саналады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін, физикалық қасиеттерін, құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері мен өзгеруін агрохимиялық зерт-теу әдістерінің көмегімен анықтайды.
Аталған ғылымның үшінші нысаны – тыңайтқыштар. Тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, оларды топыраққа енгізгенде әртүрлі өзгерістерге ұшырауы, тыңайтқыш қолдануды ауыспалы егістегі басқа агротехникалық шара-лармен үйлестіру мәселелері зерттеледі.
Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан оларды біріктіріп тексеру агрохимиялық зерттеулер әдістеме ғылымының басты міндеті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін агрохимиялық зерттеулер әдістемесінде түрлі тәсілдер қолданылады:
Егістік, вегетациялық, лизиметрлік тәжірибелер. Бұл тәжірибелердің көмегімен өсімдіктің қоректенуінде жеке химиялық элементтердің маңызы, олардың дақылдар үшін қолайлы арақатынасы мен мөлшері жөніндегі мәселелерді шешуге, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру механизмін зерттеуге мүмкіндік береді.
Өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар үлгілерін сандық және сапалық жағынан зерттеудің зертханалық тәсілі. Аталған тәсілді қолданып агрохимия нысандарының құрамын жан-жақты талдауға болады.
Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер. Бұл тәсілдермен физикалық құбылыстар мен микробиологиялық үрдістерді зерттейді.
Математикалық тәсілге тәжірибелердің нәтижелерін