Ақын туралы лебіздер



бет1/7
Дата05.11.2016
өлшемі0,92 Mb.
#953
  1   2   3   4   5   6   7

Ақын туралы лебіздер




Қадыр Мырза-Әлі
Айналайын, Ақылбек!
Айналайын, Ақылбек, інім менің,

Алжаспады ақылдан бүгінде кім?

Бүлінудей бүлінді мына заман,

Бүлінді деп, сен, бірақ, бүлінбегін!


Ғафу Қайырбеков
Рахмет, ақын бауырым!
Білмеймін, бұл дүнияда ақын көп пе?

Шығарған даңқыменен атын көпке.

Қашанда, туған топырақ, сені іздесем,

Ғажайып, кездесемін Ақылбекке.


Рахмет, ақын бауырым, ұмытпаспын,

Сенің де көкірегіңнен шығып тасқын,

Ұмтылған кең далаға толқындарың

Теңіз бол, сонда өзіңмен иықтаспын.


Жолбарыс Баязид
Намысты арқалаған
Өлеңнің өлкесіндей Арқа маған,

Жыр көшін таланты жоқ тарта ма адам?

Сен де бір ақынысың қазағымның,

Намысын ел-жұртыңның арқалаған.


Көңілдің күйі жыр ғой тарқамаған,

Өлеңнің рухы берік бар қамалдан.

Құрыштан құйып жазған сөздерінде

Жүк жатыр дүйім жұртың тарта алмаған.


Ұшқыр ой, ақын қиял, озды да арман,

Жыр-тәңірі сол сәт қолын созды да алдан.

Шырқырап шындықты айтам деп жүргенде,

Қиянат шектің кейде озбырлардан.


Бүгін сен қаранған жас қырандайсың,

Елдіктің күйін толғап, жыр арнайсың.

Қайран жұрт- қазағымның тіл-тірлігі,

Тағдырын ту қып, інім, сыналғайсың.


Көзі бол жыр-бұлақтың тартылмаған,

Шабыт бол сексенде де сарқылмаған.

Әлі де жарты ғасыр жыр жаза бер,

Сүйсінер жас пен кәрі, жар тыңдаған.


Дамылдап тоқтағанша ақыр демім,

Өзіңді өлеңдегі жақын дедім.

Бақыттың дариясында қалықтай бер,

Қадірлі акын інім, Ақылбегім!



Нұртас Исабаев
Ақын досыма
Сенің адал пейіліңді ішім сезіп келеді,

О, жан-досым, екеумізді қандай нәрсе бөледі?!

Адал жаңың мөлдір, таза өлеңіндей екен-ау,

Сендей досқа адал көңіл әрқашан да сенеді.


Сендей досқа серік болу бақыт болар адамға,

Ортақсың сен мына өмірде мен басқан әр қадамға.

Досым, бірге қанат қақшы, аяқ басшы ертеңге,

Сендей жансыз өмір сүру қиын шығар маған да.


Аяулым ең мендегі ыстық сезімдерді оятқан,

Адал досы бар адамның қуанышпен таңы атқан.

Мен бақытты адам болсам, борыштымын өзіңе,

Табиғаттан айналайын сендей жанды жаратқан!


Сенем мен
Жылдар бойы жетелеген бір арман,

Екеумізді бірдей күтіп тұр алдан.

Бақытты жан боларына сенем мен,

Өнерде де аттамаса кім ардан.

Кездесе алмай жүрсек те біз жыракта,

Жүргендейміз күйіп-жанып бір отқа.

Өмірде де, өнерде де досыңсыз

Жету қиын шын бақытқа, мұратқа.


Бұл өмірде түсер талай арға сын,

Жалт береді талай жалған жолдасың.

Нағыз достық суымайды ешқашан,

Сен арқылы ұқтым соны өз басым.


Айбатыр Сейтақ
Қостанай – қымбат қазынам
Самалдан сырлы саз ұғам,

Ертеңге бастар ел көші.

Қостанай – қымбат казынам,

Қазақтың сұлу өлкесі.


Аудан мен талай ауылды

Шарладым, түгел шарладым.

Жаманға жүрек ауырды,

Жақсыға жанды арманым.


Түрлентсе тасты қынасы,

Оймақтай жырда ой тұнар.

Өлкеңнің асыл мұрасы –

Бойыма жиған бойтұмар.


Толғанып таудай тұрса ми

Кеудемде менің мол ағын.

Тобылда туса жыр-сәби,

Обағаныңа орадым.


...Қазағым қанат жайды ғой,

Асылдың қалған тегі бар.

Қостанай қайыспайды ғой

Азамат Ақылбегі бар !!!


Сейфолла Шайынғазин
Қуан, досым!
Жаңа міндет, жаңа тағы жоспарың,

Жаңа күймен шабытыңа кос дарын.

Дұшпандардың не дейтінін білмеймін,

Білетінім, бір қуанды достарың.


Қуаныштан ауытқымай назарың,

Қуан, досым, түлесін бір таза арың.

Айналаңды әнге бөлеп думанды,

Асыр салсын бала-шаға—базарың.


Өмір ылғи тоса бермес жақұтын,

Өкінбе де болмай жатса уақытың.

Жұбан соған, аман тұрса от басың,

Қуан соған, бірге болса Бақытың.


Адам болды сыйласы жок жан қашан?

Асыл ойдың аспанында самға сан.

Не бір досты табарыңа сенем мен,

Ниетіңнен дәл осынау таңбасаң.


Шат өмірдің талай шағын тоса алар,

Тағы айтамын, құтты болсын босағаң.

Күле қарап құлан иек тандарға,

Қос шынардай қосағыңмен қоса ағар!



Сақан Нұрманов

Жыр тумаса арындап


Өзге жұрттан ерекше, бөлек едік,

Өлең деген ананың бөбегі едік.

Ақылбек-ау, арындап жыр тумаса,

Ақын боп бұл дүнияға неге келдік?


Біз емес атағы зор дырдай бастык,

Мал-дүние, шен-шекпеннен зырлай қаштық.

Жыр қонған жырым басқа бақ қонбайды,

Содан жұрт өсектейді тұрмастай қып.


Кез келген қайдан ұқсын ақын жанын,

Айға да албырттықпен атылғанын.

Ақын бір атылмаған вулкан тауы,

Ішінде лапылдаган жатыр жалын.


Санама бір теңтекке түбі мені,

Кей досым сырттай үркіп, түңіледі.

Шын ақын тірісінде ұмыт қалып,

Өлген соң өлместей боп тіріледі.


1970 ж.

Әулиекөл.


Қаратай Жансейітов
Армандас едің...
Тасқындай бұрқап, буырқанғанда жыр-мерей,

Сезімнің шоғын мүмкін бе жүру үрлемей?!

Сені мен менің қаныма сінген касиет,

Жақсылықтарды жырласа деген тіл-көмей.


Сеңдердей сырғып, өтеді жылжып талай күн,

Өмірден мынау еншімді мен де қалаймын.

Бойында дархан дарыны бардай Мұхтардың,

Ойында мәңгі жатталған жыры Абайдың.


Өнерін елдің көре алмай, күндеп, аһ ұрған,

Баққұмар жандар емеспіз айға атылған.

Өмірдің өзі секілді бір күй шертетін,

Жырынды оқып, жаныма шабыт шақырғам.


Шыңдалу үшін шыдармыз талай күйікке,

Шалқар ойларды жүрсің ғой жырға түйіп те.

Армандас едің, арланбас едім, ақын дос,

Көз салсам сонау сен тұрған тұғыр-биікке.


Тоғайбай Бабыров
Сенем дедің
Аға дедім, аға деме дедің сен,

Жасық болма дедің сен, мен егілсем.

Өлең дедім, көлеңдедім алдыңда,

Сенем дедің, демедің-ау тегін сен.


Албырттыққа тізгін берген кездерім

Көп те шығар, еркелеттің, сезбедім.

Бүгін біз де ойға шомдық өзің боп,

Сылып тастап сылқымдықтың бездерін.


Мысын басар мысқыл мінез еріңнің,

Мен де бүгін мерген ойлы бөрімін.

Төменіне отырғызбай келесің,

Өзің шыққан шырыны мол төріңнің.


Шабыт күйін өз әлінше шертеді,

Бірге жүрген уақыт бір ертегі.

Неге мені қимай тағы қоштастың,

Ерекпін-ау, керекпін-ау мен, тегі.


Ем болатын жаз таңында шық бар-ды,

Күнде көрем «Қырмызы мен Мықтарды».

Өзінді ұстаз тұтқан нашар мен болып,

Мықтыларға бердім Олжас, Мұхтарды.


1975 ж.

Науырзым.


Абай Қажи
Біздің Ақаң
Қуантып тек отырған жоқ, уа, халқым, бір бізді,

Ақылбектің жүріп өткен жолдары бар нұрлы, ізгі.

Замандасқа сырын айтып жүрген жігіт кешегі

Маржан нұрдан бүгін, міне, Пирамида тұрғызды.


Барыс жылы жасық жырлар жазуға мен жасқанам,

Шырқау шыңға шыға алмайды асқар таудан аспаған.

Үйден безіп, еркін кезіп Әулиекөл даласын,

Еңбек жолын "Жеңіс туы" газетінен бастаған.


Жастайынан жүрген жігіт жақсылардың жанында

Отты жырмен оқырманын ораушы еді жалынға.

Шырай беріп ширатып ет поэзия бөлімін,

Сол жылдары біздің Ақаң "Коммунизм таңыңда".


Одан кейін радио, "Қазақ тілі" қоғамы,

Қай істе де берекелі, ерекше еді орамы.

Төл баласы Өнер менен Мәдениет мырзаның,

Қызметіне Ақаңдардың айтсак көңіл толады.


Ақсұлуды іздеп тапқан саңлағы өнердің,

Әлі талай зиялыны жазарына сенермін.

Азаматы Ақаңдардай болу керек бірегей,

Ақынынан бұл жалғанда әкімдері көп елдің.


Жітіқара тудырады жігіттердің төресін,

Заманға сай, ойларға бай өрелі жыр өресің.

Әулиекел әуелетсе дарыным деп даңқыңды,

Қостанайың қиналғанда қолтығыңнан демесін.



Шаймағамбет Торышев

Ардақтаған ақынды


Ардақтаған ақынды елде ақыл көп,

Ақын сөзі қалады ғой нақыл боп.

Ақсұлудай акын туған өлкенің,

Жарык жұлдыз жалғасындай Ақылбек.

Жітіқара – туып-өскен мекенің,

Осы жерден білдің өмір не екенін.

Жақсы ұлда жаттық болмас деген бар,

Бәрі бауырың, жоқ бұл жерде бөтенің.


Арсалаңдап келдің бізге елім деп,

Ел де сені қарсы ап жатыр күлімдеп.

Осы жазған бір-екі ауыз шумақты

Алшы, бауырым, ұсынған бір гүлім деп.


1991 ж.

Жітіқара қаласы.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет