Алғабас ауылдық мәдениет үйінің 2017жылғы 12-айда атқарылған
мәдени іс-шараларының есебі.
Мәдениет үйінің орналасқан жері :Алғабас ауылы «Машбек»ата көшесі№3
Штат бірлігі -2
Мәдениет үйінің директоры
Мәдени іс-шара ұйымдастырушысы
Елді мекендер саны -6
1.Қоңырат елді мекені-2140
2.Қ.Пернебаев елді мекені - 2000
3.Табысты елді мекені -2300
4. Еркінабад елді мекені -800
5. Өркеиет ауылы -710
6. Алғабас елді мекені -2300
Жылдық жоспардың жасалынуы, кеңес құрамы:
Жыл басында 2017жылдық жоспар құрылып аудандық мәдениет үйіне бекітілді.
Жыл басында кеңес құрамы құрылып төмендегі азаматтар бекітілді.
1.Алғабас ауылдық мәдениет үйінің директоры : Ә.Байменов
2. Кітапханашы: Ф.Юнусова
3. Мұғалім : З.Құрманалиева
4.Мұғалім: Г.Құдайбергенова
5. Тәрбие жөніндегі орынбасары :Қ.Полатов
6. Әкім орынбасары : С.Кенжеев
7. Көркемдік жетекшісі : М.Ауезова
Ауыл әкмімен мектептің байланысы
Алғабас ауылдық мәдениет үйі барлық іс-шараларды ауыл әкімімен және мектеппен тығыз байланысып ,жыл бойында жоспарға бекітілген іс-шараларды бірлесіп өткізуде
5-қаңтар күні «Нар тұлға»атты Д.Қонаевтың 105жыл толуына орай №113 мектеп мектеп оқушыларымен әдеби тақырыптық кеш болып өтті. Өткізу мақсатымыз: ұлтымыздың қадірін қасиетін бойына сіңірген ұлттық намысын ожданы мықты ұрпақ тәрбиелеу.
Іс-шараға мәдениет үйінің директоры: Ә.Байменов Д.А.Қонаевтың өмірімен таныстырып газетке шыққан бірнеше мақалаларын оқып беріп, оқушылар көңілін көтерді. Кітапханашы Ф.Юнусова апайымыз Қонаев жайлы кітап көрмесін қойып қысқаша баяндама жасады. Іс-шарада ауыл өнерпаздары здерінің дайындаған әндерін жиналған көпшілікке тарту етті.
Өткізілген іс-шара суретке түсірілді. Қатысқандар саны: 50
14-қаңтар күні күні сағат :15-00де Алғабас ауылдық мәдениет үйінде ауыл жастарымен бірге «Жастай берген тәрбие -жас шыбықты игендей»атты сыр-сұқбат болып өтті.
Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын дамыту. Баланың жастайынан жеке бас ерекшелігі психологиясын ескере отырып жан-жақты тәрбиелеу.
Бұл іс-шараны мәдениет үйінің директоры Әлишер Байменов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейіткерім Мелдеханов ағаларымыз ашып беріп, өсіп келе жатқан ауылдың жас жеткіншектеріне алдағы уақытта үлкенге ізет,кішіге құрмет білдіре алуларын түсіндіріп өтті және Тәуелсіздігіміздің 25жылдығына орай қысқаша түсініктеме беріп өтті. Биылғы өтіліп жатқан мерекелік іс-шаралар Тәуелсіздігімізге орай өтілуде. Мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған қабырға газеттері ілініп , кітапханашы Бибігүл Рыспанова апайымыз кітап көрмесін қойды. Өтілген іс-шарада ауыл жастары шақырылған қонақтармен өз ойларын бөлісті .Әкімшілік өнерпаздары А.Жүрсінбаева ,М.Сейілхан ,А.Молдаілес,Е.Жаңылтпай, Н.Әшірбаев, Р.Молдаілес өздерінің Тәуелсіздікке арнаған ән билерін жиналған көпшілікке тарту етті. Мұнда өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды. Қатысқандар саны : 35
18-қаңтар күні сағат-15-00де Бірлік а\ә қарасты «Бірлік» жом акт залында жастарды имандылыққа түсініктерін кеңейте түсу тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығымен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып ой-өрісін қиялын қызығушылығын, адами қасиеттерін қалыптастыру бабалардан қалан ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп содан үлгі өнеге алуға халқымыздың ұмыт болған салт дәстүрін жалғастырып құрметтеуге имандылыққа адамгершілікке ,адалдыққа ,еңбекқорлыққа ,достыққа ,ерлікке ұлттық педагогикаға тәрбиелеу.Бұл іс-шараны имам Абибулла Байменов ,Айтан Орынбасар,Жандар Жүсіпов аталарымыз ашып жиналған жастарымызды имандылыққа тәрбиелікке шақырды. Ауыл тұрғындары мешіт имамдары өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып тұжырымды жауап алды. Соңынан мәдениет үйінің директоры Ә.Байменов келген қонақтарға алғысын білдірді. Өтілген іс-шара суретке түсірілді.
Қатысқандар саны: 40
21-қаңтар күні «Бала біздің болашағымыз»атты балаларға арнап ертеңгілік іс-шара өтті. Іс-шараны өткізу мақсатымыз соңымыздан еріп келе жатқан жастарымызды тәрбиелікке ұқыптылыққа ,шыншылдыққа ,адалдыққа тәрбиелеу.Бұл іс-шараны Жиенбет ата балабақшасының меңгерушісі Т.Кунбаева ашып балаларды келешекте үлкен азамат болып өсуіне үлкенге ізет,кішіні құрметтей берулеріне өз алғысын білдірді. Әкімшілік кітапханашы Б.Ақмырзаева кішкентай бүлдіршіндерге ертегілер оқып берді. Өтілген іс-шара балалардың көңілінен шықта. Әкімшілік өнерпаздары А.Жүрсінбаева,М.Сейілхан, А.Молдаілес, Е.Жаңылтпай,Н.Әшірбаева,Р.Молдаілес өздерінің әндерін тарту етті. Балалармен қосылып ортаға шығып әпкелерімен би биледі.
Қатысқандар саны: 100
28-қаңтар күні сағат 15-00де Бірлік а\ә қарасты Бірлік жом акт залында «Аққу қазды қыздар-ай»атты әкімшілік өнерпаздарының концерті болып өтті. Бұл концертті өткізу мақсатымыз: өнерпаздарымызды сыйластыққа ,әдептілікке,шынайылыққа ,адалдыққа тәрбиелеу мақсатында өтілді. Бұл концертімізді әкім орынбасары: С.Кенже ашып ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 27жылдық мерекесімен құттықтап ,алдағы уақытта ауылдың мәдениетін бұдан да әрі қарай дами беруіне үлкен мерекелік іс-шара өте беруіне ауыл жастары ат салысып,қатыса беруіне өз ықыласын білдірді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мелдеханов ағамыз жастарды имандылыққа тәрбиелеу жөнінде қысқаша түсіндіріп өтті. Ауыл өнерпаздары: Р.Бектұрған,Е.Жаңбырбай,С.Мұқамеджан,А.Нұрмолад,С.Оралбек,Ж.Бектұрғанова ,А.Сейілхан А.Тастемір өздерінің Тәуелсіздікке арнаған ән билерін тарту етті. Ауыл әкімінің орынбасары С.Кенжеев ауданда өткен келіндер сайысында ІІ-орынды иеленген Айсара Садуақасоваға әкімшілік атынан «Алғыс хат» және сый-сыйапат тапсырды. Соңынан ауыл жастарына арнаған би кеші болып өтті.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды. Қатысқандар саны: 100
3-ақпан күні сағат: 11-00де Бірлік ауыл әкімшілігіне қарасты
«Еркінабад»елді мекенінде №113 ЖОМ да жоғарғы сынып және ауыл жастарына имандылыққа тәрбиелеу жөнінде «Қайырымдылық пен имандылық асыл қасиет »атты дөңгелек үстөл болып өтті.
Өткізу мақсатымыз: оқушыларымыздың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу,тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу, мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып ой-өрісін,қиялын,қызығушылығын белсенділігін,құштарлығын яғни адами қасиеттерін қалыптастыру ,ана сүтін сүюге ,ата салтын адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі өнеге алуға халқымыздың ұмыт болған салт дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге инабаттылыққа ,имандылыққа, адамгершілікке ,адалдыққа ,еңбекқорлыққа, достыққа ерлікке ұлттық педагогикаға тәрбиелеу .
Бұл іс-шараны имам Қуаныш Бимағанбетов ,Айтан Орынбасар,Жандар Жүсіпов аталарымыз ашып жиналған жастарымызды имандылыққа тәрбиелікке шақырды .
Ауыл тұрғындары мешіт имамдарына өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып, тұжырымды жауап алды.
Мектеп тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Ырсалиева қазіргі жастарымыздың ұялы телефон арқылы басқа ағымдардан сериядағы болып жатқан қансоғысты көріп өздерінің тәрбиелік ,адамгершілік ,имандылық арқылы өзінің ойларын түйіндеуі керек екені жөнінде қысқаша түсіндіріп өтті. Соңынан мәдениет үйінің директоры Ә.Байменов келген қонақтарға алғысын білдірді.
Қатысқандар: 30
Өтілген іс-шара суретке түсірілді.
3-ақпан күні Жетісай қаласы Қ.Жандарбеков драма театрында өткен «Алтын аймақ аруы-2017»атты қыз сыны байқауына Бірлік а\ә қарасты ,Алғабас елді мекені , Береке ЖОМ оқушысы Бектұрғанова Жайна қатысып «Бас жүлдеге » ие болды.
8-ақпан күні сағат 15-00де Еркінабад елді мекенінде ауылдық емханада
«Елбасы жолдауы ел назарында» атты дөңгелек үстөл болып өтті.Бұл іс-шараға ауыл әкімінің орынбасары С.Кенжеев бас дәрігер С.Орынбекова қатысып, Елбасының қазіргі саясатын халыққа жолдаған Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалда өсім,реформалар дамуы жолдауда ауыл тұрғындарына мән жайын түсіндіріп өтті.
Жолдаудағы көрсетілген жаңа 2017жылдан Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған жаңа заңда жұмыс істей бастағаны жөнінде әкімнің орынбасары С.Кенжеев түсіндіріп өтті.
Ауыл ақсақалы С.Мелдеханов,О.Абдуалиев Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауын ауыл тұрғындарына қалай жүріп жатқаны жөнінде, түсіндірді . Кітапхана меңгерушісі Б.Ақмырзаева Тәуелсіздіктің 25жылдығына және жолдауға арнаған бірнеше кітап көрмесін қойды. Мәдениет үйінің директоры Ә.Байменов іс-шараға қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды.
Қатысқандар: 20
10-ақпан күні Алғабас ауылдық мәдениет үйінде «Арай-2017» жас эстрада әншілер байқауы болып өтті. Оны мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырды. Бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз –эстрадалық ән орындау өнерін дамыту ,халық арасында патриоттық және Оңтүстік өңіріне арналған әндерді және тіл мәдениетін кеңінен насихаттау сонымен бірге жас талант ән иелеріне қолдау көрсету болып табылады. Бұған 20 үміткер қатысып, өз шама-шарқынын байқатты. Іріктеу кезеңінде 15 үміткер ақтық сайысқа жіберілді.Байқау ережесі бойынша жас әншілер Отан,Туған жер туралы 2 ән орындады. Арнай құрылған әділ қазы алқалары : Алғабас ауылық мәдениет үйінің директоры: Әлишер Байменов, Панфилов ЖОМ ән-саз пән мұғалімі; Сауле Айымбетова, Кітапханашы: Бағила Ақмырзаева үміткерлердің өнеріне баға берді. Байқау біткен соң қазылар алқасы қатысқан өнерпаздарға алғыстарын білдірді. Қорытынды шығарылып үміткерлер төмендегіше бағаланды. Табысты елді мекенінен І-орын: Нұрмолда Арайлым, Бірлік елді мекенінен Анарбай Мадина ІІ-орынға ие болды , Өркениет ауылынан Тастемір Ақнұр ІІІ-орын жеңімпаздары болып танылды. Қалғн барлық қатысушылар байқауға белсене қатысқаны үшін әкімшілік атынан Дипломдармен марапатталды.
19-ақпан күні «Алғабас жастары »атты әкімшілік өнерпаздарының концерті болып өтті. Бұл іс-шараны әкім орынбасары С.Кенже ашып ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 25жылдық мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта ауылдың мәдениетін бұдан да әрі қарай дами беруіне үлкен мерекелік іс-шара өте беруіне ауыл жастары ат салысып, қатыса беруіне өз ықыласын білдірді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мелдеханов ағамыз жастарды имандылыққа тәрбиелеу жөнінде қысқаша түсіндіріп өтті.
Ауыл өнерпаздары Р.Бектұрғанов ,Е.Жаңбырбай,С.Мұқамеджан,А.Нұрмолда, С.Оралбек, Ж.Бектұрғанова,А.Сейілхан,А.Тастемір өздерінің Тәуелсіздікке арнаған ән билерін тарту етті. Ауыл әкімінің орынбасары С.Кенже ауданда өткен келіндер сайысында ІІ-орынды иеленген Айсара Садуақасоваға әкімшілік атынан « Алғыс хат » және сый-сыйапат тапсырды . Соңына ауыл жастарына арнаған би кеші болып өтті.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды
22-ақпан күні аудандық Мақтарал мәдениет үйіне өтілген Қазақ халқының халық және дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттау ,өнерлі ұрпаққа ықпалын арттыру ұмыт болып бара жатқан әндерді қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Халық әні – қазынам »атты аудандық халық және дәстүрлі ән орындаушылар байқауында үздік өнер көрсеткені үшін Бірлік ауылдық әкімшілігінен Қозыбекова Замира қызымыз ІІ-орынға ие болды.
24-ақпан күні Панфилов АКТ залында М.Мақатаевқа 85жыл толуына орай ақын жыр мүшайрасы болып өтті. Бұл іс-шараны ауыл әкімі Л.Нұртаева ашып беріп , келешек ұрпаққа өз ілтиатын білдірді.Ақынның шығармасындағы бірнеше ойда жүрген әндерін де айтып өтіп, өмірбаянымен таныстырып өтті. кітапханашы Ф.Юсупова м.Мақатаевтың кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ақынның жазған кітаптарынан М.Сейілхан,О.Әубәкір,С.Мелдехан,А.Оралбек өздерінің шығармаларын орындады. Мәдениет қызметкерлері,кітапханашылар сый- сыйапаттар табыс етті.
26-ақпан күні сағат: 15-00де Бірлік ауыл әкімшілігіне қарасты
«Бірлік ЖОМ» акт залында жастарды имандылыққа тәрбиелеу жөнінде
«Ислам және қоғам»атты дөңгелек үстөл болып өтті.
Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз : Елбасымыздың Жолдауын басшылыққа ала отырып,салауатты өмір салтын қалыптастыру мектеппен ата-ананың ,жалпы жұртшылықтың күш жігерін біріктіріп бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болып ,ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлу ,оқушымен ата-аналарға адам жаныныңда ,тәнініңде тазаруы, денсаулығының жақсаруын имандылықпен ,салауаттылықты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу .
Бұл іс-шараны имам Қуаныш Беймағанбетов ,Айтан Орынбасар,Жандар Жүсіпов аталарымыз ашып жиналған жастарымызды имандылыққа тәрбиелікке шақырды .
Ауыл тұрғындары мешіт имамдарына өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып, тұжырымды жауап алды.
Соңынан мәдениет үйінің директоры Ә.Байменов келген қонақтарға алғысын білдірді.
Қатысқандар : 40 жоғары сынып және ауыл жастары
28-ақпан күні «Тіршілік көзі –салауатты болашақ »атты дөңгелек үстөл болып өтті.
Бұл іс-шараны Еркінабад елді мекенінде дәрігерлік пунктте өтілді. Бұл
іс-шараға бас дәрігер С.Орынбекова қазіргі таңдағы жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде түсідіріп өтті. Түрлі қабырға газеттері ілінді. Ауыл тұрғыны Алиева С,Тұмаубаева Г қазіргі таңда жаңбырлар көп жауып ,зәктен балаларымыз тұмаудан жиі ауыратыны жөнінде өздерінің ойларын білдірді. Өкімет тарапынан денсаулыққа байланысты дәрі-дәрмек арзан бағамен берулерін өтінді.
ауыл тұрғыны Елшиева Қ,Қолдарова осындай сыр-сұқбат дөңгелек үстөлі жиындары жиі –жиі өтіліп тұруын өтінді.
1-наурыз күні мәдениет үйінде Алғыс айту күніне орай «Қазақ ұлтына мың алғыс»атты мерекелік концерт болып өтті. Бұл концертімізді әкім орынбасары Сакен Кенжеев ашып беріп іс-шараға қатысқан ауыл тұрғындарын және ауыл өнерпаздарын Алғыс айту күнімен құттықтап , шын жүректен алғысын білдірді. Құттықтау сөз кезегі Азербайжан ұлтының өкілі Сулайманов Аликусейін өзінің қазақ еліне деген сый құрметін қазақ елінде тыныштық өмір сүріп жатқаны жөнінде қысқаша түсіндіріп өтіп алғысын білдірді. Асейтен өкілі Саша Шахпанов өзінің алғысын білдірді. Өнерпаздарымыз түрлі ұлт өкілдерінің киімдерімен сахнаға шығып алғыстарын көпшілікке айтып өтті. Ауыл тұрғыны С.Жарқынбек ағамыз жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтап алдағы уақытта осындай іс-шаралар көп болсын деп өнерпаздарымызға батасын берді. Ауыл өнерпаздары соңынан өздерінің дайындаған әндерін тарту етті.
3-наурыз күні Аудандық «Алтын аймақ аруы-2017» атты қыздар байқауында Бектұрғанова Жайна қызымыз қатысып , «Бас жүлдеге» ие болды.
3-наурыз күні Бірлік ЖОМ АКТ залында халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Аналар асыл жандар»атты мерекелік кеш болып өтті. Бұл кешімізді әкім орынбасары С.Кенжеев ашып беріп ауылдағы тыл ардагер аналарымызды меекелерімен құттықтады. Атап айтсақ : Ө.Қадиша, С. Ақмөр, М. Назгүл, К. Калам, А. Төребек , С. Тұрған т.б.
Ауыл өнерпаздары өзерінің дайындап келген әндерін жиналған көпшілікке тарту етті.
Атап айтсақ : Жүрсінбаева Арайлым, Оралбек Бақдаулет, Еркін Жаңбырбай, Мұқамеджан Сейілхан, Асан Мадина, Сейілбекова Айгерім т.б. Өтілген іс-шара өте қызықты келген қонақтардың ойынан шықты.
Қатысқандар саны: 120
Іс-шара суретке түсірілді.
7-Наурыз күні «Арулар асыл жандар»атты мерекелік концерт болып өтті.
Іс-шарамызды ауыл әкімі Лаззат Нұртаева және әжелер алқасының төрайымы Гүлайым Тұрысова апаларымыз ашып беріп, жиналған көпшілікті көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта мерекеден мерекеге жете берулеріне алғыстарын білдірді. Бұл іс-шараға әкімшілік елді мекеніндегі батыр аналар, күміс алқа ,көп бала аналарды шақырып,әкімшілік атынан сый-сыйапаттар таратылып өнерпаздардың дайындап келген концерті берілді.Өнерпаздарымыз аналарға арналған әндерін көпшілікке тарту етті. Атап айтсақ мәдениет үйінің іс-шара жүргізушісі Мадина Ауезова ,Нұрмолда Арайлым,Жүрсінбаева Арайлым, Оралбек Сандуғаш, Айтмырза Феруза Пірназар Ақбота т.б әсем әндерін тарту етті.
Қатысқандар саны : 100
Өтілген іс-шара суретке түсірілді.
10-Наурыз күні «Халқымның қасиетті дәстүрлері»атты кітап көрмесі болып өтті.
Бұл іс-шара Еркінабад елді мекеніндегі мектеп АКТ залында өтілді. Аулымыздың қадірлі әжесі Тоқтагүл Алиева ,Замзагүл Ташенова өздерінің ескіріп бара жатқан халықтың бірнеше дәстүрлерін жиналған көпшілікке түсіндіріп өтті. Көрмеге халқымыздың салт дәстүрі бойынша кітап көрмесі қойылды. Кітапханашы Ф.Юнусова салт дәстүр бойынша баяндама жасады.
Қатысқандар саны :30
Өтілген іс-шара суретке түсірілді.
21-Наурыз күні әкімшілік елді мекені бойынша Алғабас ауылдық спорт алаңында Наурыз мерекесіне арнаған «Армысың әз-Наурыз»атты мерекелік концерт болды. Бұл іс-шараны ауыл әкімі Л.Нұртаева ,С.Мелдеханов ,М.Бектұрған ,Қ.Ботабеков ашып беріп ауыл тұрғындарын мерекеме құттықтап жақсы лебіздерін білдірді. Аудық мәдениет үйінен келген уәкіл Жанна Омарова апайымызға сөз беріп , аудандық мәдениет үйінде өтілген мәдени іс-шараларға белсене қатысқан өнерпаздарға және кәсіпкерлерге «Алғыс хаттар » тарту етті. Мерекеге кәсіпкер М.Калиев, Т.Омаровтар,Ж.Айтжанов ,Б.Жүрсінбаев ,Е.Сүгіров,Ж.Байменов ,С.Сүгіровтер ас мәзірін тарту етті. Түрлі ұлттық тағамдармен бұйымдар қойылды. Аудандық мәдениет үйінің атынан
«Алғыс хаттарды» жақсы өнер көрсеткен өнерпаздарымызға табыс етілді.Спорт алаңында түрлі ұлттық ойындар ойнатылды.
Қатысқандар саны : 130. Өтілген іс-шара суретке түсірілді.
24-наурыз күні «Болашаққа жалынды жастармен бірге барамыз»атты ауыл жастарымен кездесу кешін өткіздік. Бұл кешті мәдениет және әлеумет бас маманы С.Қозыбеков ашып ауыл жастары мерекемен құттықтап биылғыжылы елімізде Тәуелсіздік алғанына 25жыл толуына орай бірнеше мәдениіс-шаралар өтілгені жөнінде қысқаша түсіндіріп айтты. Әкімшілік өнрпаздарының 2016жылғы ауданда өткен іс-шараларды белсене қатысқан және орын алғандарға әкімшілік атынан Алғыс хаттар табыс етті.
Қатысқандар саны: 40. Іс-шара суретке түсірілді.
4 сәуір күні «Алғабас» ауылдық мәдениет үйінде «Ойнайықта күлейік» атты әзіл – кештің концерті болып өтті. Бұл концертімізді ауыл әкімі Лаззат Нұртаева және мәдениет үйінің директоры Әлишер Байменов ағамыз ашып берді. Өнерпаздарымызға алғыстарын білдіріп , алдағы уақытта биіктен көріне берулеріне өз алғыстарын білдірді. Бұл кешіміз әкімшілік мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен болып өтті. Үш мектеп өнерлерін көрсетті. Әзіл 3 -кезеңнен тұрды. 1-ші өз өнерлерін көрсету, 2 - кезең ,3-ші 5 жаңалық. Оқушылардың өнерлері бірінен – бірі асып түсті. Анарбай Мадина ,Сүлеймен Айданалар өлең айтып, концерттің соңы би кешіне айналды. Концерт қызықты өтті.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды.
Қатысқандар саны : 150
7-сәуір күні Алғабас ауылдық мәдениет үйінде «ЭКСПО жалауы желбіре»атты концерт болып өтті. Концертімізді ауыл әкімі Л.Нұртаева және әжелер алқасының төрайымы Гүлайым Тұрысова ашып беріп, Елбасы Н.Назарбаев барлық теле арналар арқылы қазақстандықтарға үндеу жолдап,Астанадағы «ЭКСПО-2017»көрмесінің ел тарихындағы елеулі оқиғаға екенін ерекше атап өтілуі жөнінде ауыл әкімі Л.Нұртаев қысқаша баяндама жасап өтті.
Бұл концертке әр ауылдан келген талантты жастар қатысып ,патриоттық әндер орындалды. Соның бірі Жүрсінбаева Ақмарал, Сейдешова Марал,Бектұрғанова Жайна ,Нұрмолда Арайлым,Асан Мадина өздерінің дайындап келген әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Қатысқан өнерпаздар әімшілік атынан ынталандыру сыйлығымен және мақтау қағазымен марапатталды. Жас әнші өнерпаздар өздерін өнерге баулып, ән айту шеберлігін шыңдауға септігін тигізген апайларға изашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды.
Қатысқандар саны : 150
14-сәуір күні «Алғабас » мәдениет үйінің жұмысшыларымен ,әкімшіліктегі қызметкерлермен бірігіп , ауыл тазалау жұмыстарын жүргіздік.
Бұл бағытта көптеген игілікті жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы жылдары өңірде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда біршама оң тәжірибе жинақталды. Нәтижесінде аулымызда тал-дарақтар отырғызу, тұрғындар демалатын саябақтар, көшелер мен арық-атыздарды тазалаудың жақсы дәстүрі қалыптасты.
Осындай істерге тазалық күндері, сенбіліктер мен айлықтар өткізу үрдісі оң ықпал етуде. Өйткені, тазалық әр тұрғынның өзінен басталады. Ал, ең бастысы – тазалық денсаулық кепілі.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды.
Қатысқандар саны : 80
16-сәуір күні мәдениет үйінде «Имандылық өмір айнасы» атты жас өспірімдер арасында сұқбат болып өтті.
Мақсаты : жастардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін,рухани адамгершілік құндылықтардың белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру.
Бұл сұқбат кешін ауыл әкімінің орынбасары С.Кенже ауыл имамы А.Байменов ,Ә.Нөсеров ағаларымыз қатысып, ауыл тұрғындарын имандылыққа ,ізеттілікке татулыққа шақыру. Ә.Нөсеров қазіргі жастарымыздың басқа дінге еліктеп, өздерінің болмайтын нәрселерге қызығуына жол бермеуін өтінді. Дивиди арқылы жастарымызды теролизм кері ағым жөнінде бірнеше бейне таспа көрсетілді.
Іс-шара суретке түсірілді. Қатысқандар саны: 80
22-сәуір күні «Алғабас» ауылдық мәдениет үйінде «Би өнерінде биігі бар»атты би кеші болып өтті.Бұл кешті Панфилов ЖОМ ән-саз пән мұғалімі Сауле Аймбетова ашып би туралы қыздарымызға қысқаша баяндама жасады.
Мақсаты: Би өнерін дұрыс оқыту-бұл таризхымызды ,салт –дәстүрімізді ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор,нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болу үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек. Бұлар саналы эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық бірізділік көрнекілік оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу. Эмоциялық және логикалық ықпал ету сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылады.
Бұл кешке «Алғабас » мәдениет үйінің қызметкері Мадина Ауезова қатысқан өнерпаздарға Алғыс хаттар берілді.
Ата-аналары Әтірханова Жаудір,Тәңірбергенова Нұрсұлу апайлар қатысып биге деген қызығушылығын оның балаларға қандай пайдасы барын өз пікірлерін ойларын ортаға салды. Кешіміз қызықты да тартымды болып өтті.
Іс –шара суретке түсіріп алынды. Қатысқандар саны : 100
25-сәуір күні Аудандық Драма театрында «Асан шақырады»атты ән байқауына Нұрмолда Арайлым қатысып «Өнерлі әнші» номинациясына ие болды.
2-мамыр күні «Болашақ »жом акт залында «Бірлігіміз жарасқан »атты ауыл өнерпаздарының мерекелік концерті болып өтті. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз: еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу,Қазақстан халқы ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын атап көрсету,Отанды сүйюге ,достық,ұлтжандылық,ұлтаралық қарым-қаынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Бұл мерекені ауыл әкімі Л.Нұртаева ашып ауыл тұрғындаын мерекемен құттықтап ,егін науқанын уақыты егіп,мол өнім алуға лебізін білдірді. Өкімет тарапынан селитра,солярка арзан бағамен беретіні жөнінде ауыл тұрғындарына түсіндіріп өтті. Кәсіпкер Ж.Айтжанов спорттық түрлі ойынға демеушілік жасап жастарды қуанта білді. Ауыл әкімі жақсы өнер көрсеткендерге алғыс хаттарын табыс етті.Мәдениет қызметкерлері жиналған көпшілікке өздерінің дайындап келген
ән-шашуларын тарту етті.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды.
Қатысқандар саны : 150
4-мамыр күні Алғабас ауылдық мәдениет үйінде «Бірлігіміз жарасқан »атты әкімшілік өнерпаздарының концерті болып өтті. Бұл іс-шараны әкім орынбасары С.Кенжеев ашып, ауыл тұрғындарын Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта ауылдың мәдениетін бұдан да әрі қарай дами беруіне үлкен мерекелік іс-шара өте беруіне ауыл жастары ат салысып, қатыса беруіне өз ықыласын білдірді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мелдеханов ағамыз жастарды имандылыққа тәрбиелеу жөнінде қысқаша түсіндіріп өтті.
Ауыл өнерпаздары Р.Бектұрғанов ,Е.Жаңбырбай,С.Мұқамеджан,А.Нұрмолда, С.Оралбек, Ж.Бектұрғанова,А.Сейілхан,А.Тастемір өздерінің Тәуелсіздікке арнаған ән билерін тарту етті. Ауыл әкімінің орынбасары С.Кенжеев ауданда өткен «халық әні қазынам»атты дәстүрлі әндер байқауында Қозыбекова Замира І-орынды , Әбдуалиева Елігай «Оңтүстік киелі мекенім»атты жас әншілер байқауына белсене қатысқаны үшін әкімшілік атынан « Алғыс хат » және сый-сыйапат тапсырды . Соңына ауыл жастарына арнаған би кеші болып өтті.
Өтілген іс-шара суретке түсіріп алынды
Қатысқандар саны :80
Достарыңызбен бөлісу: |