«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет32/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Тәжірибе учаске топырағын өңдеу жұмыстары са-

палы, әрі бір мезгілде орындалуы қажет. Егістік тәжірибе мөлдектерін жыртқанда аударылған топырақ қабаты оңға немесе сол жағына жығылуы тиіс. Топырақ өңдейтін құралдар қорғаныш алқабында ғана бұрылып және орала алады. Егер оңды және сол жақтарына топырақты жырту қабаты кездесетін болса, оларды мөлдектің бүйір жағындағы қорғаныш алқабына қалдыруға болады.





сульфаты,

аммофос, диаммофос

Тыңайтқыштар




Көң, құссаңғырығыӘк,күлКалийхлориді,калийтұзыТомасшлақ,фосфатшлакПреципитатФосфоритұныСуперфосфатМочевина(карбамид)КальцийцианамидіНатрий,кальций,калийселитрасыНитрофоскалар,аммиакселитрасыАммоний













Аммоний сульфаты,










аммофос,










диаммофос










Нитрофоскалар,










аммиак селитрасы










Натрий, кальций,










калий селитрасы










Кальций










цианамиді










Мочевина










(карбамид)










Суперфосфат










Фосфорит










ұны










Преципитат










Томасшлақ,










фосфатшлак










Калий хлориді,










калий тұзы










Әк,










күл










Көң,










құс саңғырығы




22-сурет. Тыңайтқыштарды араластыру сызба-




сы: қара шаршы – күні бұрын араластыруға болады;




сызықталған шаршы – топыраққа енгізу алдын-




да араластыруға болады; ақ шаршы – бір-бірімен




араластыруға болмайды




Шағын көлемді мөлдектердің топырағын бір бағытта өңдейді де өңдейтін агрегат кейін қарай бос оралады.


Тәжірибе учаскесіне дақылдарды себу немесе отырғызу өте ұқыптылықты талап етеді. Тұқымды себу мен отырғызуды мөлдектің ұзын қабырғасына перпендикуляр бағытта жүргізеді. Сонда ғана кездейсоқ ақаулардың (мы-салы сеялка шүмегінің топырақ қабатында қақалуы) әсері барлық варианттарға бірдей бөлінеді.

Тәжірибе учаскесіне ең жақсы аудандастырылған, әрі таза, өнгіштігі тексерілген тұқымды себеді. Картоппен тәжірибе жүргізгенде сорты және көлемі бірдей түйнектерді отырғызады. Көкөніс дақылдарының да таңдаулы сорттарының көшеттерін пайдаланады.


Себілетін тұқым мен отырғызылатын көшет мөлшері барлық мөлдектерге бірдей болуы тиіс. Тұқымның себу мөлшерін оның салмағымен емес өнгіштігі арқылы анықтайды. Жаппай тәсілмен егілетін дақылдардың себу мөлшерін мына формула арқылы есептейді:


X = 100⋅ M A
G

мұнда, Х – бір гектарға себуге арналған тұқым салмағы, кг


М – бір гектарға арналған тұқым саны, млн.дана; А – 1000 дана тұқым массасы, г


G – тұқымның себуге жарамдылығы, %.


Тәжірибе учаскесіндегі мөлдектерге тұқымды бір тәулікте сеуіп үлгіру керек.


Майда тұқымдардың (жоңышқа, беде, атқонақ, еркекшөп, судан шөбі т.б.) себу мөлшерін олардың салмағы арқылы анықтайды.


Тәжірибеге пайдаланылған тұқымның, түйнектің, көшеттің сапасы, себу мөлшері мен мерзімі, себу әдісі, көшеттерді отырғызу жиілігі туралы мәліметтерді тәжірибе жорналына жазып отырады.


Учаске мөлдектеріне тұқымды себерде ескеретін қағидалар:



80 81


а) себетін сеялканы ұқыпты дайындап, оның механизмдерін ретке келтіреді. Тұқым себетін шүмектерін бір-бірінен керекті қашықтығында бекітеді;

ә) барлық мөлдектерді тек бір ғана сеялкамен себеді; б) мөлдекке 2-3 метр қалғанда себетін шүмектерді


жұмысқа қосады және мөлдек жиегінен 2-3 метрдей шыққан соң сеялка шүмегін көтереді;


в) мөлдек ішінде тұқым себу кезінде сеялканы тоқтатпайды.


Отамалы дақылдардың саны мөлдектің көлемінде біркелкі орналастырады.




Тәжірибе учаскесіндегі дақылдарды күту жұмысының жалпы егістікті күтуден айырмашылығы жоқ. Мұнда орын-далатын жұмыстар барлық мөлдектерде біркелкі, әрі бір мезгілде ұқыпты орындалады.

Тәжірибедегі арнайы күту жұмыстарына тәжірибені көрсету және өсімдіктің өсіп жетілуін бақылау үшін учаске-ге кіретін жолдарды таза ұстау, мөлдектердің аралық жолда-рын жасау және оларды арамшөптен тазарту, мөлдектердің екі жақ енін тегістеу, арнайы қазықтары мен этикеткаларын жоспарда көрсетілген қашықтықта мөлдектердің шекарасы-на орналастыру жатады. Этикеткаларға мөлдек нөмірі мен вариант аты жазылады.


Тәжірибе учаскесінде оталған шөптер, сабан мен жапырақ қалдықтарын қалдырмай, олардың барлығын ар-найы сақтайтын орынға тасиды.




2.10 Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары

Тәжірибе нәтижелерін неғұрлым толық, дәлірек және дұрыс бағалау үшін әр варианттың өсімдіктеріне тиісті кезеңде байқау жұмыстарын жүргізеді. Барлық байқау жұмыстарын екі топқа бөледі:





  1. зерттелетін өсімдіктерді байқау;




  1. сыртқы орта жағдайларын байқау;

Бұл жұмыстарды орындау кезеңдері тәжірибе бағдарламасында көрсетіледі.

Байқау жұмыстары егістік тәжірибе жұмысының са-пасын анықтайды. Сол сияқты кейбір байқау жұмыстары тәжірибенің жалпы жағдайына сипаттама береді.


Егістік тәжірибедегі дақылдардың өсіп-даму кезеңдерінде әр түрлі (фенологиялық, метеорологиялық т.б.) байқау жұмыстары жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет