Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшелігі



Дата27.05.2018
өлшемі117,71 Kb.
#40956
Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшелігі.

Мышан Ж.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің



әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3-курс студенті,ғылыми жетекші: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы, доцент м.а.Оналбеков Е.С.
Аңдатпа:Мақалада ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктері қарастырылады.Сонымен қатар, ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшелігінің дамуы мен ерекшелігін қарастыруда қалыпты жағдайдағы балалардың танымдық ерекшеліктерімен салыстыру мәселесі қарастырылады.Мақалада бұл балалардың зият, ес, ойлау және қабылдауларындағы ерекшеліктер қарастырдық.

Түйін сөздер:ақыл-ойы артта қалған балалар, таным

Кіріспе:

Мәселенің өзектілігі: Ақыл-ойы артта қалған балаларды қалыпты балалар қатарына қосу қазіргі уақыттың өзекті мәселерінің бірі.Қалыпты қоғамға қайта қосу балалардың танымдық ерекшеліктерінің дамуы мен дамудағы негізгі кедергілерді анықтап, түзете білуде.Сонымен қатар, қалыпты жағдайдағы балалардың танымдың ерекшеліктерімен салыстыра отырып анықтау.

Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі ақыл-ойы артта қалған балалардың кең етек жайып бара жатуында. Ақыл – ойы артта қалған балаларда қалыпты балалармен салыстырғанда әртүрлі сезінуінің бұзылысы және объектілер мен жағдайларды қабылдау бұзылыстары байқалады. ҚР
Білім туралы заңының 2-тарау 8-бабының 6 тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген. Яғни, қоғамда кемістігі бар балаларға аса зейін қойылып отыр. Себебі, бұл балаларды қандайда болмасын жолдармен қалыпты балалардың қатарына қосу алға қойылады. Соның ішінде ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктерін білім беру кезінде және көптеген әдістер арқылы, қалыпты балалармен салыстыру негізінде түзетуге және дамытуға болатынына мән берген жөн. Бұл балалардың танымдық ерекшеліктері мен қатар оны түзету ерекше назарға алынып отыр. Себебі, олардың танымдық қабілеттеріндегі негізгі кедергілерді жойғанда ғана жақсы жағынан дами алады.

Ақыл- ойы кем балалардың қабылдау және түйсіну ерекшеліктерін кеңінен зерттеген кеңес психологтары - И.М.Соловьев, Ж.И.Шиф, К.И. Вересотская, М.М. Нудельман, Э.А. Эвлакова, Е.М. Кудрявцев болған.

Ақыл-ойы артта қалған балаларға көмек қолын созып, зерттеген көптеген ғалымдар бар. Ақыл-ойы артта қалған балаларға көмек көрсетуді дамытумен ұйымдастыруда маңызды рөлді алатын ғалымдардың бірі Е.К. Грачева. Грачева алғаш рет Ресейде идиот және эпилептик балаларға арналған балалар үйін ашты. Дәрігер В.П. Кащенко алғашқы емдеу - тәрбиелеу мекемесін ашқан. Бұл мекеме кемістіктері бар балаларды сол уақыттарда емдеу, тәрбиелеу және оқыту жолдарымен балалардың даму жетістіктері түзетіліп, оларды пайдалы өмірге еңбекке дайындаған деп есептеледі. Сонымен қатар, олигофренопедагогиканың едәуір дамуына өз үлесін қосқан ғалымдардың бірі Граборов А.Н. Ол бұл қатардағы балалардың қалыпты дамуы мен түзетуге көп еңбек сіңірген ғалым.

Мақсаты: ақыл-ойы артта қалған балалардың қалыпты балалардың ес, зият,таным,ойлау,қабылдау қабілеттерінің ерекшеліктерімен салыстыра отырып, бұл балалардың танымындағы негізгі ерекшеліктері мен кедергілерді айқындау.

Міндеті:

1. Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық қабілеттеріндегі кемшіліктерді теориялық тұрғыдан талдау

2.Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктерін қалыптағы балалармен салыстырғандағы өзгерістермен және ерекшеліктерді айқындау.
Негізгі бөлім: Ақыл-ойы артта қалған дегеніміз – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы болып табылады. [3.]Ақыл-ой дамуы артта қалған балалардың дамуын қалпына келтіру танымдық іс-әрекеттерді қалпына келтірумен байланысты.

Яғни,таным дегеніміз - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. [3.]

Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктеріндегі кемістіктер өздерін қоршаған балалармен және ересектермен өзара қарым – қатынас жасағанда айқын байқалады. Сонымен қатар, білім алу кезінде де бұл кедергілер бала тұлғасына кері әсерлерін тигізіп жатады. Ақыл – ойы кем балалардың қабылдау және түйсік дамуы баяу жүреді. Ақыл – ойы кем балалардың қабылдауының баяулығы оның психикалық дамуына әсерін тигізеді

Ақыл-ойдың артта қалуы клиникалық белгілеріне байланысты үш дәрежеге бөлінеді: дебилдік дәреже (жеңіл дәрежесі) - әлсіз, қуатсыз деген мағына берсе, имбецил (орташа) - әлсіз, елеусіз, идиотия (ең ауыр түрі) -тұрпайылық .

Дебил балалардың танымдық ерекшеліктерінің бұзылуы көптеген қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз болып келеді.Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды, абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ, нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады.Оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады. [1.]

Бірақ, кей жағдайларда дебил балалар интеллектісінің жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай жаттап алумен қатар,өзгелерге еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса жоққа шығарып,жеңілдетіп жатады.



Имбецил балалардың барлық психикалық процестері баяу,селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған.Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес.

Идиотия дәрежесіндегі балалар қорғансыз, көрсетілген көмекті қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр уақытта жарақаттанып жүреді.

Білім алуға талпынысы мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да түсініксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын, шешесін де танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе қанағаттанбауын ашумен, айқай- лармен көрсетеді. [1.]

Ақыл – ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктері баяу дамыған. Олардың қабылдауының баяулығы қолданылатын материалдың көлеміне байланысты.

М.М. Нудельман зерттеулері көрсеткендей, терезеден көрген пейзажды ақыл-ойы кем балалар қалыпты балаларға қарағанда бейнелерді аз қабылдайды. Олардың қабылдаған бейнелерінің саны аз болады.

И.М. Соловьевтың айтуы бойынша қалыпты балалар бірден қабылдаса, ақыл ойы кем балалар үшін шындықтың көп бейнесі аумақтары аз заттар арқылы қабылданады.

Э.А. Эвлакованың зерттеулері бойынша, ақыл-ойы кем балалар суретте бейнелерден адамның көңіл-күйін анықтай алмайды деген. Жалпы ақыл – ойы кем балалар үшін сюжеттік картиналарды және пейзаждарды немесе әр түрлі суреттерді түсіну оқу біршама қиын болып табылады. Олар суреттегі перспективаларды түсінбейді, түсініктерді ажырата алмайды және жартылай жабылған заттарды атай алмайды.

Ж.И. Шифтің экспериментальды зерттеулері, зияты дамымаған балалардың түсті ажыратуына арналған. Зерттеулер көрсеткендей, қалыптағы балалар ұқсас түстерді 1 топқа жатқызса, ақыл ойы кем балалар түстерді көптеген ұқсас емес түстерді 1 топқа біріктірген.

К.И. Вересотская суреттер ұсыну арқылы қалыпты балалардың және ақыл-ойы артта қалған балалардың қабылдау белсенділіктерін айқындаған. К.И. Вересотская балаларға 90° және 180°қа бұрылған суреттерді ұсынды.Сонда қалыпты жағдайпогшлддағы балалар суреттерді дұрыс тауып, дұрыс қалпына бұрып,орналастыра білді. Ал ақыл –ойы артта қалған балалар қалыпты суреттер қабылдап, суретті бұруға танып қабылдау белсенділіктері жетіспеген және көбіне суреттегі нақты мәселелерді анықтай алмай, кездескен суреттерді ретсіз атап көрсеткен.

Сонымен қатар, ақыл-ойы артта қалған балаларға қалыпты балаларға қарағанда кеңістіктегі объектілердің қатынасын анықтау қиын. Себебі,кей жағдайда ыстық,суықты ажырата алмайтын балаларға өлімен тіріні ажырату қиынға соғады.Ақыл – ойы кем балаларға заттық әрекетін қалыптасуының жетіспеушілігі тән.



Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталып өтсек.Яғни,олардың зейін ерекшеліктеріне,түйсіну-қабылдауына, ес ерекшеліктеріне және ойлауына ерекшеліктеріне сипаттама беретін боламыз.

Зейін ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ,яғни зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы,яғни белгілі бір нәрсеге назарын аударуы.

Көптеген зертеуші-ғалымдар зейіннің,оның ішінде ырықсыз зейіннің жеткіліксіздігіне тоқталады.Ақыл-ойы артта қалған балалардың ырықты зейініне енжарлық тән,көңілдері бөлінгіш.Кей балаларда 10-15 минут жұмыс істегеннен кейін қимыл-қозғалыс, мазасыздық басталады.Ал кейбір балалар енжар,селқос күйге ауысады.

Ақыл-ойы артта қалған балалардың ерікті зейін деңгейінің төмендігі олардың ерік-жігер салаларының жетілмеуімен де байланысты.Сонымен қатар, балалар тым шыдамсыз, әлсін –әлсін орнынан сабаққа қатысы жоқ сұрақтарды қойып, орнында отырып айғай салып жатады. Бұл белгілер ақыл -ойы артта қалған балаларда қимыл-қозғалыс белсенділіктері мен көңілдерінің бөлінуі,алаңдау күйлері өте айқын көзге түседі. [2.]

Балалардың жасы ұлғайған сайын ырықты зейін көлемі де ұлғаяды, тұрақтылығы мен таралу қасиеті де анағұрлым жақсара түстеді, бірақ зейіннің белсенділік уақыты қалыпты балалардан үнемі әлдеқайда кем болады және айтарлықтай кеш дамиды.

Ақыл-ойы артта қалған балалардың түйсіну мен қабылдау ерекшеліктері.Бұл балалардың тежелген, шектелген қабылдау қабілеттері оның психикалық даму барысына орасан зор әсер етеді.Бұл балаларда қабылдау төмен дәрежеде жұмыс істегенімен, бұл тікелей жүйке процестерімен байланысты болады. Балаларда жүйке процесінің қызметі біршама қалыпқа келе бастаған жағдайда, олардың сезіну мен қабылдауы қарқынды дами бастайды. Ең алдымен бұл процестерді дамытуда ойындар, әр түрлі шаралар мен серуендер және негізгісі ретінде оқу бағдарламасын күшейту керек.Осы кезде ғана қоршаған орта туралы көп мәліметтер жинап, қабылдауы мен дүниетанымы кеңейеді.

Ес ерекшеліктері. Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.

Есте сақтау арқылы балаларда мағлұматттарды жинақтау, білімнің түрлі салаларын меңгеру іске асады. Жады адамның басынан кешіргенін, алған тәжірибиесін ойда сақтаумен және келесі тәжірибеде оны танумен, қайта жаңғыртумен іске асады.Әдетте вербалды(сөздік),көру және моторлық (қимыл-қозғалыс) ес түрлерін ажыратады.

Ақыл-ойы артта қалған балалардың есте сақтау процестері өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.Бұл балалардың есте сақтайтын ақпаратттары қалыпты жағдайдағы балалармен салыстырғанда өте аз. Балалардың сөздік және көрнекі материалдарды есте сақтауының анықтылығы тұрақты емес және анықтығы төмен. [2.]

Бұл есте сақтауларды балалар қайта жаңғыртқанда көптеген кедергілерге ұшырайды.Яғни,көп элементтерді естен шығарады, орындарын алмастырып алады және кездейсоқ ассоцияларға сүйеніп жаңа элементтер қосып алып,логикалық ретіне өзгерістер енгізіп алады.Көбенесе ақыл-ойы артта қалған балалар ырықсыз есте сақтауды пайдаланады. Яғни, олар өздерін қызықтыратын, назарын аударатын, эмоционалды жақтарын ғана есте сақтайды. Балалар ақпарат айтылғанда осы фрагменттерді ғана бөліп алып, есте сақтайды. Бұл ақпараттарды ерекше әсермен қабылдап, өзіндік белгілермен, қимылмен және көзқарастармен жауап білдіріп жатады. Сонымен қатар, бұл балалар ақпаратты қабылдағанда қаншалықты белсенділік танытса, соншалықты нәтижелі болады. Негізінен, ақыл-ойы артта қалған балалардың есте сақтауы өте қиын мәселе.Бұл балаларға ақпаратты есте сақтауы үшін үнемі бір сарынды қайталатып отырдың еш пайдасын жоқ. Керісінше,өткен ақпаратпен жаңа ақпарат арасында байланыс орната білген жөн.

Ендігі кезекте, ақыл-ойы артта қалған балалардың ойлау қабілеттеріне келер болсақ, М.В. Зверева, А.И.Липтика, Шиф және И.М.Соловьев, Г.М. Дульнем сынды ғалымдардың зерттеуімен түсіндірсек болады. М.В. Зверева, А.И. Липтика бұл балалардың ойлауынан мына ерекшелікті байқаған яғни,балалардың заттарды салыстыруда олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына көп көңіл бөлетіні.Бұл балалардың ойлауындағы негізгі кемшілік-қорыту мен жалпылау қабілеттерінің төмендігінде, бұл кемшілікті мектепте ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмауынан байқаймыз.Олар ережелерді жатқа білгенмен мән-мағынасын түсіне алмайды.Сол себепті ережелерді қажет ететін арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді.Сонымен қатар,осы салада И.М.Соловьев бұл балалардың ойлау қабілеттерін қарастыруда стереотиптік тенденцияларды анықтайды.Бұл тенденция бойынша балалар әрбір жаңа берілген есепті бұрын білетін бір ғана жолмен шешуге тырысуынан көрінеді.Мұндай ойлау балаланың логикалық ойлауына кедергі жасайды.[2.]



Ақыл-ойы артты қалған балалардың ойлауының қалыпты балалардан негізі ерекшелігінің бірі ойлап отырып,сол ойды түсініп өзіндік қорытып, түйін шығара алмауында.Әр мәселенің шешімін іздегенде қалыптасқан әдіске жүгініп, жаңа әдістерді іздеуге деген өткізу.

Қорытынды: қорытындылай келе, ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктері ми қыртыстарымен және жүйке-жүйесімен тікелей байланысты. Балалардың қабылдап,түйсінулері өте төмен деңгейде жұмыс жасайды. Есте сақтау қабілеттерінде көбінде өзін қызықтыратын ақпараттар ғана есте сақталады. Яғни, ырықсыз есті көп пайдаланылады. Зейін ерекшеліктеріне қарап бір орында және бір жұмыспен ұзақ айналыса алмайтынын түсінеміз. Көбінде,психологиялық жағынан мазасыз, ұшқалақ болып келеді. Сол себептенде, балалардың жасап жатқан жұмыстарын, орнын айналасындағы адамдарды да жиі ауыстырып отырғанда ғана балаларды қызықтыра аламыз. Сонымен қатар балалардың зейінін сабаққа аудара білу де ең маңыздысы, тақырыпты балалардың қызығушылықтарына сай технологиямен өткізген жөн. Танымдық ерекшеліктерді жеке-жеке сипаттай келе,мынадай ұсыныстар ұсынамыз

1.Зейін ерекшеліктері қарай, ақыл-ойы артта қалған балалардың зейінін тұрақтандыру үшін ақпарат көлемін аз көлемнен бастау керек, себебі баланы ақпараттық көлемділігімен мазмұны да жалықтырып жіберуі мүмкін.Бір орынды жиі ауыстырып, ақпарат берудегі технологияларды да өзгертіп,түрлендіріп отырған жөн.

2.Түйсіну мен қабылдау,ең алдымен жүйке-жүйесін қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру керек. Сол жағдайда ғана қабылдауы мен түйсінуі орнына келе бастайды.Суреттерді талдауды,түстерді топтастыруды,ойын әрекеттерін көп қолданған жөн.Мектеп кезінде оқуды,еңбекті және ақпарат көп беруге тырысу қажет.

3. Ойлау ерекшелігіне қарай,ойынды көп пайдалану арқылы,логикалық жеңіл тапсырмаларды жаңа амалдаармен шешуге, өзіндік қорыта білуге,түсінугесептігін тигізетін тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін түзетуге болады.

4.Ес- балалардың есте сақтауын жақсартамын деп мәліметті қайта-қайта қайталаудың қажеті жоқ. Керісінше, бұрынығы ақпараттар мен байланыс орната отырып, қызықтырып, эмоция мен және ең бастысы сол ақпаратты беру барысы баланы қатыстыра отырып берсе балаларда жақсы есте сақталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Олигофренопедагогика негіздері. Оқу-әдістемелік құрал / құрастырушылар: Ж.Т. Измайлова, Г.Б. Туралина, С.А. Абилева. – Павлодар, ПМПИ, 2012 – 101 бет.

2.Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология.Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар, -2011. 122 бет.



3.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет