АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ
1982 жылы Семейдің зоотехникалық – малдәрігерлік институтын «ветеринария» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Семей обылысы Ақсуат ауданы Комсомол совхозында мал дәрігерлігінен бастаған. 1986 жылдан жоғарғы оқу орнында қызмет істеп келеді. Ветеринариялық клиниканың мал дәрігері, меңгерушісі, эпизоотология, паразитология кафедраларының ассистенті, аға оқытушысы болды. 2007 жылы 03. 00. 19 «паразитология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша ғылыми журналдарда 26 мақаласы жарияланды, оның ішінде екі өнертабыс куәлігі мен екі алдын ала патенттері бар. 2011 жылы баспадан шыққан «Құс паразитоздары» атты кітаптың авторларының бірі. 10 - нан аса жаңа пәндердің оқу - әдістемелік кешенін дайындап, оқу үрдісіне енгізді. Қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Аграрлық факультетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының доценті қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |