Күні: ___________Сыныбы: ___________
Тақырыбы: §13. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – сабақтың ұзынынан өсуіне себепші факторларды және оның жуандауына әсер ететін заттардың мәнісін түсіндіру;
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сабақ қандай қызмет атқарады? Сабақтың түрлерін атаңдар.
Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
Өзек қандай қызмет атқарады? Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байлансты.
Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасыныкі, биіктігі 200-300 м; шырша 60 м; қайың 30-35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20-25 м; банан 3-3,5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге австралия орхидеясы (1-2 мм) мен вольфия (1-2 мм) жатады.
Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, көп өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерінің шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.
Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір мауысымның ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.
Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Ол жылдық шеңбер немесе жылдық қабат д.а.
Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық жеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады: 1)жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық щеңберге қарап өсімдіктің жасын анықтайды; 2)жылдық шеңбердің өсу қарқыны мен еніне жауын-шашын мөлшері, температура, жарық қатты әсер етеді. Егер жылдық шеңбердің ені жуан болса, ауа райы қолайлы, жіңішке болса қолайсыз болғанын көрсетеді; 3)кейде бір жылда түзілген жылдық шеңбердің жартысы жуан, жартысы жіңішке болады. Жылдық шеңберінің ені жарық мол түскен жағында жуан, аз түскен жағында жіңішке, 4)жылдық шеңберге қарап, оңтүстік пен солтүстікті анықтайды. Оңтүстікке қараған жағының шеңбері – жуан, солтүстік жағы жіңішке болып келеді.
Ағаштарда сабақ қалыптаса бастағанда-ақ тұтасқан камбийлі шеңбер түзіледі. Ағаш діңінің жуандауы камбий жасушаларының бөлінуіне байланысты.
№8-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Ағаш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңбермен жұмыс.
Мақсаты: Ағаш діңдерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.
Құрал-жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.
Жұмыстың барысы:
1. Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.
2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.
3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.
Нәтижесі:
Cуретін сал
|
|
|
|
Бір жылдық өсімдік
|
Екі жылдық өсімдік
|
Үш жылдық өсімдік
|
Көп жылдық өсімдік
|
Қорытынды:
1. Жылдық шеңбер дегеніміз не?___________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Жылдық шеңберден қандай құбалыстарды байқауға болады?________________________
_______________________________________________________________________________
3. Жылдық шеңбер қалай түзіледі?__________________________________________________
_______________________________________________________________________________
ІV. Бекіту.
Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады?
Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?
Жылдық шеңбер қалай түзіледі? Одан қандай құбылыстарды байқауға болады?
Үй тапсырмасы. §13 оқып, тақырп соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Тексерілді
Достарыңызбен бөлісу: |