Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов. «Туған өлкем» Жалпы мақсаты



Дата31.07.2017
өлшемі73,2 Kb.
#22346
түріСабақ
Бекітемін:

Пәннің аты:Әдебиеттік оқу

Уақыты:2.12.2016ж

Сынып: 2 а

Мұғалім:Тажмакова Б

Сабақтың тақырыбы:

Ө. Тұрманжанов . «Туған өлкем»

Жалпы мақсаты:

Танымдылық:Оқушылардың қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып , өлең туралы түсінік беріп,өлеңнің мазмұнын ашып , Отандарына деген мақтаныш сезімдерін тудыру.

Эмоциялық:Оқушыларды сын тқрғысынан ойлау , есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып , тіл байлығы мен сөздік қорын молайтып , ойын нақты жеткізіп дүниетанымын кеңейту.

Әлеуметтік:Оқушыларды ұйымшылдыққа , туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып құрметпен қарауға патриоттық тарбие беру.

Түрі:Шығармашылық ізденіс сабақ.

Көрнекілігі:Слайд,суреттер, кестелер, стиктер, постер қорғау, видео жұмыс бағалау парағы.

Оқушылар өз ойларын ұсынып , еркін сөйлеп , басқалардың жауаптарын тыңдап ,талдау арқылы өздерінің жауабын салыстыра , топпен жұмыс жасауды біледі . Өз ойын тұжырымдап қортынды шығарып ,өзін-өзі бағалай алады.




Күтілетін нәтиже:

Мотивациялық кезең:

Үй тапсырмасын сұрау:

«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
-Аңызда айтылғандай бүгінгі сабақтың табысты,сәтті болуы өз қолдарыңда.

- Қанекей, балалар мен сендерге қоржын ұсынамын ,ал оның ішінде түрлі-түсті асықтар бар .Сол асық түстері арқылы үш топқа бөлінеміз.

1-топ Астана

2-топ Қызылорда

3-топ Жалағаш

«Серпілген сауал» әдісін қолдану арқылы сұрақ- жауап.

1Өлеңді жатқа айтып бер?

2Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл?

3 ҚР –ның мемлекеттік тілі қай тіл?

4Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?

5Туған жер туралы не білесің?

6Адам тілі тас жарады ..................

7Туған тілім өлеңін жатқа айт.

8Тіл туралы заң қашан қабылданды?

9Туған жер туралы мақал айтып бер?


Оқушылар өз ойларын жинақтап бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Зерттеу айдары:

Ақпарат айдары:

«Менің пікірім?»Оқушылардың ойын тыңдау.

«Менің туған жерім несімен ғажап?»

«Еркін ойлар»
«Туған өлкем» окопелласын тыңдау.

-Балалар бұл хорда не жайында айтып отыр?

-Жарайсыңдар,туған жер,өлкең және де өз отаның жайында айтылып отыр екен.

-Осы туған жерге ,өлкеге әнін ,жырын арнаған ақындарымыз да көп екен.

-Солардың бірі ,бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Өтебай Тұрманжановтың шығармасы

«Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.





Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Тұлғаны танып біл:

Мағынаны тану:


Сергіту сәті:

Ой толғаныс:

Тұрманжанов Өтебай

Ө.Тұрманжанов 1905 жылът 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс енбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Тәшкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927-ЗОжж.). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан қүрылған қазақ секциясын баскдрды. 1931 жылы олкелік партия комитетінің шакыруымен Алматыға ауысады. КдзПИ-де профессор міндетін атқарады. Кейін Казақ мемлекеттік баспасында болім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жүлдыз" газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторът (1935-37жж.) болды. Саяси куғын-сүргінге үшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінін сонғы жылдары "Жазушы" баспасында болім меңгерушісі кызметін аткарған. Түнғыш жинағы "Таң олендері" (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамальтлары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Казақтың макал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинактарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Түрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттадды.


Ө.Түрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды

Дәптермен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс:1.Оқушылар іштей оқиды.

2.Тізбектей оқиды.

3.Мәнерлеп оқиды.
Көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да туысқан халықтар.Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Өйткені ол – біздің Отанымыз.

Жаттығу жасау

Топтық жұмыс:

1-топ Туған жер суретін салу

2-топ Туған жерге арнап шығарма жазу

3-топ Туған жер туралы мақал-мәтел.
–Балалар , биыл Астанада қандай жаңалық болғалы жатыр ? -Жарайсыңдар,Экспо 2017 көрмесі болғалы жатыр.

-Ал тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толғалы отыр?

-Жарайсыңдар, 25жыл.

-Балалар,Туған жерге арнап өлең шығарамыз ба?Ендеше Хокку әдісін қолданып көрелік.

Шығармашылық жұмыс: Хокку әдісі.

Топтық жұмыс:

Неткен сұлу , неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

-----------------------------------------------

-----------------------------------------------




Зерделейік сөз сырын:

«Түртіп алу әдісі»




Оқушы жаңа сөзбен танысып біледі.

Зерделеу айдары:

-Бүгінгі сабақта не білдік?

-Қандай ақынмен таныстық?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?


Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттап келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс:


Рефлекция:





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Таң ауылы

«№118орта мектеп»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Тажмакова Бану



III-деңгей

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет