Арнайы мектептің математика оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны.
Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың маңызы Математика мұғалімі әрбір адамның өмірі мен ісіндегі математикалық білімнің ұлы күшін терең түсінуі керек және өз оқушыларын оған сендіруге міндетті. Математика қоғам мүшесіне тән қабілет пен творчестволық ізденіске не жаңалыққа жаны құмар азаматтарға қоршаған ортаны одан әрі жақсарту және жетілдіру сияқты қасиеттерді дарытуда ролі зор. Бұл қасиеттердің нышандары мектеп қабырғасында қалыптаса бастайды.
Ғылым мен техниканың қарқындап өсуі «математикалық биология», «математикалық лингвистика», «математикалық экономика», «математикалық психология» сияқты пәндердің пайда болуына себепші болды. Математика жаратылыстану ғылымдарымен бірге, гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс тапты. Математиканың мектептік курсы оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады. Математиканы мектепте оқыту:
а)оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тән құралдарын меңгеруді үйретеді;
ә)оқушылардың политехникалық білімін дамытуға және оларды практикалық дайындауға көмектеседі; оқушылардың азаматтық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етеді;
б)оқушыларды математиканың практикалық қолданымымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектеседі;
в)оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін және кеңістік туралы түсініктерін дамытуға, творчестволық қабілеттерін қалыптастыруға ұйтқы болады;
г)оқушылардың зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілік, дербестік пен жоспарлылық тәрізді еңбек мәдениетін дарытуға ықпао жасайды;
ғ)математика ғылымының интернационалдығы, оқушыларды пролетарлық интернационализм рухында тәрбиелеуге; математика теориялары мен олардың дәлелдемелерінің әдемілігі эстетикалық тәрбие беруге; математикалық объектілердің материялығы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, ғылыми-атеистік тәрбие беруге қолайлы жағдай туғызады.