Жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Бегалиева А. К., ассистенті Ахметжанов Д. Г



Дата08.09.2017
өлшемі48,44 Kb.
#30348
«Оқыту үдерісінде озық технологияны пайдаланудың тыңдаушыларға тиімділігі» // әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 2015 жылдың 15-16 қаңтарында «Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы. Алматы 2015ж
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

аға оқытушысы Бегалиева А.К.,

ассистенті Ахметжанов Д.Г.

Оқыту үдерісінде озық технологияны пайдаланудың тыңдаушыларға тиімділігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өз пәнін жетік меңгерген, оқыту тәжірибесі жоғары, тыңдаушыларға берері мол оқытушылар қызмет етеді. Олар білім беру үдерісінде озық инновациялық технологияларды пайдаланып, тыңдаушылардың білімдерін шыңдап, жетілдіруде.

Елбасымыздың 2030 жылға дейінгі елді дамытуға арналған стратегиясы табыспен жүзеге асуда. «Қазақстан-2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен белгілі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі ерекше айтылған. Демек, ҚазҰУ-дың Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларға Қазақстан тарихы пәнінен озық технологиялармен білім беруші оқытушылары осы мақсатқа сай меңгертіп келеді деп айтуға болады.

Алдымыздағы тыңдарман – ертеңгі студент, болашақ маман. Олардың бойындағы жоғарғы идеялдық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, еңбекке дайындауда тарих пәнін оқыту әдістемесі мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануымыз керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында тыңдаушыларын дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.

Қазіргі кездегі қоғамды ақпараттандырудың басым бағытталған салаларының бірі – білім беру саласы. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар ортасын пайдалануға негізделген білім беруді ақпараттандыру оқыту үдерісінің қарқынын арттыруға, дамыта оқыту идеясын іске асыруға, оқыту үдерісін ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдіруге бағытталған.

Жаңа ақпараттық технологияны оқу үдерісінде жан-жақты пайдалану бірінші кезекте оқытушыларға өз біліктілігін көтеруде және даярлауда ақпараттық әлемде оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез-келген уақытта таба білуіне мүмкіндік береді, өздігінен білім алуға мүмкіндік алады.

Білім беру жүйесін компьютерлендіру – оқытудың, тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған әдістемесін білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз ету, ғылыми-педагогикалық ақпараттық-автоматтандырылған қорлары мәліметтерін пайдалану негізінде білім беру жүйесін басқару, тыңдаушының білім деңгейін бақылауға арналған компьютерлік болжау, тестілеудің әдістемесін құру және пайдалану үдерісі.

Сабақ барысында оқытушылар проектормен тарихи мағлұматтарды беру арқылы компьютерлік технологияларды пайдаланады. Бағдарлама бойынша өтілетін тақырыптарды тыңдаушылар тек ауызша ғана емес, сонымен қатар, интерактивті тақта арқылы көрсетілген бейнелер немесе карталар, кестелер арқылы танысуы тыңдаушылардың меңгеруіне анағұрлым түсінікті және тиімді келеді. Ал бұл атауларды тақтаға үнемі жазып отыру оқытушы мен тыңдаушының айтарлықтай уақытын алады. Сол себепті осы мәселеде де компьютерлік технологияларды үздіксіз пайдалану көп көмегін тигізеді. Бұл оқыту әдісінде оқытушының сабақ уақытын тиімді пайдалануына да ыңғайлы.

Проектормен ҰБТ материалдарын тест жұмыстары арқылы қайталау, нұсқаларға бөлу, жаңа сұрақтарын жаттау, қатемен жұмыс жасау да қолға алынған әдіс болып табылады.

Оқытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Иллюстрация, схема, картиналарды көрсету. Материалды проектор арқылы көрсетумен толықтырылғаны жөн.

Тарих пәнінің мұғалімі тыңдаушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педагогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен жұмыс жасауға баса мән беруі тиіс. Әр сабақ үстінде термин сөздерді жиі сұрауға алып еске түсіреді.

Білім беруді ақпараттандыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталарының мүмкіндіктерін іске асыру негізінде дамитын оқытушы мен тыңдаушы әрекетінің бірігу тенденцияларын қуаттайды.

Ойын арқылы оқытуды көптеген зерттеушілер болашақтың дидактикалық жүйесі деп атайды. «Тарихи тұлғаны таны», «Кімнің сөзі?», «Бұл кім?» ойындары арқылы тыңдаушы білгенін дамытып, ой өрісін жетілдіреді. Бұл алдыңғы технологияларды пайдалану тыңдаушының терең білім алуына үлкен септігін тигізеді.

Тарих пәнінен тыңдаушылардың алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан әрі дамыта түсу, талап-тілектерін қанағаттандыру, таным белсенділігін арттыру үшін тарихты оқытудың басқа да түрлерін жүргізеді. Кеңес сабақ, экскурсия, лекция, семинар жене конференция т.б. түрінде оқу саяхаттары болып тұрады. Белгілі бір тарихи кезеңдерге байланысты рөльдік ойындар орындаушылық қабілетке жетелейді, сонымен бірге білімін ұштастырады.

Оқытушылар терең ғылыми, жүйелі, эмоциялы, бейнелі етіп сабақ өткізеді. Оқу үдерісінде тыңдаушылардың өзара қатынас белсенділігін арттыру үшін интерактивті әдісті жиі қолданады. Сабақ барысында тыңдаушылар мен арада өзара әрекеттесу жоғары деңгейде өтеді.

Көп жағдайда ол пікірталас түрінде өтеді. Бұл жерде міндетті түрде белгіленген мәселені шешу емес, соны шешу үрдісін өткізудің өзі маңызды болып табылады. Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отыру арқылы оқу сапасы нәтижелі болмақ. Оқу материалдарын пайдалана білулерін айқындай келе, барлық өтілген нәрселерді жүйелеп, біріктіре білудің орны бөлек.

Сабақ басындағы сұрақ тыңдаушыларға жаңа материалды игертуге дайындап, алдынғы сабақ тақырыбындағы тестік сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Білімді тестік сұрақтар бойынша тексерудің артықшылығы: аз уақытта көп тыңдаушының білімі тексеріледі, бүкіл курс бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін шамалауға болады, барлығы бағаланады, тестік сұрақтарға жауап беруге жаттығады.Тыңдаушылар өзіндік жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырып, терең білім алуға бағдар береді. Тыңдаушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруде өздерінің білімдерін пысықтап отырады.

Осылайша, ақпараттық технологияны оқу үдерісінде пайдаланып, тарих пәнінің оқытушылары барлық әдіс-тәсілдер мен озық технологияларды пайдалану арқылы тыңдаушыларға тиімді етіп білім береді деуімізге негіз бар.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құнапина Қ.Қ., Құмғанбаев Ж.Ж., Махаева А.Ш. Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214-бет. 

2. Тұрсын Х. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. А, 2004, 45-49 бет.



3. Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. А, 2001, 138-бет.

4. Қанағатова З.А. Білімді жастар – Қазақстанның келешегі 2050//Оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың әдістемелік негіздері. 226-227 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет