Сабақ№61 Пән: биология Күні



Дата04.08.2017
өлшемі71,06 Kb.
#22808
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сынып: 6 А Сабақ№61

Пән: биология

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың көртүрлілігі: сапрофиттер, паразиттер, симбионттар. Өсімдіктерді паразиттік саңырауқұлақтардан қорғау тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғаттың сырларын аша отырып, саңырауқұлақтардың түрлерi туралы бiлiмдерін кеңейтiп, ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды топқа бөлiп, жеуге жарамды, жарамсыз және улы саңырауқұлақтар мен паразит саңырауқұлақтар туралы ұғымдарын кеңейту, дамыту, алған бiлiмдерiн шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыруға баулу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа, карточкалар, суреттер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар?
2. Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? Олардың бірінен – бірінің айырмашылығы неде?
3. Мукордың пеницилиннен айырмашылығы қандай?
4. Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы бар?
5. Зең саңырауқұлақтарыныан қалай сақтануға болады?
6. 1929 ж. табиғи пеницилин бөліп алған ғалым кім?

  1. Жаңа сабақты игеру.

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық( шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2 - 2, 5 см - ге жетедi. Құрамында 20 - 30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300 - ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл - сұрғылт, астыңғы жағы – ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.

Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т. б.
Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт - қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т. б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтiретiн улы зат « мускарин» алкалоиды болатынын анықталды. Көбiнесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетiн ашық алаңдарда өседi. Қызыл шыбынжұттың диаметрi 20 см - дей, қалпағы күңгiрт – қызыл түстi, әр жерiнде сүйел тәрiздi ақ дақтары жуылып кетедi.

Саңырауқұлақтар – гетеротрофты ағзалар. Олардың көбісі- сапрофиттер – өлі өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Олар жасушаның целлюлозды қабатын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аз ғана бөлігі жануар қалдықтарымен қоректенеді. Саңырауқұлақтардың көбісі жеуге жарамды. Саңырауқұлақтардың арасында жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен селбесіп тіршілік ететін түрлері де бар, ол микориза деп аталады. Мысалы, ақ саңырауқұлақ. Сонымен қатар, паразит саңырауқұлақтар да бар. Олар тірі ағзалардың есебінен қоректенеді, олар балдыр, жоғары сатыдағы өсімдіктерде және жануарларда тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерменде селбесіп өмір сүруі жиі баиқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршаның және шыршалы ормандарда, подосиновниктердің көк теректің түбінде өсетіндігі бегілі. Бұл жағдайда ағаштардың тамырларымен саңырауқұлақтардың мицелийлерінің арасындатығыс байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі.

Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен коректенеді. Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Оньң күздік бидай, қарабидай, арпаның көбінесе сабақтарынан, емен жапырақтарынан мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл - ақұнтақ; саңырауқұлағының жіпшумақтары. Олар өсімдіктің жапырақ, сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді. Жіпшумакта, арнайы жіпшелерде түзілген споралар сол өсіп тұрған жеріне түседі немесе басқа өсімдіктерді зақымдайды.

Астық дақылдарының, жабайы дәнді дақылдардың жөне баска да өсімдіктердің кейде дәндерінің орнында, кейде сабағында үгітіліп тұрған у.ара тозаң көрінеді. Егістікте өсіп тұрған жүгерінің әр жері (көбінесе собығы) үлкейіп, томпаяды. Егер оны - пайда болған ірі ісіктерді жарып жіберсе, айналаны кара тозаң басып кетеді. Бұл - қаракүйе саңырауқұлалғынық споралары. Оньщ екі ядросы қосылып, жынысты көбейеді. Осы екі ядролы жасушадан пайда болған жіпшелер бидайдың, жүгерінің және баск.а да өсімдіктердің өскінін зардаптайды. Бидайдың гүліндегі аналығының аузына споралар түсіп, кейін дәнін зақымдайды. Зақымдалран дәнді кайта сепкенде, одан ауру өскін пайда болады. Сыртынан қарағанда ауру өсімдік пен сау өсімдіктің айырмашылыры болмайды. Кейін масақтанған уәде ол каракүйенің спорасы жетілетін орынға айналады. Олар кайтадан баска өсімдіктердің гүліндегі аналығының аузына түсіп, закымдайды.

Ағаштардың сабағында өсетін пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ, діңқұлақ аталады. Оның астыңғы бетінен жыл сайын жаңа спора түзетін қабат пайда болады. Бұрынғы қабаттары сүректеніп, өлі қабатқа айналады. Олардың споралары түтікшелердің ішін жауып тұрған жасушалардан түзіледі де, жел арқылы таралып, ағаштарды зақымдайды. Ағаш діңінің ішіне діңқұлақтың жіпшумағы өтіп, оның ағзалық заттарымен қоректенеді. Ағаш сүрегінің сапасын төмендетеді. Паразит саңырауқұлақтармен күресу кезінде улы химикаттар пайдаланылады. Саңырауқұлақтар зақымдамау үшін себер алдында тұқымды формалинмен өңдейді.



IY. Жаңа сабақты бекіту.

Сәйкестендіру тесті
1. Симбиоз ----------Хлоропластары болмағандықтан жүрмейді
2. Микориза --------Спора түзілетін орын
3. Спорангий ------Екі ағзаның пайдалы селбесуі
4. Микология ------Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі
5. Фотосинтез -----Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

Тест №1 жұмысы

1. Жеуге жарамды саңырауқұлақты ата?
А) Майқұлақ
В). Ойысқұлақ
С) Түлкіжем
Д). Арышқұлақ
2. Микоризаны алғаш анықтап, зерттеген ғалым.
А) Зелинский
В) Сеченев
С) Павлов
Д) Каменский
3. Зең саңырауқұлағы
А) Мукор
В) Түлкіжем
С) Микоиза
Д) Симбиоз
4. Шаң түріндегі спора
А) Конидий
В) Симбиоз
С) Зооспора
Д) Спора
Жауабы:
1. а б. с
2. а
3. а
4. а
5. а б с
6. с
7 с
8 с
9 с
10 а б с

5. Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар
А) Жалған түлкіжем
В) Кәдімгі түлкіжем
С) Боз арамқұлақ
Д) Жерқұлақ

6. Ашытқы саңырауқұлағы қамырдағы қантты ыдыратып не түзеді?
А) аспергилл және спирт
В) глицерин және көмірқышқыл газын
С) Спирт және көмірқышыл газын
Д) пенициллин және су
7. Аспергилл саңырауқұлақтағы құстардың өкпесінде қандай ауру тудырады?
А) Өкпе ауруы
В) Құрт ауруы
С) Аспергиллез ауруы
Д) Құс тұмауы



8. Пеницилл мен аспергилл қай саңырауқұлаққа жатады?
А) Улы саңырауқұлақтар
В) Жеуге жарамды
С) Зең саңырауқұлағы
Д) Қантты саңырауқұлақ
9. Лимон қышқылы қай зең саңырауқұлағынан алынады?
А) Терекқұлақ
В) Қозықұйрық
С) Діңқұлақ
Д) Аспергилл.
10. Сыраның құрамында...
А) спирт
В ) қант
С) нәруыз
Д) таблетка

Y. Рефлексия.

Білемін Білмеймін Білгім келеді



Үйге тапсырма. оқу, А,В,С тапсырмалары,40 бет

YI. Бағалау. Сабақты қорытындылау
Каталог: uploads -> doc -> 0d90
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d90 -> Сабақ тақырыбы еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар Мақсаты
0d90 -> Сабақтың тақырыбы: Диалог. Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет