С.Рамазанова мен Т.Смағұлов Қызылорда облысы жағдайында түрлі азот тыңайтқышының күрішке әсерін тек-серу үшін вегетациялық және егістік тәжірибелер жүргізіп, нәтижесінде зерттелген тыңайтқыштар ішінен күрішке ам-моний сульфаты мен мочевинаның тиімділіктері жоғары болды.
М.Мамышев пен А.Сапаров өздерінің жүргізген егістік тәжірибелерінің нәтижелерін жинақтап, картоп және көкөніс дақылдарына тыңайтқыштарды ауыспалы егіс түріне, топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерінің мөлшеріне қарай қолдану керек деген тұжырым жасады.
Республикамызда агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымы 1960 жылдан бастап қарқынды дами бастады. Сол жылдары Қазақстанда химия өнер кәсібінің дамуына қуатты серпін беріліп, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөнінде аса ірі кешен құрылды. Қаратау фосфорит кен ор-нын игеру, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында минералдық тыңайтқыштар шығару жолға қойылды.
Елімізде жыл сайын тыңайтқыштарды өңдірудің еселеп артуына байланысты оларды дұрыс қолданудың жолдарын анықтау мәселелерін шешу үшін және ғылым мен ауыл шаруашылық өндірісінің байланысын нығайту мақсатында жоғары және арнаулы оқу орындарында агрохимия және топырақтану факультеті мен бөлімдер ашылып, агрохимия кафедрасы кеңейтіліп, қайта жарақтанды. Республикамызда 1964 жылдан бастап дербес агрохимиялық қызмет көрсету мекемелері құрыла бастады.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (бұрынғы Қазақ
мемлекеттік ауыл шаруашылығы институты) ашылған агро-химия және топырақтану факультеті агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымының жаңа сатыға көтерілуінде зор үлес қосты. Агрохимия кафедрасының меңгерушісі Д.Қ.Мәденов тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін әсерін зерттеу үшін институттың Жаңашар оқу-тәжірибе шаруашылығында егістік тәжірибе жүргізуді ұйымдастырды. Оның тікелей жетекшілігімен Ұлттық ғылым академиясының Химия институтының зертханасын-да Қаратау фосфорит кенін термикалық (жоғары температу-рада) әдіспен өңдеу арқылы алынған балқытылған полифос-фаттар, метафосфаттар, термофосфаттар, фторсызданған фосфат және аммофос сияқты тыңайтқыштардың өсімдіктерге әсерін Р.Елешев, М.Келдібеков, Г.М.Можаева
жан-жақты зерттеді.
Достарыңызбен бөлісу: |