“Әзім әңгімесі”. Бұл поэма “Мың бір түн” ертегісі желісінде жазылған. 1933 жылы алғаш рет басылып шықты. Бірақ бұл поэма Абайдың аяқталмай қалған поэмасы. Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев “Мың бір түнде” ғажайып оқиғалар сан рет кездеседе, “Әзім әңгімесіннің” олардан айырмашылығы – алхимия мәселесінің сөз болуы.
Бұл поэмада Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар, ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа баруы мүмкін. Ал жәдігөй шал – солардың бірі. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық іс әрекеттерден таймайтындығы туралы мәселе қозғалады. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің сұмпайы мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына ысылдаған апжылан, айдаһарлардың ішіне қалдырады.
Екіжүзділік, қариялық, қаражүректік бәріде шалдың бойынан табылады. Әзім өзінің жастығы, аңқаулығы, тәжерибиесіздігі арқасында құлқынының құлы болады. Поэманың негізгі идеясы да баюды көздейтін адамдарға тән мінез-құлықтарды бейнелеу. Поэма аяқталмағандығына байланысты Әзімнің поэма соңында қандай адам болатындығы белгісіз, тек әзірге оның дініне беріктігі жүректілігі байқалады
Қорыта айтсақ Абай әр бір поэманы жазу барысында Шығыс өмір салтын көрсету емес ақын өзі өмір сүріп отырған қазақ қоғамына ой тастай отырып жеке тұлға тәрбиелеу. Поэмадағы әр бір оқиға әр бір халықта кездесетін індет. Абай сол мәселелерден арылуды және оқырмандарына ағартушылық етуді көздейді. Абай өзге елдегі дастан сюжетін өз еліндегі өзекті оқиғалармен байланыстырады, ал сол мәселелер әлі күнге дейін белсенді болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |