ҚР прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары Орындаған Еркебай Қайрат ПП 20 1К Жоспар - Прокуратура
- Бас Прокуратура
- Прокуратура бағыттары
Прокуратура Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. ҚР Бас Прокуратурасы ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Занның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын бірінші орынбасары және орын-басарлары (лауазым бойынша), басқа да прокурор кызметкерлер болатын Алка кұрылады. ҚР Бас Прокуратасы құрылымы ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері болады.
Асылов Берік Ноғайұлы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес «Бас прокуратура: 1) Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді; 2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықгың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды; 3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды; 5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-кимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады; 6) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді; 7) норма шығармашылық қызметіне қатысады; 8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді». ҚР Прокуратурасының басқа да бағыттары — орындалуына қадағалау жүзеге асырылатын заңнаманың ерекшеліктерінен; — осы заңнаманы орындайтын объекьтілердің өзгешелігінен; — прокурорлардың өкілеттіктерінің өзгешелігінен туындайды. Осыған сәйкес «Прокуратура туралы» ҚР Заңында [4-бап] біртұтас прокурорлық қадағалауды мынадай салаларға бөледі: — министрліктердің, ведомстволардың, өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бақылаушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік актілерді дәл және бірыңғай қолданылуын, сондай-ақ олар шығаратын нормативтік құқықтық актілердің заңнамаға сәйкестігін қадағалау; — Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау; — жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың заңды қолданылуын қадағалау; — анықтау және алдын ала тергеу органдарының заңды колдануын қадағалау; — әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезінде қадағалау; — атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға қатысты заңдардың дұрыс қолданылуын, сот тағайындаған жазаны және мәжбүрлеу сипатында өзге де шараларды орындау кезінде, сондай-ақ азаматтық және өзге істер бойынша сот шешімдерінің орындалуын қадағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |