Ақынның “Ескендір”, “Масғұт”, “Әзім әңгімесі” поэмаларында көтерілген басты мәселелер. Поэманың негізгі мазмұны қандай?
Абай поэмаларының үшеуіде өзі туып өскен қазақ даласы, қазақ ортасы, олардың болмысын суреттейтін шығарма емес. Үшеуі де Шығыс дастандарынан немесе ертегілерден алынған сюжеттерінен құралған. Абайдың бұл қысқа сюжетті үш поэмасының негізгі идеясы мен мақсаты ұстаздық, тәрбиелік және ағартушылық ойларға негізделген.
Енді Абай поэмаларына жеке тоқтала кетсек. Алдымен “Масғұт” поэмасы. “Масғұт” поэмасының негізгі тақырыбы қандай?
Бұл поэманың негізгі оқиғасы мен тақырыбы Шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. Поэма желісі бойынша Масғұт ешқандай ерекше қасиеті жоқ қарапайым адам. Тіршілік ететін шаһары – Бағдат.
Поэма желісінде екі түрлі мәселе қозғалады.
Алдымен Масғұт жәбір көріп жатқан қарияға көмектеседі. Ал қария рахмет айтып, оны бір жерге шақырып келуін өтінеді. Сол жерге барғанда оған қария:
Бірі – ақ, бірі – сары, бірі – қызыл,
Таңдап ал мен берейін бірін саған.
Ағын жесең ақылың жаннан асар,
Сарыны жесең дәулетің судай тасар,
Егерда қызыл жеміс алып жесең
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,- дейді. Масғұт шалдың айтқанын тыңдап тұрып қызыл жемісті алуға шешім қабылдайды. Қария мұның мәнін сұрағанда
Достарыңызбен бөлісу: |