Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 101. ҮСТЕУЛЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ



бет31/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


§ 101. ҮСТЕУЛЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

Үстеулер де сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қа- рым-катынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың езде- ріне тән тиісті синтаксистік қызметтерін тану үшін, бі- ріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатын- дығын, екіншіден, үстеулердің қандай сез таптарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстеулердің сөйлемдегі орнын білу қажет.

  1. Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде әр түрлі пы- ^сықтауыш мүше болып кызмет атқарады. Мысалы: Ерте

ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек амал- сыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин) деген сөйлемдердегі ey­re, амалсыздан үстеулері етістіктен болған баяндауыш- тарды пысықтап тұр.

  1. Үстеулер, осы жоғарыдағы сияқты, етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мысалы: оның еміс- еміс білетіндеріқызыл балыңтар ғана (Ғ. Сланов) деген сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етіс- тік формасынан болған бастауышты пысықтап тұр.

  2. Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысық- тайды, мысалы: Бозбаламын мен де енді (Жамбыл); Бү- гінгі колхозиіьілар шетінен сауатты (Ғ. Мұстафин) де- ген сөйлемдерде енді үстёуі бозбаламын деген баянда- уьішты, шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пы- сықтап тұр.

Кейбір үстеулер, өздерінің семантикалық мағынасына Карай, әдеттен тыс, сын есімді де, үстеудін, өзін де, зат ес‘мді де айқындайды. Мысалы: Мен бүгін сонша иіар- ^адым (Ғ. Мұстафин); Ол сонша өрескел сөз айтты (г. Мұстафин); Сонша алтынды қайдан алдың? (С. Мұ-

343




қанов) деген сөйлемдерде сонша деген үстеу бірінші сөйлемде етістікті (шаршадым)
айқындаса, екінші сей- лемде сын есімді (өрескел), үшінші сөйлемле зат есімді (алтынды) айқындап тұр.

Қейбір үстеулер жіктеліп, баяндауыш та болады. Мысалы: Мен мундамын (Ғ. Мұстафин); Мен сенімен біргемін (Ғ. Сланов). Үстеулер үстеулік касиеттен бел- гілі тексте ғана уакытша айрылып, я бастауыш, я то- лықтауыш бола алады (мысалы: Бугінхалық мейра- мы («С. Қ.»). Бугіндіертең жеңеді (Ғ. Сланов).

  1. Сөйлемде үстеулер қашан да болсын (еленді сез- деч баскада) өздерінін пысыктайтын я айқындайтын сездерінен бүрын тұрады. Бірак үстеулердін ішінен орын талғамайтыны — мезгіл үстеулер. Егер олар баяндауыш- тан баска мүшелердің біреуін пысықтаса, тікелеп сол пысықтайтын мүшенің алдынан (бұрын) түрады. Ал баяндауышты пысықтаса, онан (баяндауыштан) алшақ та тұра береді.

Үстеулердің басқа топтары өздерінін пысыктайтын (айқындайтын) мүшелерінің тікелей қасында тұрады. Егер бірнеше үстеу коса-кабаттаса қолданылса, ен әуел- гі орында — мезгіл үстеуі, одан кейін — мекен үстеуі, одан кейін — максат, себеп, сын үстеулері тұрады.

X т a р а у ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР



§ 102. ЕЛ1КТЕУ СӨЗДЕР ТУРАЛЫ TYC1HIK

Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматнкалык сыр-сипаты жағынан да, фонетика-мор- фологиялық кұрылымы жағынан да өзге сез таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, ез алдына дербес сөз табы ретінде каралатын бір алуан сездер е л і ктеУ сөздер (мимема) деп аталады.

Еліктеу сездер семантикалық жағынан алғанда, бі- ріншіден, табиғатта үшырайтын сан алуан кұбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларЫ- нан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарларды11 дыбыстау мүшелерінен шығатын әртүрлі әрекет қимь№ дарынан туатын, әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайД3 болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сөл табиғатт3

344

үшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардыц және неше түрлі жан-жануарлардың сырткы сын-сипаты мен кимыл-әрекеттерінін. де қилы-қилы көріністерінен пайда болатьін түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гурс, дурс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, іиырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, іиіңк, сынқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-турс, арс-үрс, жалт жалт, жалт- жулт, қалт-қалт, ңалт-ңүлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-қүңқ, шаңқ-ишңқ, шаңқ-шүңқ, арбаң-арбаң, бугжең-бугжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң- далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қаиқаң-құііқаң, митың-митың, салаң-сулсің, ыржың-тыр- жың т. б.

Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалык мағынала- ры жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстар- мен байлаНысты болса, екінші тобының семантикалык мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғн көрініс- тердін бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөз- дер іштей екі салаға белінеді, бір тобы еліктеуіш (елік- теме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сездер деп аталады.

Бүл сөздер семантикалық жағыкан ғана емес, фоне- ктика-грамматикалық сыр-сипаттары жақтарынан да (мысалы: буын қүрылымы, морфологиялық түлғалары, синтаксистік қызметтері) бір-бірімен үқсас, орайлас бо- лып келеді. Еліктеу сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктері мен барлығына да тән жалпы қасиеттері төмендегідей.

§ 103. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

а) Еліктеуіш сездер

Еліктеуіш сөздер деп табиғатта үшырасатын сан ал- уан құбылыстар мен заттардын. бір-біріне кақтығысу- соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан- ^ануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсі- ніктердің атаулары есебінде калыптасқан сездерді ай- тамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; ңарға қарқ етті
Аеген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс деген сез мылтық- Тьің атылуынан туған дыбыстың атьш білдірсе, қарқ де-

345




ген сөз карғанын. дыбыстау мүшесінен (каркылдауы- нан) шықкан дыбыстын. атын білдіреді. Демек, бұл екі сездің екеуіне де жансыз және жанды заттардан шық- кан дыбыстар негіз болған. Бірақ бұл дыбыстардың қай- сысы болса да, әрине, сол дыбыстардың дауыстарын дәлме-дәл етіп айтуға тырысудан туған әрі дыбыстық бейне, әрі сол бейненің атауы ретінде қалыптасқан ды- быстар Заттың кұрылымдық бөлшектерінің ерекшелік- теріне карай, жерге түскендегі дыбысы я дүңк,
я тыңқ, я діңк, я тоқ, я тық... етіп естілуін тілмен дәлме-дәл айтып жеткізу қиын-ак. Дегенмен, осы дыбыстар дыбыс- тық бейне ретінде де, сол бейнелердің атаулары ретін- де де калыптасқандықтан, оларды біз сөздер есебінде кабылдаймыз. Оның бер жағында, бұл дыбыстар, қай- сысы болса да, жалан дыбыстар емес, күрделі Yibi6bic- тар. Ал осы күрделі дыбыстар белгілі-белгілі табиғат дыбыстарының таңбалары есебінде қабылданып, тиісті сөздерге айналған. Оған көркем әдебиеттен кейбір мы- салдар келтірейік.

Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас ңызыл қозы топ ете түсті (М. Әуезов); Қасқыр тыпыр- лсіп жатқан қозыны көре сала, ырр етіп барып бас сал- ды (бұ да). Қозы екі қомағай ауыздың кереісінде қан- жоса болып дар-дар айрылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаіи-қүпаш цорң-қорң етіп қомағай ңанды ауыздар асайды (бү да). Осы сөйлемдердегі топ, ырр, дар-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ сөздері де тиісті ды- быстарды есітуден пайда болған түсініктерді білдіреді. Сондықтан бүлар да, әрине, еліктеуіш сөздерге жа- тады.

Осындағы дар-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ деген елік- теуіш сөздер бастапқы түбірлердің екі рет кайталауы- нан жасалған. Егер сол сейлемдердің құрамдарына да, құрылыстарына да ешқандай езгеріс енгізбей, тек осы еліктеуіш сөздерді қосарланған түрде емес, жалаң түрде ғана колдансақ (мысалы, сырт етіп жас сүйек сынды), өзге сөздер сияқты, еліктеуіш сөздердің не жалаң түрі мен қосарланған түрі болатыны, олардың мағыналарын- да тиісті айырмашылық барлығы аңғарылады. Демек, еліктеуіш сездің жалаң түрі амал-әрекеттің бір ғана рет жасалатыкын білдірсе, қайталанған түрі сол амал-әре- кеттін үсті-үстіне әденеше рет қайталанып жасалатыньін білдіреді. Мысалы: дар айрылды және дар-дар айры.л- ды; сырт етіп және сырт-сырт етіп; қорқ етіп және қорҚ'

346

қорқ етіп дегендерді мағына жағынан салыстыруға бо- болады.

Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сы- ңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл езгеріс туады Мысалы: Біреу есікті тарс-тарс үрды және біреу есікті тарс-түрс урды деген сөйлемдердің құрылысы мен кұрамдарында айырмашылык болмаса да, мағынала- рында (сәл болса да) айырмашылық бар; тарс-тарс үр- ды дегенде, адам есікті әрі қатты, әрі бірнеше рет ұрға- пымен, бірқалыпты ұрғаны аңғарылады, ал тарс-тұрс үрды дегеннен есіктің қатты ұрылуы бірқалыпты емес, бірде қатты, бірде онан да каттырақ, я солғын болып алмасып отырғанбі аңғарылады. Бірақ бұл екі форманың кызметінде тарс-тарс (сарт-сарт) дегенде де, тарс-тұрс (сарт-сұрт) дегенде де ешқандай езгешелік болмайды. Олар біреуінін орнына біреу тұра алады. Морфология- лық жағынан да бұл үш форма (тарс, тарс-тарс, тарс- тұрс) өзгермейтін сездер ретінде қала береді.

Басқа сездер сияқты, мағына жағынан бір-біріне жа- кын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана бе- реді, мысалы: сатыр-күтір, салдыр-күлдір, бурқ-сарқ ■т. б. Бүл ерекшелік те — еліктеуіш сөздердің қосарла- нуьіна тән калыпты, занды құбылыс. Әдетте, су бурқ- бурң қайнап жатыр деп те, су сарқ-сарқ қайнап жатыр деп те айтыла береді. Бұл сөйлемдердің де құрылыста- ры мен құрамдарында ешқандай айырмашылық жоқ, ара- сында азды-көпті мағыналық айырмашылық бар- бурқ- бурқ қаинауға қарағанда, сарқ-сарқ қайнау әлдеқайда күшті. Солай болса, сол екі дыбысты (сөзді) есіт- кеннен кейінгі алынатын әсерде бірдей емес. Ендеше, бұл екеуінің мағыналары да бір-бірін^ қарайлас та, жа- Кын да. Егер бұл екі сөздің бір-бір гйінарларын беліп алып, оларды қосарлап: Су бурқ-сарқ қайнап жатыр де- сек, оған бурқ және сарқ деген екі сөздің Де беретін мағынасы бірдей кіреді, демек, су я бірыңғай бұрқыл- Дап та; я бірыңғай сарқылдап та қайнамай, жоғарыда- ғьі айтқан тәрізді (тарс-тұрс сияқты), бірде (я бір же- Рі) бұрқылдап, бірде (я бір жері) саркылдап қайнаудың Дыбыстық та, бейнелік те керінісі білінеді. Салдыр-күл- дір, сатыр-күтір сияқтанған сөздердің де қүрылыстары 'Мен мағыналарынан осыны байқауға болады.

Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың

347




не ашық, не кысац болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы, есік сарт етіп жабылды
және есік сырг етіп жабылды деген сөйлемдерде құрылыс жағынан ещ- , қандай айырма жоқ бола турса да, мағына жағынан бір-бірінен, сәл де болса, ерекшеленіп тұр. Ол ерекше- лік: сарт және сырт деген сөздердің дауысты дыбыста- рына ғана байланысты, демек, сарт етіп жабылғаннан есіктің қатты жабылғаны, яғни құлаққа естілетін ды- быстыц катты шықканы, ал сырт етіп жабылғаннан есік- тің дыбысы ақырын шыққаны аңғарылады? Ал есіктің қатты я ақырын жабылғандығын (соған сәйкес дыбы- сын да ажыратып дифференциялау) білдіріп тұрған нәрселер түбірлердің дауысты дыбыстарының я ашық, я қысаң болуына ғана байланысты. Екінші сөзбен айт- қанда, еліктеу сөздін, түбіріндегі дауысты дыбыс ашық болса, күлаққа келетін табиғат дыбысы да қатты естіледі — қысаң болса,— ақырын естіледі. Осыған сәй- кес сол сөздін. мағынасы да ажырайды (дифференцияла- нады). Ондай сөздердің мағыналарындағы айырмашы- лықты білу үшін, қосымша, мысалы, тарс және тырс, іиақ-іиақ және шық-іиық, шаңқ-шаңқ және иіыңқ-іиыңц, қарш-қаріи және ңырш-қырш, борт-борт және бьірт-бырт деген сөздерді салыстыруға болады.

Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты flbi6bicTap-J дың я жуан, я жіңішке болуы да сездің мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді, шіңк-шіңк етеді дегендердін. мағыналарында айырмашылык бар. Шіңк- шіңк дегендегі дауысты дыбыстың жіңішке болуынан еліктеуіш сездің мағынасы сәл өзгешерек болып түр, демек, одан дыбыс әлсіз болатыны, соған сәйкес, лаж- сыздықтан ащы келетіні аңғарылады. «Тоіыз тоңқылдақ және бір шіңкілдек» деген ертегіде зорлықшыл, кара күш иесі тоғыз жігіттің тоңқылдақ делініп аталуы, күші аз, әлсіз, бірақ тәсілшіл бір жігіттің шіңкілдек делініп аталуы кездейсоқ нәрсе емес. Мүндағы тоңқылдақ де- ген зат есім бастапқы тоңқ деген еліктеуіш сезден, іиіҢ- кілдек деген зат есім бастапқы шіңк деген еліктеуіш сөзден шыққан. Солай болса, еліктеуіш сөздерден жүр- нақ арқылы жасалған туынды сөздердің де семантика- лық мағыналары, жоғарыда айтқандай, олардың түбір' леріндегі дауысты дыбыстарға байланысты болады.

Ауызекі тілде адамның көніл күйіне, эмоциялык. жа" йына байланысты еліктеуіш сөздердің кейбір дыбыста- рының айтылуында ерекшеліктер болады. Ашық дауйс'

348

ты еліктеуіш сөздердің дауысты дыбыстары созылып айтылады, мысалы: сарт ете түсті
дегенді саарт ете түс- ті деп, тарс ете түсті дегенді таарс ете түсті деп түбірдегі а дыбысын созып, ал қысаң болса, соңғы дауыссыз ды- быс созылып айтылады, мысалы: тыз ете түсті, тырс ете түсті, шыж ете түсті, іиыр ете түсті, иіың ете түсті де- ген сияқтыларды ауыз сөзде соңғы, з, с, ж, р, ң дыбыс- тарын созып, мысалы, тызз, тырсс, шыжж, іиырр, іиыңң деп айтуға болады.

Еліктеуіш сездер ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көр- кем әдебиетте өте жиі қолданылады, мысалы: Социалис- тік индустрияның дөңгелегі зыр жүгірді (Мұстафин); Күн көрістің ескі тәсілдері, ескі салт-сана, әдет-ғүрып іиірік шүберектей дыр-дыр жыртылып жатты (бү да); Колхоздың қара сабалары күмп-күмп пісілді (бү да); Кешікпей тағы да мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Ғ. Сланов); Боз, күрең, жирен, ала, шүбар, Өтеді ауыз- дығын ңарш-ңарш шайнап (Жамбыл).

Сейтіп, еліктеуіш сөздер дегеніміз — езіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты (формалық структурасы) бар, дара түр- леріне де, қосарланған түрлеріке де кептік, тэуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын (түр- йенбейтін), сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатык және бастапқы түбірлерінен жұркақтар арқыльг туыкды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

ә) Бейнелеуіш сөздер

Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пайда бола- тын түсініктердін. аттарығі білдірсе, бейнелеуіш сездер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі елес, қүбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің атта- рын білдіреді.

Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті; іріміиік аузынан салп етті деген сейлемдерді алайық. Мүндагы қсірқ де- ген сөз — қарғаның дауыстауынан естілген дыбыстың атын аңғартатыны, соған сәйкес, еліктеуіш сөз сол түсі- ніктің атауы болатыны жоғарыда айтылды. Ал осы са- Лалас сөйлемнің екінші жартысындағы салп деген сөз ДЬібысты емес, қарғаның аузынан ірімшіктің жерге ка- ^Рай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесғн, с°л көріністің бейнесін білдіреді. Екінші сөзбен айтқан- ^аі салп деген сөз ірімшіктің жерге тез түсіп бара жат-

349




кан кезінде көзбен көру қабілеті арқылы қабылданған көріністің, онын бейнесінін. атауы есебінде қызмет етеді.

Екінші бір мысал алайық: 'Кенеттен шықңан. дауыс- ңа Ботагөз «ә» деуге үлгермей, журісін кілт тоқтатып, жалт қарады
(С. Мүканов) дегендегі кілт және жалт деген сөздер де қалай токтағандықтын және қалай ка- рағандықтын. бейнесін керсетеді.

Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы бейне-кө- рінісін ғана емес, әрі шапшаң (аса тез) болатынын да білдіреді. Бұл сездерге де белгілі-белгілі көріністің, қп- мылдың бейнесі негіз болады. Мысалы: бірдеме елең ет- ті; от жалт етті; жсіпсілақ жалп етті дегендердегі елең, жсілт, жалп деген сөздер белгілі көріністің бейнесін де, олардың тез болу ерекшелігін де білдіреді.

Еліктеуіш сөздер сиякты, бейнелеуіш сездер де ко- сарланып қолданылады да, солар аркылы бейнеленетін кұбылыстардың бірнеше рет кайталанғанын білдіреді. Мысалы: елең-елең, жалп-жалп, жалт-жалт, жылт-жылт, қылт-қылт, лап-лап т. б.

Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де қайталанған екінші сыңарының ашық дауысты дыбысы кысаң дауысты еріндікке айналып, іс-қимылдьщ бейне- сіиің бірде олай, бірде бұлай болып алмасып отыраты- нын білдіреді, мысалы: жалт-жұлт, жалп-жұяп, қалт- қулт т. б.

Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердін, де түбіріндегі дауысты дыбыстын. ашық я қысаң болуы не- месе жуан я жіңішке болуы сол сөздердің мағыналары- на әсер етеді. Мысальг. От жалт етті және от жылт етті дегендердегі жалт деген сөзден көру қабілетінің күшті екендігі аңғарылса, жылт деген сөзден көріністің әлсіз болатыны аңғарылады.

Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сездердің де гүбірікдегі дауысты дыбыстардың ашық Оолуы қэзға- лыс пен әрекеттердің еребейсіздігін, дөкірлігін, одтай- сыздығын, епсіздігін білдірсе, дауысты дыбыстардын кысак болуьі әрекет-қозғалыстын. м а р ды м с ыз д ы ғын, өнімсіздігін білдіреді. Мысалы: арбаң-арбаң, талтаң-

талтаң, тарбаң-тарбаң, одыраң-одыраң деген сөздердіи мағыналарын сол реті бойынша ербең-ербең, тылтЫҢ' тылтың, тырбың-тырбың, едірең-едірең деген сөздердін мағыналарымен салыстырып байқауға болады. АлдЫЯ' ғы топ пен сонғы топтың мағыналарында, әрине, айыР'

350

машылық бар. Өйткені Нұрқожа талтаң-талтаң басып келеді екен (С. Мұқанов) деген мен Нурқожа тылтың- тылтың басып келеді екен дегендердегі талтаң-талтаң мен тылтың-тылтың дегендердін мағыналары тең емес.

Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сездердін. де түбіріндегі дауысты дыбыстардың жуан я жінішке бо- луы олардың мағынасында айырмашылық болатынын андагады, мысалы: жалп-жалп етеді деген мен желп- желп етеді дегеннін, осыдан туған жалпылдайды және желпілдейді деген сөздердің мағыналары тең е.мес. Ал- ғашқы көріністен күшті, дерекі, епсіз бейне байқалса, сонғыда әрі нәзік, әрі майда бейне елестейді,

Еліктеуіш сездер сияқты, бейнелеуіш сездердің де бастапқы дара түбіріиеде, қосарланған түрлеріне де сөз байланыстыратын (кептік, септік, тәуелдік, жіктік) жал- ғаулар тікелей қосылмайды. Демек, еліктеуіш сөздер тә- різді, бұлар да — түрленбейтін сөздер. Еліктеуіш сөздер сняқты, бейнелеуіш сездер де ешбір ©згеріесіз тікелей етістіктермен тіркесіп, я дара мүше (жалт қарады, жалт- жалт қарады) болады, я күрделі мүшенің кұрамына ене- ді (жалт етті, жалт-жалт етті). Бүлар да, еліктеуіш сез- дер сиякты, дербес мүше болса, эрқашан сын-қғшыл пы- сықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы, темендегі сөйлемдердегі бейнелеуіш сездер кілең пысыктауыш бо- ‘лып тұр: Ыңырсып колхозының төрт түлігі Ауылдан маң-маң басып өріске өрді (Жамбыл); Аттылар буры- лып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жүцыр сәлем берісіп амандасып қалды (М. Әуезов);

Сөйтіп, бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыс- тар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарык көру ка- білеті аркылы қабылдакған бейне-көріністердің атаула- рын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді ай- тамыз.

§ 104. ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕРДЩ ФОНЕТИКА- МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

а) Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері

Еліктеуіш сездердің дыбыстық ерекшеліктерін сез еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс: 1) дыбыстык ^Ұрамы, 2) буын жігі, 3) айтылу ырғағы.

Еліктеу сөздердің дыбыстық кұрамында, демек, олар-

351




дын дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп ка- лыптаскан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге бола- ды. Оған еліктеу сөздердің мысалы, мынадай үлгілері айғақ.

  1. Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б.

  2. Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт, шырт т. б.

  3. Жап, жып, лап, лып, can, сып, тап, топ, тып, шап т. б.

  4. Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, ірк т. б.

  5. Аңқ, еңк, дөңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ, суңқ, іиаңң, іиіңк, ыңқ т. б.

  6. Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк т. б.

  7. Балп, болп, былп, елп. жалп, желп, жылп, салп, сылп, шалп, шолп, шылп, үлп т. б.

  8. Жамп, күмп, қомп, томп, тымп, сымп т. б.

  9. Даң, дуң, тың, қаң, ңүң, маң, шаң, шүң, шың т. б.

10. Ар, быр, дар, дыр, dip, күр, қор, қыр, сыр, шар,

  1. Баж, быж, бұж, гүж, күж, қыж, шаж, шыж т. б.

  2. Ақ, бақ, бық, қақ, қық, сақ, тық, шаң, шық т. б.

  3. Жалт, жылт, кілт, қылт, мьиіт, сылт, талт, тылт т. б.

  4. Гу, ду, зу, лау, сау, су т. б.

  5. Барп, борп, қорп, сарп, тарп, тырп т. б.

Бұл үлгілерде көрсетілген еліктеу сөздер, әрине, не-' гізгі түбір формалар. Бұлардан басқа да формалар бар. Мысальг алш, былш, қаліи; ыз, тыз, ыс; кіс, пыс, тыс
тәрізді сан жағынан аз болғанымен де, көптеген туынды сездердің жасалуына негіз болган (мысалы: алшы, ал- шаң, ызың, ызыл; ысқыр, пысына, кісіне т. б.), сондай- ақ, әуелгі түбірлері туынды сөздермен біте қайнасып ажырамайтын болып кеткен формалар да көп. Мысалы салдыр-гүлдір, балдыр-былдыр, жымың-жымың. сопақ, тырбаң, ыржаң сияқтанған сездердің түбірлері қазіргі тілде жеке колданылмайды.

ә) Еліктеу сөздердің морфологиялық сипаты

Еліктеу сөздер, сыртқы морфологиялык құрылысына карай, жалаң да, күрделі де болады.

Жалан. еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға белінеді.

Негізгі еліктеу сөздер деп айкаладағы табиғат кұбы- лыстарын құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыс- тардан жэне көзбен көру арқылы қабылданған елес-кв'

352

рінісгердің бейнелерінен пайда болған түсікіктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атау- лары есебінде қызмет етегін түбір сөздерді айтамыз.

'Мұндай негізгі еліктеу сөздер, практикалық тұрғыдан алғанда, казіргі кезде тиісті морфологиялық бөлшек- терге сараланбайтын бір тұтас тұлға сияқтанып келеді. Оларға жоғарыда көрсетілген 15 т-үрлі үлгіге тән формалар және олардан өзге де бір алуан формалар жа- тады. Мысалы. ар, ыр, арс, ырс, борс, бырс, бүлт, былк,, дүрс, дік, дүңк, күрс, күмп, кірт, елп, жалт, жарқ, зырқ, қалт, кілт, лып, лап, морт, мырс, мүлт, мыңқ, салп, саңқ, сыңқ, селк, солң, сарт, сырт, таңқ, тыңң, шалп, шылп, іиаңқ, шыж, ырс, ыңқ,
тағы басқалар.

Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш (атаушы) сөздерден де тиісті жүрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы: алшаң, арбаң, арсалаң. агараң, бал- паң, болпаң, дікең, елпең, жалтаң, жортаң, жалпаң, жылмаң, ирелең, көлбең, кірбең, қалтаң, қолбаң, қор- жаң, қызараң, қылмаң, қьитың, салбаң, салтаң, сылтаң, тарбаң, тарбалаң. ырсаң, ыржаң т. б.

Сөйтіп, туынды еліктеу сездер түбір (негізгі) елік- ітеу сөздерден де (мысалы: жалт-аң, арс-алаң, балп-аң, ^олп-аң, елп-ең, жылт-ың, қалт-аң, сьілт-ың, ырс-алаң г. б.), өзге атауыш сөздерден де жасалады (мысалы: ағар-аң, қызар-аң, иір-елең, бұра-лақ, соз-алаң т б ).

Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақта-р мы- налар:

  1. -ң, -ың, -ің, -аң, -ең жүрнағы. Бұл жұрнақ арқылы гуынды еліктеу сездер жасауға мынадай формалар не- гіз болады:

а) Негізгі (түбір) еліктеу сөздер. Бұлардан жасалған гуыкды формаларға мынадай еліктеуіш сездер жатады: йрс-аң, ырс-ың, борс-ың, борт-аң, бырт-ың, барп-аң, Ъолп-аң, елп-ең, жалт-аң, жымп-ың, томп-аң, быж-ың, ^ілт-ің, мырс-ьің, қалт-аң, қорс-аң, тарс-аң, корп-аң [. б.

ә) Кейбір атауыш сөздер (есімдер мен етістіктер). ^ларға, мысалы, мынадай туыиды еліктеу сездер жата- 5ьг. ала-ң, ағар-аң, былға-ң, дал-аң, домала-ң, жайқа-ң, 'иайна-ң, зкырт-ың, иір-ең, көлбе-ң, қара-ң, қызар-аң, ^рбе-ң, сыла-ң, шаңқа-ң т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет