Дәріс №11-12 Тақырыбы: Топырақ режімдері және оларды егіншілікте реттеу жолдары



бет1/8
Дата19.12.2021
өлшемі24,98 Kb.
#103278
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс
5-7 дәріс, Дәріс.19-20, Дәріс.№17-18, Дәріс.№17-18, 5-сынып әдебиет ТЖБ 4-тоқсан дұрысы
Дәріс №11-12
Тақырыбы:Топырақ режімдері және оларды егіншілікте реттеу жолдары

Мақсаты: Топырақ режімдері және оларды егіншілікте реттеу жолдарымен түсіндіру

Міндеті: Топырақ режімдері және оларды реттеу жолдарын үйрету

Кілт сөздер: су режімі, жылу режімі, ауа режімі,қоректік заттар

Дәріс жоспар:

  1. Ылғал топырақ режімдерінің басты элементтерінің бірі

  2. Топырақтың ауа режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары

  3. Топырақтың жылу режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары

  4. Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу

1. Ылғал топырақ құнарлылығының басты элементтерінің бірі, сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін артырудағы алатын орны ерекше.

Өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілігі топырақтың технологиялық қасиеттеріне, меншікті кедергісіне, өңдеу мерзімі мен тәсілдеріне, танаптағы ылғал қорына байланысты.Топырақтың ылғал көздеріне негізінен атмосфералық жауын-шашын жатады.Ол қатты (қар, бұршақ, қырау) және сұйық түрінде (жаңбыр) түседі.

Қазақстанда жауын-шашын шамалы жауады. Көлденең ендік бойынша оның жылдық мөлшері 100мм-ден (шөлейт және шөлді аймақтар) 360-400 мм-ге (орманды-далалы аймақ) дейін ауытқиды.Таулы және тау бөктері аймақтарында жауын-шашын мөлшері біршама көбірек, яғни 450-600 мм-ге дейін жетеді.Өсімдіктер үшін жауын-шашынның мөлшері ғана емес, сонымен қатар жауу мезгілі мен сипатының маңызы бар. Мысалы, вегетация кезінде және ақжауын түрінде түскен жауын-шашын өсімдіктер үшін пайдалы.

Топырақтағы ылғал қорының келесі көзі – жер бетінен 3 метр тереңдіктен жоғары жатқан ыза (жерасты) сулары.

Атмосфера қабатында түзілетін бу тәріздес ылғал өсімдікке тікелей су көзі болмағанмен жанама әсер етеді.

Республикның суармалы оңтүстік және оңтүстік–шығыс аймақтарындағы қолдан суару топырақтағы ылғал көзінің келесі түрі болып табылады. Танаптағы ылғал қорын молайтуда ол тиімді агротехникалық шара болып саналады.

Топырақ ылғалдылығыжауын-шашын мөлшеріне, ауаның температурасына, өсімдіктердің ылғалды пайдалану дәрежесіне байланысты өзгеріп тұрады.Топырақтағы ылғал әр түрлі формада болады. Олардың бастылары: гравитациялық су, капиллярлық су, гигроскопиялық су, қабыршақты су, бу тәріздес су.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет