Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының 20 ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы


«Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды



бет6/9
Дата18.02.2022
өлшемі28,53 Kb.
#132311
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі2

«Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды...Яғни қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол тілде сауатын ашып, дағдыланған абзал». Ғалым мұны көрегендікпен айтқан-ау. Қазіргі таңдағы тілдік жағдай бұған толық көзімізді жеткізіп отыр [7; 13 б.] – деп баға береді А. Б. Салқынбай.
Ахмет Байтұрсыновтың латын әліпбиін енгізуді қолдаушылардың дәйектеріне қарсы ғылыми дәлелдері Президенттік мұрағат қорындағы Қазақ жазуын латындандыру мәселесі бойынша дискуссиялық кеңес құжаттарында кездеседі. Ол өзінің алдында сөйлеген Бәйділдиннің жаңа алфавитке көшу туралы баяндамасының ғылыми емес, агитациялық сипатта болғанын ашып көрсетеді. «Мен мәселенің ғылыми жағына тоқталсам. Ең алдымен, араб шрифін латынмен ауыстыру өмірлік маңызы жоқ, тіпті, ешқандай қажеттілігі жоқ мәселе екендігін айту қажет. Біздің қолымызда басқа халықтардың жазуынан әлдеқайда барлық жағынан қанағаттандыратын жазу бар. Себебі алфавит адамзат ақыл-ойы жетпейтін зат емес. Алфавит мәдениетке жетелейтін қысқа жолды көрсететін ешқандай да құпия сапа мен қасиеттерге ие емес. Алфавит дегеніміз – белгілі бір тілдің негізгі дыбыстарын бейнелейтін шартты белгілердің жиынтығы. Алфавит тіл элементтерін толық әрі нақты берген сайын, оның оқу мен жазуға қолайлылығы, техникаға бейімділігі арта түседі. Алфавит артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындауға болатын нәрсе. Біз, қазақтар, ертеден-ақ тіліміздің негізгі элементтерін анықтап, оларды тиісті таңбалармен белгілеп қойғанбыз, жақсы жазамыз, жақсы оқимыз, орыс, неміс, француз, ағылшындарға және басқаларға қарағанда тез әрі оңай сауаттана аламыз. Одан артық не керек? Жоқ біздің өз жазуымызды латынмен ауыстыру керек екен дейді. Себебі ол біздікі емес, арабтыкі екен, араб жазуы дұрыс жазу мен заманауи техникаға бейімсіз екен» [8; 32 б.] – деп жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет