Аралардың қорегі және оларды қоректендіру. Балдағы шірнені анықтау Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі23,75 Kb.
#122672
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Ара кореги
18862 8 , 18862 8 , priem-006, КТЖ-11-сын Әдебиет, Пейзажда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану (1)

Аралардың қорегі және оларды қоректендіру.
Балдағы шірнені анықтау
Сабақтың мақсаты. Араларды қоректендіру ерекшеліктерін, аралар пайдаланатын қорек түрлерін, сондай-ақ ара семьясының қорекке деген мұқтаждығын оқып білу. Балдағы шірнені анықтау әдістерін оқып білу.
Аралар қорегі: Араның өсіп жетілуі және ара семьясының қалыпты тіршілік әрекет етуі үшін белоктар, майлары мен көмірсулары (углеводттары) бар қорек қажет. Бұлардан басқа араларға су, минералдық тұздар мен витаминдер керек. Бұл заттарды ара семьясы шірнеден және тозаңан алады. Ауыл шаруашылық малынан өзгешілігі, аралар семьясы қажетті қоректі жинап қана қоймайды, сонымен қатар оны өздері өңдейді, консервілейді, және қор ретінде бал мен гүл тозаңын мол сақтайды. Бал мен гүл тозаңы есейген аралар, жұмысшы аралар личинкалары мен үш күндік аталық аралар үшін қорек болып табылады. Жас личинкалар мен аналықтарды қоректендіру үшін жұмысшы аралардың жоғарғы жақ және жұтқыншақ бездері бөліп шығаратын сүт пайдаланылады. Аналық өзінің даму кезеңінде және жұмыртқа салған уақытта сүтпен қоректенеді, бірақ ол әсіресе жұмыртқа салу кезеңіндегі үзілістерде қуыстардан өзі алатын балды да қолданады. Жұмысшы аралар мен аталық аралардың личинкалары сүтті тек алғашқы үш күннің ішінде ғана алады. Одан кейінгі уақытта аралар оларды бал мен гүл тозаңының (сұйық ботқамен) қоспасымен қоректендіреді. Ал аналық личинкалар ұдайы сүтпен қоректенді. Мұнда олардың дамуының алғашқы күнінен бастап пайдаланылатын сүтінің жұмысшы аралар мен аталық аралар личинкалары алатын сүттен айырмашылығы бар, мұны аналық араларды жасанды әдіспен шығарған кезде ескерту қажет.
Бал - аралардың көмірсумен қоректенудің негізгі көзі және ара шаруашылығының басты өнімі болып табылады. Бал алудың негізгі шикізаты, шірне-гүлдің арнайы органдары бөліп шығаратын тәтті сұйықтығы. Бал алудың көзі ретінде шіркейлердің, кейбір басқа насекомдардың тәтті қиы және шіркейшік - өсімдік жапырақшаларының тәтті жалқаяғы болуы да мүмкін. Шірне көбіне судан және ерекше құрғақ, жеміс және жүзім қантынан тұрады. Гүлдер шірнесінде судың және әртүрлі қанттың мөлшері метеорологиялық және бірқатар басқа жағдайларға, сондай-ақ өсімдіктің түрі және сортына байланысты өте ауытқып отырады.
Шірне балы тәтті жабысқақ сұйықтық және шіркешық, гүл балынан (шірнеден) айырмашылығы − аралар организмі үшін сіңірілмейтін улы заттары көп. (декстриндер, белоктік заттар, минералдық тұздар т.б.) Шірне балы әсіресе қыстаған кезде зиянды, у шығарып ара шығынына соқтырады. Сондықтан араларға қысқа қарай гүл балын қалдыру керек немесе шірне балын қант шырынымен алмастырған жөн.
Орта өңір жағдайында (сүйемелдеу қорегі) ара семьясының балға деген жалпы жылдық мұқтажы 70-тен 90 кг дейін ауытқиды, оның ішінде 10-12кг жуық тыныштық кезеңінде, қалған бөлігі – семьяның тіршілік әрекетінің күшейген кезеңінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет