Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің



Дата04.08.2017
өлшемі45,79 Kb.
#22634
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.

Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің

айтылуы мен жазылуын меңгерту. Оқушылардың

ойлау қабілетін, тілін дамыту, сауатты, әдемі

жазуға дағдыландыру. Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сөзжұмбақ, нақыл

сөздер, өлеңдер, топшамалар.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Сөзжұмбақ

ІV. Жаңа сабақ

V. Қорытынды

VІ. Үйге тапсырма

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, назарларын сабаққа аудару.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар?

  • Отырыңдар

ІІ. Ұй жұмысын тексеру.

  • Сөз таптары дегеніміз не ?

  • Зат есім дегеніміз не?

  • Жалқы есім және жалпы есімдер туралы айт.

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Адамдар тұратын баспана

  2. Жер қазатын құрал

  3. Қарға түскен адам аяғы

  4. Шай ішетін ыдыс

  5. Төрт түлік малдың бірі


й

ү



р

к

с

е

е

ж

ы

қ

л

ы

з

ү

і

к

е

к




  • Бір сөзбен айтқанда сонда бұл сөздер нені білдіреді ?( Заттың атын білдіреді ).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жекеленген заттар, заттардың суретіне қарап оларға Кім? Кімдер? Не?

Нелер? сұрақтар қойғызу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.

Мысалы:

Алма – алмалар

Балық – балықтар

Алма деген сөз «бір алма» деген ұғымды білдіреді, ал алмалар деген сөз «көп алманы» білдіреді.

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.

Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадын және тақырыпты жазып алыңдар.

Зат есімнің жекеше және көпше түрі бар. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.

Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: аталар, құстар, түйелер.

Зат есімнің көпше түрі –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшаларының жалғануы арқылы жасалынады. Бұл қосымшалар көптік жалғауы деп аталады.

Өлеңмен жұмыс.

Өлеңді дәптерге жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сызып, бұл сөздердің түбір күйіндегі сөзбен салыстыру, не байқағанын анықтау.

Біздің ғалым ағалар,

Біздің ғалым апалар,

Ашты жолды аспанға.

Әлі ұшамыз алысқа

Алыс Айға, Марсқа.

Топшамамен жұмыс.

а) «Екпінділер» деген сөзден қанша зат есім жасауға болады?

ә) «И» әрпінен басталатын алты зат есім сөз жаса.

б) «Мал» сөзінің басқы әрпін өзгертіп, қанша зат есім жасауға болады.

Тақтамен жұмыс.

Зат есімнің жалқы немесе жалпы, жекеше немесе көпше түрлерін анықтау.

Инелік, көбелектер, Ақтөс, ақын, Астана, суретшілер, қайыңдар, қалам.

ІV. Қорытынды.

  • Зат есімнің жекеше және көпше түрлері деп қандай зат есімді атаймыз?

  • Ол түрлері қалай жасалады?

V. Үйге тапсырма

Тест сұрақтары:

1.Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.

а) балапандар, қанаттар, үйлер

ә) жасыл, келді, сары.

б)парта, гүл, дәптер.

2. Құстар, аталар, аюлар, жануарлар сөздеріне төмендей сұрақтардың қайсысын қоюға болады?

а) не істеді? қайтті?

ә) кімдер? нелер?

б) неше? нешінші?

3. Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.

а) отыршы, кетті, тұрды, жүрді

ә) дәптер, қалам, ата

б) алты, бес, екі

4. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

а) заттың түр-түсі

ә) кісі, жер-су аттары

б) жануар, зат аттары

5. Заттың көп екенін білдіру үшін түбір сөзге жалғанатын жалғауларды тап

а) ма, ме, па, пе, ба, бе

ә) ым, ің, -м

б) лар, лер, дар, дер, тар, тер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет