§ 44. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ҚҮРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ
Қүрылымы жағынан зат есім ж алан да, күрделі де болады.
алаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі — түбір зат есімдер, екіншісі — туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфема- ; ларға (түбірге және жұрнакқа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфема-ға және қосымша (жүрнақ)" морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жүрнақ аркылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я оиан да астам түбір морфемадан қүралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазак тілінде төрт түрлі:
Біріккен зат есімдер,
Қосарланған зат есімдер,
Құрама зат есімдер,
Қысқарған зат есімдер.
Біріккен зат есімдерге кемінде екі х^бір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жата-ды. Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қай-наға, қолбасы, қолқанат т. б.
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: абысын-ажын, ақыл-айла, лха-ана, ас-су, бала-шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жігіт-желең, жауын-шашын, ой-пікір, ой-қыр, отын-су, тері-терсек, үрыс-керіс, иіай-су
б.
Құрама зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу ар-қылы жасалған зат есімдер жатады. Мысалы: ауыл ша-руаіиылығы, балалар бақіиасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғаждық еңбек, сары май т. б.
Қысқарған зат есімдерге бірнеше сез-. ден күралып қысқарған зат есімдер жатады. Мысалы: ЦазССР, ҚазМИ, ҚазТАГ, ҚҚП, ҚЛКЖ О, диамат, парт-ком, пединститут, см, мм, га, т, кз т. б.
§ 45. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксис-гік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық тәсіл арқылы жасалғаи зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кең-ею, не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз тагітарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, косарлануы, гіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лек-сикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жа-гады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есім-дерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жүр-нактар арқылы туған туынды зат есімдер ж атадьГ. М ьт-салы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас де-ген зат есім түбірлерінен жасалса, атіиылық, басТиылық деген туынды зат есімдер атіиы, басшы деген зат есім не-гіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақ-сылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған. Сон-дай-ақ, егін, сауын деген туынды зат есімдер ек, сау де-ген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егініиі, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады
Зат есім тудыратьін Жұрнақта])дың бір саласы өзде-рі жалғанған сөздёрДщ лексикалық мағыналарының үс-гіне қосымша семантикалық реңдер ғана жамайды. Ал, ондай қосымша реңдер үлкен түту, қүрметтеу, сыйлау, кішірейту, еркелету, қомсыну, кемсіну, кекету, мысқыл-Дау тәрізді әр алуан мән-райларды білдіреді. Мысалы: Қақпақіиа, сабыніиық сездерінің мағыналарын қақпақ, сабын сөздерімен салыстырсақ, олардың негізгі лексика-лық мағыналары бірдей болғанымен, аңғарылатын рең-Дері бірдей емес. Әрине, әкей, шешей деген сөздер мен эке, шеше сөздерініц араларында да лексикалык айыр-
машылықтары жоқ, бірак, олардың сәл де болса өзара семантикалық ерекшеліктері барлығы даусыз (§ 53-ті қараңыз).
§ 46. ЕСІМДЕРДЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ
ЖҰРНАҚТАР
1. -ШЫ, ШІ.
Аса өнімді -шы (-ші) жүрнағы аркылы жасалатын туынды зат есімдердің мағыналары мынадай:
Қәсіп иелерінің я мамандықтардың атауларын, белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді. Мысалы: қойшы, тілші, әдебиетші, тарихшы, егінші, са-уыншы, малшы, сақіиы, тыңшы т. б.
Адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіреді. Мысалы: аңдушы, бастауіиы, барлауіиы, тергеуші, жәрдемиіі, кө-мекші, өтірікіиі, өсекіиі, нұсқауіиы, угітиіі т. б.
Қоғамдық ағымды я көзқарасты (идеяны) жақ-таушының және белгілі бір қоғамдық үйымға қатысу-шының атын білдіреді. Мысалы: мичуриніиі, берсиевші,
жақаевіиы, спортіиы т. б. .——
-шылық (-шілік) жұрнағы кейбір сөздерде кұра-мындағы компоненттері (-шы-лық,-ші-лік) же-ке-жеке бө-ліне алатын дара(жалаң)" жұрнақтар есебінде жұмсал- ‘ са, кейбір сөздерде бөліне алмайтын бір күрделі жүрнақ ретінде қолданылады. Мысалы, егіншілік, малшылық, оқушылық, зарығушылық дегей сияқтылардық -шылық (-шілік) формасын іштей жрке-жеке бөлуге болады; ал адаміиылық, кемиіілік, тіршілік, баріиылық, кәріпшілік, айиіылық дегендердегі -шылық формасын бөлуге бол-майды.
-шылық жұрнағы арқылы туған атаулар мынадай: адамиіылық, журтиіылық, басіиылық, кедейіиілік, се-
нушілік, жүдеушілік, тарығушылық, қиыншылық, тар-іиылық, артықиіыльщ, тіріиілік, кеңіиілік, құрғақіиылық
б.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жүрнағы арқылы жасалатын сөздерді төэдендегіше^ бірнеше^жікке- бөліп, топтауға болады.
Нақтылы лексикалык. мағыналы есімдерден аб-стракт үғымды атау сөздер туады. Мысалы: кісілік, дос-тЩқ, туысқандық, қурбылық, қателік, қорльщ, жаңаліЩ биіктік, жақсылық, батылдық, сезімдік, өткірлік, жыл-
дамдық, іиапшаңдық, тездік, көптік, аздық, жоқгық, мүмкіндік т. б.
Нақтылы (конкретті) заттардың да аттары туады: түндік, орындық, қазандық, кездік, тұздық, төстік, қы-мыздық, инелік, өсімдік т. б.
Әр алуан мекендік, мезгілдік мағыналарды білді-ретін есімдер жасалады: айлық, жылдың, шабындық, вгіндік, аптсілық, түстік т. б.
Есептік сан есімдерден қатысты заттық үғым атаулары туады: бірлік, екілік, үштік, ондық, жүздік, мыңдық т. б.
4. -ыл, -іл, -л. Есімдер мен етістіктерге ортақ, омон-имдес бүл өнімді жүрнақтар мағыналары басқа-басқа алуан түрлі жаңа сөздер жасайды. Мысалы, шикіл, қатал сын есімге тән формалар болса, тсірыл, тіріл деҒендер сын есімдерден жасалған туынды етістіктер. Сол сияқты, етістікке тән -ыл, -іл, -л формаларының өзіде іштей бір-дей емес. Мысалы: жөтел, оңал, жоғал, суал деген туын-ды етістіктер мен тартыл, сарқыл, аіиыл, бүгіл сияқты ырықсыз етіс формаларын зат есім, сын есімдермен жар-ңыл, жатыл; батыл, қатал деген сөзедермен салысты-рып карасақ, -ыл (-іл, -л) нсүрнағы белгілі бір сөз табы-на ғана емес, бірнеше грамматикалық категорияға ор-так, омоним форма екендігі айқын керінеді. Ал, -ыл (-іл, -л) жұрнағы еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сездерге қосылғанда туынды зат есім жасайды. Мысалы, ңаңқыл, сыңқыл, суыл, мыңқыл, сақыл, тарсыл, дүріл, гүріл, ла~ пыл, қалшыл, діріл т. б.
Сөйтіп, бүл топтыи ішінен -шы (-ші); -лық (-лік -дік -тық -тік); -ыл (-іл, -л) жүрнактары әрі жалаң, әрі омо-нимдес косымшалар болады; -шылық (-шілік) және -гер-шілік жүрнақтары қүранды (күрделі) косымшалар; ал, -шылық қосымшасы мен -шы (-ші) формасы кейбір жағ-дайда өзара сннонимдес болып келеді.
-кер (-гер) жүрнағы арқылы туған сөздер іс-әрекет несінің атауы ретінде, адамзат есімдері есебінде қызмет атқарады. Мысалы: айлакер, ңызметкер, дәрігер, іскер, жумыскер, қаламгер, саудагер, суреткер, сайыскер т. б.
47. ЕСІМДЕРДЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖУРНАҚТАР
-дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ, -тек. Есімдерден туынды зат есім жасайтын бүл өнімсіз жүрнақтар жалаи емес,
кұранды форма тәрізді. Мысалы: ңүмдақ, саздақ, тайлақ сездері еліктеу сөздерден туған етістіктерге (мысалы, тарсылда, шаңқылда, қоңқылда, кеңкілде т. б. -қ (-к) қосымшасы қосылып жасалатын тоқылдақ, торсылдақ, шіңкілдек, тоңқылдақ сияқты сөздермен және жеңілтек, кеспелтек, жайдақ тәрізді сын есімдермен формалас бо-лып келеді.
-кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан жұрнактары жа-ңа сөз тудыру кабілеттері аз болғанмен де, бір алуан ту-ынды сөздердің құрамында кездеседі. Қ азақ тіліне нран (парсы, тәжік, ауған т. б.) тілдерінен ауысқан бұл жұр-нақтар қазақ тілінің үндестік заңына бағынбай, өздерінің әуелгі қалыптарын сақтап отырады. Мысалы: өнерпаз, бі-лімпаз, арбакеш, жемқор т. б. Бұлардың ішінен -кеш жұрнағы конкретті зат есімдерге жалғанып, кәсіп иесі-нің атауын білдіреді (Мысалы: арбакеш, түйекеіи, кіре-кеш т. б.).
Ал, -хана; -стан; -кент формалары, әуелде мекендік ұғымды білдіретін толық мағыналы сөздер болса да, бір-те-бірте жұрнақтық қызмет атқаратын болған. Мысалы: -хана қосымшасы конкретті кейбір зат есімдерге жалға-нып, арнаулы мекеме, орын-жай ұғымдарының атаула-рын білдіреді (асхана, іиайхана, пельменхана, мейманха-на, жатақхана, етхана, сүтхана т. б.); -стан қосымшасы белгілі бір халықтың атауларына жалғанып, сол халық-тың елінің, мекенінің атын білдіреді. (Қазақстан, Өзбек-стан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Татарстан, Түркстан т. б.); -кент қосымшасы да кейбір мекен атау-ларында кездеседі (Жаркент, Манкент, Самарқанг, Шымкент, Ташкент т. б.).
Бірді-екілі зат есімдерде ғана кездесетін, мағына-лары бір-біріне жуық, бірактүрлері басқа-басқа -т; -ат; -іт; -айт; -ейт; -паң; -қал тәрізді бір алуан өлі формалар бар. Бүл формалар арқылы туып қалыптасқан сызат, қырат, бүйрат, шөлейт, қүмайт, иіатқал, өткел сиякты сөздердің мағыналары өздерінің бастапқы негіздерімен мазмүндас та, қүрылымдас та болғандарымен, солармен дәл бірдей де емес. Мысалы, қыр мен қырат, сөз бен сы-зат, іиөл мен шөлейт, су мен суат, ш илеу мен іиилеуіт, шат пен иіатқал сөздерін өзара салыстырып көріңіздер.
48. ЕТІСТІКТЕРДЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҰРНАҚТАР
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе омоним қосымшалары зат есімдерде де, сын есімдерде де (қырма сақал, терме бау, елірме күлкі т. б.), етістіктің болымсыз түрінде де, ( K e e n e , көрме, терме т. б.) кездеседі. Бірақ, солай бола түрса да, бүл форма беретін мағынасы жағынан да, фонетика-лық дербестігі (екпін қабылдау я қабылдамау) жағы-нан да сараланып, жіктеліп отырады. Мысалы, бүл жұр-нақ арқылы етістіктерден жасалған туынды зат есімдер мынадай мағыналарды білдіреді:
1) Сабақты етістіктерден кұрал-саймандардың, бұ-йым-жабдықтардың, мекен-орындардың, түрлі ас-тағам-дардың, кінәрат-аурулардың аттарын білдіретін есімдер тудырады. Мысалы: ілме, іиаппа, суырма, бума, жаппа, бөлме, көмбе, түйме, мінбе, кездеме, саптама, кеспе, салма, қатырма, жарма, сүзбе, баспа т. б.
2) Әр қилы салт, сабақты етістіктерден сырт қара-ғанда конкретті болып көрінгенімен, ішкі мазмүны әрқашан абстракт үғымдардың атауларын тудырады. Мысалы: тапсырма, ескертпе, кіріспе, сілтеме, шығарма, түсіндірме, сипаттама, жолдама, баяндама, мазмүнда-ма, көіиірме т. б.
-м, -ым, -ім — зат есім жасайтын өнімді жұрнақ-тардың бірі. Бүл жүрнақ арқылы салт және сабақты етістіктерден, біріншіден, әр түрлі абстракт заттык үғымдардың атаулары туады. Мысалы: алым, білім, се-нім, тойым, тыным, төзім, келісім, байлам, тыйым, үғым, кеіиірім, түсім, төзім, тоңтам т. б., екіншіден, мекендік үғымды білдіретін зат атаулары және конкретті заттар-дың атаулары туады. Мысалы: күзем, бөлім, жайылым, қүрылым, соғым, алым, өнім, үйым, киім, тізім, иірім
б.
Бүл форма арқылы жасалған туынды зат есімдер стильдік мақсат үшін қосарланып та еркін қолданыла береді. Мысалы: өрім-өрім, тарам-тарам, күлім-күлім, шөкім-шөкім т. б.
Осы жүрнақ (-ым, -ім...) арқылы кейбір етістіктерден туған сөздер ікейбір зат есімдермен (ет, сүт, шай, ат, бие, тай т. б.) және кішілік сандармен (бір, екі, бір-екі, ғкі-үш, үш-төрт т. б.) дәйім тіркесіп, қазақтың бұрынғы емірінде өлшем, мөлшер атаулары есебінде халық тер-Миндері ретінде жұмсалған. Мысалы: бір асым ет; екі-
yui қайнатым шай; сүт пісірім уақыт; ат шаптырым жер; аяқ аттам...; таяқ тастам...; бие сауым...; көз көрім...; бес-алты урттам... т. б.
-қы, -кі, -ғы, -гі. Омонимдес бұл форма арқылы етістіктен зат есімдер (мысалы: бұрғы, сүзгі, шапқы, шалғы т. б.), етістіктен етістіктер (мысалы: жұлқы, ат~ қы, сырғы т. б.), етістіктен сын есімдер (мысалы: жина-қы, буралқы ), есімдерден туынды сын есімдер (мысалы: күзгі, қайдағы, қаіианғы т. б.) жасалады. Бұл жұрнақ арқылы етістіктен туатын зат есімдер мағына жағынан аса бай, солардың ішінде әсіресе,^туынды зат есімдер, құрал, ас жабдықтары атаулары (бұрғы, шалғы, сыпыр-ғы, шаныіиқы, сүзгі, ңырғьі, тепкі, қондырғы, сішытқы, уйтқы, тамызғы, жамылғы (жамылтқы), іиапқы т. б.), түрлі абстракты заттық ұғымдардын. немесе қимыл нәтижесінің атаулары (іріткі, уйтқы, түрткі, күлкі, соқ-
қы т. б.) көп ұшырайды.
-ыс, іс, -с жұрнақтары етістіктен әрі зат есім, әрі сынесім тудырумен қатар, етістіктің ортақетіс формасы ретінде де қызмет етеді. Б ірақбұл жұрнақ арқылы туа-тын сөздің не зат есімге, не етістікке, не сын есімге ка-тысты екенін сейлемдегі өзге сөзбен тіркесу ерекшелігі-не қарай контексте анықтауға болады. Мысалы: Үрыс тұрған жерде ырыс турмайіды. (С. М ұқанов); олар ай-тыс пен таласты сүйеді (М. Әуезов) дегендердегі ұрыс, айтыс, талас сөздері — әрине, есімдер. Ал, уранқайда екеуі екі бөлініп, өзді-өздері айтысты (И. Байзаков) де-гендегі «айтысты»— етістік.
-ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы етістіктерден туатын есім көбінесе заттық ұғымның атауы (қимыл атауы) (айтыс, желіс, айқас, шайқас, талас, журіс, жугініс, той-тарыс, қарғыс, көзқарас, қалтарыс, бултарыс, туыс, ты-ныс, дағдарыс т. б.) және мекен-орын атаулары мен қимыл-іс атаулары (epic, егіс, жайылыс, қоныс, бекініс, батыс, шығыс, бурылыс, айналыс, қурылыс т. б.) есебін-де жұмсалады.
-у қосымшасының да қызмет өрісі аса кең. Мыса-лы, бұл форма арқылы зат есімдер де (асу, ауру, қаиіау
б.), сын есімдер де (жүдеу, қату, бітеу т. б.), сондай-ақ қимыл-әрекет атауы формалары да (оқу, байқау, жы-л у т. б.) туады.
-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек. Бұл қосымшалар туынды сөздер жасаудағы өнімі де мол, қызмет өрісі де аса кен омонимдес жұрнақтың бірі (§ 11-ді қараңыз) -қ, -к, -ық,
-ік жұрнақтары арқылы етістіктен мынадай зат есімдер ^сасалады:
Қонкретті заттық атаулар мен құрал-жабдық атаулары (тарақ, курек, қазық, пыіиақ, табақ, ңайрақ, төсек, тамызьщ, қармақ, сызық т. б.). 2) Алуан түрлі абстракт заттық үғымдардың атаулары (сурақ, тілек, қылық, ысқырық, ускірік, бөлік, буйрық, жаңғырық, тү-сінік, өксік, күйік, көрік, жинақ, санақ, жазық т. б.).
-ынды, -інді, -нды, -нді қосымшалары -ын және -ды формаларынан қүралған күранды жүрнақ.
Бүл жүрнақ негізінен сабақты етістіктерге жалғанып белгілі бір іс-процестің нәтижесін білдіретін я заттык ұғымдардың атын жасайды. Мысалы: жуынды, іиайын-ды, сыпырынды, угінді, сарқынды, ертінді, қорытынды
б. Бірақ сын есім тудыру жағынан да өнімді (§ 60).
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (-қаш, -кеш, -ғаш, -геш) жүрнақтары да омонимдес жұрнақтарға жатады, өйтке-ні бүл форма зат есім де (сыпырғыш, секірткііи т. б),, сын есім де (білгііи, байқағыіи, көргіш т. б) тудыратын жүрнақ ретінде қолданылады.
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш... жүрнақтары сабақты етістік-ке жалғанғанда түрлі қүрал-жабдық атауларын жасай-ды. Мысалы: сыпырғыш, сүзгіш, тұтқыш, басқыш, ес-керткіш т. б.
-ыш, -іш, -ш — етістіктен зат есім жасайды. Бүл жүрнақтар (-ыш, -іш, -ш) көбінесе өздік етіс формала-рына жалғанып, абстракт үғымды білдіретін зат есім тудырады. Мысалы: қуаныш, өкініиі, сүйінііи, жубаныш, қызғаныш, куйініш, сағыныш т. б.
-уыш, -уіш жүрнақтары -у және -ыш қосымшала-рынан қүралған күрделі жүрнак. Бұл (-уыш, -уіш) фор-ма етістіктерге жалғанып, олардан түрлі қүрал-жабдық аттары мен басқа да әр алуан абстракт атаулар жасай-ды. Мысалы: өлшеуіш, елеуііи, желпуіш, түйреуіш, бас~ тауыіи, баяндауыіи т. б.
49. ЕТІСТІКТЕРДЕН ЗАТ EC1M ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҰРНАҚТАР
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек формалары етіс-тіктерден біраз туынды зат есім жасайды. Етістіктен -мақ (-мек) жүрнағы арқылы жасалған туынды зат есім-Дердің мағыналары мынадай:
Кейбір сабақты етістіктерге жалғанып, олардан
әр түрлі қүрал-сайман, бұйым-жабдық, ойын-сауык, ас-гамақ сияқты нақтылы заттык үғымдардыц атауларын жасайды: Мысалы, ілмек, піспек, оймақ, иіақпақ, сыр-мақ, қүймақ, жүмбақ т. б.
Қейбір сабақты етістіктерге жалғанып, абстракт заттық үғымның атауын тудырады. Мысалы: қыспақ, оспақ т. б.
-сын (-сін) формасы арқылы, бір жағынан, есімдер-ден туынды етістік жасалса (кедейсін, кемсін, керексін, жатсын т. б.), екінші жағынан, бір алуан етістіктерден туынды зат есімдер жасалады. Ал, етістіктен -сын (-сін) жұрнағы арқылы жаслаған зат есім тиісті қимыл-әрекет-тен туатын нәтиженің атауын блідіреді. Мысалы: бора-сын, бурқасын, бөгесін, ықтасын, бүктесін т. б.
-мыс, -міс, -мыш, -піш (көне) формалары кейбір са-бақты етістіктерге ғана жалғанып, олардан конкретті зат атауларын жасаса, кейбір салт етістіктерден абстракт зат есімдер тудырады. Мысалы: тарамыс, қылмыс, бол-мыс, жазмыиі, тұрмыс т. б. (Өтеміс, Төлеміс тәрізді жал-қы есімдердің құрамындағы -мыс (-міс) формасы да — осы жұрнақ).
-мал (-мел) жүрнағы бірді-екілі етістік негіздеріне ғана қосылып, заттык ұғымдардың атауын білдіреді. Мы-салы: аіиымал, саумал, түнемел, сүйемел, орамал, тасы-мал, жорамал т. б.
-ман, -мен, -бан, -бен косымшаеы етістіктің болжал-ды келер шақ формасынан іс-әрекет иесінің атауын ту-дырады. Мысалы: аларман, берермен, көрермен, атар-ман, шабарман, сабарман, өлермен, түрарман, жылар-ман т. б.
-р, -ыр, -ір, -ар, -ер жүрнақтарының қызметі әр та-рапты. Өйткені, -ыр, -ір, -р формасы етістіктің өзгелік етіс формасын (асыр, өсір, іиығар, кетір, ішір т. б.) жасауға да, есімдерге жалғанып туынды етістік жасауға да (қыс-қар, аласар, қайғыр, жақсар, ескір т. б.), сондай-ак, етіс-тіктерден туынды сын есімдер (бүкір, тықыр, жүмыр, обыр т. б.) мен туынды зат есімдер (үңгір, іиүқыр т. б.) жасауға да катысады.
up, -ір, -р жүрнағы арқылы етістіктен туған заттык ұғым атаулары манадай: көмір, иіуқыр, үңгір, түйір, шо-ғыр, қайнар, қарар, жанар т. б.
-ыт (-іт, -т) формасы да омоним жүрнақтардың то-бына жатады. Бұл форма, біріншіден, етістіктерге жал-ғанып, өзгелік етіс формасын (оқыт, сүрат, қарат, жинат
156
б.) тудырса, екіншіден, есім сөздерден туынды етістік (шырамыт, қүмарт, сейілт т. б.) жасайды, үшіншіден, етістіктен туынды зат есім (бөгет, иіабыт, сарқыт, іркіт
б.) жасаса, төртіншіден, есімнен есім (қырат, уыт, же-міт т. б.) тудырады.
-ыт, (-іт, -т) жүрнағы аркылы етістіктерден туған зат есімдер мыналар: бөгет, сарңыт, іркіт, киіт, шабыт, суыт
б.
-уыл (-уіл) формасы -у және -ыл қосымшаларынан
кұралған. Өйткені бұл түлғаны жамылған сөздердің кө-бініа түбірі етістік болады да, олардан жасалған азын-аулақ сөздер әр түрлі заттық ұғымның атаулары ретінде кызмет етеді. Мысалы: бөгеуіл, қарауыл, шабуыл, тос-қауыл, жортуыл, кеиіеуіл, торуыл т. б. Ал, сырғауыл, иіыңдауыл, кешеуіл, ереуіл тәрізді сөздер аналогия заңы бойынша қалыптасқан я олардан өзгеріп көнеленген сөз-дер сияқты.
-қын, -кін, -ғын, -гін жүрнактары етістіктерге жал-ғанып, біріншіден, іс-әрекетті істеушінің я іс-әрекеттің ие-сінің атауын жасайды (Мысалы: қуғын, қаиіқын, босңын, иіапқын, түтқын т. б.), екіншіден, етістіктердің мазмүны-на тікелей байланысты іс-әрекеттің атауын жасайды. (Мысалы: жойңын, ұіиқын, тасқын, түрғын, көіикін, қыр-ғын, иіалғын т. б.).
-асы (-есі) жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдер жасайды. Мыса-лы: аласы, бересі, тиесі, көресі, шығасы, барасы т. б.
-ын, (-ін, -н) жүрнағы омонимдес қосымшаның бі-рі. Бұл жүрнақ, негізгі (түбір) етістікке жалғанып, өздік етіс формасын (жуын, таран, киін т. б.) жасайды, кейбір етістіктерден зат есім (боран, келін, жуын, қүйын, жиын
б.) тудырады, кейбір есімдерден туынды етістік жасай-ды (күрсін, иіегін, талпын т. б.), кейбір етістіктерден әрі зат есім, әрі етістік формаларын (мақтан, қорған, жасы-рын т. б.) жасайды. Бұдан -ын (-ін, -н) жүрнағының өрісі де кен, қызметі де мол болғанын көруге болады.
Етістіктен туынды зат есім жасайтын -ын, -ін, -н жүр-нағының қызметі мынадай:
Іс-қимыл процесінің заттық атауын жасайды. Мы-
салы: боран, толқын, ағын, жауын, серпін т. б.
Абстракт заттық үғымның атауын тудырады. Мы-
салы: жиын, мақтан, сауын, иіығын, жасырын т. б.
Конкретті заттық үғымдардыц атауларын жасай-
157
ды. Мысалы: егін, қорған, жұғын, жулын, тығын, түтін, келін т. б.
-шақ (-ш ек)— омонимдес жүрнақ. Өйткені, -шақ, (-шек) қосымшасы зат есімдерге жалғанып, кішіреиту формаларын (келіншек, туйініиек, інііиек, жарықіиақ
б.) тудырса, кейбір салт және сабақты етістіктердең зат есім (еміиек, бөліиек т. б.) жасайды, сондай-ақ кей-бір өздік етіс формаларынан сын есім (ерініиек, суран-іиақ, мақтаншақ, аіиуланшақ т. б.) жасайды.
-ашақ, (-ешек) жұрнағы кейбір салт және сабақ-ты етістіктерден абстракт зат есімдер жасайды. Мыса-лы: Кем сілтеуден көреіиекті көрдік (Ғ. Мұстафин); Шахтёрдің әр куннен алаіиағы бар, алса — қуанады, ал-маса,— ренжиді (бұ да). Екі туаіиақ жоқ болса, екі өл-мек те жоқ (М. Әуезов).
Етістіктерден зат есім тудыратын кейбір тіпті өнімсіз формаларды (мысалы, ат-пақыл, уйір-мекіл, қаржы-ма-қыл, шерт-пекіл; шыміиы-уыр, суңгі-уір, жар-а, жыр-а, куй-е, жаң-қа, тут-қа, т. б.) жұрнақ тізімге енгізілмеді.
50. ЗАТ ЕСІМНІҢ РЕҢК МӘНІН ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Лексикалық мазмұны жағынан жаңа сөз тудырмай, сездерге әр қилы эмоциялық әсер, экспрессивтік рең үс-тейтіндей қосымша семантикалық мағыналар ғана жа-ыайтын жұрнактар бар. Олар зат есімнің ішкі катего-риялык формалары, демек, зат есімнің реңк мән туды-ратын жұрнақтары делініп танылуға тиіс.
Зат есімнің реңк мән тудыратын жүрнақтары жалпы есімдерді де, жалқы есімдерді де қамтиды. Мысалы: Жөкей көлінің солтүстік қабағында Аюлы дейтін бір кііикене таусымақ бар (С. М ұқанов); Бір көлшікте жа-саған балықтар өсіп-еніп көбейген кезде суы тартылып, көліиік қурай бастапты (Ертегіден). Ж олда бір көлсы-мақ бар, соған соға журеміз. (Ғ. Мүстафин) деген мы-салдардағы таусымақ, көлшік, көлсімақ сөздері — жал-пы есімдер. Ал, Еркін, Нурлан, Сәуле, Сәлима деген кісі аттары Еркііи, Нурлаиі, Сәулеіи, Сәлимаіи немесе Ер-кетай, Нурматай, Сәулетай, Сәлиматай делініп айтыла беріледі.
Әдебнетте де, ауызекі тілде де еркін қолданыла бе-ретін ағажан, қурбыжан, әкетай, сәулетай сиякты сөз-дердің лексикалық мағыналарында аға, қурбы, әке, сәУ'
ле сөздерікен алшақтарлықтай айырмашылық болмаға-ңымен, сөйлеуші мен тыңдаушыға (я жазушы мен оку-ідыға) айту мәнері райы жағынан да, алынатын әсері мен бағдарланатын реңкі жағынан да, оларды бірдей деуге болмайды. Өйткені аға, әке дегендерден тек жай атау, хабарлау ғана ацғарылса, ағажан, әкетай деген-дерден белгілі бір эмоциялық реңк пен экспрессивтік әсер жарыса байқалады.
Сөйтіп, реңк жүрнақтары еркелету я кішірейту, сый-лау я құрметтеу, ұлғайту я үлкейту, келемеждеу я мыс-кылдау тәрізді мәндерді білдіреді. Олардыц кейбіреуле-рі бірінен соң бірі кабаттасып та қолданылады (ағеке-тай, әжекетай, інішекжан, Сәулеіижан т. б.), кейбіреу-лері өздерінің бастапқы мәндерінен я жартылай (бө-лімиіе, қудаша, кііикентай, туйіршік), я бүтіндей айырылып (жеткікшек, ірімшік, талшық, буркеніиек), сол жалғанған сөздерден бөлінбейтіндей де болып кет-кен.
Бүл жүрнақтардың өнімділері және олардың сипат-тары төімендегідей.
-еке, -қа, -ке жүрнақтары жалпы және жалқы (кісі аттарына) есімдерге жалғанып, сыйлау, қүрметтеу, үл-кен түту сиякты мағыналык реңктер үстейді. Өзі жалға-натын кейбір сөздердің толық түрлеріие тікелей тіркес-пей, соңғы дыбысы я соңғы бір немесе бірнеше буыны түсіріліп барып жалғанады. Мысалы. ағеке, іиешеке, апеке, эпке, жездеке, атеке, бастықеке, хатіиыеке, Омеке (Омар, Омарбай), Ж әке (Ж амбыл, Ж анақ), Мырзеке, Журеке, М уқа, Сәке т. б. Мүндай -еке (-қа, -ке) жал-ғанған сөздерге тәуелдіктің II, III жақтарының косым-шалары қосылатыны және олардың беретін реңктері ту-ралы «Тәуелдік жалғау» деген тақырыпты жараңыздар.
-й жүрнағы негізінде туыс атауларына жалғанып, оларға сыйлау, құрметтеу және үлкен түту мағынасын Косады. Мысалы: апай, ағай, әкей, шешей, атай, жездей, әпкей т. б. Бүл қосымша қазіргі әдебн тілімізде тек жа-Қын туыс атаулының аясында ғана қалмай, алыс-жақын-Дығына қарамастан, қүрмет түтатын жасы үлкендердің бәріне де қолданыла беретін болды. Мысалы: Ж амбыл чтай, Ш олпан апай, Мәдина тәтей, Үлболсын шешей т. б.
-тай қосымшасы туыс атауларына жалғанып, °*іарға кішірейту, еркелету, ізет көрсету сиякты қосым-мағына үстейді. Мысалы: ағатай, апатай, әкетай,
158 159
шеіиетай, бөпетай, сэулетай, қалқатай, тәтетай, көке-тай т. б. Кішкентай, азғантай дегендердің түбірі кіші, аз екені, оларға әуелі -кене (-ғана), одан кейін -тай формасы қосылып көнеленген. Ал, Жамантай, Орман-тай сияқты кісі аттарының құрамындағы -тай қосымша-сы да — осы формамен төркіні бір бөлшек.
-жан жұрнағы көбіне адамзатқа қатысты бір алуан сөздерге және кісі аттарына жалғанады да, оларға әрі еркелету, әрі кішірейту реңкін жамайды. Мысалы: Абай-жан, Ардақжан, Ермекжан, ағажан, көкежан.
Бүл форма жан ата, жан көке сияқты тіркестерде де қолданылады; мысалы, Ризалық берсең, жан ата. Еш-кімге көзім сүзбейін! Тірі, өлісін білгенше, Кудерімді узбейін («Қыз Жібек») деген мен Алпыста анаң аналық!
ан көке, кімге тапсырдың («Қобыланды» жыры) де-генді салыстырыңыз.
-қан, -ақан жүрнақтары өнімсіз болғанымен, ерке-лету, кішірейту реңкін білдіру үшін бірсыпыра сөздерде колданылады (бұзауқан, балақан, ботақан, қошақан).
-қай (-кей)— тіпті өнімсіз форма, тек балақай, саусақай, шешекей деген бірлі-жарым сөздерге ғана жалғанады. Иттің улы итақай дегендегі -қай формасы да, Аіиақай, Бейсекей, Мусақай, Сәрсекей деген кісі ат-тарындағы -қай элементі де осы айтылған кішірейту
формасымен байланысты. «
-шақ (-шек) формасы — омонимді қосымша (қыз-* меті зат есімнің өнімсіз жұрнағы кезінде әңгімеленген, сол тақырыптан оқыңыз), бүл жұрнақ есім сөздерге жалғанып, оларға кішірейту, еркелету мағыналарын үс-тейді. Мысалы: келіниіек, інішек, қулыншақ, жұтқын-шақ, шынашақ, тоқтыиіақ, жарьіқіиак;.
-шық, -шік. Бұл -шақ, -шек жұрнағыныц кысаң тү-рі болып есептеледі, демек, -шық, -шік қосымшасынын да атқаратын қьтзметі көп. Атап айтсак, -шық (-шік) формасы етістікке жалғанып, туынды зат есім (буршік, бүркеншік т. б.) тудырады, сонымен қатар, ол есімдерге де (төбешік, түйіршік т. б.) жалғанады және етістіктін грамматикалық формасы ретінде (уиіық, түршік т. б.) қолданылады.
-шық (-шік) жұрнағы зат есімдерге жалғанғанда, оларға кішірейту және еркелету мағыналарын үстейді.
Конкретті зат есімдерден кішілік мағынасын біл-діретін атаулар тудырады. Мысалы: уйшік, төбеиіік, көлиіік, кіршік, қапшық, қараиіық, ойыніиық, далашьЩ,
айиіық, тығыншық, төреіиік, дорбашық, қалаіиьщ, бөл-меиіік, панаиіық, текеиіік, боташьщ т. б.
Санауға келмейтін зат атаулардан әрі даралық, әрі кішілік үғымын жамайды. Мысалы: таліиык;, ірімиіік,
* туйіршік, қиыршық, бүршік, шиыршық т. б.
-ша (-ше) формасы зат есімдерге жалғанып, туын-ды үстеу (балаша, балықиіа т. б.) жасайды да, сын есімдерге жалғанып, белгінін шағындық шама-шарқын біідіретін формалар жасайды (ақіиа, қызыліиа, сарша, сұрша, бозиіа, көкше, ұзыниш т. б.), сондай-ақ, бұл фор-ма зат есімдерден кішірейту ұғымын білдіретін форма-лар (көрпеше, кітапша, сандықіиа, қобдиша, өгізіие
б.) тудырады.
-ш жұрнағы кісі аттарына және бір алуан жалпы
есімдерге жалғанып, оларга кішірейту, еркелету, аялау тәрізді косымша мағына жамайды. Бірақ кісі аттарына, сондай-ақ, кейбір жалпы есімдерге қосылганда, олар-дын толык түрлеріне тікелей тіркеспей, я сонғы дыбысы,
соңғы бір немесе бірнеше буындары түсіріліп барыгі жалғанады. Мысалы: қалқаш, сәулеш, бөпеіи, көкеш, тегеш, бикеш, серкеш, Курмаіи (Құрман, Қурманғсіли, Қурманбек), Жүмаш (Жүмабике, Жумабек, Ж умағали, Жұмабай, Нурыш (Нұрым. Нурмап, Нурсейіт, Нурға-ли), Төлеш (Төлебек, Төлеуғали), Калыш (Қалмағам-'бет, Қалымбет), Сақыіи (Сақып, Сақыпжамал), Гуліш (Гүлсім, Гүлнар), Үрміш (Үрман) т. б.
-сымақ формасының өзге төл жұрнақтардан ай-рықша бір ерекшелігі — сөздін я оның соцғы буыныиың жуан не жіңішке болуына қарамастан, үнемі жуан қал-пын сақтап отырады.
Бұл жүрнақ өзі жалғанатын зат есімдерге қомсыну, кекету, олқы санау тәрізді салыстыру ұғымын үстейді. Мысалы: ақынсымақ, өзенсымақ, таусымақ, мүсәпірсы-мақ, мырзасымақ, батырсымақ, көиіесымақ, күйеусымақ, бастықсымақ т. б.
-шығаш (-шігеш)— аса қүнарлы жұрнак, ол жал-ғанатын сөзге кемеліне келмегендікті немесе белгілі бір сатыға я қалыпқа жетпегендікті білдіретіндей қосымша Мағына үстейді, оның мағынасын — сымақ қосымшасы-мен синонимдес деуге болады. Мысалы: байшігеш (бай-Шығаш), ершігеш, батыршығаш т. б.
-екеш (егеш)— бұл жүрнақ категориясы ретінде ^алыптасып кетпеген, жұрпақ пен көмекші (шылау) сөз Категорнясы арасында тұрған форма. Бүл форма есім
160 6-622 161
сөзбен тіркесіп оған комсыну, менсінбеу, кем тұту сияқ-ты мағыналық pen жамайды. Мысалы: Тас екеш тас та өзгереді (Ғ. Мұстафин); Кен екеш кенге осьіндай тар адам болады екен-ау! (бұ да).
3. ЗАТ ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕНУ ЖҮЙЕСІ
Зат есімге көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау, жіктік жалғау деп аталатын төрт түрлі қосым-шалар жалғанатыны белгілі.
Қөптік жалғау — нәрсенің көптігін білдіретін грам-матикалық форма. Бірақ көптік жалғаудьщ кызметі тек осы аяда ғана калып коймайды, ол зат есімнен басқа да сөздерге қосылып, оларға да қосымша семантикалық мағына жамайды және әр қилы я жалпы, я жалқы сти-листикалық реңдер мен ерекшеліктер үстейді. Мысалы, көптік жалғау сын есімге, есімшелерге жалғанып, олар-ды уақытша субстантивтендіреді, соған сәйкес синтак-систік қызметтерін ауыстырады; жіктелетін етістіктер мен есімдерге қосылғанда, семантикалык кана емес, сти-листикалық та реңдер үстейді т. б.
Әр алуан сөз таптарына қосылып, оларға осындай функциялык, семантикалық ерекшеліктер үстейтіні ес-керіліп, көптік жалғау морфологияның жалпы бөлімінде (12-параграфында) арнайы, бөлек каралды.
Тәуелдік жалғау — негізінде зат есімге тән қосым* ша бола тұрса да, өзге де көптеген сөздерге жалғана-тындықтан, бұл бірінші бөлімде (13-параграфында) өз алдына бөлек каралды.
Септік жалғау да есімдіктерге, сын есімге, сан есім-ге, есімшелерге және басқа субстантивтенетін сөздерге (көптеулі, тәуелдеулі сездерге де) жалғанады. Сондык тан, бүл қосымша да жалпы (бірінші) бөлімде арнайь қаралды (§ 1 4 «Септік жалғау» деген тақарыпты қара-ңыз).
Жіктік жалғау. Зат есім сейлемде баяндауыш бол са, жоғарыда (§ 17 «Жіктік жалғау» деген тақырыпта) керсетілгендей, жай-күй етістіктерінің (жатыр, жүр, түр отыр) жіктеу үлгісі бойынша тиісті жіктік жалғауларьп қабылдайды, демек, жіктеу есімдіктерінен болған бас тауыштармен жақтасып (қиысып) жіктеледі. Осыған орай зат есімнің жіктелуі жалпы бөлімде өзге мәселе- . лермен қоса қаралды.
4. ЗАТ ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК СИПАТЫ
Сөз таптарының бәріне де негізгі ұйтқы болғандық-тан, зат есім солардың әрқайсысымен сейлем ішінде әр түрлі жағдайда тіркесіп, әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Осындай әр тараптылығының нәтижесінде зат есім сейлемнің барлық мүшелері де бола береді.
Сөйткенмен, семактикалық жағынан негізінен заттык ұғымды білдіретіндіктен, зат есімнің ең негізгі де және ен басты да қызметі, әрине, бастауыш пен толыктауыш болуға лайық. Мысалы: Мүғалім — ауылдағы мәдени күшіміз (Б. Майлин); Үсті-басым, бет-аузым лезде үй-реншікті түрге түсті (С. Сейфуллин). Ананың қолты-ғындағы екі баланың дидары оттың арасынан Ержанға айқын көрінді (Ә. Әбішев). Осы сөйлемдердегі баста-уыштардың бәрі де — зат есімдер. Әбдірахман хатты аіиып оқыды (Б. Майлин); Нақ сол минутта иіыққан ән шынында Шүғадан басқаға лайықты емес еді (бұ да) деген сөйлемдердегі толыктауыштар да зат есімдерден жасалған.
оғарыда айтылғандай, кандай сөзбен тіркесуіне жә-не кай орында тұруына қарай, зат есім анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді. Мысалы: Біздің болысқа қаладан өкіл келді (Б. Майлин); Біз аяңдап үйге қарай жүрдік (бұ д а ); Түйелердің жанын-да көгендерде қозылар жатыр (С. Сейфуллин) деген сөй-лемдердегі болысқа, қаладан, үйге қарай, түйелердің жанында, көгендерде деген пысықтауыштар да зат есім-дерден жасалған. Сондай-ақ, майысып, солқ-солқ еткен врім талмын, Жас алма пісіп түрған шекер балмын (С. Торайғыров); (Біздің үйде әкем, шешем, Бағила, Үлтуған, мен — бес жанбыз (С. Мұканов) дегендердегі баяндауыштар да зат есімдерден жасалған.
азақ тілінде зат есімнің анықтауыш болуы — оның (зат есімнің) негізгі қызметі мен қабілетінің бірі — не-гізгі синтаксистік сипатының бірі. Ал зат есімнің негізгі синтаксистік сипатының төркіні де, себебі де казақ ті-ліндегі (сондай-ак, өзге түрік тілдерінде де) зат есімдер тек басқа сөз таптарымен ғана емес, езді-өздері де бір-бірімен тіркесе бере алатын ерекшелігімен байланысты. Демек, тілімізде зат есімге сын есім де (жақсы адам), сан есім де (бес адам), есімдік те (осы адам), есімше Де (оқыған адам, оқитын адам) анықтауыш болумеи.
<.атар, бір зат есімге екінші бір зат есім де анықтауыщ 5ола алады.
Зат есімнің езді-өзі, бір-бірімен тіркесу жүйесі, әдет-ге, түрік изафеті деп аталатын өз алдына категория еке-ні мәлім. Ал, бұл категорпяның калыптасқан заңьі бо-Еіынша, бір зат есім мен екінші бір (басқа бір) зат есім уш түрлі жолмен тіркесетіні аян: оның бір жолы — екі зат есімнің екеуіне де қосымша (алдыңғысына ілік сеп-тік жалғауы, соңғысына тәуелдік жалғауы) қосылып тіркесу жолы (үйдің иесі, баланың пальтосы), екінші жолы — екі зат есімнің біреуіне (тек соңғысына) қосым-ша косылып, біреуіне (алдыңғысына) қосылмай тіркесу жолы (қала азаматы, үй шаруашылығы), үшінші жо-лы — екі зат есімнің екеуіне де бірдей (алдыңғысына да, соңғысына да) ешқандай қосымша косылмай тірке-су жолы (тас үй, қой қора).
Әрине, жақсының аты және жақсы ат, үлкеннің киімі және үлкен киім, қызылдың бояуы және қызыл бояу де-ген сияқты тіркестерді колдануға әбден болады, бірақ осындағы анықтауыштардың сөйлем мүшелік кызметте-рі бірдей болғандарымен, семантикалық мағыналары бірдей емес. Дегенмен, өзара тіркескен осы сездерден екінші үлгі бойынша жаңа тіркес жасауға болмайды. Ендеше, бұдан сын есім бірінші үлгі бойынша анықта-уыш болғанда, оның мағынасы заттанатынын, екінші үлгі бойынша сын есім тіпті анықтауыш болмайтынын (оның жақсьі аты дегеннің екінші үлгіден табиғаты бас-ка), ал, үшінші үлгі бойынша анықтауыш болу — сын есімнің негізгі қасиеті екенін көреміз. Сонымен қатар, бұдан зат есімнің анықтауыш болу кабілеті де, өресі де сын есімнен (сондай-ақ, өзге де анықтауыш болатын сөз таптарынан) әлдеқайда кең екені байқалады. Осы себептен зат есімнің анықтауыш болу қызметі бұл сөз табына тән негізгі сипатының бірі делініп қаралғаны мақұл.
Рас, изафеттің үш түрінің мағынасы мен өресі бірдей емес және бірдей болуы мүмкін де емес, ейткені онын әрқайсысы — алды-алдына жеке-жеке форма. Солай болса, ол үш форманың мағыналарында да, қызметте-рінде де өзді-өздеріне ғана тән ерекше касиеттері болу-ға тиіс және бар да. Олардың ондай ерекше қасиеттері бар екендігін сол изафеттің белгілі бір түрін жасауға я колдануға болмаған жағдайда екінші бір (басқа бір) түрін жасауға я қолдануға болатындығынан да көре-
міз. Мысалы: Тас бақа деп те, тастың бақасы я тас ба-қасы деп те айтуға болғанымен, бірінші тіркестен бақа-ның тасқа үқсастығы аңғарылса, кейінгі тіркестерден тасты жердің бақасы я тасты жерде өмір сүретін бақа деген мән түсініледі. Сондай-ақ, қолдың басы я қол ба-сы, қолдың үшы я қол үшы деп те айтуға болады, бірақ кол бас, қол үш деп айтуға болмайды. Оның бер жа-ғында, қолдың басы және цол басы дегендердің семан-тикаларында да, кейде қызметтерінде де өзара айыр-машылық барлығы байқалады. Ал, қол ара, қол арба, ңол айна, қол ағаш, қол жаулық, қол тиірмен, қол тұзсіқ, қол орамал, қол өнер, қол сағат, қол сандық, қол шана, қол шатыр, қол шоқпар, қол хат сияқтыларды алсақ, олар изафеттің бірінші, екінші түрлері былай түр-сын, іштей ара қатынастары жақтарынан да бірдей емес.
Бас агроном, бас дәрігер, бас қонақ, бас қүда, бас балуан, бас мақала, бас бәйгі дегендердің бәрінде де ал-ғашқы сөз (бас) бірікші деген мағынаны білдірсе, көз әйнек, көз аңы, көз таныс деген тіркестердегі ара каты-нас тіпті басқа. Әрине, соңғы үш тіркестен көз аумағы, көз аясы, көз нүры, көз қыры, көз үшы, көз шарасы, көз жанары, көз жасы, сияқты тіркестердің де, көздің нүры, көздің жасы, көздің жанары тәрізді тіркестердін де ара катынастары бір басқа.
Тілімізде тас қақпа және қақпа тас, тас қорған және ңорған тас, ағаш орындық және орындық ағаш деген сияқты тіркестердің қажетіне карай қолданыла беруі де зат есімнің анықтауыш болу қабілеті мен қолданылу өрісі өзге сез таптарының қай-қайсысынан болса да кем емес, кең екендігін дәлелдейді. Солай болса, зат есімнің осылайша өзді-өзі, бір-бірімен тіркесіп, анықтауыш бо-лып қызмет ету қабілеті бұл сез табының езіндік ерек-шеліктерінін. ең басты белгісініғі бірі болып саналуға тиісті.
с к е р т у : Бұл арада ағаш бұтақ және ағаш бү-тағы, ағаш станок және ағаш станогы деген тіркестер-дін араларындағы формалық айырмашылық пен мағы-налық айырмашылық сөз етілген жоқ. Сондай-ак, зат есімге тән изафеттік тіркестерден идиомаланған, лекси-каланған (мысалы: қол бала, көз ұшы, тас түйін, тас ңараңғы, тас бауыр, бас мақала ~ гауһар тас, тас жол) формалар да сөз етілмеді. Сол сияқты, үш я онан артық
3
зат есімдердің осы аталған изафеттік үлгілері бойынщ3 жасалған формалары да сөз етілген жоқ. Өйткені бұд мәселелер, бір жағынан, тікелей кадағаланып отырғаң тақырыптан аулак әкетсе, екінші жағынан, лексиколо-гияның, синтаксистің объектілерімен үштасып жатқац. дыктан, арнайы кең көлемде үңіліп талдауды керек етеді
т a р а у
СЫН ЕСІМ
51. СЫН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы — сын есім.
Семантикалык жағынан зат есім әр алуан заттық үғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатпен байла-нысты үғымдарды білдіретін сездердін, лексика-грамма-тикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипатта-рын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айта-мыү,
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфоло-гиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтері-нен де сараланып айқын керініп отьтрады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, езге есімдерден баскаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнін табиғи қызметі зат есімге аныктауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қыз-метін атқарғанда сын есім ешкандай өзгеріске үшыра-майды: анықталатын зат есім көптік, септік, тбуелдік формаларыньщ қайсысында қолданылса да, оны анык-тантын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем
б. ) жағынан аныктайды, бірак ол (сын есім) анык-тауыш қызметін атқарып түрғанда. еш уақытта да тә-уелденбейді, көптелмейді және сегітелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, сегітік жалғауларн зат есімнің де, сын есімніи де қызметтерін бірдей атка-
ратын синкретикальтқ омоним сөздерге (мысалы: сал-қын, көк, суьщ, жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қол-данылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдер-ге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлиіеуіш т. б.) жалғана бе-реді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категорнялары болмағынымен, оньтң езіне тән ерекше шырай катего-риясы бар. Бүл ерекшелік те — сын есімнің зат есі.мнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екеніне дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен катар, етістікті де анықтап, үстеу сөз-цердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы уғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С. Сей-фуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққаниіа, арық сөйлеп, семіз іиық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердін әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың қамыс бар), әрі адъективтік (қамыс қора) қызметі болатыны сияқ-ты, кейбір сын есімдер де әрі адъективтік, әрі адвер-бналдық кызмет атқарады. Бүдан сын есімде шьтрай категориясымен қатар, адьективтік және адвербиалдық
қызмет барлығы да көрінеді.
Сын есімде өзге сез таптарымен (мысалы, зат есім-мен, үстеумен т. б.) әрі ортак, әрі формалас сөз тудыра-тын жүрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жа-сайтын арнаулы жүрнақтар бар; сын есімнен сын есім тудыратын шырай жүрнақтары бар. Бүлар да сын есім-нің морфологиялық формалары болып есептеледі.
Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысьтна сәйкес, үнемі зат есімге аныкта-уыш ретінде жүмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасьқнда болады да, дәйім затқа иек сүйейді. Мысалы: Үиі-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыс-тық қайрат, нүрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баянда-уыштың қүрамына да ене береді. Мьтсалы: Төрт бөлме-лі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов). Ол тапал, тертпақ екенде, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә. Әбішев).
Зат есім мен сын есімнін тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылык бар. Мысалы, зат есімге септеулік Шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулар-Дың ішінен тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды деген-Дерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, ез
қызметінде жұмсалғанда, сын есімге тіркеспейді. Кері-сінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т. б.) сын есімге еркін тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалңау, керемет жүйрік, орасан зор деп айту қалыпты норма бола тұрса да, өте адам, тіпті жылқы, тым іиөп деп айтуға болмайды. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркесуі, сондай-ақ, сапалык, үстеулердің сын есім-ге тіркесіп, зат есімдерге тіркеспеуі бұл екі сөз табы-ныц— зат есім мен сын есімнік синтаксистік жағынан бір-бірінен ажырайтын ерекшеліктері болып саналады.
Егерде екі я онан да көп жалан сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анық-тамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы ез тұс-тарынан тікелей зат есімге қатысты боладьт, демек, өзде-рінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ыз-ғырық суық сүр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б. Май-лин); Ермек оқтай түзу, үзын, биік, кең жолмен ке-леді (F. Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сур деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқай-сысы тікелей бұлт деген зат есімді әр түрғыдан аныктап түрғаны сияқты, екінші сейлемдегі түзу, узын, биік, кең деген сын есімдер де бір біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімнің әр түрлі сипатын білдіріп түр.
Достарыңызбен бөлісу: |