Сальм-Горстмар күл элементтері мен азоттың өсімдіктің
қоректенуіндегі маңызын әдістемелік жағынан зерттеді.
Ол құмда және суда дақылдар өсіру әдістерін қолданды. 1846 жылы алғаш рет органикалық заттар жоқ жасанды ор-тада сұлы егіп тәжірибе жасады. Мұнда тек күл элементтері берілсе өсімдік айтарлықтай жақсы өспейтінін, ал сіңімді түрдегі азотты қосу оның өсіп жеміс беруіне әсер ететінін көрсетті. Сондай-ақ Сальм-Горстмар қоректік ортадан жеке қоректік элементтерді шығарып тастау әдісін қолдана оты-рып олардың қажеттілігін анықтады.
XVIII ғасырда өсімдіктің минералды заттарды пайдала-нуы жөніндегі тәжірибелердің көпшілігі суда өсімдік өсіру әдісі бойынша жүргізілді. 1856 жылы Кноп Макерндегі, Штекгард Тарандтегі тәжірибе стансаларында өсімдікті суда өсіру тәжірибелерін бастады. Кноп өзінің вегетациялық тәжірибелеріне сүйеніп, бір литр суға 1 г Ca(NO3)2, 0,25 г
KH
2PO
4, 0,25 г MgSO
4, біраз мөлшерде КNO
3 және Fe
3(PO
4)
2
қосып қоректік ерітінді дайындауды ұсынды. Оның ойын-ша, осылай дайындалған ерітінді өсімдікті негізгі қоректік элементтермен қамтамасыз етеді.
Сонымен Кноп дақылдан өнім алу үшін толық қоректік ортаны анықтады. Оның қоректік ерітіндісі агрохимиялық зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді. Әрине сол кезде оңдай мәселені шешу өте қиын еді, өйткені өсімдікке қандай элементтің қажет, оларды қандай түрде беру керек, ерітіндінің қандай реакциясы мен концентрациясын өсімдік көтере алатыны белгісіз еді. Сонымен қатар су ерітіндісін аэрациялау, оны тікелей түсетін күн сәулесінен қорғау жол-дары да толық шешілген жоқ еді.
Немістің атақты агрохимик-ғалымы Г.Гельригель (1831-1895 жж.) өзінің тамаша вегетациялық тәжірибелерімен
бұршақ тұқымдас өсімдіктердің азотпен қоректену ерекшеліктеріне түсінік берді. Ол өзінің ұзақ жылдарға созылған тәжірибелерінен мынадай қорытынды жаса-ды: бұршақ тұқымдас өсімдіктер тиісті бактериялары бар топырақта өсу кезінде сол бактерияларды өздеріне жұқтырады, сөйтіп олардың тамырларында түйнек пай-да болады. Осыдан кейін ғана өсімдікте ауадағы бос азот-ты пайдалана алатын қасиет қалыптасады. Мұндай өзара көмектесусіз бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауа азотын пай-далана алмайды.
Гельригельдің тәжірибелері көпшіліктің көңілін аударды және бірнеше жерде қайталанды. Сонымен бірге азоттың өсімдікке ену жолдары, бактерияларды жұқтыру әдістері және түйнектердің құрылысы жөнінде көптеген қосымша мәліметтер алынды. Гельригель 1862 жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалыпты өнім алу үшін жеке қоректік элементтердің (NPK) үлесін анықтаумен айналы-сты. Ол өзінің 1886 жылы жүргізген вегетациялық тәжірибесі арқылы бұршақ тұқымдас өсімдіктердің азотты сіңіруіне топырақты тазарту мен ластау әсер ететінін байқады.
Сол кездегі ғалымдар су ерітіндісінде өсімдік өсіру тәжірибесінде айырмашылық әдісін қатаң қолдану арқылы өсімдіктерді жасанды ортада өсіру жағдайы ғана қандай элементтердің дақыл үшін қажет екенін, қандай элементтердің өсімдік күлінде кездейсоқ болатынын анықтауға мүмкіндік берді. Сөйтіп, өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуі үшін қажет жеті элемент - N, P, K, Ca, Mg, S, Fe анықталды. Бұл элементтер Кноп қоспасының құрамына кіреді.
Агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің жетілуі негізгі жаратылыс тану ғылымдарының дамуымен тығыз байланы-сты болды. Сонымен қатар ол өзіне тән мәселелерді шешу үшін өзінің әдістемесінде жетілдіреді. Мұндай әдістемеге жасанды түрде қолдан өсімдік өсіру әдісі ғана жатпайды. Вегетациялық әдістің түрлі модификациясын (суда, құмда, топырақта өсімдік өсіру) жетілдіру, өсімдікті, топырақты және тыңайтқышты талдау үшін химиялық әдісті қолдану,
ал олардың арақатынасын зерттеуде вегетациялық және егістік тәжірибелерді үйлестіре жүргізу, өнімді арттыруда, оның сапасын жақсартуда және топырақ құнарлылығын көтеруде маңызды рөл атқарады.
Агрохимиялық зерттеулер осы жолмен дамыды және агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің қолданылу ауқымы барған сайын ұлғайып, маңызы арта түсуде.
Егер агрохимиялық зерттеу жөніндегі ілімнің дамуы Ба-тыс елдерінде басталса, одан кейінгі жылдары бұл салада орыс ғалымдарының еңбегі көрнекті орын ала бастады.
XVIII ғасырдың соңында және XIX ғасырдың бас кезінде орыс ғалымдары ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарға ерекше көңіл бөле бастады. Олар батыс еуропалық тәжірибелерді көрсетумен қатар тыңайтқыш жөніндегі өз ойларын ортаға салды.
Ресейде өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану саласындағы жүйелі зерттеу жұмыстарының басталуы, соған байланысты агрохимиялық әдістемелерді жетілдіріп пайда-лануда әйгілі орыс ғалымы Д.И.Менделеевтің еңбектерінің маңызы зор. Д.И.Менделеев (1834-1907 жж.) 1866 жылы минералды, органикалық және жанама тыңайтқыштармен алғашқы егістік тәжірибелерді түрлі географиялық жағдайда бастайды. 1867-1869 жылдары Менделеев Мәскеу, Смоленск, Петербург, Симбирск губернияларында тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибелерді ұйымдастырды.
Ол осы тәжірибелерде органикалық (көң) минералды (күкірт қышқыл аммоний, натрий селитрасы, жай супер-фосфат, сүйек ұны, поташ) және жанама (әк, гипс, натрий бисульфаты, ас тұзы) тыңайтқыштарын және оларды бірге үйлестіріп қолданудың үлкен бағдарламасын дайындады. Сонымен қатар бұл мәселені зерттеп анықтау үшін нақты да дәл әдістемені қолдану қажет екенін көрсетті және егістік тәжірибе материалдарына химиялық талдау жасады. Д.И.Менделеев егістік тәжірибелерді бірнеше рет қайталап орындауды және олардың нәтижелерін математикалық жол-мен өңдеу керектігін айтты.