Хат жанрындағы шығарма Рахмет, саған, ата ! Әңгіме



Дата20.07.2020
өлшемі20,56 Kb.
#63343

Хат жанрындағы шығарма

Рахмет, саған, ата !
Әңгіме авторы: Тамбай Жайнагүл
Адамдар жақындарынан айырылғанда,түсіме жиі кіреді деп айтып жатады... ал менің нағашы атам түсіме кірмейді, өңімде көрем...

Мен жана, ата, шығып едім далаға, 


Содан соң үйге қарай қайтар жолда, 
Бір сәт көз жіберіп едім аспанға. 
О,ғажап,сенің бейнең тұрды алдымда.
Сен маған қарадың нұрлы жүзіңмен, 
Мұрын астынан ұртыңда қос мұртың, 
Санасып тұр сыпайы ғана күлкіңмен . 
Бірақ соңынан тұман боп көзің сейілген.
Ұқтың ба мәнісін дегендей сұқ саусағың
Келді ме маған болашаққа жол нұсқағың.
Рахмет,ата, сені еске алудағы менің рухым, 
Ешқашан жаһанда қалмақ емес мақұрым.

Аташым, анау аспан ғаламда,  


Бәріміз түбі бір баратұғын жалғанда 
Хал-жайыңды біле алмай арманда, 
Мен ылғи қамығып қалам ба ?

Зұлымдық әсте бойымда жұрдай,


Кетпеймін  тірліктен болып құрдай.
Ата,сізден алған мол мұрам,
Жолыма төселді болып нұрдай. 
Сол үшін де аташымды, 
Жұмаққа жіберші, я құдай! 

Р.S. Құрметті оқырман әлеумет! Бұл мұңлы оқиғаммен сіздермен сырымды бөліскім келгеннен немесе қолтаңбам қалсын деген ниетпен жазып отырғам жоқ, тек оқыған адамдарға аз да болса,жанымызда жүрген қарияларымызға әркез жүрегімізден жылы шырай танытып көңіл бөліп жүрсек екен деген ойым. Біз кәрі кісілерге «асарын асады,жасарын жасады» деп ат үсті қарамауымыз керек. Дана халық «балалық шақта бір бала,қартайғанда бір бала» дейді ғой.Олардың көңілі мейірім шуағына риза боп қалады.Бізден талап етілетін басты міндет – үлкенді құрметтеу,сыйлау – бұл әр мұсылман бауырдың парызы.Соңғы кездері маңдайшасында «қарттар үйі» деген жазуды көріп қаймығып қайтасың. Неғұрлым қайырымды болсақ, соғұрлым жақындарымызға жақсылығымыз тиеді,адамгершілігіміз артады.

Көңілді құлазытқан бұл кештің батысы мен таңнның атысы тез болды.Абыр-сабыр тірліктің күнделікті күйбеңін қоя тұрып,ойымызды басқа бір ауыр суық хабар мазалады да тұрды.Жүрегіміз сол күннің келетінін сезген,бірақ сол күннің келгенінен қорыққан,себебі бізге қымбат ол жанды о дүниеге қимадық,қиналдық,өйткені ондай жандар бұл дүниеде аз,тіпті жоқтың қасы. Олар – ақ сақалды,абзал жанды қариялар.Жүзінен мейірім,мол шуақ есіп тұратын тәлім-тәрбиесі мол,болашаққа айтар сөзі бар,көпті көрген дана қарттар.Олар – жиналған қауым,жиылған жұрттың назарын өзіне қаратып,келісті әңгімесімен баурап алатын кең құшақты насихатшыл жандар. Керек кезде «осымен бітті аяғы,ақынның домбырасы болар таяғы»деп сөзін қайырып тастап ,сөз қадірін бағалай отырып,сөзге тоқтам болған ақын кісілер.

...- Алло,мамаңды шақыр,тез бол! - Жарайды,қазір,міне жеттім!

-...Мама,мама,сізге телефон соғып жатыр ағам,алыңыз! - Иә,тындап тұрмын,не болды?

Сиыр сауып бей-жай отырған анама жүрегім алып-ұшып жүгіріп барып телефонды ұстата салғаным жөн бе,жөн емес пе білмедім,бірақ естуі тиіс еді.Менің айтуға шамам жетпес еді. - Иә,тындап тұрмын,айта бер, - даусы дірілдеп кетті,жүрегі ендігі сезгендей. - Әкем жығылып қалды,есін білмейді,болмады ғой болмады,тез жет,-деді ағам.Содан анам таңғы төртте іле-шала поезбен кетіп қалған. Мен сол таңда телефонның шырылынан ояндым.Атамдар жақтан хабар боп қалар деп жастығымның астына қойып қойған телефонның үнінен жүрегім қарс айырылды.Жылдам түймесі құрғырды ұйқылы ояу басып жатырмын,басып жатырмын,әйтеуір байланысқа қосылдым,жездем екен: - Үйде біреу бар ма үлкендерден,шақыршы. - Жоқ,мамам жолда,шығып кеткен,әкем далада мал жайлап жүрген сияқты,үйде жоқ,маған айтыңыз, жеткізем,- дедім. Жездем қиналып жеткізе алмай тұрды біраз.Сол үнсіздік бәрін де түсіндіргендей. - Жанка,атаң жана қайтыс болды...

Қол-аяғым дірілдеп кетті.Көзімнен мөлтілдеп жас тамады.Далаға шығып әкемді іздеп жүрмін.Дала – тас қараңғы.Бұршақ әлде қатты қар ма,қарсы шыққан менің бетімді ұрады.Айқайлап шақыруға шамам жоқ.Қимылының қозғалысымен тауып алған әкеме естірттім. - Жарықтық! – деп қатты ауыр бір аспанға қарап тұрып күрсінді.

Сағат әлі таңғы бес жарым. Анам жетпей жүріп кетті,жарықтық.Амал не?! Осыдан кейін жатсам да,ұйықтай алмасымды білемін.Сиыр саууға отырғам,екі сиырдың желініне не болған, білмедім, бір кесеге жетер жетпес сүт шықты. Бәлкім,бар қуатым жылап-жылап таусылған шығар.Содан сиырдың желінін тартуға одан әрі шамам келер емес.Күш-жігерім сарқылып қалғандай.Сиырдың алдыңғы екі желінін қақтағандай болам,артқы екі желініне қолым жетпей,қараңғыда іздеп әлек болам.Түк шықпайды.Айналаға үңілем,күңіренген мен ғана деп ойласам,қателеседі екенмін.Бір ауылда бір ақынын жоғалтқанына Ұлы дала да күңіренген екен-ау.Сағатқа қарап таң атқанымен аспан тастай қараңғы.Көктегі түнерген қара бұлт қайғырып,қамығып қайғы жұтқан қалпында.Азан-қазан мөңіреген сиырдың да сүті суалып, тас емшекке айналғандай.Ұлы Далада дана қарт желбіреген ызғар мұртымен жүріп кетті.Бұл таң тым кеш,кеш...



Тамбай Жайнагүл,

Рентабельный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет