«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет18/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

біржылдық және көпжылдық деп бөледі.

Дақылға тыңайтқыш әсерін бір вегетациялық маусым бойы зерттейтін тәжірибені біржылдық дейді. Тәжірибе жыл сайын жаңа учаскеде 3-4 жыл орындалады. Сон-да ғана әр жылдардағы ауа-райының жағдайында егілген дақылға тыңайтқыш әсері жеткілікті болып есептеледі. Біржылдық тәжірибе көмегімен дақылдың өзіне тікелей берілген тыңайтқыш әсерін зерттейді. Мысалы, күздік бидайды азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру, микротыңайтқыштардың судағы ерітіндісімен өсімдікті та-мырдан тыс үстеп қоректендіру.


Бір-ақ рет немесе жүйелі түрде жыл сайын қолданылатын тыңайтқыш әсерін көптеген дақылдарға бірнеше жыл зерттейтін тәжірибені көпжылдық деп атайды. Әдетте мұндай



44 45


тәжірибелер ауыспалы егісте жүргізіледі. Оларға тұрақты учаскеде 10 жылдан 50 жылға дейін, тіпті одан да ұзақ уақыт жүргізілетін бір факторлы және көпфакторлы егістік тәжірибелерді жатқызуға болады. Көпжылдық ұзақ мерзімді егіс тәжірибелерінің басты мақсаты – агротехникалық тәсілдердің немесе факторлардың дақылдардың өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына әсерін зерт-теу. Дүние жүзінде мұндай тәжірибелер дамыған елдерде өсімдіктердің өсіп дамуында негізгі тіршілік факторларының әсерін анықтау үшін жүргізіледі. Мысалы, Ұлыбританиядағы Ротамстед ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында 1843 жылдан бастап күні бүгінге дейін органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрі, мерзімі, мөлшері, беру әдісінің ауыспалы егіс дақылдары мен топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне әсері зерттелуде.


Мазмұндары, сызбалары мен әдістемелері бірдей әр түрлі топырақ-климат және шаруашылық жағдайларында қиыстырылып бір мерзімде жүргізілетін тәжірибені географиялық тәжірибе дейді. Бұл тәжірибенің басты мақсаты – тыңайтқыш тиімділігіне табиғи жағдайлардың тигізетін әсерін анықтау.


Географиялық тәжірибе зерттейтін мәселелерді төрт топқа бөледі:





  1. Тыңайту жүйесін құрастыру үшін ауыспалы егіс дақылдарына ұзақ мерзімге бір-ақ рет және жүйелі түрде жыл сайын тыңайтқыштарды қолдану.




  1. Негізгі минералдық тыңайтқыштардың мөлшері мен арақатынасын зерттеу.

  2. Тыңайтқышты топыраққа енгізудің әртүрлі тәсілдерін бағалау.

  3. Тыңайтқыштардың жаңа түрлерінің тиімділігін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет