Ақын Айбатыр Сейтақ Батыс Қазақстан облысының тумасы



Дата07.02.2022
өлшемі13,59 Kb.
#96647
Байланысты:
Ақын Айбатыр Сейтақ


Ақын Айбатыр Сейтақ – Батыс Қазақстан облысының тумасы.
– Өлең жазбайтын, «әу» демейтін қазақ жоқ. Өз тегімізде де, нағашы жұртымызда да өнер адамдары болған. Бала кезімнен ән-жырға құмартып өстім. Мектеп қабырғасынан-ақ өлең жазуға талпындым, - дейді өзі туралы.
Ақынның «Ғұмырнама» атты жыр жинағы әр алуан тақырыптарға толы. Ақын өлеңдері көркем сөз айшықтармен, өткір ойларымен дараланады. Жүрек қылын тербейтін, нәзік сезімдерге толы жырлары да аз емес.
Ақынның ««Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» өлеңі – оқырманның патриоттық рухын көтерететін әдеби пафосқа толы шығарма. Ақын Ата Заңның қадір-қасиетін көркем сөзбен айшықтап, бағасын асыра түседі. Өлеңді оқи отырып, оқырман Ата Заңның халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат екендігіне көз жеткізе түседі.

Еліне арналатын тілегі шын,


Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін,
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері.
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға,
Елбасы қолын қойып, Ант береді.
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын,
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген,
Ата Заң – азат елдің ар-намысы!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет