Д.Н.Прянишников(1865-1948жж.)орыс агрохимиямектебінің негізін салған ғалым. Оның басты ғылыми жұмысы өсімдіктің азотпен қоректенуі мен азотты тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру мәселелеріне ар-налды. Өз зерттеулерінде вегетациялық тәжірибелердің көмегімен өсімдіктегі азотты органикалық заттардың синтезделуі аммиактан басталып, сол заттардың ыдырауы аммиак түзілуімен аяқталатынын дәлелдеді (8,9 - сурет).
Д.Н.Прянишников ғылымда орын алған өсімдік азоттың тек нитрат (NO3-) түрімен қоректенеді деген ұғымды да-мытып, өсімдік топырақтан азотты аммиак түрінде де сіңіретінін дәлелдеді.
24 25
жүргізілген тәжірибелерде белок синтездеу кезінде амми-ак тұздары, нитраттарға қарағанда өсімдік үшін қолайлы болатындығы анықталды.
8 – сурет. Д.Н.Прянишниковтың алғашқы вегетациялық тәжірибесі (1891 ж.)
Азотты тыңайтқыштар ретінде аммоний тұздарының (күкірт қышқыл аммоний және азот қышқыл аммоний) агрономиялық және физиологиялық маңызын анықтауда Д.Н.Прянишниковтың зерттеулері ерекше орын алады. Агрохимиялық зерттеудің жетілдірілген әдістемесін пайда-лану нәтижесінде азот тыңайтқыштарының физиологиялық реакциясын анықтады. Мысалы, Д.Н.Прянишников тәжірибесінде күкірт қышқыл аммоний нақты «физиологиялық қышқыл» тұз болып шықты, ал азот қышқыл аммонийдің физиологиялық қышқылдылыгының қарқыны күкірт қышқыл аммониймен салыстырғанда төмен болды. Суда өсімдік өсіру әдісінің көмегімен Д.Н.Прянишников азот қышқыл аммоний тұзының физиологиялық қышқылдылығы ортаның рН көрсеткіші өскен сайын арта түсетінін, ортаның рН көрсеткіші төмендегенде нашарлайтынын NН4+ ионының өсімдік тамырына сіңірілу жылдамдығының NO3- ионының сіңірілу жылдамдығынан арту дәрежесінде байланысты болатын дәлелдеді. Д.Н.Прянишников зертханасында