Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.06.2017
өлшемі37,92 Kb.
#19950
түріСабақ
Сабақ жоспары
1.Пән аты:Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні:

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік

2.Қазақ әліпбиінің авторы туралы мәлімет жинау.

3.239 – жаттығу.

ІІІ Білім тексеру:

Сұрақ жауап

Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді?

Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады?

Қазақ әліпбиі туралы не білеміз?

Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстарымыздың рөлі, жазылуы қандай екен?
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – 9: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде и, у, э, дауыстылары кездеседі:кино, уран, электр, Қазақтың төл сөздерінде и, у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+й дыбыстарының, у әрпі ұ+у, ү+у дыбыстарының тіркесі( жазылуы – қи, ит, су, сурет, айтылуы – қый, іит, сұу, сүурет).

Енді осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар деп, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң дауыстылар деп, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлеміз.

Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Олар: а,о,ұ,ы,у.

Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Олар: ә,ө,ү,і,е,э,и,у.

У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішен дауыстылар тобына жатады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Өздік жұмысы

1. Әліпбиді жазып шық.

2. Тіл дыбыстары қалай жасалады?

3. Дыбыс дегеніміз не?

4. Әріп дегеніміз не? төмендегі сөздерде қанша әріп бар?

Балалар, мектеп,баспасөз, шығарма, сусындар, мекеме, мәжіліс.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

240 -жаттығу (жазбаша)

Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.

241 -жаттығу (жазбаша)



Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді бір бағанға теріп жазыңдар.

242-жаттығу (жазбаша)



Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.

2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  1. Үйге тапсырма беру:


1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.

2. 104- беттегі тапсырмаларды орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет