Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3

Тамырлы қабық – (tractus uveus) көз алмасының фиброзды қабығының астында орналасқан ортаңғы қабығы. Ол үш құрылымға бөлінген. Біріншісі түсті қабық (iris), екіншісі кірпікті (цилиар) дене (corpus cilifre), үшіншісі негізгі тамырлы қабық (chorioidea).
Бұл қабықтар анатомиялық жағынан астасып, бірігіп жатыр. Қан айналымы, жүйке жүйесі бірге. Осыған орай олардың бірінде пайда болған патологиялық үрдістің екіншісіне ауысуы жиі кездеседі. Сөйтіп олардың аурулары қабаттаса жүреді. Мысалы: түсті қабық пен кірпікті дененің бірге қабынуы – иридоциклит, кірпікті дене мен негізгі тамырлы қабықтың қабынуы – циклохориойдит немесе үшеуінің бірге қабынуы – иридоциклохориойдит жиі кездеседі. Көздің негізгі тамырлы қабығы мен кірпікті дене терең орналасқандықтан оларды тікелей зерттеу қиын. Дегенмен бұл құрылымдардың нақты қызметтер атқаруларына және қабынуларына тән клиникалық белгілердің болуы олардың аурулары туралы жанама қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Түсті қабық – (iris) тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі. Аты айтып тұрғандай әр түрлі жануарларда түсі әр түрлі, пигментке байланысты қара, қоңыр, қызыл, көкшіл тағы басқа түсті. Ол көз алмасының осьіне тік (перпендикуляр), қасаң қабықтың артында, көз бұршағының алдында орналасқан. Қасаң қабық пен түсті қабықтың аралығындағы кеңестік – көздің алдыңғы камерасы, ал түсті қабық пен көз бұршағы аралығындағы кеңестік – көздің артқы камерасы деп аталады. Түсті қабықтың ортасындағы тесік – қарашық (pupilla) деген атпен белгілі. Түсті қабықтың бұлшық еттерінің бірі (сфинктер) жарық мөлшеріне байланысты қарашықты кеңейтеді (жарық аз болғанда) немесе кішірейтеді (дилятор) (жарық көп болса). Қарашықтың пішіні әр түрлі жануарларда әр қилы. Шөп қоректілерде қалыпты кішірейген қарашықтың пішіні көлденеңінен сопақ, шошқаларда жарықта көлденеңінен – эллипс, ал қараңғыда домалақ. Мысықтардың қарашығы өте жарықта тік қуыс, ал жарық аз болса домалақтау. Иттің көзінің қарашығы домалақ. Сонымен қоса жылқылардың қарашығының жоғарғы жиегінен 2 – 5 домалақ денешіктер ( жүзім шоғыры) байқалады. Бұндай өсінділер сиырдың қарашығының жоғарғы және төменгі жиегінен де байқалады. Ал шошқа мен иттің көзінің қарашығында жүзім шоғыры болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет