Машық: « Қазақтың ұлттық ыдыстары ». Ыдыстарды мүсіндеу.( Торсық, тостаған, ожау).
11
6. « Ғажайып аңдар». Елестетіп мүсіндеу. (Ермексаз, тұзды қамыр, сазбалшық)
Мақсаты: Оқушыларды әр түрлі аңдарды мүсіндеуге үйрету.
Машық: « Ғажайып аңдар» тақырыбына мүсіндеу.
7. Жұмыр мүсін. Құстарды еске сақтап және елестетіп мүсіндеу. ( Бүркіт, тоқылдақ, қарға)
Мақсаты: Оқушыларды құстардың құрылысымен таныстыру, құстарды мүсіндеуге үйрету.
Машық: Құстарды еске сақтап және елестетіп мүсіндеу. ( Бүркіт, тоқылдақ, қарға)
8. Адамның тұлғасын мүсіндеу. Статуя. Затқа қарап мүсіндеу.
Мақсаты: Оқушыларды жұмыр мүсінмен таныстыруды жалғастыру, статуя туралы түсінік беру. Адамның тұлғасын мүсіндеуге үйрету.
Машық: Адамның тұлғасын мүсіндеу. Статуя. Затқа қарап мүсіндеу.
9. Қазақ эпосының батырларын мүсіндеу. «Қобланды батыр», «Алпамыс батыр», « Ер -Төстік » , т.б. Композиция құрастыру.
Мақсаты: Оқушыларды қазақ эпосының батырларын мүсіндеуге үйрету. Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру.
Машық: Қазақ эпосының батырларын мүсіндеу. «Қобланды батыр», «Алпамыс батыр», « Ер -Төстік » , т.б. Композиция құрастыру.
10. Бейнелеу өнерінде еңбек тақырыбы. «Шабандар», « Егін жинау», «Жаңақұрылыс», т.б. Композиция құрастыру. Рельеф.
Мақсаты: Оқушыларды адамның тұлғасын қозғалыста мүсіндеуге үйрету.
Адамның тұлғасының пропорциясын сақтауға, композиция құрастыруға үйрету.
Машық: «Шабандар», « Егін жинау», «Жаңақұрылыс», т.б.тақырыбына композиция құрастыру. Рельеф.
11. Халық мерекелері. « Наурыз». Композиция құрастыру. Ермексаз, сазбалшық.
Мақсаты: Оқушыларды халық мерекелерімен таныстыру, Наурыз мерекесіне композиция құрастыруға үйрету. Ұлттық салт - дәстүрлерін құрметтеуге үйрету.
Машық: « Наурыз» тақырыбына композиция құрастыру.
12
12. « Қазақтың ғарышкерлері». Ғарышкерлері мүсіндеу. Ермексаз, сазбалшық.
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру, ғарышкер мүсінін жасауға үйрету.
Машық: « Ғарыш әлемінде» тақырыбына мүсіндеу.
13. « Амангелді сарбаздары ». Еске сақтап мүсіндеу. Ермексаз.
Мақсаты: Оқушыларды ботальдық жанрмен таныстыру, адам тұлғасын мүсіндеуге үйрету.
Машық: « Амангелді сарбаздары ». Еске сақтап мүсіндеу. Ермексаз.
14. « Жеңіс күні». Таңба құрастыру. Ермекасаз.
Мақсаты: Оқушыларға таңба туралы түсінік беру, таңба құрастыруға үйрету.
Машық: « Жеңіс күні» тақырыбына таңба құрастыру.
15. Спорт тақырыбы. « Спортшы», « Күресші», «Баскетболшы». Ермексаз.
Мақсаты: Оқушыларды адам тұлғасын қозғалыста мүсіндеуге үйрету.
Машық: Оқушыларды адам тұлғасын қозғалыста мүсіндеуге үйрету.
16. Невзоровтар мұражайына саяхат.
Мақсаты: Оқушылардың білім және мәдени деңгейін көтеру, өнер шығармаларын қабылдауға баулу, халық дәстүрмен ұлттық байлығын құрметтеуге үйрету.
Машық: Өнер шығармаларын қабылдау.
17. Оқушылардың шығармашылық көрмесі.
Мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерімен қабілеттерін айқындау, бұйымдар арқылы қоршаған ортамыздың әсемділігін көрсету. Балалардың қызығушылығымен шығармашылық қабілеттерін арттыру.
8 сынып оқушылар міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар білуге тиіс:
- Пішім, симметрия, асиметрия туралы.
- Бейнелеу өнерінің жанрларын: портрет, натюрморт, анималистік, ботальдық, ертегі және т.б.
- Мүсін түрлерін: жұмыр, рельеф;
- Адам сомдаудың түрлерін: бюст, статуя, көп тұлғалы композиция;
- Адам тұлғасының пропорциясы туралы.
13
7 сынып
Тақырыбы: Үй жануарларын еске сақтап мүсіндеу. ( Қаз, үйрек, тауық, мысық, ит, т.б.) Ермексаз.
Мақсаты: Оқушыларды анималистік жанрымен таныстыруды жалғастыру. Пропорцияларын сақтап, үй жануарларын мүсіндеуге үйрету.
Жабдықтау: Үй жануарлардың суреттері, « Үй жануарлары» көрмесі, ермексаз, стектер, тақтайша.
Жұмыстың түрі: Мүсіндеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Мүсінші саз балшықты, ермексазды илеп, тасты қашап, ағашты жонып, металлдан құйып бейнелер тұрғызады.
Әр түрлі материалдан жасалған мүсіндерді көше бойынан, көрмелермен парктерден , әсем ғимараттар ішінен көре аласыңдар. Солардың арасында ерекше көрінетін - жануарлар мүсіні.
Мұндай мүсіндерді Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Атырау сияқты ірі қалалардан ғана емес, тіпті аудан оралықтарындағы көрікті парктерден көруге болады. Үлкен жолдар бойында тұратын таутеке, аю, арқар, бұғы, бүркіт т.б. мүсіндері де соларға жатады.
- « Ұй жануарлары» көрмесіне назар аудару.
Сендер үй жануарларының мүсінің қарап көріндер. Қаз, үйрек, тауық, мысық, иттің қандай қимыл - қозғалыстары бейнеленгенің қарап көріндер.
( Әр түрлі матариалдан жасалған мүсіндермен танысу).
Әтешті мүсіндеу жолдары .
1. Тақтайша мен каркасты дайындау.
2. Ермексазды илеп жұмсарту.
3. Ермексазды каркасқа тұрғызу.
4. Ермексазды созып, әтештің жалпы мүсінің жасау.
5. Ұсақ детальдарға тоқталып, әтештің мүсінің жасау.
4. Машықтық жұмыс.
Тапсырма: Үй жануарларын мүсіндеу.
5. Қорытынды.
- Көрме ұйымдастыру, жұмыстарды талдау.
14
8 сынып
Тақырыбы: Спорт тақырыбы. « Спортшы», « Күресші», «Баскетболшы». Ермексаз.
Мақсаты: Адамның тұлғасының пропорциясы туралы білімін кенейту, кеңістік ойшылдықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамның тұлғасын қозғалыста мүсіндеуге үйрету.
Жабдықтау: Спорт тақырыбына суреттер, ермексаз, стектер.
Жұмыстын түрі: Мүсіндеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырма.
Адамның тұлғасын һ = 10-12 см тұтас бөліктен қозғалыста мүсіндеу.
Адам тұлғасын мүсіндеу жолдары.
1. Қою түсті бірнеше ермексазды қосып, илеп жұмсарту.
2. Ермексазды цилиндр тәріздес илеп, 1/7 болігін бөлу. Бұл адамның басы. Оны жұмыртқа тәріздес илеу.
3. Кішкентай боліктен мойын мүсіндеп, басымен қосу.
4. Ермексаздың қалған болігін екіге боліп, адамның денесімен аяқ қолын мүсіндеу.
5. Тұлғаны қозғалыста көрсету.
6. Образды қажетті киім детальдарымен толықтыру.
7. Ермексаздың қосылу жерлерін түзетіп, жұмысты аяқтау.
( Мұғаліммен оқушылар мүсіндеу кезеңдерін бірге орындайды)
3. Машықтық жұмыс.
Тапсырма: Спорт тақырыбына мүсіндеу. « Спортшы», « Баскетболшы», «Күресші».
4. Қорытынды.
- Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
- Жұмыстарды талдау.
15
Әдебиеттер
1. Н.С. Боголюбов.
Скульптура на занятиях в школьном кружке. М. 1986
2. Н.С. Боголюбов.
Лепка на занятиях в школьном кружке. М. 1979
3. Н.М. Коньшева.
Лепка на уроках изобразительного искусства. М. 1985
4. Бейнелеу өнері . Оқулық. 5-6 сынып. Алматы 2001
5. М.С. Мұқашев. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Астана 2008
16
«Баланы бір затпен таныстырмақшы болсаң,
сол зат туралы сөйлеп қана қоймай,
оны балаға алып келіп көрсет,
көрсетіп қана қоймай,
сол заттың суретін салғыз,
әрі суретпен ғана қанағаттанба,
балшықтан мүсін жасауға үйрет».
Мағжан Жұмабаев
17
С. Бақашев. Әңгіме
18
Р. Ахметов. Алдар көсе
19
Н. Журавлев.
Достарыңызбен бөлісу: |