«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет15/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Бақылау сұрақтары:

малы егіншілігі жағдайында, әр түрлі ауылшаруашылығы







дақылдарына

тыңайтқыштармен

тәжірибелер жүргізген










зерттеушілерді атаңыз.










1.

Агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымы нені

18.

Солтүстік

өңірлерде

астық

дақылдарына




зерттейді?

тыңайтқыштармен тәжірибе жүргізген ғалымдар.




2. Агрохимиялық зерттеу жүргізудің негізгі нысанда-

19.

Қәзіргі

жағдайда республикамызда

агрохимиялық




рын атаңыз.

зерттеу әдістеме ғылымының даму қарқына қандай деген




3.

Өсімдік қоректенуі жөніндегі алғашқы тәжірибе

ойдасыз?
















қайда және кім жүргізді?



  1. Вегетациялық тәжірибені алғаш жүргізген оқымыстыны атаңыз.

  2. Әлемге әйгілі Ротамстед тәжірибе стансасын ұйымдастырған кім?

  3. Алғаш рет қоректік ерітінді дайындап, тәжірибе жүргізген ғалым.

  4. Гельригель жүргізген тәжірибенің маңызы.




  1. Кноп қоспасына енетін элементтерді атаңыз?




  1. Ресейде алғаш рет тыңайтқыштармен тәжірибе жүргізген ғалым.

  2. Ресейдің әртүрлі топырақ-климат аймағында фосфо-рит ұнымен тәжірибе жүргізген ғалым?

  3. XIX ғасырда агрохимиялық зерттеулер жүргізумен айналысқан Ресей ғалымдарын атаңыз.

12. Қай ғалым агрохимиялық зерттеулерде изотоп-ты және спектроскопиялық әдістерді қолдану қажеттігін ұсынды?


13. Агрохимиялық зерттеу әдістемесі ғылымын дамытуда К.А.Тимирязев пен Д.Н.Прянишниковтың тәжірибелерінің маңызы.





38 39




2-ТАРАУ


АГРОХИМИЯЛЫҚ ЕГІСТІК ТӘЖІРИБЕ –


ТЫҢАЙТҚЫШ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ


БАСТЫ ӘДІСІ


2.1 Агрохимиялық егістік тәжірибе туралы түсінік және оның маңызы


Егістік тәжірибе – табиғатта ауыл шаруашылығы өндірісіне жақындастырылған жағдайда арнайы бекітілген учаскеде түрлі факторлардың немесе агротехникалық шаралардың өсімдік өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына тигізетін әсерін анықтау мақсатында орын-далатын зерттеу әдісі. Академик В.Е.Егоровтың анықтамасы бойынша егістік тәжірибе егіншіліктің бас төрешісі және агротехникалық шаралардың мұхиттарындағы жол көрсетeші болып саналады.

Егістік тәжірибе өсімдік шаруашылығында, егіншілікте, селекцияда, агрохимияда басқа да көптеген ауыл шаруашылығы ғылымдарының салаларында кеңінен қолданылады. Агрохимияда егістік тәжірибе көмегімен өсімдік қоректенуінің кейбір теориялық және практикалық мәселелерін, атап айтқанда, тыңайтқыштың дақыл өнімі мен сапасына әсерін зерттейді. Академик Д.Н.Прянишников «егістік тәжірибе – тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін анықтаудың басты әдісі», - деген болатын. Агрохимиялық зерттеуде ауыспалы егісте тыңайтқыштарды орналастыру тыңайтқыш қолдану жүйесінің қолайлы, әрі тиімді түрлерін анықтау, тыңайтқыштарды агротехникалық шаралар-мен үйлестіре зерттеу сияқты мәселелерді шешуде егістік тәжірибенің маңызы зор. Осыған орай егістік тәжірибе


шаруашылық экономикасын одан ары арттырудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені барлық агротехникалық шара-лар – дақылдардың жаңа сjрттарын шығару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану, топырақты өңдеу мен суару жүйелері егістік тәжірибелер арқылы өндіріске енгізіледі. Егістік тәжірибе химиялық, физикалық, микробиологиялық тағы басқа тәсілдер көмегімен толықтырылып тұрады.

Агрохимиялық зерттеу жұмыстарында егістік тәжірибенің маңызын шектейтін жағдайлар да кездеседі. Оның нәтижесі нақты топырақ пен климатқа тәуелді болатындақтан уча-ске топырағын мұқият әрі жан-жақты талдау және басқа зерттеу тәсілдерімен ұштастыру тыянақты, әрі кең көлемді мәліметтер алуға көмектеседі. Топырақ құнарлылығын жақсартқанмен, ауа райын өзгерту мүмкін емес. Сондықтан өсімдіктің бүкіл вегетациялық кезеңдерінде сыртқы орта жағдайларының қалай әсер ететініне үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, сыртқы факторлар мәдени өсімдіктерге ғана емес, топырақтағы микроорганизмдерге әсер ететінін ескеру керек. Сондықтан, егістік тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше сыртқы орта факторларының әсерін тіркеп отыру қажет.


Тыңайтқыштардың әсерін егістік тәжірибелер жүргізу арқылы шешетін зерттеулер өте көп. Мысалы, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:





  • тыңайтқыштардың түрлерінің тиімділігін зерттеу;




  • тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерінің әсерін

зерттеу;




  • тыңайтқыштарды беру мерзімінің әсерін зерттеу;




анықтау;




  • минералды және органикалық тыңайтқыштардың салыстырмалы әсерін зерттеу;

  • тыңайтқыштарды басқа агротехникалық шаралар-мен үйлестірудің тиімділігін зерттеу;

40 41


  • тыңайтқыштардың топырақтың қоректік режиміне тигізетін әсерін зерттеу;

  • тыңайтқыштардың топырақтың биологиялық белсенділігінің өзгеруіне әсерін зерттеу.

Топыраққа ұқыпты түрде агрохимиялық талдау жасал-май, қалыптасқан ауа райын ескермей орындалған егістік тәжірибеден дұрыс қорытынды шығару мүмкін емес және оның мәліметтерін үлкен территорияға қолдануға болмай-ды.

Сонымен агрохимиялық егістік тәжірибенің мақсаты


мәселелерді салыстыра отырып, белгісіздеуді белгіліге, күрделіні күрделі емеске, жекені жалпыға айналдыру және осы зерттеу негізінде қорытынды жасау. Егістік тәжірибенің тағы бір міндеті - өсімдік және оған әсер ететін топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы байланысты шешу болып табылады.


Егістік тәжірибені орындау зерттеушіден көп жауапкершілікті талап етеді:





  • зерттеуші керекті құбылыстың пайда болуын күтпей, өзі құрастырып жасап, бөлшектеп, талдап, әрі қайтадан жинақтауы тиіс. Құбылысты тереңірек зерттегісі келсе, жа-нама жағдайларды молырақ туғызуға талпынуы керек. Сон-да ғана зерттеудің нәтижелігі мен себептерін толығынан ұғынады;




  • зерттеуші тәжірибе жұмысын басынан аяғында дейін ойға салып, көзге елестетпейінше тәсілдер арқылы мәселені анықтай алмайды. Ол тәжірибе жүргізуге кедергі болатын жағдайларды жекелеп жою жолдарын іздестіруі керек;




  • зерттеуші тәжірибе жұмысының қандай да болма-сын мәселесіне орынды сұрақтар қою арқылы арала-сып, нәтижелеріне әсер ететін жағдайларды сақтылық, салмақтылық және ұстамдылық қасиеттермен талдауы қажет. Мұнда салақтық пен еріншектікке негізделген қөзқарас болуы мүмкін емес. Себебі егістік тәжірибеде шешілген мәселе өндірісте қолданылады.

Зерттеуші енжарлық, сылбырлық, еріншектік сияқты


қасиеттерден аулақ болып, керісінше, еңбекқор, табанды, қабілетті, ынталы болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет