k б) Кейбір жеке-дара қолданылмайтыи формалар. Он-
рй формалар бейнелеу етістіктеріне де және баска есім-
353
дерге де негіз болған. Ол формалар қазіргі кезде жеке- дара түбір есебінде қолданылмайды, бірақ бастапқы кездерде еліктеу (бейнелеуіш) сездердін түбір форма- лары болған деп жорамалдауға болады. Оларға, мыса-' лы, мынадай туынды еліктеу сөздердің түбірлері жатады: арб-аң (арбай), ерб-ең, (ерби), жарб-аң іжар- би), кірб-ең (кірби), қорб-аң (қорби), -адыр-аң (адырай, адырақ), ажыра-ң (ажырай), бадыра-ң (бадыран, ба- дырақ), бажыра-ң (бажырай), майм-аң, (майми, май- мақ), кірж-ің (кіржи, кіржік), қайқ-аң (қайқай, кайқи, қайқы, қайқақ), қиқ-аң (қиқаң, қиқи, қиқақ), күрж-ің (күржн күржік), ңылм-ың (қылми, кылымсы), соп-аң (сопай, сопи, сопақ), сид-аң (сиди, сида), іиоіи-аң (шо- шақ, шоштиған) т. б.
-лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары кейбір етістік- терге жалғанып, туынды еліктеу сөздер жасайды, Мыса- лы: бур-алаң, иір-елең, соз-алаң, шұба-лаң, ора-лаң т. б.
Күрделі еліктеу сөздер деп жалац еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз.
Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формалары- на қарай оларды мынадай негізгі төрт топқа бөлуге бо- лады:
арс-арс, борт-борт, быж-быж, гүр-гүр, дур-дур^ дір-дір, жарқ-жарқ, жалт-жалт, елп-елп, зыр зыр, зырқ- зырқ, лап-лап, лып-лып, маң-маң, күмп-күмп, күрс-курс, селк-селк, тарп-тарп т. б.
арс-урс, баж-буж, жарқ-жұрқ, шап-шуп, шалп- шулп т. б.
арбаң-арбаң, алшаң-алшаң, ағараң-ағараң, далаң- далаң, елең-елең, елбең-елбең, ербең-ербең, балпаң-бал- паң, бортаң-бортаң, бүрсең-бүрсең, жалаң-жалан, жал- баң-жалбаң, жалтаң-жалтаң, қызараң-қызараң, көлбең- көлбең, қожаң-қожаң, қоқаң-қоқаң т. б.
Арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, адыраң-едірең, Қиңаң-j қиқаң, олпаң-солпаң т. б.
Еліктеу сөздерден ©зге сөз таптарына тән баскд да жаңа сездер жасалады. Мысалы: тарсыл, дүрсіл, күрсіл, тырсыл, бажыл, шыжыл сияқты зат есімдер -ыл (-іл) жұрнағы арқылы тарс, дүрс, күрс, тырс, баж, шыж деген еліктеуіш сездерден жасалған. Сондай-ақ, жалтақ, бу*' тақ, шыжық, бурқақ сияқты есімдер де жалт, булт, шьЛ бурқ деген еліктеу сөздерден -ақ (-ық) жұрнағы аркыль1. туған. Еліктеу сөздерден басқа сөз таптарына тәи осый‘1
354
дай туынды сөздер жасайтын басты-басты жұрнақтар мыналар:
-ыл -іл (ырыл, бажыл, дарыл, дүріл, гүріл, күрсіл, тарсыл, тырсыл, қорсыл, сыртыл, күжіл, іиыжыл, ыңқыл, сүңқыл, шүңкіл, сырыл, пысыл, бақыл, зуыл, суыл, гуіл, іиарыл. иіырыл, шіңкіл, дүңкіл т. б.).
-ыр, -ір (жалтыр, жылтыр, былбыр, сылбыр, та- қыр. тықыр іиақыр, иіықыр, сытыр, т. б.).
-ақ, -ек, -ық, -к (адырақ, елбек, бүлкек, бүлтсщ, ясалтақ, қаліақ, салпақ, бүрқақ, ыржақ. қылжақ, тар- баң, балпаң, жалпақ, қалпақ, қоқақ, тықақ т. б.).
-ғыр, -гір (даңғыр, дьщғыр, дүңгір, қаңғыр, мың- гыр, сыңғыр, иііңгір т. б.).
-кыр, -кір (бақыр, кекір, шақыр, жекір, өкір, түш- кір. пысқыр, осқыр, ысқыр, т. б.).
-ыра, -іре (балбыра, былбыра, елбіре, желбіре, салбыра, сылбыра, жылбыра, үлбіре, солбыра, қолбыра, бүрқыра, жарңыра, күркіре, дүркіре, эырқыра, сырқыра, маңыра, мөңіре, еңіре т. б.).
-ырай, -ірей (бақырай, бақшырай, шақырай, түкьі- рай, кскірей, кекшірей, бүкірей, тьщырай, шоқырай, қо- қырой, бажырай, күжірей т. б.)-
-ый, -ій (арби, ерби жарби, тарби, арси, ырси, тор- си, тырси, жылти, қылти, кілти, қылқи, кеңки, теңки, бырти. қоңңи, шоңқи, быржи, қоржи т. б.).
-й, -ай, -ей (арбай, адырай, едірей, ежірей, қоқай, шоқай, сбпай, қиқай, крңай, балпай, жалпай т. б.).
-да, -де'арбаңда, ербеңде, бураңда, ирелеңде, сүй- релеңдс, жалпаңда, адыраңда, қоқаңда т»б.).
Еліктеу сөздерден баска туынды сөздер тудыратын өзгеөнімсіз жұрнақтар да бар. Мысалы: кісіне, қужына, быжына, пысына етістіктерін алсақ, олар -ыка (-іне) кұрнағы арқылы кіс, қуж, быж, пыс деген еліктеу сөз- Дердеіі жасалған.
Еліктеу сездерден сөз тудыратын жұрнақтардың кей- 5іреулері жалаң, кейбіреулері қүранды болып келеді. Мы- іалы, жалтыра, салбыра, сылбыра, былбыра дегендердегі ■ьіра жүрнағын -ыр (жалтыр, салбыр, сылбыр, былбыр) ‘Дәне -а (жалтыра, салбыра...) деген екі жалаң жұрнақ ten қарауға болса, елбіре, үлбіре дегендердегі -іре жұр- йағын теориялық жағынан олайша бөлшектеуге болға- “ымеіі, практикалық жағынан саралап боршалауға бол- ^йды. Сол сияқты, кекірей, бүкірей, тықырай, тыжырай ргендердегі -ырай (-ірей) жұрнағын саралап, -ыр (-ір)
355
және -ай (-ей) деп белшектеуге әбден болады (кекір, ты- қыр, тыжыр). Ал, кекшірей, бүкшірей, тықиіырай, бажы- рай, күжірей дегендердегі -ырай (-ірей) формасын олай бөлшектеуге болмайды.
Қазіргі кезде жеке-дара сез (түбір) ретінде қолда- нылмайтын кейбір түбірлер көптеген туынды есімдер мен туынды етістіктердің жасалуына негіз болуымен катар, туынды еліктеу сөздердін. жасалуына да непз болады. Мысалы, қоқиған, қоқырайған, қоқсыған, қоқшиған, қоқ- іиырайған деген етістіктердід де, қоңым, қоқыс, қоңтық, қоқай, қорқыр, қоқақ деген есімдердің де, қоқшаң, қоқы- раң, қоқшыраң дегеи еліктеу сөздердің де бастапкы түбірі — қоқ деген форма. Ал осы туынды сездерден жүр- нақ арқылы туатын езге формаларды сөз етпей-ақ (мысалы: қоқаңдаған, ңоңшыраңдаған т. б.), ңоқақ-қо- қақ, қоқаң-қоқаң, қоқіиаң-қоқіиаң, қоқыраң-қоқыраң, ңоқшыраң-қоқшыраң, қоқым-соқым, қоқыр-соқыр, қоқақ- іиоқақ, қоқтық-соңтың, қоқаң-соқақ тәрізді қосарланған формалар жасалатынын еске алсак. осындай «бейтарап» түбірлердің де сөздікті байытудағы кызметі мол екенін бағдарлаймыз.
§ 105. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ
Еліктеу сөздердің синтаксиетік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мәселе баяндалуға тиісті: оныц бірі — еліктеу сездсрдің өздерінен баска қандай сөздермен тіркесетіні, екіншісі — еліктеу сездердіи сөйлемде кандай мүше бо- лып қызмет атқаратыны. Ал бұл екі мәселе жайында антылатын қағидалар мынадай:
Еліктеу сөздін жалаң түрі мен күрделі (қосарлан- ган) түрінің қай-кайсысы болса да өздеріне тән атау фор- мада түрғанда бірен-сарандаған жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сездер етістік атаулының бәріне бірдей тіркесе бермейді. Онын жалан (дара) түрі де, қосарланған түрі де езге етістік- термен таңдап тіркессе де, ет көмекші етістігімеи еркін тіркесе береді. Мысалы: Жанып жатқан от майлы көбік тамғанда, пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қайтадан тез лап етіп жанды (С. Сейфуллин); Боқай келіниіегінің сө' зіне мыщ етпеді (Ғ. Мұстафин); Қорыққаннан. ба, тоЦ' ғаннан ба урядниктің исгі иегіне сақ-сақ етті (С. Мұка' non) т. б.
356
Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктер- дін бәрімен де бірдей тіркесе бермейді, олардың ішінен тек ездерінн. мағыналарына орайласатындарымен ғана еркін тіркеседі. Мысалы: Абай селк етіп жалт ңарады Щ. Әуезов); Машина кілт бүрылды (С. Шаймерденов); Цасым жалт ңарап жалтарып, Қалиқаға қосыла кетті (С. Ерубаев) т. б.
Еліктеу сездер етістіктерден езге сездермен некен- саяктап кана тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сиякты сез таптарымен тіпті тіркеспейді. Мысалы- Қүңгірт сөй- леген шаңда-шұң дауыс шықты (С. Сейфуллин); Кым- қиғаиі қиқу, сарт-сүрттөбелес болды да қалды (С. Ке- 'беев).
Еліктеу сездердін сөйлемде қандай мүше қызыме- тін атқаруы олардың өздерінен баска қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Өйткені, жоғарыдағыдай, шаң- шүң дауыс іиықты (С. Сейфуллин); Сарт-сүрт төбе- лес болды да қалды (С. Көбеев) дегендердегідей, зат есімдермен тіркесіп, орын жағынан олардан бұрын тұрып колданылатын шаң-шұң, сарт-сүрт тәрізді еліктеу сөз, эрине, анықтауыш болады. Ал, еліктеу сөздер негізінде етістіктермен тіркесетін категория болғандықтан, олар- дың негізгі синтаксистік қызметі де сын қимыл пысық- тауыш екендігі күмәнсыз. Еліктеу сөздің жалаң (дара) күрі мен күрделі (косарланған) түрі кемекші етістікпен де, негізгі етістікпен де тіркесе береді. Ет көмекші етісті- гімен тіркесетін еліктеу сөздер қашан да болсын кұран- ды мүшенің құрамына енеді де, сол кұрам, ет көмекші етістігінің қай формада тұруына карай, тұтасымен тұрып йр күрделі мүше болады: Мысалы: Сергей Петрович елең *тті (Ғ. Мұстафин); Қараңғылықтан ңылаң етіп бір Уттылы адам шыға келді (С. Ерубаев) деген сөйлемдер- дегі елең етті тіркесі баяндауыш болса, қылаң етіп тір- кесі пысыктауыш болып тұр т. б.
Дербес мағыналары бар негізгі етістіктермен тіркес- №нде, еліктеу сөздер қимыл мен іс-әрекеттің сын-сипатын Йлдіреді де, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мыса- ®ьі: Абай кілт бұрылып, жалт қарады (М. Әуезов); ^тшы жігіт мырс-мырс күледі (С. Көбеев); Ардақ томп- г°ш. желеді, екі ұрты бүлк-бүлк қозғалады (Ғ. Мұста- РИн).
Еліктеу сөздер субстантивтеніп, есім формаларында ^Ұмсалуы мүмкін. Мысалы: Осы сөзден соң Жігітек екі '^чйылықтан, былқ-сылңтан арылып, сөзді бір арнаға
357
туйген-ді (М. Әуезов); Жер бетінде болатын шақыр-шү- қыр, жарң-жұрңтың бәрі де сарайларға қамалып, ңазір бір улкен думпудің тұтасқан гуілін ғана естисің (Ғ. Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі субстантивтеніп, шы- ғыс септік формасында жұмсалған былқ-сылқтан дегеп сліктеу сөз толықтауыш болады да, ілік септік фбрма- сында тұрған шақыр-шұқыр (жалғауы жасырынып тұр), жарқ-журқтың деген еліктеу сөздер анықтауыш болып қызмет атқарып түр.
Хі т a р а у КӨМЕКШІ СӨЗДЕР
§ 106. КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағынала- ры я әр түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде (сөйлемде) жеке-дара тұлға есебінде колда- нылмай, тек толық мағыналы (атаушы) сөздермен тір- кесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмеі атқаратын сөздерді айтамыз.
Көмекші сездерге тарихи (динамикалық) даму түр- гысьшан да талдау жасауға болады. 4
Тарихи шығу теркіні жағынан қарағанда, кемекші сездердің бәрі де атаушы сөздерден, демек, әуелдегі дер- бес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шык- қан. Бұл процесс тілдің бүкіл даму тарихында кейбір есім. етістік формаларының бастапқы лексикалық ма- ғыкалары бірте-бірте әр түрлі дәрежеде солғындап неме- се жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуы негізінде болып отырған. Бұл процесті көмекші сөздердін. ішкі мағыналық жағынан дамуын ғана емес, көпшілігінің сыртқы формалары жағынан да дамып, тиіс- ті өзгерістерге ұшырауынан байкауға болады.
Ал, қазіргі кезде өз алдына категория болып қалып- таскан көмекші сөздердіц сыр-сипаттарын анықтағанда, әдетте, олардың ішкі лексика-семантикалық мағыналарЫ және сыртқы тұлға-түрпаттары мен грамматикалық кыз- меттері сөз етіледі.
Сөйлемде өз алдына жұмсалмай, өзге сөздермен тіР' кесіп қана қолданылатындықтан, көмекші сөздер теК атаушы (толық мағыналы) сөздермен салыстыру арка-,
358
сында ғана жеке-дара сөз есебінде беліне алады. Мыса- ды: Бақанас өзені мен Жәнібек өэенінің екі арасьі тай шаптырымдай-ақ жер (М. Әуезов); Жеті іріңдей ат түгіл, жеті тулақ та ала алмай улып қайттық (бұ да) де- ген екі сөйлемнің алғашқысын алсақ, ондағы мен, -аң, тугіл, та сөздері лексикалық мағыналары жағынан да, грамматикалық қызметтері жағынан да атаушы сөздер- ден, әрине, өзгеше. ! Ал ол өзгешелік — бұл сөздердің дексикалық та, грамматикалық та сипаттары жеке-дара тұрғанда айкындалмай, тек атаушы сездермен тіркес- кенде ғана, солардын аркасында ғана анықталады. Мы- салы, жоғарыдағы мен, та тәрізді сөздер жеке-дара тұр- ғанда дербес лекснкалық үғымдарды білдіре алмайды, тек әр алуан қатыстық мағыналарды ғана білдіреді және оларда синтаксистік жағынан да дербестік бол- иайды.
Өзді-ездеріне тән лексикалық және грамматикалық мағыналары олқы болғандарымен, бұл сөздердің атқа- ратын қызметтерін басқа категориялардың бірде-біреуі, мысалы, атаушы сездер де, өзге грамматикалық форма- лар да (қосымшалар да) атқара алмайды.
Бүл сездердің көмекшілік қызметтері, тарихына қа- рағанда, әрине, олардын әрдайым атаушы сөздермен тір- ьесуге бейімделуі нәтижесінде пайда болған. Соның ар- қасында көмекші сездер, бір жағынан, лексикалық ма- ғыналары солғындап, екінші жағынан, грамматикалық қызметі ауысып, өз алдына категория болып қалыптас- қан. Осындай категориялық ерекшеліктеріне қарай, де- мек, үнемі жәрдемші сездер есебінде қолданылуларына Карай, олар көмекші сөздер деп аталады. 4
Көмекші сөздердің кейбіреулерінде, грамматикалық иағынадан гері лексикалык мағына басым болса, кейбі- реулерінде, керісінше лексикалық мағынаға қарағанда, грамматнкалық мағына басым болады. Осы қағидаға сәйкес, лексикалық мағынасы басым көмекші сездер, адетте, атаушы сөздерге бір табан жақын тұрады да, грамматикалық мағынасы басым көмекші сөздер семан- ійка жағынан олардан (атаушы сөздерден) аулакта- ^ып, таза грамматикалық кызмет атқаратын формаларға ІҚосымшаларға) бір табан жақын түрады. Бүған, ^ысалы, көмекші сөздердін кейбіреулері әрі атаушы сөз Ретіндс, әрі көмекші сөз ретінде қызмет ететіні (жан, кет, бер, қой, әрі, бері, соң т. б.), кейбіреулері тек 'ана көмекші сездер ретінде жүмсалатыны (дейін, үшін,
359
сайын, ғана т. б.) да айғақ бола алады. Осындай ерек- шеліктеріне карай, алғашқылары өздері тіркесетін атау- шы сөздерге қосымша лексика-грамматикалық мағына (рен.) үстеп, аналитикалық тәсіл арқылы күралған бір- тұтас лекснка-грамматикалық күрделі тұлғаның кұра- мындағы кемекші компонент есебінде жұмсалса, соңғы- лары көбінесе таза грамматикалық мағына ғана жамал- ған күрделі аналитикалық форманың құрамындағы көмекші компонент есебінде қызмет етеді.Юсы белгіле- рімен байланысты, кемекші сөздер, ен. алдыМ^н, атаушы кемекшілер (көмекші сөздер) және шылаулы кемекші- лер (шылау сөздер) деген екі топқа бөлінеді.
Жоғарыда айтылғандай, грамматикалық мағынадан гөрі лексикалык мағынасы басым болғандықтан, атаушы көмекшілер ©здері тіркесетін атаушы сөздерге қосымша лекснка-грамматикалык мағына үстейді. Мысалы: уйіші, тау асты, жұмыс басы, оқып бер, жазып ал, оқып шық деген күрделі формалардың әркайсысының соңғы ком- поненттері алғашқы компоненттеріне косымша лексика- грамматикалық мағына жамап тұр. Сол себептен осы күр- делі формалардын қай-кайсысына болса да тиісті кате- горияларға тән грамматикалық формаларды жалғастыра беруге болады. Мысалы: үй іиііне, уй ішінің әңгімесі, тау астында, жумыс басынан деген тәрізді формалар, ды қажетіне қарай қолдана беретініміз сияқты, оқып бердім, жазып алған екен, оқып шыңса деген форма- ларды да қолдана береміз.
Бұл күрделі (аналитикалық) формалардың құрам- дарындағы көмекші сөздер де, әрине, біркелкі емес. Өйт- кені олардын. алғашқы үшеуінің құрамындағы іші, асты, басы сездері лексикалық мағыналары тек солғындағағ көмекші есімдер болады да, олар семантикасы жағынағ да, түрлену үлгісі жағынан да, қызметі жағынан да заі есімдерге әрі ұқсас, әрі жакын болумен қатар, үнем сол есімдермен тіркесіп жұмсалады Ал, бер, ал, шыһ сөздері, лексикалық мағыналары солғындаған көмекш етістіктер болғандықтан, семантикасы жағынан да, түр лену үлгісі жағынан да, қызметі жағынан да негізгі етіс- тіктерге әрі ұксас, әрі жақын болумен бірге, үнемі соі етістіктермен тіркесіп қолданылады.
/Осыған орай, көмекші сөздердің бүл тобы іштей кө- мекші есімдер жэне кемекші етістіктеі деген екі салаға белінеді.
Грамматикалық сипаттары мен формалары жақта
360
рынан өздерінің шыққан теркіндерінен біржола кол үзіп кетпегендіктен, көмекші есімдерді зат есімдермен бай- даныстыра қарау теорлялық жэне практнкалык жақта- рынан қандай қолайлы болса, көмекші етістіктерді не- гізгі етістіктермен байланыстыра қарау да сондай орай- лы Сол себептен де, бұл жағдайларды еске ала отырып, оларды зат есім мен етістікке арналатын тиісті гарауларда талдау мақұл деп саналады. Бірак бұған карап көмекші есімдер мен кемекші етістіктерді көмек- щі сөздер емес екен деп есептеуге болмайды. Өйткені ке- мекші есімдер мен көмекші етістіктердің семантнкалық жағынан да, синтаксистік жағынан да олқы көрініп, өз алдарына дербес сөздер есебінде колданылмау ерекше- лігі — тек оларға ғана емес, жалпы көмекші сез атау- лыныц бәріне де тән касиет. Лл, көмекші есімдер мен кемекші етістіктерде бұл екі қасиеттің екеуі де бар! Онын. бер жағында, кемекші сөздердің әрбір тобын алсак, олардың ©здерінде де семантикалық және синтак- систік дербестік біркелкі емес. Мысалы, ал, бер, кел тә- різді кемекші етістіктер мен бол, еді, де кемекші етістік- тері, кай жағынан болсын, өзара еш уақытта да бірдей де, біркелкі де бола алмайды.
Шылау свздер дегендеріміз — ішкі мазмұндары жа- ғынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, ?*,ызметтері жағынан да ©здерінің бастапкы шыққан төр- кіндерінен біржола қол үзіп. әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқағі және жалпы көмекші сөз- дер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөз- дер. Шылау сөздер есімдерге де, етістіктерге де жақын- даспай, ез алдына оқшауланып, жеке топ болып отыра- іды. Сол себептен бұл топқа, шылау сөздерге, төменде Іарнайы талдау жасалады.
§ 107. ШЫЛАУЛАР
Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағынала- |Ры солғындап, ©здеріне тән әуелгі дербестіктерінен ай- Эылып кемекші сөздер қатарына көшуіне, сайып келген- Іе, олардың практикалық тілде аса жиі қолданылуы ар- 'Сасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер ^ткен.
1 Шылау сездер ездері тіркескен негізгі (атаушы) сез-
361
дердіц мағыналарын я толықтырып, я анықтап, оларға әр қилы реңктер жамап, айкындай түсіп отырады. Ал шылау сөздердің тиісті тіркестерде айқындалатын осын- дай қосымша мағыналары олардың нақтылы лексика- грамматикалық мағыналары болып есептеледі.
Шылаулар — сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөй- лемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолда- нылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қи- лы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, түлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларда аз да болса, лексикалық мағына- ның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы қа- лыптасқан негізгі қасиеті — грамматикалық мағыйалар. Өйткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лек- сикалык мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым бо- лады. Сол мағыналары олардын өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы өзіндік грамматикалық мағына- ларын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге жәрдем- ші дәнекер есебінде жүмсалады. Сондықтан да шылау- лар өз алдына жеке-дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінін белгілі бір компоненті ретінде атаушы сөз- дердің жетегінде қолданылады.
Шылаулардыц атаушы сөздермен тіркесу қабілеті бәрінде біркелкі емес. Өз бойында лексикалык мағына- сыныи элементтерін молырақ сақтаған, азды-көпті се маігтикалық дербестігі бар шылаулар өздері тіркесетіі атаушы сөздердің негізгі мағыналарына аз да болса Өо үлесін косып отырады. Ал өздерінің бастапқы лексика- лық мағыналарынан тым алшақтап кетіп, семантикалык дербестігін мүлдем жоғалтып алған шылаулар өздері тіркесетін атаушы сөздердің тек формальдык-грамма- тикалык. комноненттері ретінде ғана қолданылады. Мүн- дай шылаулар грамматикалық сипат жағынан аффнкс- терге бір табан жакын болады, бірақ олар атаушы сөздермен тіркескенде жеке сөздік бейнесін жоғалт* пайды.
Тіліміздегі шылаулардың бәрінің атқаратын қызмет- тері де бірдей емес. Олардын бірқатары сөз бен сөздін арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін қызмет етсе, бірсыпыра шылаулар сөз тіркестері мен сейлемдердін арасындағы байланысты айқындаУ үшін дәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер меи сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтау, толыКтаУ үшін я қосымша реңк беру т. б. мақсаттар үшін қолда
362
нылады. Міне, осындай грамматикалық сипаттарына қа- рай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар — сеп- теуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
I. Жалғаулықтар
Жалғаулықтар — дербес лексикалық мағыналары де- рексізденген, бірақ өздеріне тән ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық кызметтері бар шылау сездер. Жалғаулықтардыц мағыналары мен кызметтері де өмірмен байланысты алуан түрлі заттар мен кұбылыстардың аралықтарындағы неше қилы қаты- настардың негізінде туып қалыптасқан да, сол негізде сөйлеу тілінде жарыққа шығып, үнемі керініп отырады.
Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, бірың- ғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің ара- ларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғау- дықтар ец кемі езара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн ненен тун, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандың — болды сегіз (Абай) дегендегі пенен, менен, пен жалғау- лықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей катысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр.
Жалғаулықтар салалас кұрмалас сөйлемдердін кү- рамдарындағы жай сөйлемдерді де өзара байланысты- рып, олардың арақатынастарын білдірудің қызметін ат- қарады. Мысалы: Әліп әлсіреп көзін біраз жүмып жатты да, қайтадан ашты (С. Ерубаев) дегенде да шылауы екі жай сөйлемді жалғастырып тұрғаны аян.
Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтардыц табнғатынэ көз жіберсек, олардың жалпы даму жолы төмендегі ба- гытта болғанын бағдарлауға болады. Біріншіден, дербес мағыналы атаушы сөздер негізгі мағыналарынан айры- лып, сөз бен сөзді, сөз тіркестерін немесе бірыңғай жай сөйлемдердің байланысу жолы мен арақатынасын білді- ретіндей болып десемантикаланады. Мұны аңғару үшін »рі жалғаулығын алайық. Бүл сөз қазіргі тілімізде үстеу сөз екеніне ешкім де шек келтрімейді. Мысалы: Ақырған срң байғүстар әрі тұрды, Қалтасына цолын салып мо- Шн бурды (Абай). Бұл сөздің мекендік мағынасы, тіл- дін қажетіне қарай, өзініц негізгі қызметінін. үстіне қо- Рьімша қызмет жүктеп алып, тағы деген тәрізді мағына- дьіқ реңге көшкен де, үстеу сөз ретінде қолданыла бе-
363
руімен қатар, кемекші сөз — жалғаулыктар катарына да ауысқан.
Екіниііден, кейбір жалғаулықтар белгілі бір түбір сөздорге қосылып қолданылатын әр қилы қосымшалар- мен үнемі жұмсала-жұмсала келіп, сол формаларда әбден тұрақталып, көнелену аркылы әрі түлғасы өзгер- мейтіндей халге жетіп, әрі мағынасы солғындап делекси- каланып, бірте-бірте жалғаулықтарға айналған. Мыса- лы, дегенмен (де-ген-мен), болмаса (бол-ма-са), немесе (не-ме-се), себебі (себеп + і), сондықтан. (сон + дық+ тан), бірде (бір+де), демек (де+мек) секілді жалғау- лықтар бастапқы де, бол, не себеп, сол, бір, де Деген түбірлерге көрсетілген қосымша формалардың дәйім қо- сылып айтылуы аркылы, яғни сол формаларда тұракта- луы арқылы қалыптасудан пайда болған.
Қсйбір жалғаулықтар жеке сөздердің бірігуі немесе кірігуі арқылы да пайда болған. Мысалы, бірақ (бір-ақ), біресе (бір — ерсе) жалғаулықтары әуелгі бір деген сан есімге ак, демеулік шылауы және осы күнгі еді көмекші етістігінің бастапқы ерсе формасынын. бірігіп қалыпта- суы арқылы жасалган. Ал өйткені (өйт + кен + і), өйткен- мен (өйт+кен + мен), әйтпесе (әйт + пе+се) деген жал- ғаулықтар әуелгі олай және ет деген сөздердің әрі тиісті фонетикалық өзгерістерге үшырап ықшамдалып бірігуі? нен, әрі бірікксн формаға — кен+і, кен+мен, -пе+се қосымшаларының үстемеленіп түрақталуынан қалып- таскан.
Кейбір жалғаулықтардың қазіргі мүсін-кескіндері өздерінің алғашқы формалары тиісті өзгеріске үшырап, кейбір дыбыстарының түсіріліп айтылып, мүжіліп, ка- лыптасқандары да байқалады. Мысалы: та (те, да, де) шылауы әуелгі тағы (тағын) формасынан, мен жалғау- лығы менен (әуелде бірлән) формасынан ықшамдалып қалыптасқан.
Жалғаулықтар өзге тілдерден де ауысып келеді. Мы- салы: әм, әлде, я, яки, егер, яғни сияқты жалғаулық шы- лаулар араб және иран тілдерінен ауысып келген бол- са, қүй жалғаулығы орыс тілінен енген.
Ксйбір жалғаулықтар аналитикалық тәсіл бойыншз екі түрлі шылаудан құралып та жасалған. Мысалы: олай, бірақ, өйтсе, әйтсе, сүйтсе шылаулары да шыла' уымен тіркесіп, олай да, бірақ та, өйтсе де, әйтсе де, сүйтсе де тәрізді күрделі шылаулар калыптасқан.
Морфологиялық қүрылысы тұрғысынан алсак, жаЛ'
364
ғаулық шылаулар дара да, күрделі де болып, екі жікке бөлінеді. Дара жалғаулыктар тобына лсксикалық не синтетикалық жолмен жасалған әр қилы формадағы же- ке сөздер жатады да, күрделі жалғаулықтар тобына сөз тіркестері арқылы жасалған күрделі сөздер жатады.
Жалғаулықтардын мағыналары мен функцияларын (кызметтерін) бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Өйт- кені олардын, сөйлемде қолданылуына байланысты ма- ғыналары әрбір жалғаулықтын, функциялық кызметіне орай және соған сәикес саралаиып отырады. Соидықтан жалғаулықтарды өзара жіктегенде, түпкі тірек етіліп олардың функциялық қызметі нсгізге алынады. Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағы- нан, олар: а) салаластырғыш жалғаулықтар және ә) са- бактастырғыш жалғаулықтар деген екі топка белінеді.
а) Салаластырғыш жалғаулықтар. Салаластырғыш жалғаулықтар бірыңғай жеке сөздер мен сөз тіркестерін және бірыңғай сөйлемдерді байланыстырады да, солар- дың өзара байланысу жолдары мен катынастарын көр- сетеді. Осындай байланысу жолдары мен қатынастарын көрсететін салаластырушы жалғаулықтар іштей ыңғай- ластық және талғаулықты болып екі салаға бөлінеді.
Ыңғайластық жалғаулықтар. Ыңғаійіастык жал- ғаулыктар өзара ыңғайласып кұралатын, тен. дәрежеде- гі сөздер мен сөз тіркестерін жалғастырады да, солар- дың ыңғайласқан қатынасын білдіреді. Жалғаулықтын бұл тобына мен (бен, пен), жәнс, тағы, эрі, да (де, та, те), эм шылаулары жатады.
а) Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен) жалғаулығы негізінде бірыңғайласқан есім сездерді, қимыл атаула- рын және кейбір субстантивтенген сөздерді бір-бірімен байланыстырады Мысалы: Қөптен бері Абай бүндай на- мыс пен ыза, алдану мен қиянат, қимастык, пен арлаиу, үялып арланудың неше ңырлы ңысымьш кермегендей (М. Әуезов).
ә) Және жалғаулығы да бір түрлі формадағы жалаи я күрделі зат есім, сын есім, есімдік, етістік сияқты атау- шы сөздерді ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы Кейбір жүмыскерлердің аттары және сауатын сиырлары болмаса, таяуда қара-қүра көрінбейді (С. Сейфуллин); Сөзін оқы және ойла, тез үйреніп, тез жойма (Абай).
Және жалғаулығы салалас кұрмалас сөйлемдердін Қүрамындағы жске сөйлсмдерді де ыңғайластыра бай- ланыстыра береді. Мысалы: Жомарттың бүгін жүре
365
қоярлық ниеті жоқ еді және оның ниетіне қарай даяр көлік те болмайды (Ғ. Мұстафин).
Және жалғаулығынын., колданылу мақсатына карай, кейбір сөздер қайталанып айтылғанда әрі жалғаулығы- мен мағыналас болып та қалатын реттері бар. Мысалы: Таңғажайып бул қалай хат, Мағынасы алыс, өзі жат. Сөзі орамды, әрі түрі жат және әдепті, және рас (Абай).
Қазіргі қазак. тілінің нормасында және жалғаулығы- ның және де боп қолданылу дағдысы да кездеседі. Мы- салы: Әрине, шсіхтада іс.теген жұмыстан ауьір жұмыс
болмайды ғой... Және де ңатері де кеп, адамның денсау- лығына да үлкен зиян (С. Сейфуллин)).
б) Әрі жалғаулығы белғілі бір заттың я кұбылыстың бойында болатын әр түрлі қасиеттср мен солардың әр алуан іс-әрекеттерін ыңғайластыра байланыстыру үшін жүмсалады. Ондайда ол қасиеттер мен іс-әрекеттерді білдіретін сөздер мен сөз тіркестері әрі шылауыньш кай- таланып айтылуы аркылы тізбектеліп, байланыстыры- лып отырады.
Егер бірыңғай екі сөзді ыцғайластыра байланыстыра- тын әрі жалғаулығы бір-ақ рет қолданылатындай бол- са, және жалғаулығымен мағыналас болады. Мысалы: Жерде қалың қар бар, күн ашық әрі шытқыл аяз (Ж. Жұмаканов).
Егер dpi жалғаулығы, жалғасатын бірыңғай сөздер- дің әрқайсысының алдында (бұрын), кайталанып айты- латын болса, оида сол атауыш сөздер арқылы аталған ат, белгі, сапа, қасиетке я амал-әрекетке баса назар ау- дарылады, оларға ерекше мән беріледі. Осыған сәйкес, ондайда бір формадағы зат есім, сын есім және әр түр- лі формадағы етістіктер ьщғайласа береді. Мысалы: Оқытушы ауылда әрі оңытуиіы, әрі мәдениет жаріиысы, грі әлеуметтік әділеттіліктің, адамгеріиіліктің жаршысы болуға тиіс (С. Қөбеев).
Әрі жалғаулығы кейде салалас кұрмалас сөйлемдер- дің құрамдарындағы жеке сөйлемдерді де ыңғайласты- ра байланыстыра алады. Мысалы: Ақшаны созған қол- ды қайта итерді, әрі басын иіайқады (М. Әуезов); Кы- ранның көзі қырағы болады, әрі өзі алатьін аңды алыс- тан сезеді (Қ. Әбдіқадіров).
в) Да, де, та, те шылаулары әрі жалғаульіқ, әрі де- меулік есебінде колданылады. Ол демеулік ретінде кол- данылғанда, бір сөздің немесе бірыңғай мүшелердін ӘР'
366
кайсысының жетегінде болып, оларға күшейту, аныктау, тәптіштеу мағыналарын үстемелеп отырады. Ал да шылауы жалғаулық ретінде қолданылғанда, өзара бір- бірімея ыцғайласатын екі сөздін. немесесөз тіркестерініц, сондан-ақ, салалас я сабақтас күрмаластардың кұрам- дарындағы жеке сөйлемдердің байланысуына, жалға- суына дәнекер болып қызмет етеді.
Бірақ да жалғаулығыньщ сөз бен сөзді байланысты- ру функциясынын аясы тым тар. Дегенмен, ол біркелкі формада тіркесетін бірыңғай атаушы (етістік, есім т. б.) еөздерді жалғастыру үшін колданылады. Мысалы: Сөй- те түрса да, ңожайынның жүзіне ықтамай да именбей қарайды (Ғ. Мүсірепов).
Да жалғаулығы салалас қүрмаластын кұрамындағы жеке сөйлемдерді жалғастырғанда, оларды бірыңған- ластырып, баяндауыштарын белгілі бір формаға түсі- реді. Мысалы: Рахмет бір нәрсенің боларын сезді де, үн- деместен орнынан түрып жүре берді (С. Ерубаев).
2 Талғаулықты жалғаулықтар. Талғаулыкты жал- гаулыктар сөйлемде зат есім, сын есім, етістік және бас- қа атаушы сөздер арқылы жасалып, салаласа жалғас- кан мүшелердің бірінен соң бірін я талғап, я таңдап, я кезектестіріп, я біріне-бірін қарама-қарсы қойып айту үшін колданылады. Жалғаулықтын бұл тобына әлде, біресе, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй, мейлі шылаулары жатады.
а) Әлде жалғаулығы негізінде талғау қызметін ат- қарумен қатар, ойға катысты уақиғалар мен іс-әрекет- тердін шындығына я көмескілігіне күмән келтіру, кү- діктену, күмілжу тәрізді рай-реңдерді де білдіреді. Әлде жалғаулығы өзі катысты сөзден бұрын (препозициялық қалыпта) қолданылады. Мысалы: Үлкен қара мелдір
көзінде әлде еркелік, әлде наз, аса бір сыпайы үяңдық бар (3. Қабдолов); Бұл жігіт шапиіаң сауда, жылиос екен. Әлде сор, әлде бағы әуреледі (М. Әуезов). Әлде жалғаулығы салалас қүрмаластардың. кұрамдарындағы жеке сөйлемдер арасында қолданылғанда да, осы мағы- наны білдіреді. Бірак ондайда, әлде жалғаулығы бірін- шіден, құрмаластағы екінші жай сөйлемнін алдында тұрады да, екіншіден, жалғасқан сейлемдерге ма (ме), ба (бе), па (пе) сұраулық шылауы тіркесіп келеді. Мы- ^алы: Мезгілсіз жүрген жолаушыдан үрейленді ме, әлде тсіңырқады ма, қос адамдары далаға жүгіре шығып, ур- пиісе қарасты (Ә. Сәрсенбаев).
367
ә) Бірде, біресе жалғаулықтары өзара мағьшалас шылаулар болғандарымен, олардың өзді өздеріне тән азды-көпті мағыналық ерекшеліктері бар. Бірақ қьізметі жағынан екеуінде елеулі айырмашылық жок. Бұл екі шы- лау да өздері қатысты сөздердің алдында қолданылады да, олардағы аталатын уақиға, іс-әрекет, сан-сапа сияқ- тылардын алма-кезектесіп отьіратынын білдіреді. Мыса- лы: Ол бірде биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жум- ссщ мінезді, бірде іиеіиен, бірде сараң сөзді еді (Ғ. Мұс- тафин). Қүн біресе жарқылдап, біресе шартылдап урей ңалдырмады (Ғ. Мүсірепов).
б) Кейде жалғаулығы да бірде, біресе жалғаулыкта- рымен мағыналас. Бұл жалғаулық үнемі біркелкі форма- дағы сөздерге я сөйлемдерге тіркеседі де, олардың ара- сындағы мезгілдік катынасты аңғартады. Мысалы: Ол кө- бінше қорғасын тәрізденсе, кейде қалайы, кейде күміс атып қалғандай болады (М. Әуезов).
в) Я, яки жалғаулықтары салаласа айтылған сөздер мен сөйлемдердің алдарында түрып, олардағы ойларды я талғап, я салғастырып, кезектестіріп айту үшін жүмса- лады. Я, яки жалғаулықтарына катысты сөздер де үнемі белгілі бір бірыңғай формаларда колданылады. Мысалы: Иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғыр- ғанға, я пайдаланғанға қарап, ақты қарсі деп, я қараны аң деп, я өтірікті іиын деп ант ететуғын кісіні не дей-^ міз? (Абай).
Я, яки жалғаулыктарымен мағыналас, қызметтес не, немесе, болмаса, не болмаса шылаулары да бар. Бұларды бірінін орнына бірін алмастырып қолдана беруге болады: Өздеріңді не ажал, не бейнет, туртіп келеді екен (С. Сей- фуллин); He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ. Ең бол- маса кеттіғі ғой мал баға алмай (Абай).
Бірде, біресе, я, яки, не, немесе, бөлмаса жалғаулық- тарының бәрі де контексте колданылу ерекшслігіне ка- рай салалас қүрмаластардың кұрамдарындағы жеке сөйлемдердің арақатынастарын білдіру үшін де қолда- нылады. Мысалы: Билік менің ңольшда болса, бул күй- ге я түсер едің, я туспес едің (Б. Майлин).
г) Мейлі жалғаулығы казіргі кезде дербес сөзден шы- лау сөзге айналған форма деуге болады. Рас, мейлі сөзі қазіргі кездс де кейде өз лексикалық мағынасында жүм- салып, соған сәйкес, формалық өзгерістерге үшырап та колданыла береді. Бірақ, солай бола тұрса да, бүл сездін мағынасы бірте-бірте солғындап, абстракцияланудың нә-
368
тижесінде көмескілене-көмескілене келіп, ол тек немкұ- райлылықты білдіретіндей ғана семантиканы бойыиа сақ- тап, функция жағынан талғаулық шылаудың қызметіне көшксн. Мысалы: Мейлі жаз, мейлі куз, мейлі қыс. Са- лалы, сабаңты гуліміз (М. Рәшев).
ғ) Құй жалғаулығы немкұрайлылық мәнді білдіреді. Мысалы: қуй бай болсын, ңуй жарлы болсын, қүй жас болсын, қүй қарт болсын, (Ер Тарғын); Арызымды ай- тсйын, қуй болар, қүй болмас (Абай).
ә) Сабақтасгырғыш жалғаулықтар. Сабактастырғыш жалғаулықтар тек кұрмалас сөйлемдердің кұрамдарыи- дағы жай сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырып байла- ныстырып, солардың арақатысын аныктап көрсету үшін жұмсалады. Ондай қатынастар байланыстыра түскен сөйлемдердін мағыналары қарсылықты, себептік, сал- дарлық, шартты, айқындағыш, ұштастырғыш болып бө- лінеді.
Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бурынғы
сөйлемде айтылған ойға ,соңғы сейлемдегі ойдың ма- ғына жағынан карама-қарсы екенін аңғартуға дәнекер болады. Бұл жалғаулықтардың қатарына бірақ, алай- да, әйтсе де, эйткенмен, сүйтсе де, сонда да, дегенмеи, әйтпесе, әйткенде, эйтпегенде сиякты қарсылык мәнді жалғаулықтар жатады. Осы топты Абай көше ортасьінда .сіқырын тосып қалып еді; бірақ топ іиіінен муны байқап елеген бір адам да жоқ (М. Әуезов). Дегенмен, сонда да шылаулары көбінесе бұрынғы сөйлемдегі іс-әрекетке ко- сымша баска бір амалдарды жасау керектігін кажет етіп отырады. Осыған сәйкес, ол қарсылықты қатынасты ку- шейтс түсу мәнін де аңғарта алады. Мысалы: Өзі де білу- ге тиіс, дегенмен сіз ескерте салыңыз (3. Кабдолов). Бірақ, сонда да шылауларының қос-қабат колданылатын дағдысы да кездесіп отырады. Ондайда бұл қабаттасқан іпылаулар қарсылық мәнді күшейте түсетіндігі аңғары- лады. Мысалы: Ербол ғана суйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ (М. Әуезов).
Себептік жалғаулықтар салалас құрмалас сей- лемдердің күрамдарындағы сонғы жай сейлем бұрын- ғы (алдыцғы) сөйлемдегі айтылатын ойдың себебін біл- Діру үшін арнаулы дәнекерлер есебінде қызмет етеді. Он- Дай себептік жалғаулықтардың қатарына себебі, ейткені Шылаулары жатады. Мысалы: Зипа қолөнершілер учили- Щесіне түседі, себебі соғыс кундері қаладан-қалаға кө-
369
шіп жүріп оқи алмай ңалған (С .Мұқанов); Кеіике қар- сы көп қонақ атқа қонбақшьі болып отыр, өйткені ертең Біржандар еліне қарай аттанбаң (М. Әуезов).
Салдарлың жалғаулыңтар салалас кұрмалас сөйлемдердің арақатынасын білдіру үшін, яғни басыңқы сөйлемде айтылатын іс-әрекеттін, амалдын нәтижесі я салдары екенін білдіретін дәнекер есебінде жұмсалады. Жалғаулыктардың бұл түріне сондықтан, сол себепті шы- лаулары жатады. Мысалы: Ербол бұл әннің үнін жақтыр- маса да, сөзін ұнатты, сондықтан кейде Абай әніне ңо- сылып та кетеді (М. Әуезов). Бұл мәжіліс Біржан мен Тобықты жасының айрылар мәжілісі еді, сол себепті әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз өнерін көрсетпек керек (М. Әуезов).
Шарттың жалғаулыңтар сабақтас қүрмалас сөй- лемдердін арақатынасын білдіру үшін, яғни басынқы және бағыныңқы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасула- рына дәнекер есебінде қолданылады. Жалғаулыктын бұл түріне егер, егер де, алда-жалда шылаулары жатады. Мысалы: Егер Айбол болмаса, Мүсәпір үй болудан қал- ған болар еді (Ә. Әбішев). Алда-жалда ол кетіп қалған- дай болса, артынан дереу кісі жібер (Қазақ ертегілері).
Ащындағыиі жалғаулыңтарға яғни, демек шы- лаулары жатады. Олар я жеке сөздерді, я сөз тіркес- терін, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады да, алдыңғы сөз арқылы, я сөз тіркесі немесе сөйлем аркы- лы айтылатын ойды кейінгі сөз, я сез тіркесі, я сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға, не анықтауға, не тәптіштеп қадағалай түсуге дәнекер сөздер есебінде қыз- мет етеді. Сол себептен бұлар айқындағыш жалғаулық- тар деп аталады. Мысалы: Мен Магниткаға өткен күзде, яғни Талғатбектен бір жыл кейін келдім (Н. Ғабдул- лнн). Диссертацияны унатқан екенбіз, демек, біз де бір- деңе ойлаған болармыз (М. Иманжанов).
Үштастырғыш жалғаулықтарға ал, ендеше, ал ендеше, олай болса шылаулары жатады. Мұндай жалғаулықтар мағына жағынан біріне-бірі орай қолда- нылатын екі жай сейлемді ұштастырып байланыстыру үшін жүмсалады да, бірінші сөйлемнен кейін іле екін- ші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін дәнекер ре- тінде кызмет етеді.
а) Ал жалғаулығы арқылы өзара орайлас ұштаскан жай сөйлемдердің ой желісінде қаншалықты берік бай- ланыс болғанымен, олар негізінде мағына жағынан әр
370
басқа болып отырады. Мысалы: Сөйледің сен де аямай. Ал Жамбылдан сөз шығар, Асылдан ұшқан қылаудай (Жамбыл).
ә) Ендеше жалғаулығы біріне-бірі орайластырыла айтылған жай сөйлемдерді ұштастырады да, бірінші сөй- лемдегі ойды екінші сөйлемдегі ой тұжырымдап қоры- гынды ретінде жинақтауға дәнекер болумен қатар, екін- ші сейлемдегі ойға бастама сөз іспетті де жұмсалады. Осы себептен де ендеиіе жалғаулығы әрқашан, олай бол- са деген сөз тіркесімен мағыналас та, қызметі жөнінен энымен пара-пар да түсіп отырады. Мысалы: Мал дүние- нің іиын иесі осы кісі. Ендеиіе бәріміз де әжемнің төре- лігіне тоңтайық (М. Әуезов).
б) Ал ендеше жалғаулығы дәл осы мағынада қолда- нылып, осы қызметті атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |