Мектептің білім беру үдерісінде swot- талдауды тиімді қолдану 2020-2021 оқу жылы «Білімді болуға – оқу керек» Ахмет Байтұрсынұлы Мектептің білім беру үдерісінде swot- талдауды тиімді қолдану 2020-2021 оқу жылы «Білімді болуға – оқу керек»



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі43,21 Kb.
#181739
  1   2   3

Мектептің білім беру үдерісінде SWOT- талдауды тиімді қолдану 2020-2021 оқу жылы «Білімді болуға – оқу керек» Ахмет Байтұрсынұлы
Мектептің білім беру үдерісінде SWOT- талдауды тиімді қолдану 2020-2021 оқу жылы
«Білімді болуға – оқу керек» Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі білім берудің мақсаты – халықтық тәрбие тағылымын игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз бетінше ойланатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Білім мекемесін басқару – жалпы оқу үрдісінің көзге көрінбейтін ішкі механизмі болып табылады. Бұл механизмнің мәнін тек терең жасалған педагогикалық талдаудың нәтижесінде ғана ашуға болады. Оқу жылының қорытындысында педагогикалық талдау жасау ісі - кеткен кемшіліктердің себебін анықтау, алдағы оқу жылына міндеттер белгілеу болып табылады. Талдау – басқару әрекетінің құрамдас бір бөлімі. Жан-жақты терең талдау мектептің дамуын жүзеге асырады, ұжымның іс-әрекетінің тиімділігін көтереді. Стратегиялық жоспарлау аясындағы ішкі ортаны талдаудың белгілі әдістерінің бірі болып SWOT –талдау саналады.
Мектептің қызметіне SWOT- талдау жасаудағы мақсат:
Мектептің қызметін SWOT-талдау төмендегідей төрт бағытта жүреді (1-кесте)
1-кесте. SWOT талдау жүргізудің төрт бағыты.
2020-2021 оқу жылында елімізде орын алған төтенше жағдайлардың бірі – COVID-19 короновирустық инфекцияның пайда болуы – білім беру жүйесіне жаңа өзгерісті, қашықтан оқыту үдерісін енгізді. Елімізде, тіпті әлемде алғаш рет білім беру жүйесінде қашықтан оқыту арқылы білім беру мен тәрбиелеу ісі жүргізілетін болғандықтан бастапқы кезде көптеген қиындықтар мен кемшіліктер орын алды. Кездескен қиыншылықтарды мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, ата-аналар мен оқушылар түсініп, өзгерісті оң қабылдады. Бұл жаңаша үдеріс ұстаздардың басқа бір жаңа қырынан танылуына, кәсіби деңгейлерінің артуына әсер етті. Әкімшілік, білім бөлімі тараптарынан біршама әлеуметтік көмек беру шаралары ұйымдастырылды. оқушыға: 65 оқушыға соның ішінде 30 модем-роутер, 30 ноутбук, 35 компьютерлер беріліп, аса көмек қажет етіп отырған 85 оқушының 65-не көмек көрсетілді. Қалған 20 оқушының жеке компьютер, ноутбук, смартфондары болды. Мектебімізде 2019-2020,2020-2021 оқу жылдарында «Шаңырақ жобасы » аясында , « 1 күн ата-ананың жұмыс орнында» жобасы іске асырылды. Оқушылардың мамандыққа баулу,ата-ананың еңбегіне құмет мақсатында өткізіліп отырды.

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Менің кітап оқуға құштарлығым» 
жобасы өткізілді.Бердібек Соқпақбаев менің атым қожа шығармасымен танысты
«Бастауыш сынып оқушыларымен дауыстап оқу» жарыс өткізіліп жеңімпаздар анықталып, марапатталды
«Менің сүйікті ертегі кітабым» бойынша оқушылар танысқан ертегілерінен сахналық қойылымдар ұйымдастырылды. «Балалыққа кітаппен барар жол » жобасының I – кезеңі аясында «Кітаппен бірге өсеміз» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен ертеңгілік өткізілді. Оқушылар хайуанаттар жайлы және тұрмыс салт ертегілерімен танысып, ертегі үзінділері бойынша сахналық қойылым көрсетті. Мысалы: «Бауырсақ ертегісі» мен «Түлкі мен қарға» ертегілеріндегі кейіпкерлерді жоғары денгейде сомдап шықты. «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» тақырыбында оқушылар өздері оқыған кітаптарын басқа оқушыларға айтып қызықтыра білді. «Балалыққа кітаппен барар жол» тақырыбында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасымен танысты. Әңгіме сюжеті бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. «Үштілділік патшалығы» жобасының 1-кезеңінде, 2020-2021 оқу жылы тіл мұғалімдері оқушылармен бірігіп, тілдерді дамыту жоспарын талдап, жан-жақты қарастырып, ауызекі сөйлесу дағдыларын жүзеге асырады. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр.

Мектебімізде қашықтан оқытуды жүйелі жүзеге асыру бойынша оқу процесіне қатысушылардың функционалдық міндеттері қарастырылып, жұмыстар жүктелді.
Соның арқасында мынадай күтілетін нәтижелерді айтуға болады:
- Қашықтан оқу арқылы – ақпаратты өңдеп, ойлана алатын, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, жан-жақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
- Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған отансүйгіш азамат тәрбиеленеді.
- Қашықтан оқыту технологияларын жетік меңгерген, шығармашыл, жан-жақты мұғалімдер саны арта түседі.
- Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған оқыту жүйесі арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады.
-Қашықтан оқытудағы мұғалім, оқушы, ата-аналар арасындағы кедергілерді анықтай отырып өткен оқу жылындағы мектебіміздегі қашықтан оқыту процесіне төмендегідей SWOT- талдау (2-кесте) жасалынды.
2-кесте. 2020-2021 оқу жылында мектебімізде қашықтан оқыту процесінің жүргізілуіне SWOT- талдау.
Күшті жақтары:
Ø Ақпараттық мәдениетінің дамуы,
Ø Жаңа мәлімет, қызығушылық,
Ø Логикалық ойлауды дамыту
Ø Барлық дереккөздердің сақталуы,
Ø уақытты ұтымды пайдалану,
Ø білім порталдарынан түрлі қызықты ақпараттар алу,
Ø мұғалімнің де, білім алушының да уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі, 
Ø мұғалім мен білім алушының арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше қолжетімді болуы, 
Ø ата-ана бақылауы (ата-ананың білім беру үрдісін және мұғаліммен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі). 
Әлсіз жақтары :
Ø интернет желісінің төмендегі, қолжетімсіздігі, 
Ø оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және бағдарламалық құралдар болуы тиіс,
Ø халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі,
Ø ата-аналардың балаларына оқуға қол жетімді құралдармен қамтамасыз ете алмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет