Байланысты: Ахмет байтұрсынның сөйлем мүшелері туралы пікірі
Ахмет Байтұрсыновтың сөйлем мүшелері жайлы ғылыми тұжырымдары
Сөйлем мүшелері Тұрлаулы, Тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтылатын сөздер немесе қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздер. Мәселен, «асыл тастан, ақыл жастан» я болмаса «баланы жастан, қатынды бастан» дегенде: бірінші мысалда «шығады» деген сөз, екінші мысалда «үйрет» я «үйрету» деген сөз қалып тұрғандығы сезіліп тұр. Не болмаса, «жығылған күреске тоймас я «аузы күйген үріп ішер» деген сөйлемдердің біріншісінде де, екіншісінде де «адам» деген сөз қалып тұрғаны анық сөзілді. Толықтырып айтсақ, бұлай дер едік: «асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады», «баланы жастан үйрет, қатынды бастан үйрет»; «жығылған адам күреске тоймас»; «аузы күйген адам үріп ішер». Осындай сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмай-тын сөздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай қалып отырған сөздер, жана да қалған жерде, калғандығы ашық сөзілмейтін сөздер тұрлаусыз мүше деп аталады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екеу: 1) бас мүше, 2) баяншы мүше.
Бас мүше дейміз — сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін. Ол қазық сөз болатын қандай сөз? Сөйлегенде бір нәрсе туралы сырын — сипатын, жайын, амалын, болымысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады.
Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің ішкі белгілері. Бұлардан басқа тысқы белгілері бар.
Бас мүшенің тысқы белгілері кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беру. Баяншы мүшенің тысқы белгілері, негізі «не етпек?», «не қылмақ?», «қайтпек?», «не болмақ?», «нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?», «қайсы?», «ненікі?» деген сұрауларға жауап беру.
Жеңілдік үшін бас мүше — бастауыш деп, баяншы — баяндауыш деп аталады.