Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет49/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
Қабақ спазмасы (blepharospasmus) блефароспазм. Қабақтың айналым бұлшық етінің дірілдеп жиырылуы салдарынан қабақтың жиі жыпылықтауы және тартуы. Жануарларда блефароспазмның себептері әртүрлі. Көзге бөгде зат түсуден, химиялық заттардан тітіркенуден немесе конъюнктивит, кератит сияқты көз аурулары салдырынан болады.
Белгілері. Қабақтың дірілдеп жиырылуы, жиі жыпылықтауы және тартуы. Көбіне бір жақты болады. Жануарлар қабақтарын дірілдетіп, қаты қысып жауып алып, ашпайды. Көз қиығы жабық, сипағанда жасқанады, ұстатпай қатты ауырсынады. Көзден көп мөлшерде жас ағып, астыңғы қабақ терісі суланған, жүні түскен. Көзді ашып тексергенде одан бөгде заттар мен көз аурулары анықталады.
Емі. Көзге бөгде зат түскені анықталса, конъюнктива астына 2% новокаин тамызып барып бөгде затты көз қысқышымен абайлап алып тастау керек немесе жылы сумен инесіз шприц қолданып жуып шығарады. Көздің спазмасын болдырмау үшін қабақ терісі астына ұсақ жануарларға 3 мл, ал ірі жануарларға 10 – 15 мл 0,5% новокаин егіледі. Көздің спазмасының себебі конъюнктивит, кератит сияқты көз аурулары болса оларды емдеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет