1Аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
Д.С.Жақсылық2
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті екінші курс студенті
ЕСТІ ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ПСИХОМНЕМИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Аңдатпа
Баланың есте сақтау қабілетін арттыру қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау, қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін есте сақтау қабілетін дамытуымыз керек. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде іске асырылған нәтижелі іс - әрекеттер жасауымыз қажет. Мектепке дейінгі балалар – балалар мемлекетінде ерекше халық. Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл – ойы дамуы мен әлеуметтік даярлығына ең қолайлы (сензитивті) кезең. Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады. Бес жастан жеті жасқа дейінгі балалардың жоғары естуі дамиды. Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Балалардың есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін ғалымдар кеңінен қарастырды. Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтауы дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағлұматты есте қалдыруы. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалар ес түрлерінің қалыптасу проблемалары жөнінде де осылай пікірлер келтірген көптеген психологтар болды. Л.Е.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің тұжырымдары қазіргі психологтар А.Е.Смирнов пен П.М.Зинченконың, Л.Н.Леонтьевтің тәжірибелерінің қазіргі психология ғылымы үшін маңызы зор. А.А.Люблинскаяның зерттеу жұмыстары тәжірибесі мектепке дейінгі балалар ес процесінің дамуы үшін жүргізілетін диагностикалық тәжірибелерге негіз бола алады. Баланың қайта жаңғыртып еске түсіру қаблеті тануынан кейін дамиды. Жасы жаңа толып келе жатқан балаға көз алдында жоқ нәрсенің атын атасаң, басын бұрып, көзімен іздейді. Тілі шығып, тіл қатынасының өрісі кеңейген екі – үш жастағы бала анығырақ, толығырақ жаңғыртады. Еске түсіру біртіндеп дамып отырады. Әдейлеп жаңғырту мектепке дейінгі жаста басталады да, әдейлеп еске түсіру, әдейлеп есте қалдырудан ерте дамиды, өйткені, ата-ана, тәрбиеші, туысқандары баладан «қайда болдың?», «қайда жүрдің?», «не көрдің?» - деп сұрап, әдейлеп есіне салады. Мектеп жасында, бірінші сыныптардан бастап, бала әдейлеп жаңғыртуға толық қабілетті болады.
Түйін сөздер: Бала, мектеп, ақыл-ой, есте сақтау.
М.А.Куанали1
1др Казахский национальный педагогический университет им. Абая