Мүмкіндіктері:
Ø ақпараттық құрылғыларын меңгеруге,
Ø іс-тәжірибені таратуға, шығармашылығын шыңдауға,
Ø ата-ананың баласының білімін бақылап отыруға,
Ø ауыл мен қала баласының тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік бар,
Ø қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі –оқушылардың оқу бағдар-ламалары
бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу,
Ø компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асырылуы.
Қауіп - қатерлері :
Ø оқушы мен мұғалімнің денсаулығына кері әсері,
Ø көптеген қауіпті сайттардың қолжетімділігі,
Ø оқушылардың компьютерге, планшетке тәуелділігі,
Ø теориялық білімді жеткілікті түрде ала алмағандықтан практикада дұрыс қолдана алмауы,
2020-2021 оқу жылындағы қашықтан оқыту жағдайындағы іс-шараларды қорытындылап, талдай келе:
- Мұғалім компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет екендігі
- Қашықтан оқытудағы мақсаттар мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі
- Мұғалімнің ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы
- Оқу үрдісін қашықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлану, қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет екендігі анықталды.
Мектепті басқарудың теориясы мен тәжірибесінде совет ғалымы, педагогика ғылымының докторы, профессор Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова педагогикалық талдаудың үш түрін: көрсеткіштік, тақырыптық, қорытынды талдауларды ұсынған [С.Ж.Тәуірбекова. «Қазіргі мектепті басқару»]. Осы талдаулардың ішінде Қорытынды талдау – мектептің оқу тоқсанын, жарты жылдық, жылдық жұмысының қорытындысын шығаруда қолданылады. Қорытынды талдау басқарудың барлық функцияларын қамтиды. Сондықтан бұл талдау уақыт, кеңістік және мазмұны жағынан барынша кең көлемде жүзеге асады. Қорытынды талдаудың бір түрі ретінде мектептің бір жылдық жұмыс жоспары бойынша өткен оқу жылының жұмысын SWOT-талдау тәсілімен талдау өте тиімді деп есептеймін.
2020-2021 оқу жылының жалпы талдауы өте ауқымды. Сондықтан, барлық мәліметті жинақтап, мектеп қызметінің өткен оқу жылындағы нәтижелеріне SWOT- талдау жасалып, күшті және әлсіз жақтары анықталды.
Күшті жақтары:
1. Басқару саласындағы жаңашылдық.
2. Педагогтар қызметіндегі жаңашылдық.
3-кесте. Кадрлар (сандық, сапалық құрамы)
Педагог кадрлардың жалпы саны 19
Санаттары бар: педагог-зерттеуші -1, педагог-сарапшы – 4, педагог-модератор – 7, санаты жоқ-5
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс 15 мұғалім
Үштілділік бағдарламасы бойынша курстан өткендер 1 мұғалім
3. Әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылуы.
Ғылыми-әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру, педагогикалық қызметкерлердің оқуы мен дамуы, мектепішілік бақылау жүйесі. Жаңа педагогикалық технологиялар мен озат тәжірибелерді пайдалану арқылы оқу-тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру және оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта құрамында 7 мүшесі бар мектептің әдістемелік кеңесі де тиімді жұмыс атқаруда. Мектептегі 2 «Бастау » 1-4-сыныптар арасында, 5-9-сыныптар арасында «Талант » әдістемелік бірлестіктері жоғары деңгейде жұмыс атқарып, пәндік апталықтар мен мектепішілік семинарларды қызықты әрі мазмұнды өткізіп отыр. Жас мамандар үшін ұйымдастырылған тәлімгерлік жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуі үшін мектептегі «Жас мамандар» мектебі жасақталған жоспар бойынша нақты жұмыстарын атқарды.
4. Педагог қызметкерлерге қойылатын құзіреттілік талаптардың орындалуы.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі.
Мектепте құрамында 7 мүшесі бар шығармашылық топ жұмыс істейді. Олар мектептің зор қозғаушы күші. Жаңа педагогикалық технология әдіс-тәсілдерін оқу үдерісіне енгізуге ұжымды жұмылдыруда. Озат тәжірибелерді тарату мақсатында мектепте аймақтық семинарлар өз деңгейінде өтілуде. Одан басқа қалалық, облыстық пән олимпиадаларына және басқа да байқауларға қатысуына көмектеседі. Әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, мұғалімдерімізде, оқушыларымызда жүлделі орындарға ие болуда. Басқа да білім беру мекемелерімен қарым-қатынас жүйелі жолға қойылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсан №988 қаулысымен ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында дарынды ауыл оқушыларын анықтау мақсатындағы «Мың бала» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба бойынша ауылдық жерлердегі мектептердің 5-6 сыныптар оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтап, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беріледі. Біздің мектебімізден өткен оқу жылында қатысқан оқушыларымыздың ішінен 1 оқушымыз,
Достарыңызбен бөлісу: |