«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет14/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Л.Умбеталиева Жаңашар оқу-тәжірибе шаруашылы­ ғында­ жүргізген егістік тәжірибе кезінде сидераттардың, көң мен минералдық тыңайтқыштардай әсер ететіндігін анықтады.

Агрохимия кафедрасы 1979 жылы Қазақстан Ре-спубликасы ұлттық ғылым академиясының академигі Р.Елешевтің жетекшілік етуімен Қапшағай су қоймасының оң жағалауындағы Шеңгелді суару алқабының ашық боз топырағында орналасқан малазықтық және көкөніс ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесін зерттеу жұмыстарын бастады. Зерттеу жұмысының басты мақсаты – аймақтық табиғи-климат жағдайларына сәйкес тыңайтқыш қолданудың тиімді жүйелерін жасау. Сонымен қатар ауыспа-лы егіс дақылдарының өнімі мен оның сапа көрсеткіштерін және топырақ құнарлылығын арттыру, әрі қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтау ерекше назарға алынды. Екіншіден, ауыспалы егіс дақылдарының өнімділігі топырақтағы жылжымалы фосфорға, фосфат потенциалына, бос байланысқан кальций фосфаттары мен әртүрлі негізді фосфат қосылыстарына тәуелділігін анықтау. Үшіншіден, ауыспалы егісте дақылдардың кезектесіп айналымнан (ро-


тация) өтуі мен оларға тыңайтқыш қолданудың топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруіне әсерін көрсету.

Сүрлемдік жүгері, жоңышқа, арпа, қартоп, пияз, сорго дақылдарына тыңайтқыш әсерін зерттеуге арналған егістік тәжірибе 10 сызбаға топтастырылған 84 варианттан тұрды. Зерттеу жұмыстарын А.Л.Иванов, Қ.Қисықов, Ә.Балғабаев, С.Оразбаев, Е.Бәзілжанов, Д.Медеубеков атқарды. Жинақталған ғылыми мәлеметтердің нәтижелері бойын-ша Шеңгелді суармалы алқабында өсірілген малазықтық және көкөніс ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыш қолданудың мерзімін, тәсілін, мөлшерін нақты анықтау жөнінде ұсыныстар дайындалды.


Академик Р.Елешевтің тағы бір зерттеу жұмысы фосфор тыңайтқышының мөлшері мен топырақтағы фосфордың жекелеген формалары арасындағы сандық байланысты анықтауға арналған. Ол бір өлшем фосфор тыңайтқышының топырақтағы әртүрлі фосфор қосылыстарының қанша бірлікке артатынын анықтады.


Сонымен қатар агрохимия және топырақтану кафе-драсыда Б.Бәсібековтің жетекшілігімен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Сайма-сай ауылындағы оқу-тәжірибе стансасында шабынды-қара қоңыр топырақта орналастырылған малазықтық ауыспалы егіс дақылдарына тәжірибе жүргізілді : (1 – жоңышқа мен арпа; 2 – екінші жылдық жоңышқа; 3 – үшінші жылдық жоңышқа; 4 – малазықтық қызылша; 5 – сүрлемдік жүгері; 6 – судан шөбі). Оның мақсаты – тыңайтқыш қолдануды агроэкологиялық жағынан бағалау. Егістік тәжірибе 1982 ж. Басталды және қәзіргі уақытқа дейін жүргізіліп келеді. Егістік тәжірибе


үш фон (Р0, Р300, Р600 ) жағдайында 16 варианттан тұрады. Тыңайтқыш ретінде мочевина, түйіршікті суперфосфат,


калий тұзы, жартылай шіріген көң және биогумус пайда-нылды, ғылыми зерттеу жұмыстарына А.Тұрсынбаева, А.Жаппарова қатысты.


Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – топырақтың физикалық, агрохимиялық қасиеттеріне және өсімдік



36 37


пен топырақта ауыр металдардың шоғырлануына

14.

Қазақстанда тыңайтқыштармен тәжірибелер қай кез-




тыңайтқыштардың әсерін анықтау.

ден бастап жүргізіле бастады?










Осы келтірілген мәліметтер елімізде агрохимиялық

15.

Қазақстанда тәжірибе жүргізу ісімен алғаш рет




зерттеудің кең өріс алып, жан-жақты дамып отырғанын

айналысқан мекеме.













және Қазақстанда өсімдіктердің қоректенуі, топырақ хими-

16.

Республикамызда қай уақыттан бастап агрохимиялық




ясы және тыңайтқыштар қолдану бойынша өте зор көлемде

зерттеу әдістемесі ілімі қарқынды дами бастады?




ғылыми жұмыстар жүргізілгенін көрсетеді.

17.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс суар-









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет