§ 107. ШЫЛАУЛАР
Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағынала-|Ры солғындап, ©здеріне тән әуелгі дербестіктерінен ай-Эылып кемекші сөздер қатарына көшуіне, сайып келген-Іе, олардың практикалық тілде аса жиі қолданылуы ар-'Сасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер ^ткен.
1 Шылау сездер ездері тіркескен негізгі (атаушы) сез-
360 361
дердіц мағыналарын я толықтырып, я анықтап, оларға әр қилы реңктер жамап, айкындай түсіп отырады. Ал шылау сөздердің тиісті тіркестерде айқындалатын осын-дай қосымша мағыналары олардың нақтылы лексика-грамматикалық мағыналары болып есептеледі.
ылаулар — сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөй-лемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолда-нылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қи-лы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, түлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Ш ылауларда аз да болса, лексикалық мағына-ның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы қа-лыптасқан негізгі қасиеті — грамматикалық мағыйалар. Өйткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лек-сикалык мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым бо-лады. Сол мағыналары олардын өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы өзіндік грамматикалық мағына-ларын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге жәрдем-ші дәнекер есебінде жүмсалады. Сондықтан да шылау-лар өз алдына жеке-дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінін белгілі бір компоненті ретінде атаушы сөз-дердің жетегінде қолданылады.
ылаулардыц атаушы сөздермен тіркесу қабілеті бәрінде біркелкі емес. Өз бойында лексикалык мағына-сыныи элементтерін молырақ сақтаған, азды-көпті се маігтикалық дербестігі бар шылаулар өздері тіркесетіі атаушы сөздердің негізгі мағыналарына аз да болса Өо үлесін косып отырады. Ал өздерінің бастапқы лексика-лық мағыналарынан тым алшақтап кетіп, семантикалык дербестігін мүлдем жоғалтып алған шылаулар өздері тіркесетін атаушы сөздердің тек формальдык-грамма-тикалык. комноненттері ретінде ғана қолданылады. Мүн-дай шылаулар грамматикалық сипат жағынан аффнкс-терге бір табан жакын болады, бірақ олар атаушы сөздермен тіркескенде жеке сөздік бейнесін жоғалт* пайды.
Тіліміздегі шылаулардың бәрінің атқаратын қызмет-тері де бірдей емес. Олардын бірқатары сөз бен сөздін арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін қызмет етсе, бірсыпыра шылаулар сөз тіркестері мен сейлемдердін арасындағы байланысты айқындаУ үшін дәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер меи сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтау, толыКтаУ үшін я қосымша реңк беру т. б. мақсаттар үшін қолда
362
нылады. Міне, осындай грамматикалық сипаттарына қа-рай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар — сеп-теуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
Ж алғаулықтар
алғаулықтар — дербес лексикалық мағыналары де-рексізденген, бірақ өздеріне тән ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық кызметтері бар шылау сездер. Ж алғаулықтардыц мағыналары мен кызметтері де өмірмен байланысты алуан түрлі заттар мен кұбылыстардың аралықтарындағы неше қилы қаты-настардың негізінде туып қалыптасқан да, сол негізде сөйлеу тілінде жарыққа шығып, үнемі керініп отырады.
алғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірың-ғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің ара-ларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Ж алғау-дықтар ец кемі езара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн ненен тун, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандың — болды сегіз (Абай) дегендегі пенен, менен, пен жалғау-лықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей катысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр.
алғаулықтар салалас кұрмалас сөйлемдердін кү-рамдарындағы жай сөйлемдерді де өзара байланысты-рып, олардың арақатынастарын білдірудің қызметін ат-қарады. Мысалы: Әліп әлсіреп көзін біраз жүмып жатты да, қайтадан ашты (С. Ерубаев) дегенде да шылауы екі жай сөйлемді жалғастырып тұрғаны аян.
Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтардыц табнғатынэ көз жіберсек, олардың жалпы даму жолы төмендегі ба-гытта болғанын бағдарлауға болады. Біріншіден, дербес мағыналы атаушы сөздер негізгі мағыналарынан айры-лып, сөз бен сөзді, сөз тіркестерін немесе бірыңғай жай сөйлемдердің байланысу жолы мен арақатынасын білді-ретіндей болып десемантикаланады. Мұны аңғару үшін »рі жалғаулығын алайық. Бүл сөз қазіргі тілімізде үстеу сөз екеніне ешкім де шек келтрімейді. Мысалы: Ақырған срң байғүстар ә р і тұрды, Қалтасына цолын салып мо-Шн бурды (Абай). Бұл сөздің мекендік мағынасы, тіл-дін қажетіне қарай, өзініц негізгі қызметінін. үстіне қо-Рьімша қызмет жүктеп алып, тағы деген тәрізді мағына-дьіқ реңге көшкен де, үстеу сөз ретінде қолданыла бе-
363
руімен қатар, кемекші сөз — жалғаулыктар катарына да ауысқан.
Екіниііден, кейбір жалғаулықтар белгілі бір түбір сөздорге қосылып қолданылатын әр қилы қосымшалар-мен үнемі жұмсала-жұмсала келіп, сол формаларда әбден тұрақталып, көнелену аркылы әрі түлғасы өзгер-мейтіндей халге жетіп, әрі мағынасы солғындап делекси-каланып, бірте-бірте жалғаулықтарға айналған. Мыса-лы, дегенмен (де-ген-мен), болмаса (бол-ма-са), немесе (не-ме-се), себебі (себеп + і), сондықтан. (сон + ды қ+ тан), бірде (бір + де), демек (де+м ек) секілді жалғау-лықтар бастапқы де, бол, не себеп, сол, бір, де Деген түбірлерге көрсетілген қосымша формалардың дәйім қо-сылып айтылуы аркылы, яғни сол формаларда тұракта-луы арқылы қалыптасудан пайда болған.
Қсйбір жалғаулықтар жеке сөздердің бірігуі немесе кірігуі арқылы да пайда болған. Мысалы, бірақ (бір-ақ), біресе (бір — ерсе) жалғаулықтары әуелгі бір деген сан есімге ак, демеулік шылауы және осы күнгі еді көмекші етістігінің бастапқы ерсе формасынын. бірігіп қалыпта-суы арқылы жасалган. Ал өйткені (өйт + кен + і), өйткен-мен (өйт+кен + мен), әйтпесе (әйт + пе+се) деген жал-ғаулықтар әуелгі олай және ет деген сөздердің әрі тиісті фонетикалық өзгерістерге үшырап ықшамдалып бірігуі? нен, әрі бірікксн формаға — кен+ і, кен+мен, -пе+се қосымшаларының үстемеленіп түрақталуынан қалып-таскан.
Кейбір жалғаулықтардың қазіргі мүсін-кескіндері өздерінің алғашқы формалары тиісті өзгеріске үшырап, кейбір дыбыстарының түсіріліп айтылып, мүжіліп, ка-лыптасқандары да байқалады. Мысалы: та (те, да, де) шылауы әуелгі тағы (тағын) формасынан, мен жалғау-лығы менен (әуелде бірлән) формасынан ықшамдалып қалыптасқан.
алғаулықтар өзге тілдерден де ауысып келеді. Мы-
салы: әм, әлде, я, яки, егер, яғни сияқты жалғаулық шы-лаулар араб және иран тілдерінен ауысып келген бол-са, қүй жалғаулығы орыс тілінен енген.
Ксйбір жалғаулықтар аналитикалық тәсіл б о й ы н ш з екі түрлі шылаудан құралып та жасалған. Мысалы: олай, бірақ, өйтсе, әйтсе, сүйтсе шылаулары да шыла' уымен тіркесіп, олай да, бірақ та, өйтсе де, әйтсе де, сүйтсе де тәрізді күрделі шылаулар калыптасқан.
Морфологиялық қүрылысы тұрғысынан алсак, жаЛ'
ғаулық шылаулар дара да, күрделі де болып, екі жікке бөлінеді. Д ара жалғаулыктар тобына лсксикалық не синтетикалық жолмен жасалған әр қилы формадағы же-ке сөздер жатады да, күрделі жалғаулықтар тобына сөз тіркестері арқылы жасалған күрделі сөздер жатады.
алғаулықтардын мағыналары мен функцияларын (кызметтерін) бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Өйт-кені олардын, сөйлемде қолданылуына байланысты ма-ғыналары әрбір жалғаулықтын, функциялық кызметіне орай және соған сәикес саралаиып отырады. Соидықтан жалғаулықтарды өзара жіктегенде, түпкі тірек етіліп олардың функциялық қызметі нсгізге алынады. Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағы-нан, олар: а) салаластырғыш жалғаулықтар және ә) са-бактастырғыш жалғаулықтар деген екі топка белінеді.
а) Салаластырғыш жалғаулықтар. Салаластырғыш жалғаулықтар бірыңғай жеке сөздер мен сөз тіркестерін және бірыңғай сөйлемдерді байланыстырады да, солар-дың өзара байланысу жолдары мен катынастарын көр-сетеді. Осындай байланысу жолдары мен қатынастарын көрсететін салаластырушы жалғаулықтар іштей ыңғай-ластық және талғаулықты болып екі салаға бөлінеді.
Ыңғайластық жалғаулықтар. Ыңғаійіастык жал-ғаулыктар өзара ыңғайласып кұралатын, тен. дәрежеде-гі сөздер мен сөз тіркестерін жалғастырады да, солар-дың ыңғайласқан қатынасын білдіреді. Ж алғаулықтын бұл тобына мен (бен, пен), жәнс, тағы, эрі, да (де, та, те), эм шылаулары жатады.
а) Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен) жалғаулығы негізінде бірыңғайласқан есім сездерді, қимыл атаула-рын және кейбір субстантивтенген сөздерді бір-бірімен байланыстырады Мысалы: Қөптен бері Абай бүндай на-мыс пен ыза, алдану мен қиянат, қимастык, пен арлаиу, үялып арланудың неше ңырлы ңысымьш кермегендей (М. Әуезов).
ә) Және жалғаулығы да бір түрлі формадағы жалаи
күрделі зат есім, сын есім, есімдік, етістік сияқты атау-шы сөздерді ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы Кейбір жүмыскерлердің аттары және сауатын сиырлары болмаса, таяуда қара-қүра көрінбейді (С. Сейфуллин); Сөзін оқы және ойла, тез үйреніп, тез жойма (Абай).
Және жалғаулығы салалас кұрмалас сөйлемдердін Қүрамындағы жске сөйлсмдерді де ыңғайластыра бай-ланыстыра береді. Мысалы: Жомарттың бүгін жүре
қоярлық ниеті жоқ еді және оның ниетіне қарай даяр көлік те болмайды (Ғ. Мұстафин).
әне жалғаулығынын., колданылу мақсатына карай, кейбір сөздер қайталанып айтылғанда әрі жалғаулығы-мен мағыналас болып та қалатын реттері бар. Мысалы: Таңғажайып бул қалай хат, Мағынасы алыс, өзі жат. Сөзі орамды, әрі түрі жат және әдепті, және рас (Абай).
Қазіргі қазак. тілінің нормасында және жалғаулығы-ның және де боп қолданылу дағдысы да кездеседі. Мы-салы: Әрине, шсіхтада іс.теген жұмыстан ауьір жұмыс болмайды ғой... Ж әне де ңатері де кеп, адамның денсау-лығына да үлкен зиян (С. Сейфуллин)).
б) Әрі жалғаулығы белғілі бір заттың я кұбылыстың бойында болатын әр түрлі қасиеттср мен солардың әр алуан іс-әрекеттерін ыңғайластыра байланыстыру үшін жүмсалады. Ондайда ол қасиеттер мен іс-әрекеттерді білдіретін сөздер мен сөз тіркестері әрі шылауыньш кай-таланып айтылуы аркылы тізбектеліп, байланыстыры-лып отырады.
Егер бірыңғай екі сөзді ыцғайластыра байланыстыра-тын әрі жалғаулығы бір-ақ рет қолданылатындай бол-са, және жалғаулығымен мағыналас болады. Мысалы: Жерде қалың қар бар, күн ашық әрі шытқыл аяз (Ж. Ж ұмаканов).
Егер dpi жалғаулығы, жалғасатын бірыңғай сөздер-дің әрқайсысының алдында (бұрын), кайталанып айты-латын болса, оида сол атауыш сөздер арқылы аталған ат, белгі, сапа, қасиетке я амал-әрекетке баса назар ау-дарылады, оларға ерекше мән беріледі. Осыған сәйкес, ондайда бір формадағы зат есім, сын есім және әр түр-лі формадағы етістіктер ьщғайласа береді. Мысалы: Оқытушы ауылда әрі оңытуиіы, әрі мәдениет жаріиысы, грі әлеуметтік әділеттіліктің, адамгеріиіліктің жаршысы болуға тиіс (С. Қөбеев).
Әрі жалғаулығы кейде салалас кұрмалас сөйлемдер-дің құрамдарындағы жеке сөйлемдерді де ыңғайласты-ра байланыстыра алады. Мысалы: Ақшаны созған қол-ды қайта итерді, әрі басын иіайқады (М. Әуезов); Кы-ранның көзі қырағы болады, әрі өзі алатьін аңды алыс-тан сезеді (Қ. Әбдіқадіров).
в) Д а, де, та, те шылаулары әрі жалғаульіқ, әрі де-меулік есебінде колданылады. Ол демеулік ретінде кол-данылғанда, бір сөздің немесе бірыңғай мүшелердін ӘР'
кайсысының жетегінде болып, оларға күшейту, аныктау, тәптіштеу мағыналарын үстемелеп отырады. Ал да шылауы жалғаулық ретінде қолданылғанда, өзара бір-бірімея ыцғайласатын екі сөздін. немесесөз тіркестерініц, сондан-ақ, салалас я сабақтас күрмаластардың кұрам-дарындағы жеке сөйлемдердің байланысуына, жалға-суына дәнекер болып қызмет етеді.
Бірақ да жалғаулығыньщ сөз бен сөзді байланысты-ру функциясынын аясы тым тар. Дегенмен, ол біркелкі формада тіркесетін бірыңғай атаушы (етістік, есім т. б.) еөздерді жалғастыру үшін колданылады. Мысалы: Сөй-те түрса да, ңожайынның жүзіне ықтамай да именбей қарайды (Ғ. Мүсірепов).
а жалғаулығы салалас қүрмаластын кұрамындағы жеке сөйлемдерді жалғастырғанда, оларды бірыңған-ластырып, баяндауыштарын белгілі бір формаға түсі-реді. Мысалы: Рахмет бір нәрсенің боларын сезді де, үн-деместен орнынан түрып жүре берді (С. Ерубаев).
2 Талғаулықты жалғаулықтар. Талғаулыкты жал-гаулыктар сөйлемде зат есім, сын есім, етістік және бас-қа атаушы сөздер арқылы жасалып, салаласа жалғас-
кан мүшелердің бірінен соң бірін я талғап, я таңдап, я кезектестіріп, я біріне-бірін қарама-қарсы қойып айту үшін колданылады. Ж алғаулықтын бұл тобына әлде, біресе, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй, мейлі шылаулары жатады.
а) Әлде жалғаулығы негізінде талғау қызметін ат-қарумен қатар, ойға катысты уақиғалар мен іс-әрекет-тердін шындығына я көмескілігіне күмән келтіру, кү-діктену, күмілжу тәрізді рай-реңдерді де білдіреді. Әлде жалғаулығы өзі катысты сөзден бұрын (препозициялық қалыпта) қолданылады. Мысалы: Үлкен қара мелдір көзінде әлде еркелік, әлде наз, аса бір сыпайы үяңдық бар (3. Қабдолов); Бұл жігіт шапиіаң сауда, жылиос екен. Әлде сор, әлде бағы әуреледі (М. Әуезов). Әлде жалғаулығы салалас қүрмаластардың. кұрамдарындағы жеке сөйлемдер арасында қолданылғанда да, осы мағы-наны білдіреді. Бірак ондайда, әлде жалғаулығы бірін-шіден, құрмаластағы екінші жай сөйлемнін алдында тұрады да, екіншіден, жалғасқан сейлемдерге ма (ме), ба (бе), па (пе) сұраулық шылауы тіркесіп келеді. Мы-^алы: М езгілсіз жүрген жолаушыдан үрейленді ме, әлде тсіңырқады ма, қос адамдары далаға жүгіре шығып, ур-пиісе қарасты (Ә. Сәрсенбаев).
ә) Бірде, біресе жалғаулықтары өзара мағьшалас шылаулар болғандарымен, олардың өзді өздеріне тән азды-көпті мағыналық ерекшеліктері бар. Бірақ қьізметі жағынан екеуінде елеулі айырмашылық жок. Бұл екі шы-лау да өздері қатысты сөздердің алдында қолданылады да, олардағы аталатын уақиға, іс-әрекет, сан-сапа сияқ-тылардын алма-кезектесіп отьіратынын білдіреді. Мыса-лы: Ол бірде биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жум-ссщ мінезді, бірде іиеіиен, бірде сараң сөзді еді (Ғ. Мұс-тафин). Қүн біресе жарқылдап, біресе шартылдап урей ңалдырмады (Ғ. Мүсірепов).
б) Кейде жалғаулығы да бірде, біресе жалғаулыкта-рымен мағыналас. Бұл жалғаулық үнемі біркелкі форма-дағы сөздерге я сөйлемдерге тіркеседі де, олардың ара-сындағы мезгілдік катынасты аңғартады. Мысалы: Ол кө-бінше қорғасын тәрізденсе, кейде қалайы, кейде күміс атып қалғандай болады (М. Әуезов).
в) Я, яки жалғаулықтары салаласа айтылған сөздер мен сөйлемдердің алдарында түрып, олардағы ойларды
талғап, я салғастырып, кезектестіріп айту үшін жүмса-лады. Я, яки жалғаулықтарына катысты сөздер де үнемі белгілі бір бірыңғай формаларда колданылады. Мысалы: Иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғыр-ғанға, я пайдаланғанға қарап, ақты қарсі деп, я қараны аң деп, я өтірікті іиын деп ант ететуғын кісіні не дей-^ міз? (Абай).
Я, яки жалғаулыктарымен мағыналас, қызметтес не, немесе, болмаса, не болмаса шылаулары да бар. Бұларды бірінін орнына бірін алмастырып қолдана беруге болады: Өздеріңді не ажал, не бейнет, туртіп келеді екен (С. Сей-фуллин); He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ. Ең бол-маса кеттіғі ғой мал баға алмай (Абай).
Бірде, біресе, я, яки, не, немесе, бөлмаса жалғаулық-тарының бәрі де контексте колданылу ерекшслігіне ка-рай салалас қүрмаластардың кұрамдарындағы жеке сөйлемдердің арақатынастарын білдіру үшін де қолда-нылады. Мысалы: Билік менің ңольшда болса, бул күй-ге я түсер едің, я туспес едің (Б. Майлин).
г) Мейлі жалғаулығы казіргі кезде дербес сөзден шы-лау сөзге айналған форма деуге болады. Рас, мейлі сөзі қазіргі кездс де кейде өз лексикалық мағынасында жүм-салып, соған сәйкес, формалық өзгерістерге үшырап та колданыла береді. Бірақ, солай бола тұрса да, бүл сездін мағынасы бірте-бірте солғындап, абстракцияланудың нә-
тижесінде көмескілене-көмескілене келіп, ол тек немкұ-райлылықты білдіретіндей ғана семантиканы бойыиа сақ-тап, функция жағынан талғаулық шылаудың қызметіне көшксн. Мысалы: М ейлі жаз, мейлі куз, мейлі қыс. Са-лалы, сабаңты гуліміз (М. Рәш ев).
ғ) Құй жалғаулығы немкұрайлылық мәнді білдіреді. Мысалы: қуй бай болсын, ңуй жарлы болсын, қүй жас болсын, қүй қарт болсын, (Ер Тарғын); Арызымды ай-тсйын, қуй болар, қүй болмас (Абай).
ә) Сабақтасгырғыш жалғаулықтар. Сабактастырғыш жалғаулықтар тек кұрмалас сөйлемдердің кұрамдарыи-дағы жай сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырып байла-ныстырып, солардың арақатысын аныктап көрсету үшін жұмсалады. Ондай қатынастар байланыстыра түскен сөйлемдердін мағыналары қарсылықты, себептік, сал-дарлық, шартты, айқындағыш, ұштастырғыш болып бө-лінеді.
Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бурынғы сөйлемде айтылған ойға ,соңғы сейлемдегі ойдың ма-ғына жағынан карама-қарсы екенін аңғартуға дәнекер болады. Бұл жалғаулықтардың қатарына бірақ, алай-да, әйтсе де, эйткенмен, сүйтсе де, сонда да, дегенмеи, әйтпесе, әйткенде, эйтпегенде сиякты қарсылык мәнді жалғаулықтар жатады. Осы топты Абай көше ортасьінда
.сіқырын тосып қалып еді; бірақ топ іиіінен муны байқап елеген бір адам да жоқ (М. Әуезов). Дегенмен, сонда да шылаулары көбінесе бұрынғы сөйлемдегі іс-әрекетке ко-сымша баска бір амалдарды жасау керектігін кажет етіп отырады. Осыған сәйкес, ол қарсылықты қатынасты ку-шейтс түсу мәнін де аңғарта алады. Мысалы: Өзі де білу-ге тиіс, дегенмен сіз ескерте салыңыз (3. Кабдолов). Бірақ, сонда да шылауларының қос-қабат колданылатын дағдысы да кездесіп отырады. Ондайда бұл қабаттасқан іпылаулар қарсылық мәнді күшейте түсетіндігі аңғары-лады. Мысалы: Ербол ғана суйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ (М. Әуезов).
Себептік жалғаулықтар салалас құрмалас сей-лемдердің күрамдарындағы сонғы жай сейлем бұрын-ғы (алдыцғы) сөйлемдегі айтылатын ойдың себебін біл-Діру үшін арнаулы дәнекерлер есебінде қызмет етеді. Он-Дай себептік жалғаулықтардың қатарына себебі, ейткені Шылаулары жатады. Мысалы: Зипа қолөнершілер учили-Щесіне түседі, себебі соғыс кундері қаладан-қалаға кө-
шіп жүріп оқи алмай ңалған (С .Мұқанов); Кеіике қар-сы көп қонақ атқа қонбақшьі болып отыр, өйткені ертең Біржандар еліне қарай аттанбаң (М. Әуезов).
Салдарлың жалғаулыңтар салалас кұрмалас сөйлемдердің арақатынасын білдіру үшін, яғни басыңқы сөйлемде айтылатын іс-әрекеттін, амалдын нәтижесі я салдары екенін білдіретін дәнекер есебінде жұмсалады.
алғаулыктардың бұл түріне сондықтан, сол себепті шы-лаулары жатады. Мысалы: Ербол бұл әннің үнін жақтыр-маса да, сөзін ұнатты, сондықтан кейде Абай әніне ңо-сылып та кетеді (М. Әуезов). Бұл мәжіліс Біржан мен Тобықты жасының айрылар мәжілісі еді, сол себепті әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз өнерін көрсетпек керек (М. Әуезов).
Шарттың жалғаулыңтар сабақтас қүрмалас сөй-лемдердін арақатынасын білдіру үшін, яғни басынқы және бағыныңқы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасула-рына дәнекер есебінде қолданылады. Ж алғаулыктын бұл түріне егер, егер де, алда-жалда шылаулары жатады. Мысалы: Егер Айбол болмаса, Мүсәпір үй болудан қал-ған болар еді (Ә. Әбішев). Алда-жалда ол кетіп қалған-дай болса, артынан дереу кісі жібер (Қ азақ ертегілері).
Ащындағыиі жалғаулыңтарға яғни, демек шы-лаулары жатады. Олар я жеке сөздерді, я сөз тіркес-
терін, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады да, алдыңғы сөз арқылы, я сөз тіркесі немесе сөйлем аркы-лы айтылатын ойды кейінгі сөз, я сез тіркесі, я сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға, не анықтауға, не тәптіштеп қадағалай түсуге дәнекер сөздер есебінде қыз-мет етеді. Сол себептен бұлар айқындағыш жалғаулық-тар деп аталады. Мысалы: Мен Магниткаға өткен күзде, яғни Талғатбектен бір жыл кейін келдім (Н. Ғабдул-лнн). Диссертацияны унатқан екенбіз, демек, біз де бір-деңе ойлаған болармыз (М. Иманжанов).
Үштастырғыш жалғаулықтарға ал, ендеше, ал ендеше, олай болса шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан біріне-бірі орай қолда-нылатын екі жай сейлемді ұштастырып байланыстыру үшін жүмсалады да, бірінші сөйлемнен кейін іле екін-ші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін дәнекер ре-тінде кызмет етеді.
а) Ал жалғаулығы арқылы өзара орайлас ұштаскан жай сөйлемдердің ой желісінде қаншалықты берік бай-ланыс болғанымен, олар негізінде мағына жағынан әр
басқа болып отырады. Мысалы: Сөйледің сен де аямай. Ал Ж амбылдан сөз шығар, Асылдан ұшқан қылаудай (Ж амбыл).
ә) Ендеше жалғаулығы біріне-бірі орайластырыла айтылған жай сөйлемдерді ұштастырады да, бірінші сөй-лемдегі ойды екінші сөйлемдегі ой тұжырымдап қоры-гынды ретінде жинақтауға дәнекер болумен қатар, екін-ші сейлемдегі ойға бастама сөз іспетті де жұмсалады. Осы себептен де ендеиіе жалғаулығы әрқашан, олай бол-са деген сөз тіркесімен мағыналас та, қызметі жөнінен энымен пара-пар да түсіп отырады. Мысалы: М ал дүние-нің іиын иесі осы кісі. Ендеиіе бәріміз де әжемнің төре-лігіне тоңтайық (М. Әуезов).
б) Ал ендеше жалғаулығы дәл осы мағынада қолда-нылып, осы қызметті атқарады.
II. Септеуліктер
Септеуліктер деп объекті мен объектінің не преди-к,аттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп түратын көмекші сөздерді айтамыз.
Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантив-тенген өзге де атаушы сездерге себептік, бағыттык, мак-саттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, үк-сату сиякты әр қилы грамматикалық мағыналарды жа-магі тыңғылықтандырып отырады.
Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазьіп жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б. Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлем-дердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді. Өйткені ал-ғашкы сөйлемде шахтаның жайын жергілікті аудандық, қалалық, облыстық т. б. мекемелердің бәріне жазып, сонан соң Алматыға жазғаны байқалса, дейін септеулі-гін түсіріп айтқанда, шахтаньщ жайын тікелей Алматыға ғана жазғаны аңғарылар еді. Сол сияқты, үйіне ңа-рай дегенде Шұғаның тек үй ж аққа бет алғанын аңға-ратын болсақ, қарай септеулігін түсіріп, үйіне кетті де-генде, Шұға ешқандай бұрылмай тура үйіне кетті деген мағына түсінілер еді.
Атау септікті меңгеретін септеуліктер. а) Үшін сеп-теулігі негізінде атау септік формасындағы зат есімдер-Мен, есімдіктермен, -с (-ыс, -іс), -у формалы қимыл атау-
ларымен, -мақ (-мек), -ған (-қан, -ген, -кен) формалы есімшелермен тіркесіп жұмсалады да, оларға көбінесе себеп, мақсат, арнау мағыналарын жамайды. Ал үшін септеулігі негізінде -у, -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) формалы сөздерге және -мас (-мес, -бас, -бес...) формалы болымсыз есімшелерге тіркескенде максаттық мағына бе-реді. Мысалы: Сатай ылғи ас берген сіуылда даяіиьі болу үшін туғандай еді (С. Сейфуллин); Қазір тіпті қарап стырмас үшін ол — Абайдың тобылғы сапты ңамшысы-на бүлдірге тағып отыр (М. Әуезов).
ә) Сайын септеулігі зат есімдермен, өте-мөте мезгіл атауларымен және -ған (-қан, -кен, -ген) формалы есім-шелермен тіркескенде, ол сөздерге даралау, саралау ма-ғынасын үстейді немесе белгілі бір іс-әрекеттің дүркін-дүркін қайталанып отыруын я үдей түсуін білдіретіндей қосымша мағына жамайды. Мысалы: Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә. Әбішев); М ал ауылдың ңорасындо көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасындап тур (Б. Май-лин).
б) Сияқты септеулігі сөйлемде зат есіммен, есімдік-пен, қимыл атауларымен, тұйық етістікпен және -ған (-қан, -ген, -кен), -тын (-тін) формалы есімшелермен тір-кесіп қолданылады да, негізінде ұқсату мағынасын білді-реді. Мысалы: Украина жырлары да қозақ жырлары сияқты арнаулы әнмен ғана сійтылады (С. Мұканов).
в) Туралы септеулігі көбінесе зат есіммен, есімдік және қимыл атауымен тіркесте белгілі бір хабар, ой, пі-кір, зат я іс-әрекет жөнінде айтылатынын аңғартады. Осы туралы септеулігімен мағыналас турасында, турасынан жайында, жайынан, жанлы, жөнінде, жөнінен дегей шы лаулар да бар. Мысалы: Десятник Гаврилов туралы се-німен ақылдасайын деп едім (С. Ерубаев).
г) Арқылы септеулігі зат есіммен, есімдікпен жән« қимыл атауымен (түйық етістіктермен) тіркесіп, оларға «көмегімен», «жәрдемімен» деген сияқты қосымша мағы-на үстеп, бүтіндей тіркес белгілі бір баспалдақтық, саты-лық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Әуе труба арқылы келеді (Ғ. Мұстафин); Мейрам әлдекімге телефон арқы-лы әмір етті (Ғ. Мүстафип).
ғ) Бойы, бойымен септеуліктері көбінесе мезгіл мәнді зат есімдермен, есімдіктермен және -ғаи (-қан, -кен, -ген) формалы есімшелермен тіркесіп қолданылады да, белгілі бір мерзімнің бас-аяғын камтитындай мағынаны аңғар-
тады. Мысалы: Өмір бойы жулық жалап, етік тіккен Жүмабай жүр (С. Мұканов); Қартаң Каспий ңалғыған бойымен Терекке көзін аиіып үндсмейді (Абай).
д) Шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінде сан есімдермен тіркесіп қолданылады да, санның негізгі ұғымына жуық, тарта деген сияқты мөлшсрлік мағына үстейді. Мысалы: Бізден басңа жиналған отыз шамалы кісі бар екен (С. Мұканов); Әскерше киінген он ишқты адам топтала қалды (Ғ. Сланов)).
е) Ғүрлы (ғүрлым) септеулігі атау формадағы зат есімдермен, есімдіктермен, -ған формалы есімшелсрмен және субстантивтенген өзге де сөздермен тіркеседі де, оларды басқа бір сезбен шендестіреді. Мысалы: Менің үзатылуым жетім қыздың тойы ғүрлы болмағанына күлкім келеді (Ш. Хұсайынов); Ж алын үйтіп жатса-да-ғьі сирағьін шыбын шаққан ғүрлы оған болмады. (А. Хангелдин).
Барыс септікті меңгеретін септеуліктер а) Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, көбінесе мезгілдік үғымдар-дыц атауларына, сан есімге, есімдікке және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшслерге тіркесіп, негізіндс мез-гілдін, я мекеннің белгілі бір аралық шегін (катынасын) білдіреді. Мысалы: Ж ақып Рабиғаны пәтеріне шейін шығарып салатын болды (Б. Майлин).
ә) Қарай, таман септеуліктері барыс септіктегі зат есімге, соның ішінде мезгіл атауларына, көмекші есімдер-ге, есімдіктерге және үстеу сөздерге тіркесіп, белгілі бір мекендік бет алыс пен бағытты және мезгілдік орайды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйі-не қарай бет алды (С. Ерубаев).
б) Өз ара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияк-ты септеулік шылаулар да өздері тіркескен негізгі (атау-шы) сездердің барыс септік формасында тұруын қажет етеді. Мысалы: Күзге салым туған ауылды ойлады (С. Ссйфуллин) т. б.
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер. а) Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен, кейде -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесе қолданылып, бір затты я құбылысты екінші бір затқа салыстырып, таңдау, талғау үшіи жұмсалады. Мысалы: Бул урған сайын күм-
е беретін борсық секілді, тілден гөрі гаяқты сүйеді {Ә. Әбішев); Алатау Динаға күйден гөрі күйшіні елес-тетеді (С. Бақбергенов).
ә) Бері септеулігі негізінде мезгілдік шектің басталу-
ына, кейде тұтас камтылуына байланысты ұғымды біл-діреді де, көбінесе мезгіл атауларына, есімдіктерге және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшелерге тіркесіп, уа-қыттың я мерзімнін, басталу шегін ацғартады. Мысалы: Кеиіеден бері жапалақтап жауған қар бүгін күн еңкейе басылды (3. Ш ашкин); Бір жылдан бері Үлболсын жөн-ді ойын-той көрген емес (Б. Майлин).
б) Кейін септеулігі зат есімге, мезгіл атауларына, есімдіктерге, кимыл атауына -ған (-қан...) формалы есім-шелерге тіркесіп, белгілі бір фактінің соцынан болатың мекендік я мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді және соң, артынан сөздерімен мағыналас болып келеді. Мысалы: Жүмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы (Ғ. Мұстафин).
в) Соң септеулігі колданылу ыңғайына қарай, бірде мезгілдік қатынасты білдірсе, бірде себептік мағынада қолданылады. Мысалы: Ж аңағы сөзден соң кейбіреуле-рі қуанды (С. Ерубаев).
г) Бұрын септеулігі белгілі бір амалдың я уакиғаныц басқа бір амалдың я уақиғаныц алдын ала болуын білді-ру үшін қолданылады. Мысалы: Институтты мерзімінен бүрын бітіріп, биыл осы колхоздың орталау мектебіне оқу меңгерушісі болды (Ғ. Мұстафин).
г) Бетер септеулігі белгілі бір іс-әрекеттің бұрын іс-тслген іс-әрекеттен анағүрлым күшті болатынын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: Гүлжан бойьін одан бетер жиды (X. Ерғалиев).
Көмектес септікті менгеретін септеуліктер. Қөмек-тсс септікті меңгеретін септеуліктер — қатар, бірге шы-лаулары. Бұлар ез ара мағыналас септеуліктер. Олар белгілі бір іс-әрекеттің басқа бір-әрекетпен кабаттаса, жарыса жасалуын аңғартып, қоса деген сөзбен мәндес форма тудырады. Мысалы: Барлың егіс көлемінде егіннің шығымдьілығын арттырумен ңатар, тың және тыңайған жерлерді игеру қажет деп тапты («Ленинш іл жас»).
III. Демеуліктер
Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге эр қилы
қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айта-мыз. Лексика-грамматикалык мағыналары жағынан де-меулік шылаулар сұраулык, шектік, нақтылык, күшепт-кіш, болжалдық болымсыздық, комсыну демеуліктері болып бөлінеді.
1) Сұраулық демеуліктер. Сұраулық мәнде колданы-
латын демеуліктердің қатарына ма (ме, ба, бе, па, пе, ше) шылау сөздері жатады. Бұл демеуліктер контексте колданылу жүйесіне карай, әр килы грамматикалық формадағы әр түрлі сөздермен тіркесе береді.
а) Ма (ме, ба, бе, па, пе) демеулігі зат есімдермен, сын есімдермен, үстеулермен, етістіктің бұйрық, ашык., шартты райлары және кимыл атауы, есімше, көсемше формаларымен тіркесіп колданыла береді және тіркесетін негізгі сөздер жіктік жалғауларында, оларға тән басқа әр түрлі формаларда түра береді. Ондайда ма шылауы тір-кесетін сөздер өзді-өздеріне тән категориялық формала-рының (мысалы, септік я тәуелдік формаларында, шырай түрінде т. б.) қай-кайсысында болсада қолданыла бере-ді. Мысалы: Немен ңазасыңдар? Қайламен бе, жоқ, мыс қазғандай темірмен бе? (С. Сейфуллин); Ерте ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма, сен де барыңды бересің (Ғ. Мүсірепов); Ж ел қуған қаңбақ бөгелсін бе? (Қ азақ ертегілері).
ә) Ше демеулігі әр қилы сөздермен тіркесіп, оларға сұраулык мән беріп отырады және үнемі көтеріңкі ек-пінмен ерекше бөлініп айтылады да, онын, сұраулык мә-ні де әлдеқайда күшті болып келеді.
Мысалы: Егер ісіңді реттеймін. деп тұрса иіе?
Күшейткіш демеуліктер. Күшейту мәнін беру үшін қолданылатын демеуліктердің қатарына -ау, -ай, -ақ, да (де, та) те шылаулары жатады. Олар сөйлемде беріле-тін ойға, не ондағы жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына қосымша күшейткіш мән (рең) жамау үшін жұмсалады.
а) -ақ демеулігі зат есіммен, сын есіммен, сан есім-меи, есімдікжәне кейбір үстеу сөздермен тіркесіп, оларға әр түрлі күшейткіш мән үстейді. Мысалы: Ертсң емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті (М. Әуезов); Аяғын бір сәнмен тым-ақ жсңіл басады (Ә. Сәрсенбаев).
ә) -ау демеулігі есім сөздермен, етістіктің ашык рай формаларымен, көсемше түрлерімен, одағай сөздермен және бар, жоқ сөздерімен тіркесіп, оларға риза болу, Шаттану, ренжу, күйіну, мақұлдау, қолдау сияқты мәндер жамайды. Мысалы: Қап, мына іиақ мені жеңді-ау (Ғ. Мү-сірепов); Өлең мен зн ырысьін тауыптьі-ау (М. Әуе-зов), Апай-ау, сіз қайдан жүрсіз? (Ғ. Мүсірепов).
б) -ай демеулігі зат есім, сын есімдермен ғана тірке-седі. Ондайда зат есім сөздер көбінесе қаратпа сездерге айналады я таңдану, таңырқау мәнін үстейді. Мысалы:
Апатай-ай, жаман сөзді айтпашы! (С. М ұканов); Қал-қам-ай, мынау атыңның мінезі қалай өзі (М. Әуезов); Салмағынан жер майысады, ауырын-ай (Ғ. Мұстафин).
в) Да (де, та, те) шылауы демеулік ретінде колда-нылғанда, тек бір ғана сөзге қатысты болады да, сол сөзді өзге сөздерден бөліп күшейту мәнін үстейді. Бұл шылаудың тіркесетін сөздері және оларға жамайтын ма-ғыналары төмендегідей:
Есім сөздермен, мезгіл үстеулерімен, етістіктің кесем-ше, есімше және рай формаларымен тіркесіп айтылғанда оларды тзптіштеп айқындай түсу, анықтап көрсету, кү-- шейте түсу мағынасын үстейді және ондай есім сөздер же-кеше, көпше түрлер де, тәуелдеулі, септеулі формаларда да, шырай формасында да жүмсала береді. Мысалы: Біз үйден шыңқанда, күн де сәскелікке жақындап еді (Б. Майлин); Е л көзінен оңашада екеуі эзілдесіп те алады, үрысьш та алады (Б. Майлин).
Да (де, та, те) демеулігі күрделі етістіктің құрамын-дағы негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінік ара-лығында жұмсалып, олар аркылы айтылатын іс-әрекеттің тіпті тез, дереу болғанын білдіреді. Ондайда негізгі етіс-тік пен көмекші етістіктер әрдайым біркелкі формада қолданылады. Мысалы: М енің ендігі баратын жерім да-йын деп, теңізге секірдім де кеттім (Мың бір түн).
Нақтылық демеуліктер. Бұл демеуліктер жеке сөз-дер мен сөз тіркестерінің мағыналарын, сөйлемде айты-латын ойды нактыландыра, тұжырымдай түсу үшін кол-данылады. Оларға кой (ғой), -ды (-ді, -ты, -ті) демеу-ліктері жатады.
а) қой (ғой) демеулігі есімдерге, етістіктін ашық рай формасына, кесемшеге, есімшеге тіркесіп, олардың ма-ғыналарына нактылау, түжырымдау, мақұлдау рендерін жамайды. Мысалы: Елдің келемеж етіп, іиашып жүрген лақабы. ғой. (Қ азақ ертегілері); Көптің талқысы ңиын ғой (Б. Майлин).
Қой (ғой) демеулігі бар, жоқ, кеп, мол, емес сияқты сөздермен де тіркесіп, оларға тұжырымдау мәнін үстей-ді. Мысалы. Қазір колхоз бар ғой, уақытша үйінің бір жағын берер (Ғ. Мүстафин); Тоқаштан ол үиіін аңы ал-
ған жоң қой (3. Ш ашкин).
ә) -ды (-ді, -ты, -ті) шылауы сөйлемдегі ойды, жеке сөздср мен сөз тіркестерінің мағыналарын нақтылай айту үшін қолданылады. Мысалы: Олар елге пана-ды, Олар
елге аға-ды (Н. Байғанин). Мінген атым қула-ды, Қыл-іиық жүнді қара-ды (Қобыланды).
ІІІектік демеуліктер белгілі бір нәрсеге, іс-әрекет-ке, амалға, сын-сипатқа, мезгілге т. б. шек қоя тұжы-рымдап айту үшін қолданылады. Ондай демеуліктердің қатарына қана (ғана), -ай шылаулары жатады.
а) Қана (ғана) демеулігі атау формадағы, тәуелдеулі, ссптеулі есім сездерге, сын есімдерге, мезгіл, мекен монді сөздерге етістік формаларына тіркесіп қолданылады да, оларға шск қою мәнін үстейді. Мысалы: Біреп-саран үйшіктердің маңдарында әлсіреген оттар ғана жылтырап көрініп, (щырын күңкілдеген дыбыстар ғана естіледі ( С. Сейфуллин).
ә) -ақ демеулігінің негізгі мағынасы күшейту болға-нымен, қолданылу ерекшелігіне карай, шск қою, тежеу мағыналарын да білдіреді. Мысалы: Мен бүгін ас жеме-сем де, ңуаньиипен-ақ тоңпын (Қ азақ ертегілері; Мың-нан аса жылқыны үиі-ақ адам бағып жүр (F. Мүсіре-пов).
Болжалдық демеуліктерге -мыс (-міс) және -ау шылаулары жатады. а) -Мыс (-міс) демеуліктері жеке сөздер арқылы, сөз тіркестері арқылы және сөйлем ар-қьілы берілген ойға күмандану, болжалдау, көмескілен-діру, сенімсіздік білдіру, мысқылдау, кекеу мәнін жамау үшін жүмсалады. Мысалы: «Үйлесер едік» деп айтады-мыс (Б. Майлин); Ззрі қатты ңырсық экені Абай ңатты кінәлапты -мыс (М. Әуезов).
ә) -ау демеулігінің негізгі мағынасы күшейту реңін устеу болғаиымен, кейде қолданылу ерекшелігімен байла-нысты өзі тіркесетін сөзге болжалдықмән жамау үшін де жүмсалады. Мысалы: Мылтығы сорайған солдат осы қа-шып кетер-ау дегендей өкиіесін басып келеді (Б. Май-лин); Біреу келе жатыр-ау көшемен деп оіілады Асқар (С. Мұқанов).
Болымсыздық демеуліктері. а) Түгіл демеулігі зат есім, сын есім, сан есім, есімдер, кимыл атауларына тір-кесіп, болымсыздық мағына жамайды. Мысалы: Ж азғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдьіқ (Ғ. Мүсі-репов).
ә) Түрсын, түрмақ сөздері де түгіл септеулігімен әрі мағыналас, әр қызметі жағынан да пара-пар түсетін де-меулік шылаулар деуге әбден болады. Мысалы: Өзгертті с°гыс ауа райын, Қарт түрсын іиекті жылап бала уайым (С. Мұқанов).
Қомсыну демеулігіне екеш шылауы ғана жатады. Ол тіркесетін сөзге қомсыну, кемсіну, тіпті кейде мүқату сиякты мағыналык рецктер үстейді. Бұл шылау көбінесе есім сөздерге тіркеседі де, олардан үнемі кейін, поспозіх-цнялық қалыпта тұрады. Қүс екеіи қүс та балапанып ұядан қияға уіиырып үйретеді (3. Ш ашкин); М ал еке мал да жылылықты, ерекше күтімді, сылап-сипауды 61-леді (А. Лекеров).
XII т a р а у
ОДАҒАИЛАР
Достарыңызбен бөлісу: |