Есті жаттықтырудың психомнемикалық жолдары



бет4/4
Дата11.12.2021
өлшемі35,73 Kb.
#99172
1   2   3   4
Байланысты:
Психология макала

Key words: child, school, mind, memory.

Өмір тіршілігінің қажетті нәрселердің бәрінің ес үрдісінсіз болуы мүмкін емес.Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл күйлерінің ойда сақталып,қажет кезінде қайта жаңғыруы - ес үрдісі деп саналады.Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып табылады.Психология есті органикалық функция ретінде өте ертеден бастап қарастырған және бұл функцияның физиологиялық негіздерінің ашылуына ерте қол жеткізді.Э.Мейманның ай туынша дәстүрлі психологияда ес көп жағдайда физиологиялық функция ретінде зерттеледі және психологтар есті өте ерте кезден бастап органикалық материяның жалпы қасиеттеріне жақындата бастады.Ес қандай болмасын ұйымдастырылған материяның негізі қасиеті болып табылады.А.Сссемон естің органикалық негіздерін белгілеу үшін ерекше “мнема” терминін енгізді, бірақ психологиялық және физиологиялық түсініктердің жақындауы кезінде әдеттегідей,ол өзі сол түсінікті бір рухани функция немесе идеалистік түсінік ретінде қарастыра бастады.Бірақ “мнема” сөзімен бәрінен де жақсы мидың және жүйке ұлпаларының түрлі қасиеттеріне байланысты көрініс беретін,естің жаратылыстық жағын бөліп көрсетеді.А.Берсон атақты материя мен ес жайлы зерттеуінде екі түрлі ес бар деген тұжырымға келді: олар -ми есі және жан есі, бұлардың әр қайсысы өз заңдылықтарына ие.

Есті іс-әрекет ретінде зерттеудің негізін француз ғалымдары,жекеше айтқанда Жан Пиаже қалаған.Ол алғашқылардың бірі болып,есті материалды еске сақтау,өңдеу мен сақтауға бағытталған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіре бастаған.Психологияның франциялық мектебімен барлық ес үрдістерінің әлеуметтік шарттанғандығы және естің адамның практикалық іс-әрекетіне тәуелді болатындығын дәлелденді.

Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы-ассоциациялық бағыт делінсе де,оның не мәселесі мен өзекті ұ,ымы -ассоциациялық байланыстар.Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады.Сөйтіп екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді.Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын әсерлер мынандай үш түрге бөлінеді: а)әсерленген обьектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; ә)өзара ұқсастығы; б) бір бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың келесі реттегі үш түрі құралады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар; 2)Ұқсастық ассоциациялар,3)Қарама-қарсылық ассоциациялар.

Бастауыш мектеп жасында ес те басқа да психикалық процестер сияқты түбегейлі өзгерістерге ұшырайды.Бала есі біртіндеп ырықтылық сипатқа иеленіп,саналы меңгеріліп және жанамалана бастайды.Қабілеттік функцияларының қайта құрылуы,оның эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген.Оның жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде пайда болатын әр түрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет.Естің оқу барысындағы маңыздылығын П.П.Блонский былай жазған еді,”Оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру,және осы жастағы негізгі фунцкиясы-ойлаушы ес,яғни нені қалай есте сақтау, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру”, Ойлаушы ес-логикалық ес.Енді бала көп нәрсені есте сақтауға,материалды жаттауғағсондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта білуі керек.Баланың есте сақтай білмеуі,оның іс-әрекетіне,ең соңында мектептегі оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді.Бұрынғы кеңес үкіметінде психодиагностикалық әдістердің дамуы 30-50 жылға тоқтап қалғанымен,қазіргі кезде психодиагностикалық әдістерді жасау жаңа сатыға көтерілген.Психодиагностика мәселесін шешу,оның жекелеген құраушылары арасындағы қатынастықарауды көздейді: мұғалім (диагност), оқушы (оның қабілеттері).



В.В.Кочетков диагностикалық әдістерді екі топқа бөледі:

  1. Оқудың жемістілігін анықтайтын әдістер (оқушының үлгерімін бағалайтын дәстүрлі әдістер);

  2. Педагогикалық процестің қатысушыларының қабілеттерін диагностикалайтын әдістер (мысалы:ақыл-ой дарындылығының коэффиценті).Сонымен қатар ол,бұл әдістердің қазіргі талаптарды қатағаттандырмайтынын және оларды қайта қарау керектігін айтады.“Егер бұрындары бастауыш сынып мұғалімдері ең алдымен “балаларды оқуға,жазуға,санауға” үйретуі керек болса,қазіргі кезде бұл жеткіліксіз.Қазіргі бастауыш сынып мұғалімі дәстүрлі мәселелерді шешумен қатар,балаларды оқуға үйретумен бірге,олардың қабілеттерін дамытуға,оқушының жеке басында керек сапаларды қалыптастыру керек”

  3. Дифференциалдыес психологиясы,есті зерттеуде көптеген әдістерге ие болғанымен,оларды оқу іс-әрекетінде ғылыми-практикалық қолдану өте күрделі мәселе болып табылады.

Бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар ғана емес,сондай-ақ сабаққа,жекелеген пәндерге деген қызығушылығын қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды.Тәжірибе жоғары психикалық функциялар ретінде ырықты естің дамуына тек бір ғана қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді.Бастауыш мектеп жасында естің жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тәсілдер мен стратегияларды меңгеруге негізделеді.Бірақ осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады,жиі өнімсіз болады.Бастауыш мектеп жасында балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеттері,осы кезең бойында өркелкі және 1-2 және 3-4 сынып оқушыларында айтарлықтай ажыратылады.7-8 жастағы балалар үшін материалды ұғына , ұйымдастыра есте сақтағаннан гөрі,оны ешқандай есте сақтау құралдарынсыз өте жеңіл есте ұстаулары тән. Сыналушылардың көпшілігі қалай есте сақтаудың, есте сақтау процесінде не туралы ойладың,деген сұрақтарға көп жағдайларда жай ғана сақтадым, деп жауап береді.Мұның өзі естің нәтижелік жағына да әсер етеді.Бастауыш сынып оқушылары үшін бірдеңе арқылы есте сақтағаннан гөрі,тек есте сақтау керек бағыттылықты орындаған жөн.
















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет