Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлы - Өмірі.Әдебиет зерттеушісі,ғалым тілші,
- ақын,аудармашы Ахмет Байтұрсынов
- қазіргі Қостанай облысы,Торғай
- алабындағы Сарытүбек жерінде туған.
- 1882-1884 жылдары өз ауылында хат
- танып,сауат ашады.1886-1891 жылдары
- Торғай қаласындағы екі кластық
- орысша-қазақша училищеде оқиды.
- 1891-1895 жылы Орынбордағы
- мұғалімдік мектепті бітіреді.Ауыл
- мектептерінде мұғалім болады.1909
- жылы Қарқаралының екі сыныпты
- училищесінің меңгеруші болып жүріп,
- өкіметке қарсы деген жаламен Семей
- абақтысына жабылады.1910 жылы
- түрмеден шыққан соң Орынбор
- қаласына келеді,осы кезеңнен бастап
- А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси,
- ағартушылық,ғылыми жұмыстары
- басталады.
“Ахмет Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,араб - “Ахмет Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,араб
- жазуына кіргізген реформасы,қазақ тілі білімінің негізгі
- терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен
- сабақтастырып,өз топырағымыздан тауып,оларға тұңғыш
- анықтама бергені,дыбыс жүйесін (фонетика),сөз жүйесін
- (морфология),сөйлем жүйесін (грамматика)
- қалыптыстырып шығарғандағы еңбегі зор...”
- Ахмет Байтұрсынұлының ақын,публицист,ғалым,
- қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі...,
- болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы туған халқы
- үшін қалтқысыз қызмет етуге арналған.
-
- /Р.Нұрғалиев /.
“Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда,оқыған - “Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда,оқыған
- азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса
- мағыналырақ,тәуір күндерінің бірі деп саналады.
- Сол оқыған азаматтарының тұңғышы,алғашқы
- шыққан көсемі-Ақаң.Әркімнің қалғыған сезімін оятып,
- өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі ірісі”.
- Ақаңның майдандағы алғаш жыры шығып,әдебиет,
- саясат жолына жол бастаған күндері бәріміздің де
- есімізде.Кешегі күні оқушы болып,соның тәрбиесінде
- жүрген күндерімізді көз алдымызға елестетеді.Ақаңның
- қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген
- заманынан ұзаған жоқпыз.Кешегі күндерге шейін бәріміз
- де жетегінде келгенбіз.Қаламынан туған өсиеті,үлгісі әлі
- есімізден кеткен жоқ.
-
- / М.Әуезов/ .
Еңбегі.Мысал өлеңдері.И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне - Еңбегі.Мысал өлеңдері.И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне
- аударады,1909 жылы “Қырық мысал”деген атпен Петербургте
- басылып шығады.А.Байтұрсынов аудармалары пішін жағынан ғана
- емес,түпкі идеясымен,қазақ еліне таныс бейне,суреттермен
- көрсету арқылы ерекшеленеді.“Аққу,шортан,һәм шаян”өлеңінде
- барды мазмұнымен айтып қоймай,ақын өз жанынан тың ғибрат
- қосады. “Қасқыр мен қозы”,“Қайырымды Түлкі”,“Ала қойлар”,
- ”Үлес”,”Қартайған Арыстан”,”Өгіз бен Бақа”,”Қайыршы мен Қыдыр”,
- ”Ат пен Есек” мысалдары-қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді сөз
- еткен,ақыл-кеңеспен тұжырым жасалатын мысалдар.
-
- Жігіттер,мұнан ғибрат алмай болмас,
- Әуелі бірлік керек,болсаң жолдас.
- Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
- Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Ахмет Байтұрсынов аудармаларының ерекшеліктері. - 1.Сюжеті И.А.Крылов өлеңіндегідей болғанымен,қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.
- 2.Ой түйінін беруде қазақ мақал-мәтелдерін қолданады (“Адамның басы-алланың добы деген”,“Жазмыштан озмыш болмас деген сөзді”,“Болады асыл-таста,ақыл-жаста”т.б.).
- 3.А.Байтұрсынов мысалдары И.А.Крылов мысалдарынан көлемі жағынан да үлкен
- (“Қасқыр мен тырна”орысша-19,қазақша-36 жол,
- “Ағаш”орысша-31,қазақша-56 жол,“Шымшық пен көгершін”орысша-10,қазақша-32 жол).
Өлеңдері. Ақын өлеңдерінің жинағы 1911 жылы - Өлеңдері. Ақын өлеңдерінің жинағы 1911 жылы
- Орынборда “Маса”деген атпен жарық көрді.
- А.Байтұрсынов өлеңдерінің тақырыбы қазақ елінің
- қанаудағы күйі,артта қалған жайынан басталып,оқуға,
- еңбекке,бірлікке үндейді.Халықты ынтымаққа,бірлікке
- бағыттайды.“Адамдық диханшысы”,”Досыма хат”,
- ”Жауға түскен жан сөзі”,”Анама хат“өлеңдерінде ел
- қамын жеген қайраткер бейнесі жасалады.Ақын
- өлеңдеріндегі елін сүйген күрескер бейнесіне төзімділік,
- қайсарлық,қажыр-қайрат тән.Ақынның елдің,халықтың
- көзін ашу,көкірегін ояту идеясы “Маса” жинағының,
- автордың басты мұраты екендігі алғашқы өлеңде
- берілген.
Мақалалары.А.Байтұрсынов-ақын,аудармашы,сонымен - Мақалалары.А.Байтұрсынов-ақын,аудармашы,сонымен
- бірге қоғам,заман ағымына,өзгерісіне өз бағасын
- халық,ел мұқтажын өлшеп салмақтаған көсемсөз
- шебері.1914 жылы жазылған “Қазақтың бас ақыны”
- (“Қазақ”газеті)мақаласында қазақ тарихында
- Абай асқан ақын жоқ дей келіп,бұл мұраның ерекше
- маңызын көрсетті.Ақынның ата-тегі,өмірбаяны,өскен
- ортасы туралы жазды. “Абайдың өлеңдері қазақтың
- басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы әр
- нәрсенің бергі жағын алмай,арғы асылынан қарап
- сөйлегендіктен”-деп келіп,Абайды барша қазақ білуі
- керек,өнегелі, өрнекті сөздерін көпшілік тануы қажет
- дейді.
Ғылыми еңбектері.Араб графикасын қазақ - Ғылыми еңбектері.Араб графикасын қазақ
- емлесіне,жазу дағдасында,сөйлеу ерекшелігіне
- ыңғайлап қайта өңдеген.Әліппені қазақ
- танымына,ұлттық түсінігіне лайықтай жазады.
- “Оқу құралы”деген атпен 1912 жылы
- Орынборда басылды.“Тіл-құрал”деген атпен үш
- кітаптан тұратын еңбек-қазақ тілінің фонетикалық,
- грамматикалық құрылымын талдап,бір ізге келтіріп
- жүйелеген тұңғыш ғылыми жұмыс.Сонымен бірге
- тілдің жүйесі мен құрылымына,әдістемесіне
- арналған.“Тіл жұмсар”,”Баяншы”,”Әліп-би астары”,
- ”Сауат ашқыш”,т.б. еңбектері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |