«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


– сурет. Д.Н.Прянишников вегетациялық үйдегі тәжірибені бақылауда (1913 ж.)



бет10/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

9 – сурет. Д.Н.Прянишников вегетациялық үйдегі тәжірибені бақылауда (1913 ж.)

Д.Н.Прянишников күкірт қышқыл аммоний және азот қышқыл аммоний тұздары әсерінен өсімдіктердің фосфоритті пайдалануы жақсаратынын анықтады. К.А.Тимирязев



26 27


атындағы ауыл шаруашылығы академиясының тәжірибе учаскесіндегі зерттеу жұмысы күздік өсімдіктердің өсуіне байланысты нитраттардың күзде жойылып кетуінің күрделі құбылыс екенін ашты; атап айтқанда нитраттардың бір бөлігін өсіп келе жтқан өсімдік пайдаланады. Басқа бөлігі өсімдік тамырының қатысуымен тотықсызданып нитритке немесе аммиакқа айналады, бұдан кейін оларды микроорга-низмдер (бактериялар немесе саңырауқұлақтар) пайдалана-ды, сөйтіп азотты органикалық затқа айналады.

Д.Н.Прянишниковтың бірқатар жұмыстары егістік тәжірибелер салу арқылы сидераттар мен шымтезектің әсерлерін зерттеуге арналды. Одан кейін темір мен кальцийдің өсімдік тіршілігіндегі маңызы, қоректік қоспалар дайындау, стерильденген ортада өсімдік өсіру әдістемесін пайдалану және топырақ химиясы жөнінде бірқатар жұмыстар орын-дады.


Мәселен, бейтарап тұздардың ығыстырып шығаруы нәтижесінде сіңірілген негіздерді анықтау әдістері зерттелді.


Д.Н. Прянишников вегетациялық ( құмда өсіру) әдіспен өсімдік пен топырақтың фосфоритке әсерін анықтау үшін 1896-1897 жылдары арпа, сұлы , бидай, сәбіз, бөрібұршақ, бұршақ сияқты дақылдармен тәжірибе жүргізді. Осы тәжірибелердің мәліметіне қарағанда астық тұқымдас дақылдар мен тамыр жемісті өсімдіктердің фосфорит құрамындағы фосфор қышқылын пайдалану қабілеті өте төмен, керісінше, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде жоғары болды. Осы зерттеуден Д.Н. Прянишников мұндай әсердің айырмасы тамыр жүйесінің топырақпен жанасатын беткі аумағының көлеміне және тамыр бөліп шығаратын заттың мөлшері мен сапасына байланысты деген тұжырым жа-сады. Астық тұқымдас дақылдарға фосфоритті тиімді қолдану жолын шешу үшін Д.Н.Прянишников шымтезекті-күлгін топыраққа фосфорит беріп жаздық бидай екті. Тәжірибеде топырақтағы фосфорит әсері өте зор болды. Оның себебі, Д.Н.Прянишниковтың пікірінше , мұндай топырақ (реакциясы қышқыл) фосфоритке әсер ете оты-


рып, оның ықпалын ерігіш фосфат әсеріне теңестіре ала-ды.

Фосфоритпен жүргізілген тәжірибелерінің нәтижелерін талдау арқылы Д.Н.Прянишников минералды фосфаттардың фосфор қышқылын пайдалануға байланысты өсімдіктердің бір тобы топырақ әсерінсіз-ақ фосфаттар пайдалана алаты-нын, ал екінші тобының фосфатты пайдалануы үшін топырақ әсері қажет екенін, дәл осы сияқты фосфоритті ерітетін және ерте алмайтын топырақтар болатынын анықтады (10,11,12 – суреттер).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет