§ 87. Д Е ЕТІСТІГІ
Де етістігі сөнлеу және ойлау етістіктері деп атала-тын топқа (сөйле, айт, болжа, ойла т б.) жатады да, олардыц ішінеи көбінесе айт, сөйле етістіктеріне снно-ним ретінде жұмсалады. Бірак семантикасы мен функ-циясыныи жан-жақтылығы жағынан болсьш, елгсзекті-гі мен колданылу кабілеті жағынан болсын езге сөйлеу етістіктерінің бірде-біреуі де етістігіне барабар бола ал-майды. Өйткені, айт, сөйле... етістіктері тек өздерінін. негізгі мағынааарыиың шеңберінде гана, негізгі кызмет-терінің аясында ғана колданылса, де етістігінін ерісі олардан гөрі әлдеқайда кең. Мысалы: не айтты? не ту-ралы сөйледі? ештеңе айтты ма? тәрізді сұраулардың орныиа не деді? еіитеңе деді ме? деп айтуға болатыны сияқты, әдеттегі карым-қатынас процесінде қажетіне карай жұмсала беретін сөз тіркестерін, жай және күр-малас сөйлемдерді, сондай-ақ, әлденеше сөз тізбектері мен бүтіндей тіркестерді бөліп-беліп саралап та кемесе бәріи жинап-теріп, түгелімен көмкере келіп, де, деп, де-ген, дейтін... формалар аркылы үйіріп әкеліп бүгуге бо-лады және оларды ой желісінің тілегіне орай әрі қарай тағы да жалғастыра беруге де болады.
Осы жағдайдың бәрінде де бүл етістік өзінің негізгі •чексикалық мағынасынан бүтіндей айрылмайды, қалай Да взінің негізгі семантикасының ең болмаса бір эле-Ментш я нышанасын сақтап отырады (білеміз де — бі-леміз деп айт; сэлем де — сәлем айт)
Сөйтіп, де етістігінің жетекшілік кызметі де көмек-шілік қызметі де әрі оралымды, әрі икемді. Бұл етістіқ өте жиі колданылатындықтан, кейде де етістігінсіз тілі. мізде сөйлеуге болмайтын шығар, оның қызметіне тең түсетін баска сөз жок шығар дегендей ой да, түсінік те оралып отырады. Шынында да де етістігінін сипаттары езге етістіктерден ғана емес, тіліміздегі барлық сез атаулының бірде-біреуінен табылмапды. Мысалы, өзге көмекші етістіктер жетекші етістіктер мен көсемшенін -ып (-in, -п) және й (-а, -е) формаларының я екеуімен де бірдей, я біреуі арқылы ғана тіркессе, де етістігі бұл формалар аркылы жетекші етістікке тіпті тіркеспейді. Мысалы, айтып көр, айта көр деуге болады, бірак айтып де немесе айта де дей алмаймыз.
е етістігі өзінен бүрынғы жіктік жалғаулы, рай формалы, есімше жұрнақтары жалғанған етістіктерге еркін тіркесе береді. Оны әрі қысқа, әрі көрнекті төмен-дегі мысалдардан көруге болады:
келгенмін
келерсің
келмекшімін
келетінсіцдер
келемін
келесіз
келеді
келеміз
келейін
келіңіз
келсін
келейік
келсе
келсек
Тілімізде «Деген» деген не деген сөз?», «деген» де-генді орысша не дейді?», «Қелемін дейді дейді» тәрізді сөз қолдану ресімі — үйреншікті әдет. Бірақ осы үйрен-шікті әдет тек де етістігінің ерекшелігімен ғана байла-нысты, өйткені басқа етістіктердің сондай ф о р м а л а р ы н осылайша қолдану мүмкін емес. Есімдерден құралған сөз тіркестері мен сөйлемдерді де хабарлаушы адам
тьіндаушыға (окушыға) де етістігінің, оныц формала-рының жәрдемі арқылы үйіріп әкеліп, кажетіне қарай бастауыштың да, баяндауыштың да, анықтауыштың да, толыктауыштыц да, пысықтауыштын да формасына тү-сіріп, тиісті мүшелердің кызметтерін аткарта береді. Онымен ғана тынбай, одан арғы ойды тағы да сол де етістігінің формалары арқылы жалғастыра беруге бо-лады.
Де етістігініи есімше (деген, дейтін, дер, демекімі), көсемше (деп, дей, дегелі), шақ (де-ді, деп-ті, деген-ді), рай (десе, дейік) формалары дербес те, әр алуан тір-кестер күрамдарында да қолданыла береді. Осылайша
дербес, я тіркесіп колданылатын бүл формалар өзде-рінің негізгі мағыналарында да, көмекшілік кызметте де жүмсалады және түрақтанған тіркестердің күрам-дарында да жиі үшырайды. Дегенмен, осы аталған фор-малардың ішінен өзіне тән негізгі мағыналары мен функцияларын сақтау жағынан болсын, баска сөздер-мен тіркесіп, неше алуан грамматикалық мағыналар білдіріп, кызмет көрсетуге дәнекер болу жағынан бол-сын, ең жиі колданылагын, яғнн ең елгезек формала-ры — деген және деп формалары.
Асан қайғы деген қарт болыпты; Күс деген үшар болар еді; Білімді боламын деген, адам көп оқыр болар; Ананың балаға деген мейірімі-ай десейші! сияқты мы-салдардан деген формасының беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінің басты-басты кейбір нүсқала-рын керуге болады.
Деп формасының функциясы да аса көп және тіпті күрделі. Ең алдымен, бүл форма хабарланылмақшы ойға қатысты сөзді я сөздерді түгелімен ертіп алып, айтылмак-шы я аталмақшы амал-әрекеттің (көбінесе, әрине, баян-дауыштың) мақсаты, ниеті, сылтауы, себебі, салдары, нұсқауы сияқтандырып көрсету үшін қолданылады. Мүн-дайда деп формасы өзінің негізгі мағынасын түгел я жартылай сақтап отырады. Мысалы: осы ойымды ай-тайын деп келдім; ... Осылай деп түсініңіз; ...ақыл айтар деп күтіп отырмыз т. б.
Деп формасы нағыз көмекші болып жұмсалғанда, амалдың әр килы кезеңдерін және жүзеге асу сипатта-рын білдіретін көптеген аналитикалық форманттар жа-сауға дәнекер болып, сол формаиттардың түрақты ком-Поненттерінің бірі есебінде қызмет етеді. Ол форманттар және олардың функциялары мынадай:
268 269
1. ... деп ал; ... деп бар; ... деп жібер; .... деп кет; ... деп
сал; ... деп таста форманттары, қажетіне карай, түрле-ніп, өздерінен бұрынғы сөзді, сөз тіркесін, сөйлсмді...
бұлжытпай айтуға дәнекер болуларымен катар, сол \а-бардың не алдын ала (... деп ал ...), не кандай максат-пен (... деп бар ...), не тым шұғыл ('... двп жібер...), не бірден баска күйге көшу (... деп кет ...); не ерекше кұл-шыну (... деп таста...) сипатын білдіретіндей ренк қоса-ды, яғни бұлар сол ретімен алғанда мен сенен қорық-ғаймын деп айтып алды; мен ... деп айтып алды; мен ...
деп айтып барды; мен ... деп айтып жіберді; мен ... деп сөйлеп кетті; мен ... деп айтып салды; мен ... деп айтып тастады деген сияқты мағыналарды білдіретіи формант-тар (тіркестер) есебінде қызмет етеді.
-йын де форманттарына -п қал; -п барады, -п ке-леді форманттары қосылып, күрделі форманттар (-йын деп қал; -йын деп бар; -йын деп кел) қүралады да, олар әркайсысы жетекші етістікке өздерінше реңк үстейді.
Олардың сипаты мынадай: \
а) -йын деп қал форманты жетекші етістікке тірке-
сіп, оған амалдың басталуының я аяқталуының соңғы
шекке жеткенін (таяғанын) білдіретін реңк жамайды.
Мысалы: жумыс бітейін деп қалды (жұмыс бітеііін дсп
қолғанда; йін деп қалған соң); шай таусылайын деп қалды т. б.
ә) -йын деп барады форманты жетекші етістікке тір-кесіп, амалдың басталуға я аяқталуға бет алғанын, со-ған бірте-бірте көшкенін білдіретін реңк үстеііді (әре-кет статикалық қалыпта емес, динамикалык күйде көрінеді). Мысалы: су тасиын деп барады (бара жатыр); тойғаннан сиыр жарылайын деп барады (құла, тасы, тус, ол, бат, кет, суал, жазыл, сасы, жарыл, ері, жүр, тур...)
б) -йын деп келеді форманты жетекші етістікке тір-кесіп, амалдың бірте-бірте я үдегенін, я кемігенін білді-ретін реңк қосады. Мысальг кун суытайын деп келеді; мен шөлдейін деп келемін т. б.
-йын де формантына -п тұр, -п отыр, -л жатыр, -п жүр форманттары қосылып, төрт түрлі күрделі формант жасайды. Бұлардың әрқайсысы жетекші етістікке өзін-ше реңк жамап, амалдың белгілі бір кезеңде бір қалып-та болатынын білдіреді. Ол ренктер мынадай:
а) -йын деп тұр форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталу я аяқталу карсаңында екенін (түрға-
?
ньіи) білдіреді. Мысалы: оған осы ойымды айтайын деп турмын; істің сәті тусейін деп тур; жіп узілейін деп тур
т. б.
о) -йын деп отыр форманты жетекші етістікке тірке-сіп, амалдыд басталу (болу) я аяқталу қарсаңында еке-нін (тұрғанын) білдіреді. Мысалы: мен жүрейін деп отырмын; осы жайды сізден сұрап алайын деп отырмын, т. б
б) -йын деп жатыр форманты өзі тіркесетін жетекші етістікке амалдың дереу болғалы жатқанын я жедеқа-был әзірлік жасалып жатқанын білдіретін реңк үстейді. Мысалы: ол Москваға жүрейін деп жатыр: Абзал мақа-ла (кат) жазайын деп жатыр т. б.
в) -йын деп жүр форманты жетекші етістікке тірке-сіп, амалды субъект жүзеге асыру камында екенін я жү-зеге асыру карсаңында жүргенін білдіреді. Мысалы: осы ойымды сізге айтып қояйын деп жүрмін; ол әуелі Москваға барып келейін деп жүр т. б.
с к е р т у: Жетекші етістікке тіркесетін күрделі осы төрт форманттың -йын деп деген компонентінін. ор-нына -ғалы жұрнағын колдануға да әбден болады.
-йын деді форманты жетекші етістікке тіркесіп, оған амалдың басталу я аяқталу қарсаңындағы әлі де үдеп кетпеген я дамып үлгермеген немесе үдеуге я бә-сеңдеуге бет алған нақтылы бір кезеңін я мезетін біл-діретіндей реңк жамайды. Мысалы: М ен будан сескене-йін дедім; ол маған аіиуланайын деді; жауын саябыр-лайын деді; жел басылайын деді; бала ақмлды болайын деді; егін жаппай пісейін деді; су таусылайын деді т. б.
-йын депті форманты да жетекші етістікке -йын деді форманты жамайтын мағынаны үстейді. Бірақ -йм деді және -йын депті форманттарының, екі түрлі форма бол-ғандьіқтан, мағыналарында сәл де болса, айырмашы-лықтзр бар. Ол айырмашылық мынаған саяды: егер сөйлеуші (субъект) амалдың (істің) тікелей басы-қа-сында болса, жетекші етістікке -йын деді форманты қо-сылады: егер сөйлеуші амалдың (істің) тікелей басы-Қасында болмай, іс кезеңдерінің басталуы я аяқталуы оның (субъектінін) көргенінен, естігенінен, білгенінен (сезгенінен т. б.) бүрын (тыс, сырттай) болған болса,. онда жетекші етістікке -йын депті форманты косылады. Мысалы: жаңбыр басылайын деді; жаңбыр басылайын депті; су бітейін деді; су бітейін депті дегендердін негіз-
гі тура (төл сөз үлгісіндегі) мағынасында да, көмекші кызметіндегі мағынасында да осы ерекшелік бар.
с к е р т у : -йын деді формзнтының мағынасына -й (а, -е) бастады форманты мен -уға айналды деген тір-кестің мағыналары синоним бола алады. Мысалы: ол сескенейін деді — ол сескене бастады — ол сескенуге ай-налды т. б.
Де етістігінен ербитін жалан формалардан да (деп, дей, дер, деген, дейтін, десе, демек т. б.), курделі форма-лардан да (-йын деп; -йын деген; -йын десе; -йын деп түр; -йын деп отыр; -йын деп жатыр; -йын деп жүр; -йын деп барады т. б. кажетінше толымсыз етістіктің еді, екен формаларымен тіркесіп, неше алуан күр-делі сараламалы (аьалитикалы) етістіктер мен аралас-қан күрделі суреттемелі (перифразалы) формалар жасалады. Ондай тәсіл — тілімізде әбден қалыптасқан, мейлінше кеп колданылатын үйреишікті тәсіл. Мысалы: (кел) деп еді; (не) десем екен; (не) дер екен десеңші; (бірдеме) дейтін екен; (көп оқы) дейтін еді; (мақала) жазайын деп едім т. б.
Сонымен, де етістігінің функциясы аса күрделі, қыс-қаша топшылағанда, ол мынадай:
Де етістігі, біріншіден, жеке сөзді я сөз тіркесін болсын, жеке сөйлемді я бірнеше сөйлемді болсын, қыс-қа я ұзақ лебізді болсын, олардың мағыналарыи да, фор-маларын (байланыстарын) да бұзбай сақтап, сол кал-пында аудармай айтуға (беруге) дәнекерлік етеді; екін-шіден, айтылмаған көкейдегі, көңілдегі, ойдағы сөзді
олардың мазмүнын жарыққа шығаруға дәнекер болады («Қарайғанға қараймын ңабан ба деп, қамиіылаймын атымды шабам ба деп» немесе «Жоғары үиісам, түлкі өр-леп құтылар деп, ңанды көз қайқаң қағып шықса аспан-ға» дсгепдерді алыңыз); үшіншіден, бүл етістіктің әр килы грамматикалық формалары (мысалы: деп, дей, де-гелі, дейтін, дер, деген, демек, дескен, дегенде...), әдетте, белгілі бір формада жүмсалатын жеке сөзді я сөз тірке-сін жетектеп әкеліп, мағынасын нақтыландырып, байла-нысын жымдастырып, сөйлемнің бір мүшесі етуге дәне-керлік істейді (Асан деген бабамыз ел мүңын көп оііла-ғандықтан,, Асанцайғы деп аталған екен); төртіншіден, езінен бұрынғы көсемше және басқа формалармея тіркесіп, етістіктің әр алуан форманттарының қалыпта-суына себеп те, негіз де болған (-ып қал; -ал сал...); бе-
інШ Ден> көптеген түрақты тіркестерінің қалыптасуына да ол тіркестердің сөйлеу тілінде колданылуына да дә-
некер болған.
ЕТІСТІКТІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Етістіктің жалпы лексика-семантикалық сипаты мен иіорфологиялық құрылысы жөнінде жоғарыда берілген мәліметтер оның формаларынын. жүйесіне тән сыр-си-паттарды түгел ашып бере алмайды. бірак оларды анық-тауға, саралауға кажетті негіз етерлік, таяныш санар-лыК материал бола алады. Ал етістік формаларының жүйесін айқындау үшін, сол жүйеге енетін формалар-дың негізгі грамматикалық сыр-сппаттарын ашып алу қажет. Өйткені ол жүйе етістіктін. арнаулы формалары-нан күралады. Формалардың ерекшеліктері олардың се-мантикалық және морфологнялық сипаттарын анықтау нәтижесінде ашылмак.
Грамматикалык формаларының көптігі мен мазмұ-нының байлығы жағынан және қызметтерінін карымды-лығы мен сан-салалығы жағынан етістіктер тіліміздегі сөз таптарының жүйесінде төтеише орын алады. Етістік-тін бұл төтенше орны, біріншіден, оның формаларынын бәріке де тән, бәріне де ортақ, бәрінде де болатын жал-пы сппаттарымен, екіншіден, сол формалардың өзді-өз-деріне ғана тән, өзгелерінде жоқ жалкы ерекшеліктері-мен байланысты. Өйткені етістік формаларының бәріне тән, бәріне ортақ, жалпы сипаттары оларды (формалар-ды) етістік деп аталатын үлкен категорияның айнала-сына шоктайтын жалпы белгі болса, әр формаға тән жалқы ерекшеліктер оларды (формаларды) алды-ал-дына саралап, бір-бірінен ажырататын семантикалық және грамматикалық сипаттарының көрсеткіші есебінде Кызмет етеді.
Етістік негізі, кашан да болсын, өзіне лайықты, үй-рекшікті болып, әбден қалыптасқан арнаулы косымша-лары косылғанда ғана тиісті киімін (жамылышын) киіп, дербес лексика-семантнкалык мәніне ие болып, грамма-тикалық қызметін мүлтіксіз атқаратын формаға айна-лады. Өйткені етістік косымшалары әрбір семантика-грамматикалык топтың (форманың өзіндік сипаттарын), ерекшеліктерін ашады. Ендеше, етістік формаларында Жалпы қасиет те, жалкы қасиет те болады. Олардың
272 273
.алды-алдына сараланатын жалпы қасиеттеріпен бір-gj рін толықтырып, бірімен-бірі селбесіп, өз ара ұштаса тын жалқы касиеттерінен бүтін сөз табының —■етістікк( тәи барлық сыр-сипаттары кұралады. Солай болса, етіс тік формаларының түр-түрін, олардыц мағыналары меі, қызметтерін анықтау — етістікке қатысты сез формала-рын жан-жақты етіп талдау, білу, баяндау болмакшы Осы түрғыдан қарағанда, талданылмақшы етістік фор. маларының жүйесі төмендегі грамматнкалық категория-ларға бөлінеді.
Етістік негізі.
Қимыл атауы категориясы.
Салттық және сабактылық категориясы.
Етіс категориясы.
Болымдылық және болымсыздык категориясы.
Амалдын өту сипаты категориясы.
Есімшелер категориясы.
Қөсемшелер категориясы.
Рай категориясы.
10. Шак категориясы.
Бұл категориялардың әркайсысының мазмүны мен 'формалары, сондай-ак, қызметтері төменде алды-алдына ібаяндалады.
§ 88. ЕТІСТІК НЕГІЗІ
Етістікке тән грамматикалық (параднгмалык, кате-гориялық) формаларға да, етістіктен жасалатын бар-лык. басқа сөз таптарына тән туынды формаларға (есім және баскаларына) да түп таяныш я туп негіз есебінде -қызмет ететін етістік-тұлға (единица) болады. Тілі-мізде осындай грамматикалық (категорнялык) форма-„ларының бәріне де, сондай-ақ етістіктен жасалатын бас-ка да сөз таптарына тән формаларға да түп нұска, тая-ныш болатын ерекше түлға і(единица) бар. Осы түлға ,'етістіктің негізі деп аталадьц Бүл түлға (единіша) тек \пексикалык. негіз ғана емес; грамматикалық тұлға ре-тінде саналады. Бүл түлға қашан да болсын, сөйлеуші адамның тыңдаушы адамға амал-әрекетті жүзеге асы--руды нүсқай, сұрай, екінші сөзбен айтқанда, бүйыра, өтіне айту семантикасын білдіреді. Мысалы: айт, оқы, жаз, кел, бар, тур, жүр, тыцда.
Сыртқы қүрылысы мен қүрамы жағынан етістіктер-
.діц негіздері жалаң да және күрделі де болады. Мыса-лы: ал, аш, ая, бар, бас, күл, күт, көр, қос, қоры, нан,
таСы, тер, сал, сен сана дегеидер — жалан түбір негіз-яер де, абайла, арала, ақылдас, бағала, жылтыра, зыр-кЫРа. көмектес, маііла, сақта, сырлас, тағайында,— де-ігенДсР — жалаң туынды негіздер. Ал, кемі екі я онаи да кеп сөздсрден күралатыи күрделі негіздерге: абай бол, сійғай сал, жәрдем ет, алып бер, жаза сал, бас-көз бол. цөз жібер, демеп жібере қой. қүлақ сала жүр сияктылар жатадн.
Сонымен^ қүрылысы мен құрамына карай етістіктер-ді жалаң және күрделі деп бөлуіетістік негіздерінін осындап пұскаларына байланысты туадьг. Ж алаң етіс-гіктін ле. күрделі етістіктіц де лекстіка-семантпкалык мағынасы осы негіздерге байланысты болады; сьз ту-дыратын қосымшалар да, форма тудыратын косымша-лар да, грамматнкалық мағына тудкратын (білдіретін) косымшалар да осы негіздерге жалғанады. Ал етістііс негізі әрдайым бүйрық (тілек, өтініш т. б.) мәмін біл-діреді, демек. бұйрық райдыц екінші жағынып апайы түріндс тұрады (сен ал; сен жаз; сен тыңда, сек орна-лас; ссы көмек бср, сен жәрдем көрсете жүр т. б.)
Етістіктін. салттык, сабақтылық семантикасы да осьг негіздерге карап апықталады. А4ысалы: ал, айт, ая. ара-ла, бсійла, баста, орна. күл, күт, түзда, алып бер, жаза сал СИЯК.ТЫ негіздср кімді? нені? деген сүрауға жауап ’беретін табыс жалғаулы сөздерге сабақталып түрады. Ал, бар, күл, қажы, сен, ақылдас, аралас, жаркыра, желбіре, зырла, орнық, бас и, бас-кез бол, көз жібер сиякты нсғіздер табыс жалгаулы сөздерге сабакталмай, өздерін салт үстайды.
Етістікке тән төл формаларды жасауға да, етістіктен туатын есім формаларын жасауға да осы негіз арқа сү-йейтін таяныш есебінде кызмет етеді. Етістіктіц семан-тика-грамматикалык категорияларына тән формалар-Дын. бәрі де негізге жалғаиатынын жалаң етістік пен
күрделі етістіктердіц төмендегі нұсқаларынан көруге бо-лады.
Жалаң негіздер
Айт (түбір негіз)
(қимыл атауы қосымшасы)
(болымсыздық мағына білдіретін жұрнак)
й т(өткен шақ мағынасын білдіретін жұрнақ)
(шартты рай мәнін білдіретін жұрнак)
гиы {тілек я өтініш формасы)
-а
Ойла — есімнен туған негіз
-ып
аит көсемше формалары -цалы
-пайыниіа
-қан
-ар
аит есімше формалары -атын
-паң
-У
-ма
ойлй -ды
-са
-шы
-ған
ойла
-и
-п
оила -ғалы
-майынша
-ғанша
оила
аит
-ңыз-дыр-т
-тыр-т-қыз
-ыс-тыр-т
-ыл
-ыңцыра
етіс формалары
оила
-у-шы еді-м
-ғы-сы келген екен
-са жарар еді
-ғой еді
аит
аит
-ңыиіта
-пала
-у-шы еді
-қай еді
-ңы-сы келеді
-са игі еді
істің өту сипатына тән формалар
сараламалы формалар
|
Күрделі негіздер
|
|
|
1. Жәрдем
|
ет — қүранды
|
негіз (лексикаланған)
|
|
-пе
|
|
|
/ -е
|
(жүр)
|
Жәрдем ет
|
-ті
|
|
|
-in
|
(көр)
|
^ Ж эрдем ет
|
-келі (отыр)
|
|
|
|
|
|
-ші
|
|
|
-пейінше
|
|
-кен
|
(болар)
|
|
|
Жэрдем ет
|
-ер
|
(me
|
екен?)
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Айтыс — етістік түбірінен туған негіз.
-етін (ш ығар)
-пек (көрінеді)
-кіз-дір-т (-е көр)
аит-ыс
аит-ыс
аит-ыс
аит-ыс
-у-шы болма-ңдар -ңы-сы келіпті -са игі екен -қай еді
Жәрдем ет
|
-іс
|
-іл
|
|
|
-іңкіре
|
|
-у-ші едік
|
Жәрдіем ет
|
-кі-сі келген болар
|
-се игі еді
|
|
-кей еді
|
|
|
құрама негіз.
|
|
|
|
|
|
-е (ме екен?)
|
Алып
|
кел
|
Алып
|
кел
|
-ІП -ТІ
|
-гелі (отыр еді)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-мейінше
|
|
|
|
|
-у-ші- болма
|
Алып
|
кел
|
6 Алып
|
кел
|
-гі-сі келді ме
|
-се
|
игі еоі
|
|
|
■-етт
|
|
|
|
|
|
-гей
|
еді
|
|
3.
|
Көз жібер — идиомаланған негіз.
|
Көз жібер
|
Көз жібер
|
|
|
Көз жібер Көз жібер
-у-иіі ем
§ 89. САЛТ ЖӘНЕ САБАҚТЫ ЕТІСПК
Етістіктердіц қай-қайсысы болсын,— менлі ол іс я арекетті атасын, мейлі қимыл я козғалысты атасын •— бэрібір,— субъекті жасайтын амал-әрекетті немесе про-цесті білдіреді. Сондай-ақ іс я процесс сөйлеу тілінде, әдетте, объектіге не тікелей тіреліп, саба£талып, не ті-релмей, жанай жүзеге асырылып жатады.^Етістіктің осы-лайша тікелей объектіні керек ету я керек етпеуі оның жалпы грамматикалық семантикасына байланысты. Мы-салы, кейбір етістіктер сөйлемде колданылғанда, табыс септіктегі сөзді — тура толықтауышты керек етіп, сабақ-талуды тілеп түрса, кейбір етістіктер табыс септіктегі сөзді каламай-ақ, оған сабақталмай-ақ, салт күйінде жүмсалып тұрады. Етістіктердіц табыс септіктегі сөзді керек ету я етпеу қасиеті олардың синтаксистік жағы-нан тура толықтауышты меңгеру я меңгермеу қабілеті-не байланысты қалыптаскан/ Сен кітапты ал да, үйге ңайт деген құрмалас сейлемнің алғашқысындағы амал-да (ал) бірдемені (кітапты) алуды керек етіп, соған тірелетіндсй. сабақталатындай кабілет болса, соңғы сөйлемдегі амал (қайт) ондай объектіні керек етпей, оны жанай (оған сокпай-ақ) тек үйге қарай кету бағы-тын ғана білдіріп тұр.
'■Аш, айт, баң, бер, ек, ем, жаз, жай, қи, ер, сеп, сыз, тап, тер, уз, үй, шеш, ыс, іл, іш; айда, апар, әкет, болжа, бүрке, еге, еле, жалға, жама, жасыр, жұмса, игер, күре, қама. қуыр, мата, мүжі, сапыр, теже, тес, туса, түзе
Көз жібер
-гі-сі келсе керек
етістіктерін алсак, бұлардың бәрі де, қолдана қалса-
-се жарар
-ген еді
Сонымен, етістік негізі деп жалаң я күрделі тұлға арқылы тек амалдың (істің) атын ғана атайтын, яғни амалдың лексккалық мазмұнын ғана білдіреіін, сол амалды істеуді ғана мегзейтін, бірақ жүзеге асырудын ешқандай да жолдарын я сатыларын және ол жөніндегі көзқарасты білдірмейтін грамматикалық форманы ай-тамыз.
Өзге туынды формалардын бәріне де осы негіз — етістік негізі тірек болады. Осы негізден тиісті грам-матикалық көрсеткіштер арқылы туатын етістіктін мЫ-‘ падай грамматикалық категориялары бар.
ныз, кімді? нені? деген сұрауларға жауап беретін табыс септіктегі сезге сабакталады. Әдетте, сөйлеу тілінде та-быс септіктегі сөзді, демек, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар осындай етістіктер сабакты етіс-тіктер деп аталады^
Етістіктердің ішінде кімді? нені? деген сұрауларға жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ақ Жұмсала беретін етістіктер де көп. Мысалы: ау, бар, буқ, Жат, жет, жуқ, жүр. кел, көн, күл, кір, ңал, қаш, нан, оз, 9с, me, сал, ти, тол, тоң, төз, тур, тус, уш, иіық, ық, іс, айны. айық, ақса, бскі, булқын, дегді, есір, елті, жарыс, Жугір, зерік, күрес, қажы, қуан, қуліиын, отыр, өкін, сер-гі, ұмтыл, үде, арпалыс т. б. Мүндай табыс септіктегі сөзге (тура толықтауышка) сабақталмайтын етістіктер, Әдетте, салт етістіктер деп аталадыі
Етістіктердін, борі бірдей я салт, я сабақты бола бер мейді. Олардын ішінде эрі салт, орі сабакты болатында ры да бар. Әдетте, мұндай қасиеттер не омоним етістік. терде, не полисемиялы (көп мағыналы) етістіктерде оо. лады. Мысалы, арт, жүр, тара... етістіктерін қолдана қалсак, олардың әрқайсысынан «жүкті арттық» және «сікылы артты», «сен жетілік қарғаны жүр» және «сең үйге жүр», шаштарыңды тараңдар» және «үйді-үйлері-ңе тараңдар» деген сөйлемдер кұрауға болады. Ал мұн-дағы етістіктің әркайсысы әрі салт, әрі сабақты болып кызмет аткарып тұр.
Салттык, сабактылық қасиет тек түбір етістіктерге ғана емес, жалан туынды етістіктердің де, күрделі етіо тіктердін де бойына сіңген қасиет. Мысалы: арқала, ше-геле, қамала, сына, міне, бекіт, өсір, салдыр... деген
е р — (туынды етістіктер)— сабақты да, көбей, ағар, ке-гер, мүзда, іиөлде... сияктылар — салт етістіктер^ Ал апар, әпер, әкет, түрегел, ән сал, қулақ қой, айта сал, тапсыра көр, қызмвт ет, сақ бол... сияқты күрделі етіо тіктердің ішінде салт етістіктер де (түрегел, сақ бол, қу лақ қой, ән сал, қызмет ет), сабакты етістіктер де (апар, әпер, әкел, әкет, айта сал, тапсыра көр) бар. Екінші сөзбен айтқанда, кұрамы мен күрылымына өзгеріс енуіне қарай, салт етістік сабақтыға, сабакты етістік салтка ауысады. Мысалы, ал (сабақты), бер (сабақты), кел (салт), кет (салт), бар (салт) етістіктерінің семантика-' сы мен олардан құралған әкел, әпер, зкет, бара бер, бе-ре бер тәрізді күрделі етістіктерінің семантикасын, син-таксистік қабілетін салыстырыңыздар. Осындай өзгеріс-ті етіс жұрнақтарынан да көругё болады. Мысалы: жу, қорға, гара...?сабакты етістіктеріне өздік етіс жүрнағи (-н, -ын, -ін) жалғанса, туынды етістіктер салтқа айнала-ды (жуын, қорған, таран); ортақ етіс жұрнағы (-с, -ыс] -іс) жалғанса, сабақтылық сипаты өзгермейді (жуыс, қорғас, тарас); ал, сол етістіктерге ырықсыз етіс жүр-нағын (-л, -ыл, -іл) жалғаса, олар салт етістік сипатына не боладьг (жуыл, қорғал, тарал). Қерісінше, жет, кел, күл... тәрізді салт етістіктерге өзгелік етіс жұрнағын (кіз, -тір) жалғаса, туынды' етістіктер (жеткіз, келтір, күлдір) сабақтыға айналадьу
Сонымен салттық пен сабақтылык категориясы — ка-зақ тілі етістіктерінің грамматикалық семантикасымея байланысты қалыптаскан қүбылыс. Бірақ бұл катего-рияның сырттай білініп түратын, өзіне тән, арнаулы ко-
сЬімшасы болмаса да, субъекті мен объектінін грамма-тцкалық (синтакспстік) қатынасын өзгертіп отыратын ІШК семантикалық мазмүны болады Ол мазмұн етістік цегіздеріне (түбір ме, туыиды негіз бе, күрделі негіз ‘йе — шарт емес) табыс септікті (нені? кімді?) қалау я каламау кабілетін түпкілікті семантика-синтакспстік қа-сяеттің бірі етіп таккан^
Дегенмен, салттық пен сабақтылык семантика казақ тіліндегі етістік негіздерінің бірден-бІр ғана граммати-калық (синтаксистік) қасиеті емес, тек етістік атаулы-цың бойынан табылатын түпкілікті, тұрақты бір қасиеті ғана. Өйткені казақ етістіктері тек табыс септіктегі объектіні (толықтауышты) меңгеру я меңгермеу аясын-да ғана қалып қоймайды, онан басқа да септіктерді меңгере алады. Мысалы: жау, там, шық... тәрізді салт етістіктер амалдыц бағытын да, шыққан орнын да біл-діреді (мен үйден хөіиеге шықтым; ол тәбеден жерге түсті т. б.), айда, жібер, түсір... сияқты сабақты етістік-тер екі-үш септікті бірден меңгере береді (малды өріске атпен айда; баланы үйге тамаққа жібер).
§ 90. ЕТІСТЕР
Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфология-^лық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып ке-летін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: «ол онан жөн сүрады; олар бір-бірінен жөн сүрасты; ол онан жөн сүратты; онан жөн сүралды; ол ез£ сүранды деген сөйлемдердегі етістік (сүрады, сү-расты, сүратты, суралды, суранды) формалардың сонда-рындағы өткен шактың қосымшасын (-ды, -ты) алып тастағаннан кейінгі сура, сурас, сурат, сурал, суран етіс-тіктерін бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздін сонғы тертеуі сура түбірінен тиісті жүр-оақтар аркылы (-с; -т; -л; -н) туып, бір-бірінен ерекше-леніп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық Мағынасы бір бола турса да), олардың семантикалык, мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар. Сондай-ақ, тсісы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын; жу, жуыс, жудыр,
ыл, жуын; айт, айтыс, айттыр, айтыл тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.
280 281
Осы түбірлес етістіктердіц кай-кайсысына болсын бо. лымсыздык категориясынын (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) шартты рай категориясынын (-са, -се), өткен шақ кате* гориясының (-ды, -ді, ты, ті), есімшенің (-ған, -атын,
-ар, -мақ...), көсемшенің (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы...) және басқа солар сияқты етістік пегіздеріне етістікке тән парадигмалык. формалар тудыратып жүрнақтарды жалгай беруге болады, Мысалы: тіктірме, тіктірсе, тік-тірді, тіктірген, тіктіріп, тіктіргелі т. б. Сөйтіп, етіс фор-маларыиын бүл ерекшелігінен, біріншіден, басқа жүр-нақтар сияқты, туынды етістік жасайтыи қабілет барлы-ғы (айырмасы тск етістіктен етістік тудыратыидығы) және сол етіс жұриақтары арқылы туған формалар етіс-тік негіздері есебінде қызмет стетіні айқындалады Ен-деше, бүл жағынан қарағанда, етіс жұрнақтары сезден сөз тудыратын жүрнактармен сппаттас келеді де, лек-сикалык категорияға жатады.
Екіншіден, етіс категориясымың формаларында субъ-екті мен объектінін амалға қатысын, керісінше. амал-дың (әрекеттің) субъекті мен объектіге қатысын білді-рстін грамматикалық сипаты күшті. Демек, етіс форма-лары сөйлемніц грамматикалық курылысына өзғеріс енгізіп отырады. Оны бағдарлау үшін жоғарыда келті-рілген бес сөйлемдегі етіс формаларының грамматика-лық (синтаксистік) ерекшеліктерін талдап көруге бола-ды. Әрине, ондағы бірінші сөйлемдегі сүра түбірі езге формалардың түрлерін де, семантикаларын да және қызметтерін де салыстыруға, оларды талдауға, ажыра-туға негіз болады. Мысалы, сұра етістігі тек біреуден біреу бірдемені я бірдеме туралы жай сүрауды ғана біл-дірсе, екінші сөйлемдегі сұрас формасы амалға бір субъекті емес, кемі екі я онан да аса субъекті катыса-тынын және жен-жосықты біреуі біреуінен ғана емес, бір-бірінен сүрасқанын білдіреді; сөйлемнің қүрылысын өзгертеді. Соның нәтижесінде сейлемніц субъектілері бірнешеу болып, олар амалға ортақтас болғанын (Асан мен Үсен бір-бірінен жөн сурасты) аңғартады. Үішнші сөйлемдегі сұрат формасыныц семантикасы алғашқы екі формадан (сұра, сүрас) да өзгешелеу, өйткені онан (сү-рат) әрекетті жасаттырушы бір адам (субъекті) болса, жасаушы басқа бір бөгде адам екені білінеді, демек, сөйлемнің грамматикалық бастауышы (субъектісі) амалды жасаушының өзі емес, оны орындаттырушы адам болып көрінеді (Асан Үсен арңылы жөн сұратты)-
^ртікші сөйлемдегі сұрал формасыныц семантикасы сура, сүрас, сұрат деген үш формадан да басқашалау. рұдан (сұрал) амал жасаушы субъекті де, жасаттыру-
і оубъекті де тіііті көрінбейді; амалдыц шарпуы тие-rjH объскті сөйлсмніц грамматикалық субъектісі болып кӨрінсді (ауданнан мэлімет сұралды). Соңғы сөйлемдегі суран формасынан амалды жүзеге асырушы адам {субъекті) сол амалдыц әрі субъектісі, әрі объектісі бо-латыпдай мағына біліпеді, демек, амал субъектінің өзі үшік жүмсалатынын аңгарарлықтай мон білінеді.
Сонымен, етіс категориясы деп амалдың (іс-тің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісін-ліе, субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын біл-діретін формалардың жүйесін атаймыз. Бүл формаларда сөз тудыру қабілеті де, сөйлемдегі сөздсрдің синтаксис-тік күрылысын өзгерту кабілеті де болады. Етіс жүрнақ-тары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де керегінше жалғана береді. Етістер жүр-«ақтарынын. түрлеріне, олардын мағыналары меи кыз-меттеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді: 1) не-гізгі етіс, 2) ортақ етіс, 3) өзгелік етіс, 4) ырықсыз етіс,
өздік етіс.
!) Н е г і з г і е т і с т і н арнаулы көрсеткіші болмай-ды. Огаи әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердіц де негіздері жатады. Әдетте, етістік негізі-нің субъскті мен объектіге катысы я субъекті мен объек-тініц етістік негізіне (амалға) қатысы сол негіздің бас-тапқы лексикалық семантикасына карай анықталатын-дықтан, опың семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (сннтаксистік) кызметі туралы да арнай снпаттама беру қажет болмайды, өйткені тілдегі әрбір етістік негізі езіне лайықты формалары мен функцияларында жүмсала береді (олар оқыды, біз келдік; тақтайды шегелеп қой-дық. инені сабақтадым т. б.). Сөйтіп, н е г і з г і е т і с деп өзге етіс формаларына таяныш— негіз болатын, со-лардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырьіп айқындайтын форманы — айтамыз (бар, кел, сөйле, іиөл-де, ақта, арала, ңарайла, құрсаула, оян, қуан, қүшақта, ермек ет, еңбек сіңір, эн сал, түсініп ал, сүрап қой т. б.).
О р т а қ е т і с -с (-ыс, -іс) жүрнағы арқылы не-гізгі стіс формасынан (етістік негізінен) жасалады. Бұл жүркақ негізгі етістікке амалды (істі) кемі екі я онан да аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білді-
ретін мән үстейді, демек, бірнеше субъектінің катыс^ арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: ац. тыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, /сө. мек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс т. т.
с к е р т у : -ла+с формаларынан біріккен қүранды -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы аркылы есім-дерден жасалған туынды етістіктер ортак етіс семантц. касын да білдіреді (ақыл-дас, араз-дас, мұң-дас, ңощ-тас, тату-лас, тіл-дес, пікір-лес, сыр-лас т. б.).
Ө з г е л і к е т і с -т; -тыр, (-тір, -дыр, -дір); -қыз (-кіз, ғыз, -гіз) жұрнақтары арқылы және сол жүрнақ-тардың кабаттаса жалғануы аркылы негізгі етіс (етіс-тік негізі) формасынан жасалады. Бұл жұрнактар етіс-і тік негізінің мағынасына аыалды (істі) басқа бір бегде адам (субъекті) арқылы істелуін білдіретіндей мән үс-тейді. Әр жүрнақтың жалғану нұскалары мынадай:
а) -т жұрнағы кебінесе дауысты я сонор дыбыска бі-тетін негіздерге жалғанады. Мысалы: азай-т, көбей-т, көтер-т, күре-т, оңы-т, төле-т, ойна-т, жугір-т, жөнел-т, жалын-т (қорық-қорңыт, үрік-үркіт), қуан-т т. б.
ә) -тыр (-тір, -дыр, -дір) жұрнағы көбінесе катаң я сонор дыбыска біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал-дыр, біл-дір, айт-тьір, кел-тір, кеп-тір, жап-тыр, сат-тыр, сеп-тір, ас-тыр, тол-тыр, қой-дыр, көн-дір, жақ-тыр, жек-тір, ңыз-дыр, без-дір т. б.
б) -қыз (-кіз, -ғыз, -гіз) жұрнағы дауыссыз дыбыска біткен етістік негіздеріне жалғанады. Мысалы: ал-ғыз, бер-гіз, аш-қыз, іш-кіз, жап-ңыз, сеп-кіз, қой-ғыз, айт-ңыз, ек-кіз, жек-кіз, біл-гіз т. б.
в) -т, -тыр, -ғыз жұрнақтарының бірінен соң бірі ка-баттасып келеді де, әркайсысы өзінше тиісті үстеме ма-ғына жамайды. Мысалы: сөйле-т-тір, сөйле-т-кіз, сөйле-т-тір-т-кіз; жи-на-т-тыр-т-қыз; ал-дыр-т-қыз, ал-ғыз-дыр-т, уял-т-қьіз; ңайна-т-тыр-т-қыз, қайна-т-қьіз т. б.
Ырықсыз етіс -ыл (-іл, -л) жұрнағы арқылы жә-не етістік негізінде л дыбысы болса, -ын (-ін, -н) жүр-нағы арқылы жасалады. Бұл жұрнақ етістік негізінін ыағынасына амал ырықсыз (өздігінен) істелетіндей мән жамайды, үстейді, бірақ ол формадан амалды кім істе-гені, яғни субъектісі көрінбейді де, көбінесе логикалык объекті есебінде қызмет етеді. Мысалы: қой ңамалды; үй жиналдьі; жіп үзілді; түйін шешілді; кір жуылды', ңора тазаланды; ине сабаңталды; қар күрелді; киім
.,;цді; ңора тазартылды; үй майланды; хабар алын-1дЫт. б-
с к е р т у: Өнімсіз болса да, жалаң жұрнактардан куралган күрделі -лын (-лін), -ныл (-ніл) формалары к.рыксыз косымшалары есебінде кызмет етеді. Мысалы: цлма же-лін-ді; жоқ ізде-лін-ді; ат байла-ныл-ды (бай-
ланды) т. б.
. Ө з д і к е т і с -ын (-ін, -н) жүрнағы етістік не-сізіне жалғану арқылы жасалады. Бүл жүрнақ етістік иегізіне амалдың (істің) шарпуы я нәтнжесі оны жасау-щы субъектінің өзіне тиетінін білдіретіндей мән жамай-дьі. Мысалы: тара-н, жу-ын, ора-н, ки-ін, көр-ін, сүра-н, ойлан т. б.
с к е р т у : -ла+н косымшаларынан біріккен құран-дЫ -лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жүрнағы аркылы есімдерден жасалған туынды етістіктер өздік етіс ма-ғынасыида жұмсала береді (әуре-лен, қату-лан, қаһар-лан, зәр-лен, шат-тан, мейір-лен, әл-ден, ар-лан). Сон-дай-ақ, есімдерден -ырқан (-іркен), -сын (-сін) қүранды жұрнақтары аркылы туған етістіктер де тікелей өздік етіс мәнін білдіреді (аиі-ырқан, түш-ырқан, шім-іркен; аз-сын, көп-сін, жүрек-сін, жер-сін, бәл-сін т. б.).
Қазіргі қазақ тілінде, жоғарыда әр етіс тұсында бе-ілген ескертулерден басқа да, жеке сөздермен ғана кол-данылатын (ау-дар, көр-сет...), жеке көнеленген форма-ларда кездесетін (оя-н, оя-т, уа-н, уа-т, жүба-н, жүба-т; үйре-н, үйре-т, шег-ін, қут-ыл, қүт-қар, қат-ыс, қат-ьі-нас, там-ыз...) қосымшалар ұшырайды. Сонымен катар, аса өнімді болмағанымен де, бір алуан сөздерге жалға-нып (көн-дік, бас-тық, и-лік, бу-лық) әрі ырықсыз етіс-(Тің, әрі өздік етістің мәнін білдіретін қосымшалар да ду-шарласып отырады. Сондай-ақ, тын-ық, қан-ық... де-гендердегі — ық (ік) формасы да осындай.
-ыр (-ір) қосымшасы өзгелік етіс жүрнағы делініп есептеліп жүр; оның бастапқы толық түрі -тыр (-тір) еке-нііі Абгйдыц: «Адал баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват» де-геңінен, Әуезовтің: «ақыл астыр, малын әпер» дегенінен, ауызекі тілдегі «асымды іштір» мысалдан көруге бола-Ды. Бірақ қазіргі тілде осы форма өзгелік етіс көрсеткі-Ші болу қасиетінен анырылып, салт етістікке сабакты-аық монін жамайтын косымшаныц қабілетіне көшкен
сиякты. Мысалы: біт-ір, түс-ір, өиі-ір, жыт-ыр. өс-ір, кещ-ір. піс-ір... дегендердін семантикасында сшқандай өзгелік етіс мәні жок, тек сабактылық ренк қана бар. Етіс. формаларының кейбіреулері жарыса колданыла-тыньпі (жаз-дыр, жаз-ғыз, сөйлет-тір. сөйлет-кіз; алдыр-алғыз; жүгірт-тір, жүгірт-кіз; байла-н (дьі), байла-ныд (ды), кейбіреулері екі бірдей етіске ортақ та болып (бүо-ыл, кер-іл; жылы-н, тазала-н...) келетін себебін, ■сомымсн бірге, кейбір негіздерге етіс жұриақтары түгед косылмайтын логикасын (мысалы: айт-ын-ды; тіг-ін-ді деуге болмайды) ойластырғанда, өзге де категорнялар ■сняқты, етіс категориясының, оның формаларынын шы-ғу. даму, жетілу, калыптасу тарихы өте үзақ дәуірлерді ■бастарынан кешіргені көрінеді.
91. БОЛЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ
Амал-әрекеттің болу я болмауы немесе тынуы я тын-баіі қалуы — табиғи құбылыс. Осы табиғи құбылыска катысты амал-әрекеттің жүзеге асуы я аспауы тілде (грамматикада) арнаулы формалар аркылы айтылады.
Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады да, жүзеге аспауын білдіре-тін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады. Грам-матикада осы екі түр жинақталып е т і с т і к т і ң бо-
ымдылық және болымсыздық катего-
и я с ы деп танылады.
Әдетте, етістіктің болымды түрі кәдімгі түбір, туынды жоне күрделі формалар аркылы білдірілсе, болымсыз түрі сол формаларға я негіздерге арнаулы -ма (-ме, -ба,
-бе, -па, -пе) қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар, кел, айтқыз, сөйлеттір, ойлан, ақылдас, ха-барла, айтып қой, бара бер, ... сияқты негіздер болым-ды түр болса, барма, келме, айтқызба, сөйлеттірме, ой-ланба, ақылдаспа, хабарлама, көмек көрсетпе, айтып қпйма, бара берме дегендер болымсыз түр болады. Етіс-тік негіздерінен туатын оның өзге формаларының бәрі де осы болымсыз түр қосымшасынан кенін тұрады. Мы-салы: бар-ма-у. кел-ме-у, бар-ма-ған, кел-ме-ген, бар-ма-й кел-ме-й, бар-ма-йтын, кел-ме-йтін, бар-мсі-ғсілы. кел-ме-гелі; бар-ма-са; кел-ме-се; бар-ма-ды. кел-ме-ді; бар-ма-йынша, кел-ме-йінше, бар-ма-с, кел-ме-с т. т.
Айтылмакшы ойдын стнльдік талабы мен талғамьіна цараіі, күрделі (аналитикалы) етістіктсрде болымсыз-цык (-ма. -ме...) косыышасы жетекші етістікке де. кө-^екші етістікке де немесе солардың біреуіне ғана жал-рйііып жұмсала береді: мысалы: алмай қойды. ала қоймады, алмай қоймайды, алмай отьіра алмайды, айт-іісіғым келді, аитқым келмеді т. т.
Етістіктің есімше, көсемше, рай, шак жәнс баска формаларына айтылмақшы мағына реңкіне, стиль та-„іабына қарай болымсыздық мән білдіретін емес, жоқ сөздері де қолданыла береді. Мысалы: көрген сксспін, і;өрген жоқпын; білмейді емес; көрмей емес, көріп істе-ді; естіген жоқ сдім; барғаным жоқ; барғамыз жоқ.
§ 92. ҚИМЫЛ АТАУЫ — -
Айт, ал, бер, бар тәрізді түбір етістіктер дс, ақта, қурметге, айтңыз, білдір сиякты туынды етістіктер дег соидай-ақ ңурмет қыл, еңбек ет, алып кел, жаза сал де-гендерге ұқсас күрдслі етістіктер де етістіктіи негізі делініп танылатыны айқын. Осындай негіздерге — у жұрнағы жалғанғаннан кейінгі туатын форма амалдың. (кимылдыи) атауы есебінде кызмет етеді. Сол себептен бұл форма кнмыл атауы деп аталады. Мысалы: ал-у, бсір-у, көн-у, ңаз-у, қурметте-у, айтңыз-у, алып кел-у, жығылып кал-у, еңбек ет-у, ән сал-у, опьіқ же-у, бас-көз бол-у т. т.
Қнмыл атауы істіц я әрекеттің нақтылы процесін біл-дірмей, тек оның атауы ретінде кызмет ететіндіктен, он-да шактык ұғым болмайды. Осы себептен етістікке тэн арнаулы грамматикалык формалар, яғни есімше, көсем-ше, рай, шак, жақ формалары кимыл атауына тікелей жалғанбайды. Кнмыл атауы семантикасы жағынан да, түрленуі (формалары) жағынан да етістіктен гері зат есімге жакыи. Сол себептен қимыл атауына, колданылу ыңғайына қарай, есімдерге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғана береді, бірақ оған еш уакытта да жіктік жалғауының косыышасы жалғанбайды. Мысалы: сендердің бүгін келулерің қажет; бұл кісі сөйлеудің, отыру-тұрудын мән-жайын жақсы біледі, мына киноны көрулеріңізге болады т. б.
Қн.вдыл атауына -лы; -сыз; -лық; -іиылық; -ыиі; -дай тәрізді елгезек жұрнактар қосылып, туынды есімдер 'Касала беррді. Мысалы: Ж азулы, бійлаулы ; айтушы,
естуіиі; жалғаулық, орауыіи, түйреуііи; айтудай-ақ айт-ты т. б.
Етістік негізінен — у жұрнағы арқылы туған кейбір формалар қимыл атауы ретінде жумсауларымен қатар, субстантивтеніп, адьектнвтеніп зат я сын есімдер ката-рына көшкен. Бұл құбылыс- кнмыл атауыпың есімге жақындығыиың айғагы. Мысалы: бүрау, жамау, құрау, көсеу, тісеу (тай), жазу, оқу, тоқу (токтама), түзу (жол), кебу (отын), жібу, жабу т. т. Кимыл атауы, сөй-леу талабыяа лайық тністі жүрнактар мен жалғаулар қосылып түрленуіпе орай өзге де негізгі және көмекші (шылау) сездермен тіркесуіие карай, сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенін күрамына да еие береді.
Достарыңызбен бөлісу: |