«Қан айналымы (норма)» -модулі бойынша кейс



Дата30.04.2022
өлшемі261,77 Kb.
#141522
Байланысты:
кейс№2 каз. Гипертония-2 (1)
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


«Қан айналымы (норма)» -модулі бойынша кейс
Қалыпты физиология, анатомия, гистология,биохимия қоғамдық денсаулық сақтау кафедралары


Гипертонияның ерекше жағдайы: –Бұлбіртүрлі




Гистология бойынша сұрақтар

  1. Тұрақты жоғары қан қысымында майда қан тамырлар арнасының қай тамырлары қабырғаларында өзгерістер болады деп ойлайсыз?

Тұрақты жоғары қан қысымы кезінде барлық жүрек-қан тамырлар жүйесі біршама өзгерістерге ұшырайды. Оның ішінде микроайналым арнасы да структуралық және функионалдық өзгерістерден өтеді. Бұл өзгеріс артериолаға және артериоловенулярлық анастомоздардың структуралық өзгеруіне байланысты болады. Артериола қуысының кеңеюі нәтижесінде біріншіден, келетін қан көбейеді, екіншіден, капиллярлардағы қан қысымы артады, үшіншіден, функционалды активті капиллярлар саны көбейеді. Артериолалардың қабырғасында ішк қабықшасы базальды мембранада орналасқан эндотелий жасушалары және жұқа эндотелий асты, ішкі эластикалық мембрана болады. Ортаңғы қабатында жазық бұлшық ет жасушалары айналмалы бағытта 1-2 қабат түсіп, оның диаметрі кішірейген сайын сирей түседі. Эндотелийдің базальды мембранасы және ішкі эластикалық мембрана үзілген жерлерінде эндотелиоциттер мен жазық бұлшық ет жасушалары байланысы бар. Егер қан қысымы жоғары болса, эндотелий жасушалары рецепторларымен сезіп, өзінен вазоактивті заттар(азот оксиді, простациклин) өндіріп, жазық бұлшық ет жасушаларын босаңсуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, эфферентті жүйке талшықтарымен жүйкеленетін, айналмалы бағытта орналасқан миоциттер жиырылуын реттейді. Егер қан қысымы жоғары болатын болса преқылтамырлық артериолаларда орналасқан жұмдардың босаңсып, қан көп көлемде өтуін реттейді. Мұндай кеңеюде артериоланың сыртқы қабырғасы борпылдақ дәнекер тінді болуы маңызы зор. Микроайналым тамырларының өзгерісі жазық бұлшық ет жасушалары болса ғана өзгеріске ұшырайды деген сөз емес. Сонымен, келген қан көп болғандықтан капиллярларда өзгерістерге ұшырайды. Қан ағу жылдамдығы қысым әсерінен артқандықтан, қоректік заттар мен оттектің эндотелиймен жанасу уақыты азаяды, бірақ бұдан метаболизм төмендемейді, керісінше артады. Себебі, бір мүшеге сәйкес келетін қан капиллярлар саны көбейеді және қан көлемі артады. Капиллярлар 3 қабықтан тұрады. Ішкі қабығы базальды мембранада орналасқан эндотелий, ортаңы базальды мембранамен қоршалған перициттер, және сыртқы қабығы сирек адвентициялық жасушалар мен жіңішке коллаген талшықтарынан тұрады. Перицит жасушалары өсінділі пішінді дәнекер тіндік жасуша, бұған нервтік аяқтамал кіреді. Яғни жиырылып босаңси алады. Сонымен қатар капиллярлардың қуысын ашуда үлкен роль атқарады. Себебі, жүйкелік импульс перицит пен эндотелиоцит байланысы арқылы өтіп, эндотелиоциттердің қысқарып, ұзаруын реттейді. Қан қысымы жоғары болса, резервтік капиллярлар осы механизм бойынша ашылады. Капиллярларда зат алмасу күшеюі байқалады. Себебі, трансэндотелийлік тасымалдану артады. Эндотелиоциттерде пиноцитоздық көпіршіктер мен кавеолалар саны артады. Алайда бұл капиллярлар қатты кеңейе алмайды, себебі сыртқы қабықшасы коллаген талшықтарына бай, яғни қылтамырлар созыла алмайды, жоғары қысымдарда жарылып кетуі де мүмкін. Сол себепті қан ағу жылдамдығы өз шегінен капиллярларды аса алмайды. Осының әсерінен жоғары қан қысымында артериоловенулярлық қосылыстар қызметік маңызы зор. Келген қанды капиллярлар торына немесе шумағынан айналып өту арқылы тікелей венулаға алып келеді. Мұндай анастомоздардың жалпы 2 түрі бар. Типтік және атиптік.


Типтік анастомоздар




Атиптік анастомоздар

Қарапайым

Күрделі




Қарапайым анастомоздарда артериоланың келесі тамырға өту шекарасында сфинктерлер болады. Сол сфинктерлер жоғарғы қан қысымы кезінде ашылады.

Бұл типтегі анастомоздарда эпителий астында жазық бұлшық ет жасушаларынан тұратын үймелер, жастықшалар түрінде болатын жиырылғыш элементтер болады. Олардың жиырылуы қуыстың жабылуын қамтамасыз етеді, ал жоғары қан қысымы кезінде қан өте алады.

Жартылай шунттар арқылы аралас қан ағады.






АВҚ, әсіресе шумақты типтілер, жақсы жүйкеленген. Яғни қан қысымы әсерінен жүйкелер арқылы өзгерістерге ұшырайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет