Ақыл-ой лексикасының абай мен шәКӘрім шығармаларындағЫ Қолданыс ерекшелігі әбілбек Г., «Тұран-Астана»


Ерітуге болмайды ішкі мұзын /Абай/



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі65,5 Kb.
#91237
1   2   3   4
Байланысты:
Абилбек Г. макала Абай Шакарим параллелизм

Ерітуге болмайды ішкі мұзын /Абай/.


Ақынның жан тебірентерлік сөзі көзінің жасымен, жүрегінің қанымен араласып шыққандай болса, соған да селт етпейтін, мән бермейтін, іші жылымайтын адамды ішіндегі мұзы ерімейді деу – бұл бейнелеп суреттеуге шеберлікті, оп-оңай көзге түсе бермейтін ұқсастықты, жақындық-жалғастықты көре білетін тапқырлықты аңғартады.
Енді, Шәкәрім лирикасының көркемдік қуатының бір белгісі-бейнелілік, оның ішінде эпитетті қолдану шеберлігіне тоқталайық. Бұл бағдарда, Шәкәрім ұлы Абайдың көркемдік дәстүрін жалғастырушы. Мәселен, Абай «жүрек» сөзімен тіркестіріп бірнеше эпиттетерді пайдаланған, оның әр алуан қасиетін ашады. Ол жөнінде Қ.Жұмалиев өз еңбегінде байыпты пікір айтып, талдау жасағаны белгілі [6, 202]. Шәкәрім шығармаларында да «жүрек» сөзінің орны ерекше, көркемдік дәстүрді жалғастыра отырып, өзінің даралық мәнерімен аталған сөз ұғымды қатыстыра отырып, сәтті эпитеттердің түрлерін қазақ сөз өнеріне әкелген. Соның бірнешеуіне тоқталып өтейік:
Құры тілмен зарланып сайраулымын,
Қол аяғым бос емес, байлаулымын.
Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр,
Ыза қысып тісімді қайраулымын [7, 96].

Менің биім-өзіңнің ақ жүрегің,


Сөзімді ұқ та дауыңды айт, соған жүгін [7, 97].

Жылы жүрек, тәтті тіл


Берекені берер, біл.
Ащы сөзді - өзімшіл,
Өнері оның қалар тұл [7, 147].

Дәл солай қылайын деп ұнағанда,


Әділетті жүрегің бір қозғалмақ [7, 58].
Жаралы жүрек жыбырлап,
Өліп қалған сұм жүрек.
Оятсам да тұрмасты;
«Улы жүрек», «ақ жүрек», «жылы жүрек», «жаралы жүрек», «сұм жүрек» деп, «жүрек» сөзін осындай тіркестер арқылы ақынның айтпақ ойы адал ниетті, ақ жүректі болсаң сыйлы да, сыйламды, білімді де білікті боласың деген ой тастайды. «Сұм жүрек», «улы жүрек» деген эпиттеттерді ала отырып, ақын бұндай жүректі адамдардың жүрегіне жеткізіп айтқан жылы сөздердің еш пайдасы жоқ себебі ол өліп қалған «өлі жүрек» дейді.
Ұлы ақын Абай «ақ жүрек», «жылы жүрек», «жаралы жүрек» деген халық қолданысында бар тіркестерді қалдырса, Шәкәрім көп қолданысқа түспеген «сұм жүрек», «улы жүрек» деген эпиттетті тіркестерді қалдырған, бұл Шәкәрімнің Абайдан кейінгі жаңашылдығы деуімізге де болады.
Шәкәрімнің өзіндік сөз саптауын төмендегі метафоралық тіркестерде де айқын көруге болады.
Қайғылы көңіл тырп етіп,
Қабағын ашпас салбырап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет