Оқу-әдістемелік құрал «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушер ісі» мамандықтары бойынша «Балалар аурулары » пәнінен студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға арналған. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын қарқындату және тиімді болуы мақсатында стандарттарды клиникаға дейінгі тәжірибе сабақтарында, сонымен қатар емдік-алдын алу мекемелер жағдайында қолдануға кеңес беріледі.
Педиатриядағы дағдылар алгоритмдер жиынтығы ҚР денсаулық сақтау Министірінің 2016 жылғы 29 шілде № 661 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасының негізінде, ҚР-ң мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.