Мақсаты: Адам ағзасының тұрақты және транзиторлық микрофлорасының құрамын және оның физиологиялық рӛлін зерттеу.
Қалыпты микрофлораның сандық құрамын және оның дисбактериоз кезіндегі өзгеруін зерттеу.
Қоршаған орта (ауа, су, топырақ) және ас тағамдарының микрофлорасын зерттеу және оларды анықтау әдістерін үйрену.
Адам ағзасының микрофлорасы бұл дені сау адамның ағзасында болатын микробтар биоценозының бірлестігі. Қалыпты микрофлора тұрақты (облигатты,резидиентті)және кездейсоқ (факультативті) түрде болады. Мекендеу ортасының ерекшеліктеріне байланысты адам денесінің әр жеріндегі (тері,ауыз қуысы, тыныс алу, ішек-қарын және несеп-жыныс жолдары) микрофлора құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Қалыпты микрофлораның түрлік құрамы адамның жасына, жынысына, ағзаның иммунологиялық реактивтілік жағдайына, қоректену тәртібіне, географиялық, маусымдық, әлеуметтік факторларға байланысты.
Қалыпты микрофлора кӛпшілік адамдарда бір типтілігімен және ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары кӛп: патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді., иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді, асқорыту, зат алмасу процесіне қатысады, витаминдер синтездейді.
Қалыпты микрофлораның кейбір ӛкілдері адам ағзасы әлсіреген жағдайда немесе ӛздеріне тән емес жерге енгенде шартты-патогенді , тіптен патогенділік қасиетке ие болып, әртүрлі іріңдеп қабыну ауруларын қоздырып зиян келтіреді.
Адам жүрген жердің барлығында микроорганизмдер кездеседі, ол экожүйенің бір бӛлігі болып есептеледі. Экожүйе бұл тірі организм мен қоршаған ортаның ӛзара қатынасы. Экожүйенің ішінде күрделі биоценз пайда болады, мысалы микробтық биоценоз, яғни топырақтағы, ауадағы, судағы, адам ағзасындағы әртүрлі микроорганизмдердің ӛзара тіршілік етуі.
Экология қоршаған орта мен тірі организмдердің ӛзара қатынасы туралы
ғылым. Экожүйеде барлығы бір- бірімен ӛзара байланысты және тепе-теңдік жағдайда болуы керек. Әлемдегі микробтардың басым кӛпшілігі сапрофиттер, яғни ауру қоздырмайтындар, сонымен бірге зиянды ауру қоздырушылары патогенділері де болады. Барлық экожүйедегі эволюциялық процесс нәтижесінде микроорганизмдердің қасиеттері ӛзгеріп отырды , микробтар арасында, микробтар мен макроорганизм арасында ерекше ӛзара қатынас дамып, симбиоз пайда болады. Микробтық симбиоздың бірнеше түрлері болады-мутуализм,антагонизм т.б.
Адам ағзасының микрофлорасы
I.Iшек микрофлорасы. Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы сағаттарда ішек-қарын жолдары стерильді болады. 3-4күннің ішінде кездейсоқ микробтар түсе бастайды. 4-6 күннен кейін ішек жолының спецификалық микрофлорасы грам оң сүтқышқылды бактериялар мекендей бастайды. Бұл бактериялар E.coli мен шіріткіш микробтарға антагонистік әсер етеді. Ана сүтінен басқа қосымша қоректенуден , тісі шыққаннан кейін микробтардың неше түрлері қосылып ересек адамдардың қалыпты микрофлорасына теңделеді.