Батырлардың қоғамдық қатынастардағы ор-
нық қан беделін ескерген сұлтандар және Ре-
сей әкімшілігі оларға қатысты ерекше саясат
ұстанды.
Беделдерінің Ресейдің қолдауы арқылы
ғана емес, жанынан табылған батырлардың санына
қарай артатынын сұлтандар да түсінетін. Сондықтан
да олар айтулы батырлармен достық, туысқандық,
т.б. қарым-қатынастар орнатуға тырысатын немесе
ерекше сый-сияпат беретін. Сұлтан Баймұхамед Ай-
шуақұлы Ордада тыныштық орнатуда Сүйінқара ба-
тырға сүйену үшін оған бір үйір жылқы береді [12,
269-б.]. Орыс әкімшілігінің қызметіндегі сұлтандар
өздеріне берілген тапсырманы орындауда батырлар
институтының өкілдерін іске қосуға күш салған. Ал
егерде қазақ елінің ішкі жүйесінде Ресей белгіле-
ген қызметтерден сұлтандар тыс қалып жатса, олар
өздерінің қарсылықтарын білдіруге тырысатын. Мұн-
да да олар батырлардың қолдауынсыз ештеңе істей
алмайтындарын түсініп, зерттеу нысанымыздың қыз-
меттеріне жүгінуге мәжбүр болған. Сөзіміз дәлелді
болуы үшін дерекке кезек берсек:
«Біздің құрметті
ағамыз Сүйінқара батырға... сыйластығымызды
білдіреміз.
Сен тау шыныңдағы арыстан ретінде, бүкіл
халықтың арнамысы үшін ештенеден аянбадың.
Сенің тірі кезіңдеақ біз орыстардан қысымшылық
көріп отырмыз. Егер сен бізді өзіңнің туысың жəне
бауырың ретінде санасаң, онда азаматтарыңмен
бірге бізді құтқар»
[9, 258-259-бб.].
Отарлау саясаты қарқынды жүруі үшін қазақ қо-
ғамының ерекшелігін зерттеген орыс үкіметі, ру-
тайпалық жүйеге негізделген қазақтың қоғамдық
фор мациясында батырлар институтының жоғары
екен дігін түсінді. Сондықтан олардың саясаты дәс-
түрлі билік жүйесін сақтай отырып, батырлар қауы-
мына өздерінің тұрғысынан алып қарағанда бел-
гілі-бір артықшылықтар беруге негізделді. Бір сөз-
бен айтқанда қазақ қоғамында онсыз да жетекші
рөл атқарған батырлар тобына ерекше бір билік
лауазымдарын ұсынуға тырысты және әртүрлі сый-
сияпаттар арқылы олардың көңілін аулап, батырлар
мен сұлтандар арасындағы түсініспеушілікте екі жақты
саясат ұстанды. Оның бір айқын дәлелі Жанқожа
батыр мен сұлтандар арасындағы кикілжіңде орыс
әкімшілігінің батыр тілектерін қабыл етуі. Бұған қоса
аталған батырға қатысты губернатор Перовскийдің
қызметкерлеріне берген төмендегідей тапсырмасы
көп жайттарды аңғартса керек:
«... əзірше батырды
сылапсипап оның ашуын келтірмеңдер, ол əлі
бізге қажет»
[13, 222-б.]. Мұндай саясат жалғыз
Жанқожа батырға ғана емес, жалпы қарастырылып
отырған кезеңдегі ішкі және сыртқы саяси қарым-
қатынастарда ықпалы бар тұлғалардың барлығына
қатысты қолданған деп түсіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |