Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының 20 ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы


«Байтұрсынов Ахмет мырзаның жазған әліппе оқу құралы дұрыс кітап қылып, оқытуға әбден жарайтын келіскен деп білдік



бет5/9
Дата18.02.2022
өлшемі28,53 Kb.
#132311
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі2
1, 2
«Байтұрсынов Ахмет мырзаның жазған әліппе оқу құралы дұрыс кітап қылып, оқытуға әбден жарайтын келіскен деп білдік. Ол мырзаның түзетіп шығарған белгілерінің кейбіреулері, біздің ойымызша, артық. Кейбіреулері кем болатын көрінеді». Сөйтіп олар өз ойларын айтып, бірқатар ұсыныстар жасайды. Бұл авторлардың ойынша, дәйекшенің керегі жоқ, себебі, сөздің жуан, жіңішкелігі сол сөздің ішіндегі дауысты дыбысқа байланысты болады.
Сонымен, 1910 жылдан бастап араб жазуын қазақ тіліне ықшамдап өзгерту жолында еңбек еткен ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың әр жылдары жазған мақалалары мен оқулықтарын талдаған кезімізде оның араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай етіп өзгерткенін, араб жазуында жоқ әріптердің таңбасын өзі ойлап тапқанын көреміз. Мұндағы А. Байтұрсыновтың жетістігі қазақ тіліндегі дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне қарай бөлінуін дәл белгілеп, әрбір дауысты дыбысқа арнап арнайы таңба белгілеуінде. Сонымен, оның араб графикасы негізінде жасаған алфавитінде 24 әріп бар. Осы 24 әріптің ішінен 16 таңба дайын күйінде алынған. 8 таңбаны өзі қосқан [3; 53 б.]. Профессор Е. Д. Поливанов өзінің «Основные формы графической революции в турецких письменностях СССР» атты мақаласында А.Байтұрсыновтың араб графикасына енгізген реформасын «ғажап» деп бағалады. Бұл жобада араб алфавитіндегі қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір таңбаларды алып тастау, қазақ тіліндегі ы, е, и, о, у дыбыстарының әрқайсысына жеке таңбалар алу ұсынылды. Жобадағы тағы бір ерекшелік – түрік тіліне тән сингормонизм заңдылығын мейлінше пайдалану. Сөйтіп, Ақаң жөндеген жаңа қазақ алфавитінде бас-аяғы 24 әріп таңбасы болып шығады [5; 195 б.].
А. Байтұрсынұлының қазақ жазуына икемдеген араб алфавиті мектеп оқытушылары және басқа да қазақтың, татардың зиялы азаматтары тарапынан қолдау тауып, күнделікті өмірде қолданыла бастады. Осы алфавитпен «Қазақ» газеті (1913-1919), көптеген көркем әдебиет шығармалары шығып тұрды. Алайда бұл алфавит ресми түрде тек 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ғана қабылданды [6; 17 б.]. Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы оның тек тұңғыш оқу құралын жазғанымен өлшенбесе керек, ең бастысы алғашқы оқулық тілінің терең халықтығында, сапалылығы мен біліктілігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет