Сабақтың тақырыбы: Есімше.
Сабақтың мақсаты: а) Есімше туралы оқушыларға жалпы түсінік беру.
(тәуелденуі, септелуі, жіктелуі);
ә) жаттығу жұмысы арқылы оқушылардың ойын дамыту;
б) «Есте сақтау» диктанты арқылы оқушылардың есте сақтауына, сауатты жазуына, есімшенің жіктелуі, септелуі, тәуелденуін айыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, баяндау әдісі.
Көрнекілік: таблица, перфокарта, карточка.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын
түгендеу. Сабаққа қатысып қадағалау.
ІІ. Үй жұмысын сұрау. 62-жаттығу.
Етістіктерді тауып, олардың қай етіс етіс жұрнағы
екенін анықтау. Нашар оқитын оқушыларға
перфокарта беру, яғни қай етіс екенін анықтау.
Етісті қалай игергенін бақылау үшін Тест жұмысын
жүргізу.
Өздік етісін тап.
а) сүрт ә) буын б) қара-н
Өзгелік етісті анықта.
а) оқы ә) сөйлет б) сөйлеткіз
Ырықсыз етісті тап.
а) киім ә) шақырыл б) шегеле-н
Ортақ етіс қайсысы
а) анар ә) жина-с б) тер-іс
Етіс дегеніміз не?
а) кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
ә) заттың сынып білдіретін сөздер.
б) қимыл-әрекеттің іс істеуші адамға қатынасын білдіретін етістіктің түрі.
Дұрыс жауап
1) ә, б 4) ә, б
2) ә, б 5) б
3) ә, б
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ . Тақырыбы: Есімше.
Есімше – етістіктің есімдерге екі түрлі қызметте жұмсалатын ерекше түрі. Олар әрі жіктеліп, түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.
Ереже. Осындай әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады.
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады.
– ған, - ген, - қан, - кен. Ал-ған, көр-ген, айт-қан.
– ар, -ер, -р, -с жұрнағы жалғанды.
– атын, - етін, - йтін, - итын, -айт, -атын.
Тыңда-йтын, сөйле-йтін.
Кіріспе әңгіме. Есімшенің тәуелдену үлгісі.
Оңаша ортақ
Іж. Айт-қан-ым Біздің айт-қан-ымыз
ІІж. Айт-қан-ың Сендердің айт-қан-(дар)-ың
Айт-қан-ыңыз Сіздердің айт-қан-(дар)-ың
ІІІж.Айт-қан-ы Олардың айт-қан-дар-ы
Есімшенін септелу үлгісі.
А.с. Айт-қан бер-ер
І.с. айт-қан-ның бер-ер-дің
Б.с. айт-қан-ға бер-ер-ге
Т.с. айт-қан-ды бер-ер-ді
Ж.с. айт-қан-да бер-ер-де
Ш.с. айт-қан-нан бер-ер-ден
К.с. айт-қан-мен бер (септелмейді)
Есімшенің жіктелу үлгісі
Жекеше Көпше
Іж. Мен айт-қан-мын Біз айт-қан-быз
ІІж. Сен айт-қан-сың Сендер айтқан-сыңдар
Сіз айт-қан-сыз Сіздер айтқан-сыздар
ІІІж. Ол айт-қан Олар айтқан
Етістіктің болымсыз түрінен жасалған – с жұрнақты есімше жіктеліп қолданғанда І жақта – с есімше жұрнағы мен жіктік жалғау тұтасып, қысқарып, кетіп, - н, тұлғасында ғана қалады: барма+с+пын, барма+н, кетпе+с+пін, кетпе+н.
Мысалы: мен кеткенмен, жай кетпен (м)
Кітаппен жұмыс. 64-жаттығу.
Үлгі бойынша орындау.
Қон-атын болды – ІІІ жақта жіктелген тұлғада тұр. Санал-атын – ІІ – байланба-йтын, бар-атын, сал-атын, алмастыр-атын, қонатын.
Есте сақтау Тоқы-р, ойла-йтын, тексер-етін, қаз-атын, сөйлесе-с,
диктанты: оқыма-с, күре-р, ал-ған т.б. 8-сөзге есімше жұрнағын жалғау қажет.
Жаңа сабақты қалай игергенін бақылау үшін «Теңге алу» ойынын жүргізу.
Мына сөзді септе. Оқыған
А.с. оқыған
І.с. оқығанның
Б.с. оқығанға
Т.с. оқыған
Ж.с. оқығанда
Ш.с. оқығаннан
К.с. оқығанмен
Бармас сөзін жікте. (жекеше, көпше)
І. Мен бармас-пын Біздер бармаспыз
ІІ. Сен бармас-сың Сендер бармас-сыңдар
Сіз бармас-сыз Сіздер бармас-сыздар
ІІІ. Ол бармас Олар бармас
Мына сөйлемнен есімшенің жұрнағын тап. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар. (мақал).
Жүрер сөзін оңаша тәуелде.
І. Жүрерім І. Жүреріміз
ІІ. Жүрерің ІІ. Жүрерің
Жүреріңіз Жүреріңіз
ІІІ. Жүрері ІІІ. Жүрері
Үйге тапсырма Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру
64-жаттығудың қалғанын үйде жазып келу.
Бағалау Оқушыларды үй жұмысы, сынып жұмысы, тест жұмысы, есте сақтау, теңге алу жұмысы бойынша бағалау.
Қорытынды. Оқушылардың қойған сұрағына жауап беру. Сабақты бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |